Облыстық мәслихаттың депутаты Сәуле Сұрағанованың төрағалығымен бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко, тұрақты комиссиялардың төрағалары, комиссия мүшелері, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары қатысты.
Отырыста “Солтүстік Қазақстан облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы” облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №12/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Өңір бюджетіне енгізілетін өзгерістер туралы қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасады.
Депутаттар жаңа кадрлық тағайындауларға байланысты мәслихаттың “Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы” шешіміне өзгерістер енгізу, облыстық мәслихат аппаратының “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы шешім жобаларын талқылады.
Халық қалаулылары күн тәртібіне шығарылған мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдіре келіп, кезектен тыс сессияға енгізуді қолдады.
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.