ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді.

Өңір басшысы Тайынша қаласында,  Теңдік, Донецкое және Летовочное ауылдарында болып, қалыптасқан жағдаймен жіті танысты. Қар көлемі әлі де көп және де күннің жылуына байланысты тез еруде. Ағынды судың зардаптарын болдырмау, залалын барынша азайту мақсатымен құм салынған қаптар мен инертті материалдар дайындалып, нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Ғауез Торсанұлы құтқарушылармен, еріктілермен кездесіп, жауапты кезең кезіндегі жанқиярлық  ауыр еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Адамдардың қауіпсіздігі мен олардың мүліктерін сақтау – барлық жауапты мемлекеттік органдардың басты міндеті», –  деп атап көрсетті өңір басшысы.

Мұның алдында су тасқынына қарсы уақытылы шаралар қабылдамағаны үшін  Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжановқа қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту жасалған болатын.

                                               Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp