«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУДЫ ҮНЕМДЕУДІ ҮЙРЕНУІМІЗ КЕРЕК

Жыл өткен сайын әлем бойынша ауызсу тапшылығының артып, жағайдың күрделене түскенін байқау қиын емес. Адамзат үшін өте маңызды саналатын осынау жаhандық стратегиялық міндетті шешу күрмеуі қиын толғақты проблемаға айналғаны соншалық, былтыр Астанада өткен су технологиялары және ресурстары жөніндегі “Global Water” атты бірінші халықаралық форумның күн тәртібіне шығарылып, Австрия, Израиль, Финляндия, Франция сияқты іргелі елдердің, сондай-ақ осы …

СУДЫ ҮНЕМДЕУДІ ҮЙРЕНУІМІЗ КЕРЕК Read More »

Қоғамдық қабылдау

“AMANAT” партиясы облыстық филиалында “Құқықтық көмек” жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келген азаматтардың бірі – құжаттарында тегі мен әкесінің аты жазылмағанын айтты. Жас жігіт ел қатарлы тегі мен әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік алуға көмектесуін сұрады. Арам Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниеге келген, ұлты – неміс. Оның Қазақстанда алған жеке куәлігінде тек аты ғана көрсетілген. …

Қоғамдық қабылдау Read More »

САПА — БАСТЫ ТАЛАП

Бүгінде “Бірлік” шағынауданы кең қанат жайған құрылыс алаңына айналған. Мұнда салынуы тиіс 700 үйдің 370-не тасқыннан зардап шеккен отбасылар қоныстанып үлгерді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шағынауданда болып, баспаналардың сапасын тексерді. Тұрғындармен әңгімелесіп, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, жағдайдың қатаң бақылауда тұрғанын атап өтті. Пайдалануға берілу кезінде ақау орын алған үйге арнайы соқты. Кемшіліктер …

САПА — БАСТЫ ТАЛАП Read More »

“Зауыт — екінші үйім”

Әскер Резаев – өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Ол Петропавл ауыр машина жасау зауытында 35 жылға жуық табан аудармастан еңбек етуде. Құрмет пен беделге ие азаматтың адал еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі. 1968 жылы Түркіменстанда дүниеге келген Әскер Резаев – аталмыш зауыттың дамуына бір адамдай атсалысқан білікті маман. Темір ұстасы кәсіпорындағы әртүрлі цехтарда …

“Зауыт — екінші үйім” Read More »

ТУРИЗМ — ТАБЫСТЫ САЛА

Айыртау ауданының шырайын келтіріп, інжу-маржаны аталып кеткен Шалқар-Имантау курорттық аймағының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Оның республиканың туризмді дамыту бойынша әлеуеті жоғары ондыққа енуі шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Бүгінде инвесторлардың қолдауымен 19 жоба жүзеге асырылуда. Қайың-қарағайы аралас орманы, балығы шоршыған, айдын көлдері мол өңірде шағын және орта бизнесті пайдалы кәсіпке айналдырудың мүмкіндіктері …

ТУРИЗМ — ТАБЫСТЫ САЛА Read More »

АЖАЛЫНА АСЫҚҚАНДАР

Соңғы кездері өңірімізде мо­токөлік құралдарының қатысуы­мен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Облыстық полиция депар­та­ментінің мәліметінше, биылғы жылдың 6 айында облыс аума­ғында мопедтердің қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, сал­дарынан 11 адам жарақат алды. Өкініштісі, екі доңғалақты көлік құ­ралын жүргізіп, апатқа ұшырай­тындардың дені – кәмелет жасы­на толмаған жасөспірімдер. Со­нымен қатар тергеу жұмыстары­ның барлығы да жол апатына мо­токөлік жүргізушілерінің …

АЖАЛЫНА АСЫҚҚАНДАР Read More »

Бір шаңырақ астында

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде “Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы тиіс. Тек осылай ғана біз мемлекеттің бірлігін сақтай аламыз. Ешкімді этникалық, тілдік немесе діни көзқарасы үшін кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ереже бойынша бөлуге жол берілмейді. Біз үшін Қазақстан – ортақ үй”, – деп атап көрсетті. Сондай-ақ …

Бір шаңырақ астында Read More »

ЕРЕКШЕ ТАУАРЛАРҒА АЙРЫҚША БАҚЫЛАУ

Ерекше тауарларға бақылау заңнамасын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Төленді Керімбеков баяндады. “Ерекше тауарларды бақылау туралы” Заңның 9-бабына сәйкес ерекше тауарлардың мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген. Спикердің айтуынша, ерекше тауарлардың бақылау тізіміне жабдықтардың кейбір түрлері, фрезерлік станоктар, ұшқышсыз ұшу …

