«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

АСЫҚПА, ЖҮРГІЗУШІ!

Өңір полицейлері “Мамлютка – Қостанай” автожолының 469-шы шақырымындағы Покровка ауылының маңында жол-көлік апаты салдарынан қираған автокөлікті жол шетіне әкеліп орнатты. Осы арқылы тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын, әсіресе аталған учаскеде жылдамдық режімін сақтауға шақырды. Бұл учаске қауіпті болып есептеледі. Мамлют ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафинның айтуынша, аудан арқылы өтетін жолдардың қауіпті …

АСЫҚПА, ЖҮРГІЗУШІ! Read More »

Қар тазалауға дайын

Тәртіп сақшылары қыс мезгілі қарсаңында 9 мың шақырымнан астам автожолдарды тексерді. Әсіресе жол төсемі мен жол белгілерінің жай-күйі, қардан қорғайтын қалқандарды орнатуға және су өткізгіш құбырларға баса назар аударылды. Сондай-ақ, полицейлер жауапты ұйымдардың дайындығына да көз жеткізді. Арнайы техника саны ұлғайтылды. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсету үшін – 120, облыстық маңызы бар жолдар үшін …

Қар тазалауға дайын Read More »

ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Облыстық аппеляциялық сот Qnet қаржы пирамидасын құрғандардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Осылайша 110 солтүстікқазақстандықты алдаған бес азаматқа шығарылған үкім өзгеріссіз қалды. Биыл тамыз айында Петропавл қалалық соты петропавлдықтарды сан соқтырып, тақырға отырғызып кеткен Еркін Камалиев пен оның қарындасы Райхан Камалиева және Наурызбек Исинді алты жыл жеті айға, ал Әсел Елубаева мен Сансызбай Сыздықовты бес жылға бас …

ҮКІМ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ Read More »

Үздік жобаларға – грант

Елімізде жеке кәсіпкерлерді қолдау бойынша Үкімет қаулы­сы негізінде бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде несиелерге кепіл­дік беру, пайыздық үстемені суб­сидиялау, инженерлік инфраст­рук­тураларды салу, гранттар та­ғайындау сияқты тиімді тетіктер бар. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шамшутди­новтың сөзінше, кәсіпкерлерге мемлекеттен берілетін 5 млн. теңгеге дейінгі гранттардың пай­да­сы мол. – Мемлекеттік гранттар беру …

Үздік жобаларға – грант Read More »

СЕНІМДІ АҚТАУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

“Nur Otan” партиясының ке­зек­тен тыс съезінде партия атауының “АMANAT” деп өзгерті­луі кездейсоқ емес. Форумда сөй­леген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрық­ша мәні бар киелі ұғым. Егемен­дігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге баба­лардан жеткен аманат. Осы қас­терлі құндылықтарымызды көз­дің қарашығындай сақтап, бола­шаққа мирас етуіміз керек. Мем­лекеттік дәстүр …

СЕНІМДІ АҚТАУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Read More »

ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ

Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде ұлы даланың терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Бүгінде ұлттық музыкалық аспапты ұлық­тап, оның құндылығын түсініп, төр­ге ілетін отбасын сирек кездесті­реміз. Әйтсе де, қасиетті домбы­раның қадірі ешқашан кемімек емес. Облыс орталығында осы ұлттық аспабымызды насихат­тап, дом­быра тартуды үйрете­тін шығар­машылық орталықтар саусақпен санарлықтай. Солар­дың …

ӨНЕРГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ Read More »

“АҢЫЗДЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ”

Ұлт-азаттық қозғалыстың рухани күрескері Марал Құрманұлының есімін ұлықтау мақсатында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Марал ишан: өмірі мен қоғамдық-діни және саяси қызметі (1780-1853)” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткені белгілі. Сонымен қатар Ислам мәдениеті музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұрындық болуымен “Сыр өңіріндегі ислам руханияты” атты көрме ашылған еді. Өңір үшін маңызды шараға арнайы келген “Марал-Баба” …

“АҢЫЗДЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ” Read More »

