«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнерлі студенттер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы агротехникалық колледжде “Төрт тоқсан – төрт өнер” жобасы аясында және Республика күніне орай жас ақындар айтысы өтті.

Бұл жобаның басты мақсаты – студенттерді ұлттық мерекелер, халықтық әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани игілігін мұра ету, тұлға­ара­лық және этносаралық қатынастар мәдениетіне қол жеткізу.

Агротехникалық колледжде өткен ақындар айтысында өнерлі студенттер екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде 1, 2, 3 курс студенттері арасындағы іріктеу айтысы өтті. Екінші кезеңнің жар­тылай финалында кіл мықтылар ақтық сында бақ сынауға таласты. Шығармашылық байқауды қоры­тындылаған қазылар алқасының шешімімен 1-ші орын Ербол Ешімбайға, 2-ші орын Жанар Құдайбер­геноваға, 3-ші орын Жазира Есена­линаға бұйырды. Айтыскерлер арнайы дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарға колледж ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstük Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp