«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Сәуір 4, 2024

ҚАЙТА ОРАЛҒАН КӨКТЕМ

Әминә ӘУБӘКІРОВА, 52 жаста. Махаббаттың қайығында сүйікті адамыңмен бірге тербелген қайран кездер-ай. Жастық шақта өмірдің қызығын көріп, әр күнді ойын-сауықпен өткізіппіз ғой. Сол жылдар менің өмірімнің жайнаған көктемі сияқты елестейді. Сол көктемді енді оралмастай көретінбіз. Оқуды енді ғана аяқтаған бір топ қыз-жігіттер мәре-сәре болып, үлкен қаланы думанға бөлеп жатушы едік. Бұрымдары беліне түскен аяулы құрбылар, …

ҚАЙТА ОРАЛҒАН КӨКТЕМ Read More »

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…»

Халқымыз небір қиындықты басынан өткерді ғой. Аумалы-төкпелі заманда әні мен күйінен, жыры мен сазынан айырылудың аз-ақ алдында қалғаны жалған емес.  Ұлтымыздың тұғырлы таланттары саналатын көптеген  ақынның туындылары халық әні деген атауға телінді.  Бір өкініштісі, бүгінге дейін біз  бірқатар әнді авторсыз атап, халық әні деп жүрміз. Солардың бірі – «Қараторғай». Бұл шығарманың бірнеше нұсқасы бар.  Мен  …

«ҚҰС БОЛСАҢ, ЖІБЕКТЕН БАУ ТАҒАР ЕДІМ…» Read More »

СЕН ЫСТЫҚСЫҢ БІЗДЕРГЕ

Құйма құлақ, шежіре  қариялардың айтулары бойынша Жамбыл ауданында орналасқан Октябрь ауылының тарихы  әріден басталады.  Өткен ғасырдың 30-шы жылдары  ұжымдастыру науқаны басталғанда осы төңірекке беделді де сыйлы азаматтардың бірі – Жанкісінің Нұрбайы  әр-әр  жерде  рулас ағайындар мен туған-туыстар болып қоныс тепкен   ірілі-ұсақты  ауылдарды (Қазалы, Қаратерек, Тоқта, т.б.)  Нұрбай дөңінде біріктіріп, «Октябрь» ұжымшарына айналдырылған. Осынау игі іске …

СЕН ЫСТЫҚСЫҢ БІЗДЕРГЕ Read More »

ОРМАН – ЕЛДІҢ  ДӘУЛЕТІ

Орман – ұлан-байтақ жеріміздің өкпесі.  Біз тыныстап отырған  ауаның тазалығын сақтайды. Топырақ беті, жер асты ағыстарын реттей отырып, су және жер ресурстарының сақталынуында маңызды рөл атқарады. Атмосфераның құрамына, су балансына, топырақ бетінің жылу балансына әсер ете отырып, жануарлар дүниесінің саны мен саналуандығын реттейді. Орман биосфераның барлық компоненттеріне ықпалын тигізеді, оның орта қалыптастырушы рөлі маңызды. Облыстық …

ОРМАН – ЕЛДІҢ  ДӘУЛЕТІ Read More »

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жұмыс сапарымен барып, тасқынмен күрес жұмыстарын тексерді. Өңір басшысы Тайынша қаласында,  Теңдік, Донецкое және Летовочное ауылдарында болып, қалыптасқан жағдаймен жіті танысты. Қар көлемі әлі де көп және де күннің жылуына байланысты тез еруде. Ағынды судың зардаптарын болдырмау, залалын барынша азайту мақсатымен құм салынған қаптар мен инертті материалдар дайындалып, нығайту …

ЖАУАПТЫ КЕЗЕҢ Read More »

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым”

 – Ерембек Жәмшитұлы,  сіз облыстық мәслихаттың ең алғашқы хатшысы болғандықтан мойныңызға жаңадан құрылған өкілетті органды қалыптастыру жүгі артылды. Оның  үстіне тоқсаныншы жылдардың орта кезі елдегі жағдай қиын еді. Мәслихаттың жұмысын жүйелеу оңайға түспегені анық. Сол кезеңге шолу жасасақ. – 1994 жылдың наурызында елімізде алғашқы мәслихат сайлауы өтіп, бірінші шақырылымдағы мәслихаттың депутаттар корпусы жасақталды. Облыстық мәслихаттың …

Ерембек ӘУБӘКІРОВ: “Қызметте халыққа адал болдым” Read More »