«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАУШЫ ҰСТАЛДЫ

Облыс орталығында батальондық патрульдік полиция қызметкері екі әйелді ұрып, тонап кеткен қызылжарлықты ұстады. Ол бұрын сотталған. “Ермек” дәмханасында отырып, ішімдікке тойған 27 жасар қалалық далаға темекі шегуге шыққан. Далада тұрған ол дәмханадан бір әйелдің шыққанын байқап, соған қарай бет алады. Оны күш көрсете қолтықтап алып, дәмхана сыртына апарып ұрады. Төбелес барысында әйелдің қалтасынан ұялы телефонын …

ӘЙЕЛДЕРДІ ТОНАУШЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

БАЛАНЫ БАСЫНЫП, ұялы телефонын сіңіріп кетпекші болды

Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне Мамлютка қаласының тұрғыны 15 жастағы баласының ұялы телефонын белгісіз біреудің ұрлағаны жөнінде арызданды. Шығыны – 27 мың теңге. Полицейлер баладан мән-жайды сұрағаннан кейін мектептен үйіне қайтар жолда оған бұрыннан таныс жасы үлкен жігіттің жолыққандығын анықтады.   Ол алдымен баладан телефонды қоңырау шалу үшін сұрап алса, артынан әуен тыңдаймын деп сылтауратқан. …

БАЛАНЫ БАСЫНЫП, ұялы телефонын сіңіріп кетпекші болды Read More »

МАМЫРДА 5 АДАМ СУҒА КЕТТІ

Мамыр айының соңғы күндері Петропавл қаласының және Тайынша ауданының 2 азаматы суға кетті. Төтенше жағдайдың алғашқысы мамырдың 29-ы күні тіркелді. Облыс орталығының “Каскад” саяжайы тұсындағы Есіл өзенінің бойынан 1968 жылы туған балықшының мүрдесі табылды. Ал екі күннен соң Тайынша ауданының Любимовка елді мекенінен 1 км. қашықтықта орналасқан қазаншұңқырда мамырдың 30-ы күні су түбіне кеткен 16 жастағы …

МАМЫРДА 5 АДАМ СУҒА КЕТТІ Read More »

ТАТАМИДЕГІ ТЕКЕТІРЕС

Облыс орталығындағы №2 орта мектебінде кекушинкай каратэ бойынша қорытынды біріншілік өтіп, сайысқа қатысқан Бірінші гимназия, қазақ мектеп-гимназиясы, №6, №7, №9, №42, №43 мектептер және “Тұлпар” балалар клубының спортшыларынан жасақталған құрамалар, жалпы 142 каратэші бақ пен баптарын сынады. Аяқ пен қолдың үйлесімділігін шебер меңгергендіктерін таныту үшін белді бекем буып келген жарысқа қатысушылардың ең кішісі – 5 …

ТАТАМИДЕГІ ТЕКЕТІРЕС Read More »

14-інші МАУСЫМ ЖАБЫЛДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының кезекті маусымы жабылды. Соған орай театр Ғабит Мүсіреповтің “Қыз Жібек” қойылымын сахналады.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Қызылжарлықтарға көптен бері таныс “Қыз Жібек” спектаклін көрем деушілердің қатары бұл күні де қалың болды. Біржан Жалғасбаев, Самал Тәшімова, Қуаныш Бекжігітов, Аида Сұпатаева, Асылхан Рәзиев, Гүлназ Базарбаева, Мақсат Ақжолов, Кенжекей Ақжолова …

14-інші МАУСЫМ ЖАБЫЛДЫ Read More »

ҰШҚАРЫ ДІНИ ИДЕЯСЫМЕН уландыратын сайттар бар

Руслан МӘМБЕТОВ,облыстық прокуратураның діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің басшысы. Ақпарат тасқыны ағындаған Интернет заманында қоғамымызды түрлі әлеуметтік желілер мен ақпараттық сайттар шырмап алды. Интернеттің барынша ашықтығын пайдаланған жасөспірімдер осы әлеуметтік құбылыстың қақпанына тез түседі. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған оларды ұшқары діни идеялар оңай уландырады.

