«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сөздерінде жалын бар

Облыс орталығында “Qyzyljar jastary” форумы өтті. Оған өңіріміз­дің аудандарынан келген 40-тан астам белсенді жас пен ерікті қатысты. Форум жыл сайын өт­кізіледі. Биылғы шараның ерекшелігі – жастар үшін ұйым­дастырылған түрлі тренингтер мен тимбилдинг. Әсіресе жастардың жан-жақты дамуына, өз ойын емін-еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін пікірсайыс ретінде ұйымдастырылғаны көңілден шық­ты. Осылайша әр қатысушы бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. …

Сөздерінде жалын бар Read More »

Кәрізге қоқыс тастаған

Петропавлдағы Абай мен Нұр­сұлтан Назарбаев көшелерінің қиылысында кәріз коллекторы іс­тен шықты. Салдарынан бірнеше үйдің жертөлелеріне су кірді. Оқиға орнына дереу “Қызыл­жар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің апаттық бригадасы жетті. Мамандар мәселенің мән-жайын анықтағанда кәріз құ­бырының істен шығуына тұрғын­дар тастаған қоқыс себеп болға­ны белгілі болды. –Түнде құбыр сыр берді. Сал­дарынан жақын маңдағы үйлер­дің жертөлелеріне су кірді. Қа­ла­лықтар …

Кәрізге қоқыс тастаған Read More »

Зияткер зейнеткерлер

Петропавлда Конституция күні қарсаңында шахмат­тан аға буын өкілдері арасында турнир өтті. Жарысқа 20-ға жуық адам қатысты. Зияткерлік ойынға қатыс­қан­дардың дені – 60-тан ас­қандар. Зейнеткерлер мұндай турнирлерге белсене қатыса­тыны белгілі. Олардың бірі – Бейбіт Әбілов. – Шахматты мектепте үй­рендім. Қартайған шағымда бұл ойын ермегіме айналды. Біз сияқты зейнеткерлерге мұн­дай турнирлер қажет деп ой­лаймын, – дейді Бейбіт …

Зияткер зейнеткерлер Read More »

Имамдарға арналған семинар

Петропавлда имамдар мен тео­логтарға арналған оқыту семинары өтті. Бұл шараға дін мәселелері жө­ніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатыс­ты. Семинардың мақсаты – тұрғын­дар арасында теріс діни ағымның та­ралуына жол бермеу. Өңірге келген дін мәселелері жөніндегі респуб­ликалық ақпараттық-түсіндіру тобы­ның мүшелері өз білгендерімен бө­лісті. Іс-шараның ұйымдастырушысы облыстық дін істері басқармасы­ның бас маманы Нұртас Нұрмағам­бет исламтанушылардың біліктілігін арттыруға баса …

Имамдарға арналған семинар Read More »

Анна бағындырған асу

Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Анна Стратан қола медаль еншіледі. Солтүстікқазақстандық балуан қызды жанкүйерлер құшақ жая қарсы алды. Мамлют ауданындағы Мең­гесер ауылының тумасы Анна Стратан бұған дейін құрлықтық бәсекелерде өнер көрсетіп, жүл­дегерлер қатарынан көрінген. Биыл ол жасөспірімдер ара­сында өткен ел біріншілігінде топ жарып, ұлттық құрама са­пы­на …

Анна бағындырған асу Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЛАЙ АЛДАНДЫ?

Қалалық әкімдікке қарасты құрылымдар тарапынан заңды белден басқан келеңсіздіктерге шағым айтушылар қатары кө­беймесе, азаятын түрі байқал­майды. Мәселен, “Коммунхоз” кәсіпорны 17 ұйыммен бас шаhарды абаттандыру, көше­лер­ді қардан тазалау бойынша 1 млрд. теңгеге келісімшарт жасасып, берешектің аз ғана бөлігін төлеп, қалғанын қайтар­май қойғаны, бастарын тауға да, тасқа да ұрған кәсіпкерлер­дің сергелдеңі екі жылға созыл­ғаны әлі ұмытыла қойған …

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЛАЙ АЛДАНДЫ? Read More »

Менеджерді үйге шақыру мүмкіндігі

Енді қазақстандық­тарға мемлекеттік қыз­метті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Азаматтар халыққа қыз­мет көрсету орталы­ғының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік бере­тін жаңа сервисті пайда­лана алады. Белгіленген уа­қытта маман көрсе­тіл­ген мекенжай бо­йынша келіп, мемлекет­тік қызметті көрсетеді. ХҚКО-дан тыс жерде менед­жерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мем­лекеттік қызмет түрінің кез …

Менеджерді үйге шақыру мүмкіндігі Read More »

Малдың саны маңызды

Елімізде ауыл шаруашы­лығы санағы өтіп жатқаны бел­гілі. Қанатқақты жоба аясында еліміздің әр өңірінен екі ауыл­дан және бір қаладан – барлы­ғы 54 елді мекен таңдап алын­ды. Өңір бойынша Пет­ропавл қа­ласында “Жас өркен”, Жұ­мыс­шы кенті, Ет комбинаты ша­ғынаудан­да­рында, Қызыл­жар ауданында Бескөл, Айыр­тау ауданында Сырымбет ауы­лын­да өтеді. Оның санақ тәсілдерін тү­зетуге, кадр даярлығын жақ­сар­туға және 2025 жылғы не­гізгі …

Малдың саны маңызды Read More »

Күре жолдағы күрсініс

Өткен жеті айда облыс­та 231 жол-көлік оқиғасы тір­келді. Салдарынан 21 адам мерт болып, 315-і жа­рақат алған. Жол апатта­рының 192-сі жүргізуші­лер­дің кінәсінен болған. 15 жағ­дай жүргіншілердің жолда жүру ережесін сақтамауы­нан орын алды. Бұл ту­ралы өңірлік коммуни­кация­лар қызметінде өткен бри­фингте айтылды. Облыстық полиция депар­та­менті жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының мін­детін атқарушы Григорий Тыштың ай­туынша, өткен жылмен салыс­тырғанда …

Күре жолдағы күрсініс Read More »

“ДЕНСАУЛЫҚТАН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ”

Адамның өмірі үшін күресетін дәрігерлердің еңбегі ерен. Бұл мамандық қате­лесуді кешірмейді, медицина қызметкерлерінен батылдық, кәсіпке деген адалдық және сыр­қаттарға деген жанашырлық талап етіледі. Петропавлдағы көпбейінді облыстық аурухана – өңірдегі ең ірі емдеу мекемесі. “Tıkelei bailanys” айдарының қона­ғы – об­лыс­тық аурухананың бас директоры Сәкен Әмрин оқырмандардың сауалдары­на жауап беріп, медициналық орталықтың қазіргі тыныс-тіршілігі жайында айтып берді. …

“ДЕНСАУЛЫҚТАН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ” Read More »

АЭС ОТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Сонымен қатар “2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы”, “2025-2027 жылдарға арналған Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы” Заң жобалары мақұлданды. Жаңа заң жобасы қолдау тапты Аталған мəселелер бойын­ша Премьер-министрдің орын­басары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, …

АЭС ОТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ Read More »

Басқарма басшысы ауысты

Өңір басшысының өкімімен Дархан Әмрин облыстық кәсіп­кер­лік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Дархан Әмрин 1990 жылы Шал ақын ауданы Сергеевка қа­ласында дүниеге келген. М. Қо­зыбаев атындағы Солтүстік Қа­зақ­стан университетін экономика және бизнес бакалавры, ауыл ша­руашылығы бакалавры, С. Сей­фуллин атындағы Қазақ агротех­ни­калық университетін эконо­мика ғылымдарының магистрі ма­мандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы “Kaspi …

Басқарма басшысы ауысты Read More »

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН

Санаулы күндерден кейін күміс қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталады. Бұл – әр ел, отбасы, бала үшін маңызды сәт. Кез келген ел болашағын ұрпағымен байланыстырады. Ұрпағы білімді, саналы әрі тәрбиелі болса, сол елдің болашағы жарқын болмақ. Өңірде 458 білім ордасы бар, соның 344-і – шағын жинақты мектеп. Жаңа оқу жылында білім ұясына 75 мың оқушы …

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН Read More »

ЖАЗЫЛМАС ЖАРА

1991 жылдың 29 тамызында табиғат пен адамзатқа орасан зор қасірет әкелген Семей поли­гонын жабу туралы Жарлыққа қол қойылған еді. Бұл – ядролық қарудан бас тартқан тәуелсіз елдің тарихи қадамы. Міне, со­дан бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, алапат зардабын халық әлі ұмыта қойған жоқ. Қазаққа зор қасірет төндірген жойқын қарудан бас тарту – шы­нымен …

ЖАЗЫЛМАС ЖАРА Read More »

Заңсыз жүргізілген тексеріс

Өңіріміздегі балық шаруашылығы инспекциясы сауда орындарында күмәнді рейдтер жүргізген. Кейін анықталғандай, бұл іс-шаралар заңсыз болып шықты. Облыстық кәсіпкерлер палатасы бұл заң бұзушылықты әлеуметтік желіге жарияланған жазбаның арқасында анықтаған. Есіл облысаралық бассейн­дік балық шаруашылығы инс­пекциясының қызметкерлері по­лицейлермен бірлесіп, рейдтер жүргізген. Олар Петропавл және Астана қалалары, сондай-ақ Ақ­мола облысының сауда орта­лықтарында болған. Тексеру нә­тижелері туралы Instagram әлеу­меттік …

Заңсыз жүргізілген тексеріс Read More »

КЕМЕЛ

Есімі облыс жұртшылығына жақ­сы таныс азамат Кемел Қа­рашаұлы Оспановты мен де көп­тен білемін. Оның туған ауылы Бұлақта сонау 1969-1971 жыл­дарда әскерде бірге болған, бү­гін­де туған бауырымдай болып кет­кен жан жолдасым Қадіржан Шопанаев тұрады. Сол Қадір­жанды қарапайымдылығын, адал­дығын, еңбекке деген құл­шынысын, ақ ниетін, пәк көңілін ба­ғалағаным шығар, жұрттан ерек жақсы көремін, сағынып тұ­рамын. Міне, жарты ғасырдан …

КЕМЕЛ Read More »

ҰСТАЗ ЖОЛЫ

Өңір жұртшылығына Сабыр Сеңкібаевтың есімі етене таныс. Біздің облыста ғана емес, ежелден ауылы аралас, қойы қоралас Көкшетау өңірінде де бұл азаматтың есімі ерекше құрметпен аталады. Саналы ғұмырын педагогикаға арнап, білім саласын жетілдіруге бар қарым-қабілетін жұмсап жүрген жерлесіміздің ғылымға сіңірген еңбегі аз емес. “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” демекші, Сабыр Тәли­ұлы үшін туған жер – …

ҰСТАЗ ЖОЛЫ Read More »

Бала балалығын жасайды

Соңғы кезде балалар элек­троскутер, мопед дегенге әуес. Ауылда да, қалада да бір-бірімен жарысып жүрген балаларды көр­генде, солардың қауіпсіздігіне алаң­даймын. Мен облыс орта­лығының “Солнечный” шағынауда­нында тұрамын. Көршіміз он жас­тағы қызына электромопед әперді. Әлгі бала бес-алты жастағы сіңілісін мінгестіріп алып, көшеде әрлі-берлі жүреді. Көшелерде қаланың ор­тасындағыдай қаптаған көлік бол­маса да, автобустар мен жүк кө­ліктері жиі қатынайды. Есік …

Бала балалығын жасайды Read More »

Еріктілердің көмегі

Облыстық төтенше жағдай­лар департаментінің өрт сөнді­ру қызметі 5 миллион теңгеге жуық қаражатқа жиһаз сатып алмақ болған. Бұл туралы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасына қаты­сушылар жүргізген мониторинг барысында белгілі болды. Былтырдан бері еріктілер мемлекеттік сатып алу сала­сында 8 күмәнді деректі анық­таған. Нәтижесінде 83,4 млн. теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Жалпы облыста 125 адам ерікті …

Еріктілердің көмегі Read More »

ӨНЕР ӨЛКЕСІНДЕ ӨЗІНДІК ҮНІ БАР

Қазақтың әні мен күйі – хал­қы­мыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы. Ата-бабамыздан бүгінге жеткен сол асыл қазынаны, рухани мұ­раны дәріптеуге “Алтын домбы­ра” қазақ ұлт аспаптар ансамблі зор үлес қосуда. Белгілі ақын Қадыр Мырза Әлі “Нағыз қазақ – қазақ емес, на­ғыз қазақ – домбыра” деп жыры­на арқау еткендей, ұлттық аспап­ты ардақтап, сайын дала төсін сазға …

ӨНЕР ӨЛКЕСІНДЕ ӨЗІНДІК ҮНІ БАР Read More »