ЕРЕКШЕ ТАУАРЛАРҒА АЙРЫҚША БАҚЫЛАУ Read More »

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

Облыс прокурорлары білім беру мекемелерінде еңбек ететін кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Қадағалаушы орган білім беру саласының жұмысына талдау жүргізіп, нәтижесінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылық жіберілгенін анықтады. Облыстық білім басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет және салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде мектепте бірреттік тамақтандыру құнын есептерде қосылған құн салығы – 12 пайызды …

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды Read More »

ЕҢБЕК МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

Жамбыл ауданы – тек ақын-жазушылардың ғана емес, есімі елге танылған еңбек адамдарының да туып-өскен жері. Солардың бірі – Социа­листік Еңбек Ері Төлебай Мұстафин. 21 тамыз күні ағамыз топырақтан тысқары болғанда 95 жасқа келер еді. Төкең 1929 жылдың 21 та­мы­зында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Кен­же ауылында дүние есігін аш­қан. Шежіре бойынша Иманәлі­ден тарайды. Одан бері …

ЕҢБЕК МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ Read More »

Нысаналы мектептің мақсаты

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы” АҚ филиалы Сол­түстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму инс­титутында облыстық әдіс­темелік орталық және облыстың білім бөлімде­рінің әдістемелік кабинет­терінің әдіскерлері үшін бі­ліктілікті арттыру курс­тары өткізілуде. “Әдістемелік қызметті транс­формациялау” атты курстың маз­мұны алғаш рет іске асырылып жатқан “943 нысаналы мек­теп­” жобасына енген білім ордаларынан педагогикалық ұжымдарын тиімді сүйемелдейтін әдіскер­лер­ді оқытуға бағытталған. Ны­саналы …

Нысаналы мектептің мақсаты Read More »

КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ

Жуырда Көкшетау қаласында Ақмола облысының 85 жыл­дығына орай “Көркіңнен айналайын, Көкшетауым” атты аймақтық өнер фестивалі өтті. Бұл шараға Аста­на қаласы мен Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Сол­түс­тік Қазақстан және Ақмола облыстарынан өнерпаздар қатысты. Тұмса табиғатымен таны­мал Көкше жерінің сұлулығы мен ұлы тұлғаларын насихат­тау, шы­ғармашылық ұжымдар, орын­дау­шылар арасында тәжі­рибе алмасу, мәдени байла­нысты да­мыту мақсатында ұйымдасты­рылған фести­валь­дің іріктеу ке­зеңінен …

КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ Read More »

Жақсы дәстүрдің жалғасы

Қаламызда рес­публикалық “Мектепке жол” акциясы жалға­суда. Бұл жолы қайырымдылық шарасы М.Қо­зы­баев атындағы Сол­түстік Қа­зақстан университетінің қабыр­ғасында өтті. Атал­­ған жоғары оқу орны екі от­ба­сына мате­риал­дық көмек көр­сетіп, ал 9 от­басынан шыққан 21 балаға кең­се тауарлары са­лын­ған рюкзак­тар мен спорт дү­кеніне серти­фикаттар табыстаған. “Акция аясында біз қызмет­керлеріміздің отбасыларына кө­мектесуге және қолдау көрсе­туге шешім қабылдадық. Жұмы­сыңыз үшін рақмет. …

Жақсы дәстүрдің жалғасы Read More »

ЖАРНАМАЛАРЫ САУАТТЫ

“Сауатты жарнама – тіл абыройы” республикалық бай­қауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Облыстық мәдениет, тілдер­ді дамыту және архив ісі басқар­масының ұйымдастыруымен өт­кен байқаудың басты мақсаты – елімізде тіл саясатын дамыту­дың 2023-2029 жылдарға ар­нал­­ған тұжырымдамасының шең­бе­рін­де мемлекеттік тілдің қолдану ая­сын кеңейту, қажет­тілікті арттыру және тіл мәде­ниетін жетіл­діру. “Сауатты жарнама – тіл абы­ройы” атты республикалық бай­қауына қатысушылардан жалпы …

ЖАРНАМАЛАРЫ САУАТТЫ Read More »

