АТҚАН ТАҢЫҢ ЖҮЗІМДІ АЙМАЛАРДАЙ…
Шал ақын ауданындағы академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия түлегі Дильназ Құсайынова – өлеңді жанына серік еткен жастардың бірі. Бүгінге дейін ол түрлі байқауларда бақ сынап, шығармашылық сайыстарда аудан намысын қорғап жүр. Талапты жастың тырнақалды өлеңдерін оқырман назарына ұсынамыз. Ерке Есіл Бас ұрамын көркіне осы күннің, Даласы шабыт дейтін бесігімнің. Қызыл-қоңыр қырларға еркелеген, Арсалаңдап толқыны Есілімнің. Жағасында …