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЗАҢҒА ЖЕТІК БОЛУЫ – уақыт талабы

Жеке өмірге қол сұқпаушылық және қоғамдық пікір. “Әділ арқа” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Достық үйінде өткен “дөңгелек үстел” осы тақырыпқа арналды.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Белгілі журналист, “Әділ арқа” қоғамдық қорының директоры Зәуре Жұмалиеваның бастамасымен өткен жиынға БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін облыстық сот судьялары, тілшілер мен мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары қатысты. Жеке өмірге қол сұқпаушылық тақырыбы уақыт …

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЗАҢҒА ЖЕТІК БОЛУЫ – уақыт талабы Read More »

ТӘРБИЕ мен БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИГІ БАСТАМАЛАР

Алтын СЕЙІТОВА, “Ақ бота” бөбекжай-бақшасы” МКҚК директоры. Баланы кез келген қоғамдық қызмет саласында табысқа жете білетін бастамашыл, әдепті, дербес, жан-жақты білімді жеке тұлға ретінде тәрбиелеу – “Ақ бота” бөбекжай-бақшасы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны алдында тұрған негізгі міндет. Бөбекжай-бақшада атқарылып жатқан істер педагогикалық үрдісті дәстүрлі және осызаманғы педагогикалық технология негізінде жеке тұлғаға бағытталған жобаны, баланың кеңістікте …

ТӘРБИЕ мен БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИГІ БАСТАМАЛАР Read More »

ЖЕТІМДЕР ЖАУТАҢДАМАСЫН ДЕП…

Қазіргі күнде ата-ана қамқорлығынан тыс қалған жас ұрпақтың өмір жолын дұрыс таңдауына, бағыт беру – ел азаматтарының ортақ міндеті. Өйткені, бұғанасы қатпай жатып, жетімдіктің кермек дәмін татқандар айналасынан жылу іздейді, төрт құбыласы түгел өзге де өзінің замандастары секілді білім алып, өмірде өз орын табуды қалайды. Осы орайда адамгершілік ұғымның аясында жеткіншектерге көмек қолын созып жүрген …

ЖЕТІМДЕР ЖАУТАҢДАМАСЫН ДЕП… Read More »

“БАЛАПАН” – ЖАУҚАЗЫНДАРҒА ЖАЙЫЛҒАН АЯЛЫ АЛАҚАН

Өңірімізде білім және ғылым жүйесі бойынша негізгі бағыттарды жүзеге асыруда атап айтуға тұрарлық жетістіктер бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу-тәрбие жұмысымен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған “Балапан” бағдарламасының бүгінгі таңдағы беталысына тоқталайық. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері республика бойынша балабақшалар – 1211, шағын орталықтар 2811 бірлікке артып, қазіргі таңда еліміз …

“БАЛАПАН” – ЖАУҚАЗЫНДАРҒА ЖАЙЫЛҒАН АЯЛЫ АЛАҚАН Read More »

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҰЛЫҚТАҒАН “ҰРПАҚҚА” – 10 ЖЫЛ

Бұрнағы күні облыс орталығындағы Достық үйінде “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағарту орталығы” қоғамдық бірлестігі 10 жылдық мерейтойына орай “Қазақстанның шекараластығы – мәдени байланыс аймағы” тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.  Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Ұрпақтың” құрылуына Еркебұлан Жолболдин, Қоблан Хамзин, Қабдырахым Жақыпов, Мағжан Малғаждаров сияқты марқұм болған азаматтардың көп үлес қосқандығын атап өткен аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрағасы Сағындық …

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҰЛЫҚТАҒАН “ҰРПАҚҚА” – 10 ЖЫЛ Read More »

ҚАРЫЗ СҰРАУШЫЛАР КӨБЕЙГЕН КЕЗЕҢ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Алты жылдан бері экономикасы рецессиялық жағдайдағы Грекия мемлекеттік қарызын жабатын қаржысы болмағандықтан, 2010 жылғы мамыр айынан бастап халықаралық қаржылық көмек алып келеді. Өткен айдың соңғы күндерінде еуроаймақтағы елдердің өкілдері Афиныға 2,8 миллиард еуроның кредиттік траншын бөлуді ұйғарды. Брюссельде қабылданған бұл шешім елдің келесіде 6,0 миллиард еуроның траншын алуына жол ашады. Ол …

ҚАРЫЗ СҰРАУШЫЛАР КӨБЕЙГЕН КЕЗЕҢ Read More »

ҮШ АВТОБУСЫ ҮНЕМІ САПАРДА

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Булаево қаласының тұрғыны Владимир Козел – ауданда жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің бірі. 1999 жылы жеке кәсіпкерлігін құрған кезде оның Конюховодан Петропавлға қатынайтын ескі автобусы ғана болса, бүгінде ол жұртшылыққа үш автобуспен қызмет көрсетеді. Владимир Петрович аудан орталығынан жолаушылар тасымалдау ісінде бірқатар қиындықтың бар екенін тілге тиек еткенімен, жалпы халыққа қызмет көрсетіп, …

ҮШ АВТОБУСЫ ҮНЕМІ САПАРДА Read More »

УӘЛИХАНОВТЫҚТАР мен АҚЖАРЛЫҚТАР бірталай шаруаның басын қайырыпты

Шалғайда жатқан Уәлиханов ауданында көктемгі егіс науқаны аяқталды. Диқандар қазір танап басында химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үстінде. Облыс әкімі Самат Ескендіров Ақжар, Уәлиханов аудандарына жасаған жұмыс сапары барысында көктемгі егіс барысымен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.  Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ,журналист. Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөл елді мекеніндегі 300 орынға шақталған мешіттің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған …

УӘЛИХАНОВТЫҚТАР мен АҚЖАРЛЫҚТАР бірталай шаруаның басын қайырыпты Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ – “Өңір” депутаттық тобы ұйымдастырған “дөңгелек үстел” арқауы

Облыстық мәслихатта “Өңір” депутаттық тобының ұйымдастыруымен “Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру” тақырыбында “дөңгелек үстел” болып өтті. Оған өңір басшысы Самат Ескендіров, облыс активі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары қатысты.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. “Өңір” депутаттық тобындағы ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ермек Жұмабаев, Анатолий Башмаков, Ертарғын Астаев және Серік Біләлов облыстарға сапарын …

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ – “Өңір” депутаттық тобы ұйымдастырған “дөңгелек үстел” арқауы Read More »

ОН ЖАСЫНДА ЖЕР ЖЫРТҚАН тыл ардагері сексеннің сеңгірінен асты

Олардың балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Жас деп ешкім қараған жоқ. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді біреулері күрек-кетпен арқалап, тылда қара жұмысқа жегілді. Соғыс аяқталғаннан кейін де елдің әлеуетін көтеру міндеті тыл ардагерлеріне жүктелді. Облыс орталығының тұрғыны Баян Топышев – сондай тыл ардагерлерінің бірі.  Қанат АТАМАНОВ,   “Солтүстік Қазақстан”. – Бүгінде жасым …

ОН ЖАСЫНДА ЖЕР ЖЫРТҚАН тыл ардагері сексеннің сеңгірінен асты Read More »

ҚАЙРАН, МЕНІҢ ҚАДІРЛІ ЖЕҢГЕЛЕРІМ!

Қазақ әйелі – жаны сұлу қылықты бойжеткен, айнымас жар, ілтипатты келін, парасатты ана, ақпейіл абысын, ардақты әже, мейірбан ене. Осы қасиеттерді бір арнаға тоғыстыра алған әйел ғана өзін бақытты дей алады. “Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі” деп бекер айтылмаса керекті. Сара БИЖАНОВА, зейнеткер. Менің өмір жолым, балалық шағым Есіл ауданындағы …

ҚАЙРАН, МЕНІҢ ҚАДІРЛІ ЖЕҢГЕЛЕРІМ! Read More »

ЖОҒАРЫ ӨНІМДІ МАЛДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Күлбарам БАЯЗИТОВА, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің доценті. Қоғамды дамытудың осызаманғы кезеңінде адамзаттың басқа мәселелерінің ішінде азық-түлік бағдарламасы аса маңызды орын алады. Тұрғындардың тамақтану деңгейі адам ағзасын құнарлы заттармен қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Бұл проблеманы шешудің бір жолы мал, атап айтқанда, сүтті мал шаруашылығын дамыту болып табылады. Ол сүттің және одан өндірілетін …

ЖОҒАРЫ ӨНІМДІ МАЛДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Read More »

ЕЛІМІЗДЕ ӨСІМ САҚТАЛУДА

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің экспорттық өнімдеріне сұраныстың біршама азайып отырғаны анық. Оның көптеген себептері бар, олардың ішіндегі ең бастысы әлі де бұлты айығып кете қоймаған әлемдік қаржылық дағдарыс екені даусыз, яғни тұтынушы елдердің төлем қабілеті төмендей түсті. Сондай-ақ оған өткен жылдан бастап жұмыс істей бастаған Кеден одағындағы әділ бәсекелестік тетіктерінің дұрыс жолға қойылмауы да …

ЕЛІМІЗДЕ ӨСІМ САҚТАЛУДА Read More »

БІР ПОЛЯК пен ҮШ ҚАЗАҚ бірлесіп құрған серіктестік

Тайынша ауданының Қарағаш ауылындағы “Астық-СТЕМ” ЖШС-нің тыныс-тіршілігі қызығарлықтай. Оның басшылық құрамының өзі сыйластық пен түсіністіктің негізінде құрылған. “Бір қазанға екі қошқардың басын сыйғызу” оңай болмаса да, өмірде төрт басшыны бір орталыққа бағындыру мүмкін екен. Бір поляк пен үш қазақ жігіттерінің іскерлік те достық ілтипаттары өздеріне ғана емес, үш елді мекеннің тұрғындарына ырыс пен береке сыйлап …

БІР ПОЛЯК пен ҮШ ҚАЗАҚ бірлесіп құрған серіктестік Read More »