Отбасылық жаттығу

Петропавлда облыстық дене шынықтыру және спорт басқар­ма­сы және “Fitness family Center”-дің ұйымдастыруымен отбасы­лық құндылықтар мен физикалық да­муды насихаттауға арналған “FIT­NESS FAMILY FEST” фести­валі өтті. Аталған шарада жеке тұлға­ны дамытуға, отбасындағы қа­рым-қатынасты нығайтуға және түрлі бағытта тәжірибе ал­масуға арналған шаралар ұйымдасты­рылды. Орталық алаңға жиналған қауым асық атып, бес тас ойнап, то­ғызқұмалақтан жарысқа түсті. Шарада өңіріміздің спортшылары …

Отбасылық жаттығу Read More »

“Қайратқа” қауқары жетпеді

Футболдан ел біріншілі­гі­нің 17-ші турында жергі­лікті “Қы­зыл­жар” клубы өз ала­ңын­да ал­ма­тылық “Қай­­­рат” командасын қа­былда­ды. Текетіреске то­лы матч­та қонақтар жер­лес­те­ріміз­дің қақпасына жал­ғыз гол са­лып, жеңіске жетті. Бұл кездесуге дейін “Қызыл­жар” 7-ші орында келе жатса, “Қайрат” турнирлік кестеде екін­ші сатыға жайғасқан болатын. Ойында қос клуб та жеңістен дә­мелі екендіктерін бірден бай­қатты. Матчтың тағ­дырын 39-шы минутта соғылған гол …

“Қайратқа” қауқары жетпеді Read More »

Ұстазға құрмет – тәрбиеден

Біз ұстазын төрге шығарып, құрметтейтін қоғам құруымыз керек. Себебі білім беру саласының қызметкерлеріне көптің бірі деп қарауға болмайды. Кейде бір-екі баласын тәрбиелей алмай отырғандар жиырма оқушымен жұмыс істейтін педагогтарға мін тағып отырады. Соған қарап, білім беру саласы қызметкерлеріне деген құрмет кенжелеп бара ма деген ойға қалатыным бар. Ұстаз – ұлтты тәрбиелейтін тұлға. Тұлғаның тұғырынан түсу-түспеуі …

Ұстазға құрмет – тәрбиеден Read More »

ЕКІ АЛЫПТЫҢ ӘДЕБИ MҰРACЫHДAҒЫ РУXAHИ ҮHДЕCTІK

Meмлeкeт бacшыcы Қacым-Жoмapт Toқaeв “Aбaй жәнe XXІ ғacыpдaғы Қaзaқcтaн” мaқa­лacындa eлiмiздi дaмытy үшiн ұлы aқынның пapacaтты oйлapынa тepeң үңiлyiмiз кepeк eкeндiгiн aйтaды. “Aбaй cөзi ұpпaқ­тың бaғыт aлaтын тeмipқaзығынa aй­нaлyы қaжeт”, – дeп aқын мұpacының бүгiнгi тaңдa, ipгeлi eл бoлaмыз дeп жaтқaн кeздe қaншaлықты мaңы­зы зop eкeнiн aтaп өткeн. Шынымeн дe, мемлекеттiң қaзipгi зaмaнғы бейнеciн түciнуде …

ЕКІ АЛЫПТЫҢ ӘДЕБИ MҰРACЫHДAҒЫ РУXAHИ ҮHДЕCTІK Read More »

Достықтың белгісі

Жамбыл ауданындағы И.Шухов мемориалдық мұражайдағы 3867 жәдігердің ішінен ерекше көзге түсетіні – “С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов И.Шуховтың үйінде” картинасы. Онда суретші Анатолий Бургаев үш қаламгердің әңгімелесіп отырған мамыражай сәтін бейнелеген. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, солтүстікқазақстандық қылқалам шебері 3 жыл салған туындыны 2013 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрі мұражайға сыйға тартқан. Үш қаламгер бала күндерінен бір-бірін жақсы …

Достықтың белгісі Read More »

Ұстазына “темір тұлпар” мінгізді

Айтыскер ақын Әлібек Серғалиев облыс орталығынан шалғай орналасқан Шал ақын ауданы, Ысқақ Ыбыраев ауылында тұратын ұстазы Қойшыбай Шәниевке “темір тұлпар” мінгізді. Мектеп партасында отырған бастауыш сынып оқушысы Әлібектің дәптерін тексеріп отырып, оралымды өлең жолдарын алғашқы ұстазы, марқұм Бақыт Кәкіжанқызы аңғарады. Жас баланың қабілетін жұбайы Қойшыбай Шәниевке айтады. Ол болашақ ақынның қабілетін танып, бір топ өлеңіне …

Ұстазына “темір тұлпар” мінгізді Read More »