Сапасыз өнім сататындар жазаланды

Облыс орталығында тұтынушылар құқығын қорғау бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесі туралы брифинг өтті. Онда облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы мен “Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы” қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биянат 9 айдағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қанат Жеңісбекұлының сөзінше,  мекеме үш тоқсан ішінде 368 өтінішті қараған. Шағымдардың көбі электронды және бөлшек …

Сапасыз өнім сататындар жазаланды Read More »

“Әкім болып сайланған күннен мектептерді сақтауға басымдық бердім”

Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформа аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылғаны белгілі. Қазір көптеген елді мекенде баламалы негізде сайланған әкімдер жауапты қызметті атқарып жүр. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев ауданындағы Аққайың ауылдық округінің әкімі Мақсат Есжанов. Қазағынан қонағы басым округте елдің сеніміне ие болған азаматпен ауылдағы ағайынның жай-күйі жайлы тілдесуді жөн көрдік. – …

“Әкім болып сайланған күннен мектептерді сақтауға басымдық бердім” Read More »

АЗАМАТТЫҚ ПІКІРІНЕН АЙНЫМАҒАН АҚЫН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің “Асыл мұра” орталығы мен университеттің ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановтың “Замана шам-шырағы” кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш іс-шараға ақынның көзін көргендер, туыстары, зиялы қауым өкілдері және студенттер қатысты. – Зейнолла Әкімжановтың шығармалары негізінде құрас­ты­рылған “Замана шам-шыра­ғы” жи­нағы – ұлттың өткені мен бо­ла­шағының мәселелерін қоз­ғап, ғасырлар …

АЗАМАТТЫҚ ПІКІРІНЕН АЙНЫМАҒАН АҚЫН Read More »

Тазалыққа баулиды

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан универси­те­тінің 100-ден астам студенті “Таза бейсенбі” акциясына қа­ты­сып, аллея және жатақхана маңын күл-қоқыстан тазартты. Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, “Таза Қазақстан” жал­пы­­ұлттық жобасы аясында өтіп жат­қан мұндай іс-шаралар сту­денттер арасында достық қа­рым-қаты­нас­ты нығайтады. – “Таза бейсенбі” акциясына елі­­не жанашыр әр азамат қаты­са алады. Әр жерге қоқыс лақ­тырмай, өзіміз білім алып жат­қан ошақтың таза болуына …

Тазалыққа баулиды Read More »

САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – АУЫЛДЫҚТАР

“Әділет және өркендеу” қоғамдық қорының бастамасымен өткен “дөңгелек үстел” басына медициналық сақтандыру қорының, денсаулық сақтау, еңбек ұтқырлығы орталығының өкілдері және еңбек инспекциясының  мамандары жиналып,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі және оған жарна төлемеген азаматтардың құқықтары жайында әңгіме өрбітті. “МӘМС жүйесі  ел бойынша өзекті проблемаға айналып отыр. Әсіресе, ауыл адамдары­ның жар­на төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Қол­дағы …

САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – АУЫЛДЫҚТАР Read More »

ЕРІКТІЛЕРГЕ ЕЛ РИЗА

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Ауыл” партиясы ұйымдастырған студенттік еңбек жасақтарында белсенді жұмыс істеген жастарды марапаттау шарасы өтті. Жиынды ашқан партияның облыстық филиалының төрағасы Қайрат Пішенбаев партияның жұмыс бағыттарына тоқталып өтті. Кейін университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова тасқын кезіндегі университет қызметкерлері мен белсенді жастардың көрсеткен көмегі туралы айтты. – Біздің еріктілеріміз …

ЕРІКТІЛЕРГЕ ЕЛ РИЗА Read More »

СОТТАЛҒАНДАР ТАРАПЫНАН ШАҒЫМ КӨП

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында тұрғындарды құқықтық ағарту және олардың құқықтарын қорғауға қатысты атқарылған жұмыстар баяндалды.  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Жанат Жұмабаевтың айтуынша,  сотталғандардан құқықтарын қорғауға қатысты шағымдар жиі түсетін көрінеді.  Биыл ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барып,  103 жазасын өтеушіні қабылдаған. Жеке кездесуде сотталғандар мәселелерін ашық баяндап, шағымдарын …

СОТТАЛҒАНДАР ТАРАПЫНАН ШАҒЫМ КӨП Read More »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ЖОБА

Петропавлдағы №2 жылу электр орталығы ауаға тарайтын ластаушы заттардың деңгейін нақты уақыт режімінде бақылайтын автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізді. Өткен жылдың мамыр айында 3 түтін мұржасына орнатылған жүйе атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін тіркейді және ақпаратты тұрақты түрде облыстық экология департаментіне, сондай-ақ ұлттық деректер банкіне жіберіп отырады. “Севказэнерго” АҚ-ның басқарма басшысы Николай Максимовтың айтуынша, мониторинг жүйесі …

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ЖОБА Read More »

Жауапты саланың жанашыр маманы

Елімізде еңбек адамының мерейі өсіп, мәртебесі артып келеді. Жұмысты ауырсынбай, еңбектің ауыр қамытын арқалап жүрген жандардың әрқайсысы құрметке лайық. Олар өз мамандығына деген адалдығын күн сайынғы төгетін маңдай терімен дәлелдеп келеді. Қанша жерден технологияның биігіне шықтық десек те, өндірісте кәсіби жұмыс күші жоғары бағаланып, сұранысқа ие бола бермек. Киров атындағы зауыт – жүздеген адамды жұмыспен …

Жауапты саланың жанашыр маманы Read More »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН ЕКІНШІ ҚАЗАҚ

Еуропаның төрінде орналасқан Албания елінен құстай ұшып келген ақжолтай хабар барша солтүстікқазақстандықтардың төбесін көкке жеткізгендей болды.  Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқожа Қайпанов  әлем чемпионатында 70 келіде топ жарып, алтын медальді еншіледі. Жерлесімізді әлем біріншілігіндегі жеңісімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. “Нұрқожа– қазақ еркін күресінің тарихында Ризабек Айтмұқаннан кейін әлем чемпионы атанған екінші спортшы. Қайпановтың қайсарлығы, қажырлы …

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН ЕКІНШІ ҚАЗАҚ Read More »

Инсульт “жасарып” барады

Көпбейінді облыстық ауруха­нада Дүниежүзілік инсультпен кү­рес күніне орай іс-шара өтті. “Ашық есік” күні аясында облыс­тық ауру­ханада невропатолог дәрігер­лер нау­қастарды тегін қа­былдады. Өз­ге де мамандар емделуші­лер­ арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіз­ді. Іс-шара барысында тұрғын­дар­ға инсульт кезінде миға қан кетіп, қан айналым жүйесінің бұ­зылатыны түсіндірілді. Дәрігер­лер­дің айтуынша, жоғары қан қы­сымы, қант диабеті, холестериннің көбеюі, семіздік, физикалық бел­сенділіктің болмауы, …

Инсульт “жасарып” барады Read More »

Шаян аулап, байымақ болған

Облыстық полиция департа­менті ұйымдасқан қылмысқа қар­сы күрес басқармасы қызметкер­лерінің назарына іліккен 33 және 22 жастағы екі петропавлдық, сон­дай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны “Artemia salina” шаянын заңсыз аулады деген күдікпен қолға түсті. Заңсыз әрекеттер Мамлют ау­данының аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде жүргізілген. Оқиға орнынан полицейлер жалпы сал­мағы 460 килограммды құрайтын алты қапқа салынған шаян жұ­мыртқаларын тәркіледі. …

Шаян аулап, байымақ болған Read More »

Еңбектері еленді

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департа­ментінде аппараттық кеңес өтіп, бірқатар сала маманы марапат­талды. Аппараттық кеңесте алдымен санитар­лық-эпидемиологиялық шаралар жайы сөз болып, Айыр­тау және Тайынша аудандарын­дағы мек­тептердің асханаларын жоспар­дан тыс тексеру нәтижелері тал­қы­ланды. Департамент басшысы Әсет Жұматаев ден­сау­лық сақ­тау саласындағы көпжылғы және жемісті еңбегі үшін Ақжар аудан­дық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бас­қармасының бас маманы Мараш Ғиззатованы  “Ден­саулық сақтау ісіне қосқан …

Еңбектері еленді Read More »