«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Әсем саз әуелеген кеш

Қызылжарға еліміздің бірнеше өңірі мен көршілес мемлекеттерден оркестр дирижерлері жиналды. Олар белгілі дирижер Дәурен Ғылымовтың мерейтойына орай өткен бірқатар шараларға қатысты. Алдымен әр тараптан жиылған өнер иелері “дөңгелек үстел” басында бас қосып, жаһандану үрдісі кезіндегі халық оркестрлерінің аяқалысын, алдағы мақсат-міндеттерін талқыға салды. – Менің Ақан сері атындағы облыстық филармониямен қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқаныма 20 …

Әсем саз әуелеген кеш Read More »

СОТТАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР

Өңірде бұған дейін алқабилер ақтаған екі қылмыскердің ісі қайта қаралды. Алқабилердің жаңа құрамы бірнеше қылмыс жасаған екі жасөспірімді кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Облыстық соттың мәліметінше, 7 қараша күні қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен И. және Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Жасөспірімдерге қарақшылық шабуыл жасау, қарақшылықпен ұштасқан кісі өлтіру, …

СОТТАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР Read More »

Бағалары қолжетімді

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Саудаланған өнімдердің құны нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен. Жәрмеңкеге жиналған халықтың қарасы қалың болды.   Ноғайбай би ауылдық округінің тұрғыны Айымгүл Тұрғынова жәрмеңкеге сүт өнімдерін молынан әкелген. Ол сүттің бір литрін – 250, майдың келісін 4500 теңгеден саудалады.  10 данасы 480 теңгеге бағаланған жұмыртқаға деген …

Бағалары қолжетімді Read More »

Құлша жұмсаған

Мұқан Негматов есімді 23 жастағы жігітті құлдықта ұстаған жандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 айға жуық Уәлиханов ауданына қарасты Жасқайрат елді мекенінде қара жұмысқа жегілген. Жапа шегушінің сөзіне қарағанда, оны Әл-Фараби деген танысы жұмысқа шақырған. Айына 500-600 мың теңге мөлшерінде жалақы төленеді деп қызықтырған көрінеді. Алайда мол табыс табамын деп сенген азаматтың қолына қара …

Құлша жұмсаған Read More »

Жасыл желектің жанашырлары

Ит тұмсығы өтпейтін қа­лың орман – еліміздің табиғи бай­лығы. Жасыл желектің сұқ көз бен табиғи апат­тан аман болып, даламызға кө­рік беріп тұрғаны осы салада тер төгіп жүрген ор­маншылардың арқасы. Орман шаруашылығы қыз­меткерлерінің кәсіби мере­кесіне орай об­лыс орталығында іс-шара өтіп, мамандар құрметке бөленді. Сал­танатты шара бас­талмас бұ­рын облыс әкімінің бі­рінші орын­басары Марат Тас­ма­ғанбетов ау­дандардағы ор­ман шаруашы­лықтары …

Жасыл желектің жанашырлары Read More »

АЙЫРТАУДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР

Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Жыл басынан бері 41,7 млрд. теңгенің ауыл шаруашы­лығы өнімдері өндірілген. “Кең дала” бағдарламасы аясында 268 млн. теңгеге 6 шаруашы­лық қаржыландырылған. “Іс­кер жоба” шеңберінде шағын және орта бизнес саласына қол­дау көрсетіліп, 20,5 млн. теңге мөлшерінде несие бе­рілген. …

АЙЫРТАУДАҒЫ ІЛКІМДІ ІСТЕР Read More »

Қаржыны қысқартқаннан не ұтамыз?

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралған мәселелердің бірі өңір бюджетіне қатысты болды. Қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант облыс бюджетіндегі өзгерістерді нақтылауға қатысты баяндамасын оқыды. Оның айтуынша, көктемде бол­ған су тасқынының салдарын жоюға 2 млрд. 100 млн. теңге бөлінген. Осы­­ған байланысты денсаулық сақ­тау басқармасына бағытталатын қаржы 365,6 млн. теңгеге қысқара­ды. Ал білім басқармасына тиесілі сома 31,8 …

Қаржыны қысқартқаннан не ұтамыз? Read More »

НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ТАЖАЛЫ

Адам миы – әлі құпиясы ашылмаған күрделі ағза. Оның қуыс-қуысында бізге беймәлім небір ақпарат жасырылып жатуы мүмкін. Қалыпты жағдайда адам санасының бар жұмысы біздің қауіпсіздігімізге, ілгері дамуымызға бағытталған. Алайда осы бір күрделі ағзада ақау пайда болса, адамды бұрынғы күйіне қайта әкелу оңайға соқпайды. Есірткіге тәуелділік – осының бір дәлелі. Тәуелділік басталған сәттен адамның өмірлік құндылықтары …

НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ТАЖАЛЫ Read More »

Бекзат болмысты әнші

Ермек Серкебаев – есімі шартарапқа жайылған қазақтың біртуар ұлы, тамаша дарын иесі. Талайды өз өнерімен тамсандырған әншінің баритон дауысы таудың тәтті бұлағындай жүрекке нәр беріп, адам жанын ерекше сезімге бөлейтін. Опера өнері дүлдүлінің біздің өңірдің тумасы екенін мақтан тұтамыз. Ермек Серкебаев 1926 жылы 4 шілдеде Петропавл қаласында дүниеге келген. Үш жасында Көкшетауға көшкен. Әкесі сонда …

Бекзат болмысты әнші Read More »

Сөз қадірі — өз қадірің

Сөз қадірі бөз қадірінен арзандап кеткен заманда арыдағы алаш жұрты “оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес” деп кесімді сөзін келісті етіп айтқандығын жадымыздан шығармасақ керек-ті. Дарқан даланың даналығын бойына жинаған данышпан аталарымыз сөз өнерін ұлттық құндылық ретінде кейінгі ұрпағына мұра қылып қалдырған. Жер мен жесір дауын жалғыз ауыз сөзбен шешкен бұрынғылар әз жаның­ды жазылмастай жаралайтын …

Сөз қадірі — өз қадірің Read More »

Аймағамбет БАРЛЫБАЕВ: “СУБСИДИЯ ШАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚТАРҒА БЕРІЛУІ КЕРЕК”

– Аймағамбет Сабырұлы, биылғы жаз жаңбырлы бол­ды. Егін бітік шыққанымен, са­па­сы кү­мән тудырады. Сіз бұл жайын­да не айтасыз? – Жауын-шашынның көп бол­ғаны егіннің сапа­сына көп әсер етті. Мамырдың аяғына дейін егіліп болуы тиіс дәнді-дақылдар ауа райының құбылуы әсерінен мау­сым айының ортасында жерге сіңірілді. Осының нәтиже­сінде кей­бір жерлерде өнім пісіп үлгер­меді. Өнімнің сапасы төмен болса, бағасы …

Аймағамбет БАРЛЫБАЕВ: “СУБСИДИЯ ШАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚТАРҒА БЕРІЛУІ КЕРЕК” Read More »

ЕЛ БІРЛІГІ — БАСТЫ ҰСТАНЫМ

Президент Қасым-Жомарт То­қаев “Тәуелсіздік бәрінен қым­бат” мақаласында қайта жаң­ғыр­ған қазақ мемлекеттілігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық­тың тұтас дәуірге пара-пар ма­ңыздылығына тоқталып, бір ша­ңырақ астында арман-мақсаттарын тоғыстырған Қазақстан хал­қының болашаққа тың серпінмен қадам басу бағыттарын саралап берді. Жұртшылықтың назарын алдағы төртінші онжылдықтың жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу еке­ніне, бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және …

ЕЛ БІРЛІГІ — БАСТЫ ҰСТАНЫМ Read More »

Қарттар үйінің қамқорлығы

Өңірімізде мемлекет қаржыландыратын екі қарттар үйі жұмыс істейді. Қарттарға арнал­ған интернат-үйлер жыл сайын шамамен 50 шақты адамды қабылдайды екен. Аққайың ауданының орталығы – Смирново елді мекенінде орналасқан қарттар үйі 275 орынға шақталған. Қазір онда 235 адам тұрып жатыр. Екіншісі Тайынша ауданында орналасқан. “Надежда” атты қарттар үйі 100 орындық, бүгінде онда 89 адам тұрады. “Бұл мекемеге …

Қарттар үйінің қамқорлығы Read More »

ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІ САЛЫНУДА

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы 8 қорғаныс бөгетін қалпына келтіруге “Демеу” корпоративтік қорынан 4,8 млрд. теңге бағытталды. Жергілікті бюджеттен қосымша 627,6 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта бұзылған бөгеттер қайта салынып, барынша нығайтылуда. Инертті материалдар төселуде. Биылғы су тасқынының сал­дарын жою және 2025 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жайында облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзел­баев “AMANAT” …

ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІ САЛЫНУДА Read More »

Суға зәру ауылдар

Облыс халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде шешімін күткен мәселе аз емес. Өңірдің 42,5 мың тұрғыны тіршілік нәрін тасып ішуге немесе жергілікті су көздерін пайдалануға мәжбүр. Облыс прокуратурасында заң­дылықты, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамта­масыз ету жөніндегі үйлестіру ке­ңесінің отырысында осы мәселе тақырып өзегіне айналды.  Жиында белгілі болғандай, өңірдегі 42,5 мың тұрғыны бар 202 ауылда …

Суға зәру ауылдар Read More »

ҚАРУ САҚТАУДЫҢ ТӘРТІБІ ҚАТАҢ

Облыс полицейлері “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр.  Акция 16 қыркүйекте басталған болатын.  50 күннің ішінде тәртіп сақшылары 347 жалдамалы пәтерді, 5700  саяжайды тексерді. Сонымен қатар, полицейлер 1200-ден аса шаруа және фермерлік қожалықтарды аралады. Мамандар бұрын қолданылған тауарларды сату орындарында 602 рейдтік іс-шара жүргізді. Есірткі граффитиді анықтау мен бояу жұмыстары да қоса атқарылып жатыр. …

ҚАРУ САҚТАУДЫҢ ТӘРТІБІ ҚАТАҢ Read More »

ТҮРМЕДЕ ДЕ ТҮРЛІ КӘСІП ИГЕРУГЕ БОЛАДЫ

Петропавлда жазасын өтеп жатқандар жасаған бұйымдардың көрмесі өтті. Шараны облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды. Қазіргі уақытта өңірдегі түзету мекемелерінде 17 кәсіпкер өз ісін ашқан. Бұл екі тарапқа да тиімді. Ең бастысы – жазасын өтеушілер жаңа кәсіпті меңгереді, қарызын жабу арқылы ертерек бостандыққа шығуға мүмкіндіктері бар. “Біз өңірдегі түзету мекемелерін аралап шығып, …

ТҮРМЕДЕ ДЕ ТҮРЛІ КӘСІП ИГЕРУГЕ БОЛАДЫ Read More »

ЖАУАПТЫ САЛАНЫҢ ЖҮГІ АУЫР

Жүз жылдан астам тарихы бар мемлекеттік статис­ти­ка ор­гандары ұзақ қалыптасу жолы­нан өтті. Тіпті оның тарихы қа­зақ елінің қалыптасу жолы­мен астасып жатыр десек те бо­ла­ды. Сонау Қазақ хандығы құ­рыл­ған кезде Шу және Талас өзендерінің аңғарларында (қа­зір­гі Жамбыл облысының аума­ғы) халық саны 200 мың адам­ды құраған екен. Ал XV ғасыр­дың аяғында бұл көрсеткіш 1 миллионға жеткен деседі. …

ЖАУАПТЫ САЛАНЫҢ ЖҮГІ АУЫР Read More »

Жылқышы қыз

Ауылдағы өмірді бүкпесіз жариялап, әлеуметтік желіде жылқышы қыз ретінде танылған Асыл Ахметова қазіргі уақытта Айыртау ауданындағы Лобаново елді мекенінде мұғалім болып еңбек етуде. Өмірге құштар бойжеткен биыл тұрмыс құрыпты. Жұбайы екеуі ауыл балаларына ұлттық ойындарды, соның ішінде садақ, жамбы атуды үйретіп жүр. Жұртшылық кейіпкерімізді “Tik Tok” желісі арқылы жақсы та­ниды. “Үй шаруасымен айналы­сып жүрген сәттерімді …

Жылқышы қыз Read More »

“Тесік қалта” синдромы

Аз болсын, көп болсын, тапқан ақшаны сауатты жұмсау үшін, барлық қажеттілікке жеткізу үшін, одан қалды қор жинақтау үшін сізге қайсысы ыңғайлы: қолма-қол қағаз ақша ма, әлде электронды ақшалар ма? Соны нақтылап алыңыз! Яғни картшотта жатқан, әртүрлі құрылғы арқылы (банкомат, pos-терминалдар немесе әртүрлі мобильдік қосым­ша арқылы) қол жеткізуге және басқаруға мүмкіндік беретін онлайн ақша ыңғайлы ма? …

“Тесік қалта” синдромы Read More »