«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ҮСІП ҚАЛҒАНДАР

Жыл басынан бері жарақат алған, үсік шалған 400-ден астам адам Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық жәрдем ауруханасының көмегіне жүігінді. Емдеу мекемесі баспасөз қыз­ме­ті­нің мәліметінше, жарақат бө­лімшесіне қаралғандардың 150-інің сүйектері сынған, тағы 12 адам үсік шалып, мамандардың көмегіне жү­гінуге мәжбүр болған. “Үсік шалғандар негізінен мас күй­де түседі. Оларды аман алып қалу үшін ота жасауға тура келіп …

ҮСІП ҚАЛҒАНДАР Read More »

Жолақы өспек

Петропавлда қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттамақ. Шаһар­да жолақы соңғы рет 2017 жылы өскен. СҚО “Автокөлік одағы” тасы­малдаушылар қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, еңбекақы төмен болған­дықтан жүргізуші табу қиын. Қазір бұл салада кадр жетіс­пеушілігі мәселесі өткір тұр. “Біз қалалық қоғамдық көлікте жүру ақысын өсіруді сұраймыз. Бұл біздің қазіргі жағдайымызды айтар­лықтай жеңілдетеді. Мәселен, Қостанай 1 қаң­тардан бастап …

Жолақы өспек Read More »

Балықшының денесі табылды

Өңірде іздеу жарияланған 31 жас­тағы Болат Ақиевтің денесі қар ас­тынан табылды. Марқұм үстіміз­де­гі жыл­ғы 6 қаңтар күні Шал ақын ауда­нына қарасты Ступинка елді меке­нінің маңындағы көлге балық аулау­ға кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған. Жігіт Ғабит Мүсірепов атындағы ау­данның орталығы – Но­воишим ауы­лының тұрғыны болып шықты. Болат Ақиевті іздеуге еріктілер, полицейлер, ауыл тұрғындары жұ­мылдырылды. Облыстық төтенше …

Балықшының денесі табылды Read More »

ҰБТ-ның бірінші кезеңі

Ел көлемінде коммер­ция­лық негізде оқуға түсем деу­шілер Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден өтуде. Түлектердің сынағы ақпанның 11-не дейін жалғасады. Жалпы Қазақстан бойынша электрондық фор­матта өтіп жатқан ем­тиханда білімін саралауға 125 мыңға жуық мектеп оқушысы өтініш білдірді. Қаңтардағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған сту­денттер, ақылы негізде “Педа­гогикалық ғылымдар” маман­ды­ғына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы …

ҰБТ-ның бірінші кезеңі Read More »

Борышкерге берілетін үш мүмкіндік

Биыл 3 наурыздан бастап елімізде жеке тұлға банкрот болуға өтініш бере алады. Азаматтар “жеке тұлғаның банкроттығын” қолдану үшін үш түрлі нұсқаның бірін таңдай алады – соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру. 2022 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” заңға (Банкроттық туралы заң) …

Борышкерге берілетін үш мүмкіндік Read More »

Баж мөлшері өзгерді

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңгені құрайды, ол мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты болады. Осыған байланысты қазіргі уақытта Салық кодексіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК, яғни 690 теңгені құрайды. Төлқұжат едәуір қымбатқа түседі:8 АЕК – 27600 теңге. Төлқұжат пен жеке куәлікті …

Баж мөлшері өзгерді Read More »

Баланың қауіпсіздігі — бәрінен маңызды

“AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Отырыста екі негізгі мәселе қаралды. Кеңес мүшелері алғашқы сауал – оқу орындарында, интернаттар мен мектепке дейінгі мекемелерде орнатылған бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығына қосу және білім ошақтарының аулаларында дәретханалардың болуы мәселесіне қатысты ойларын …

Баланың қауіпсіздігі — бәрінен маңызды Read More »

Он есеге артқан

Қызылжар ауданында ауылдарды дамыту – алға қойған негізгі бағыттардың бірі. Әрбір елді мекен заман талабына сай өркендеп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне бейім болуы қажет. Ел Үкіметінің де алға қойып отырған басты мақсаты осы. 2023 жылы аудан бойынша тоғыз елді мекенде жол жөнеделетін болады. Бұл туралы аудан басшысы Жанат Сәдуақасов айтты. Жалпы аудан бойынша жолдың ұзындығы …

Он есеге артқан Read More »

Қар тоқтатудың пайдасы көп

Халық арасында “қыстың қамын жаз ойла” дейтін тіркес қалыптасқа­ны белгілі, ал теріскейлік диқандар, керісінше, жаздың қамын қыста ой­лайтын болған. Желтоқсан айында өңірде қар жаумай, қара суық бол­ғаны белгілі. Қаңтар қалың қарын ала келді. Осы сәтті күткен диқандар егіс алқаптарында қар тоқтатудың қамына кірісіп кеткен. Ауыл шаруа­шылығы басқармасының мәліметін­ше, бұл жұмыс 3,1 млн. гектар ал­қапта жүрізілуі …

Қар тоқтатудың пайдасы көп Read More »

Жолаушылар билеті субсидияланады

Петропавл халықаралық әуе­жайы арқылы былтыр 1,3 мың әуе рейсі жасалды. Осы аралықта 76 мың адам ұшқан, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыс­тырғанда үш есе артық. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқар­масы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжіновтің айтуынша, былтыр Петропавл әуежайының мү­ліктік кешені “Қызылжар халықара­лық әуежайы” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне, кейін сатып алу­ға құқығын сенімгерлік бас­қаруға берілді. …

Жолаушылар билеті субсидияланады Read More »

АСЫЛ МҰРАТ

Жуырда “Amanat” партиясының 2025 жылға дейінгі “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасының ал­ғашқы қорытындылары жария етіл­ді. Оның аясында белгіленген 362 іс-шараның 130-ы жүзеге асырылып, 228-і орындалу үстінде екені белгілі болды. Жол картасы азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу, эко­номиканың тұрақтылығын қамтама­сыз ету, өзара бәсекелестікті артты­ру, өнім сапасын жақсарту, мем­ле­кеттік басқару жүйесін дамыту сияқ­ты бағыттарды қамтиды. …

АСЫЛ МҰРАТ Read More »

ОТАН КҮЗЕТІНДЕ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерлерінің құрылған күні аталып өтілді. Салтанатты шараға әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер, 6637 әскери бөлімінің офицерлері, сарбаздар мен академия курсанттары қатысты. Мереке иелерін облыс әкімі атынан оның орынбасары Сәтжан Аблалиев құттықтады. Еліміз өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, араға 26 күн салып, кешегі Ішкі әскер бүгінгі …

ОТАН КҮЗЕТІНДЕ Read More »

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ТАПШЫ

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров қабылдау өткізіп, жеке мәселелерін айта келген тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысының қоғамдық қабылдауына келгендердің бірі – Альбина Құдырова. Петропавл қаласының тұрғыны “Береке” шағынауданында 200 орынға шақталған балабақша салуды жоспарлап отыр екен. Қажет жер учаскесін де сатып алған. Бірақ жоба құны 1 млрд. теңгеден асып кеткендіктен білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие …

ШАБЫНДЫҚ ЖЕР ТАПШЫ Read More »

Сауығып кетші, балақай!

Сирек кездесетін дерттің бірі – арқа бұлшық ет атрофия­сы ауруына шалдыққан 1 жас 4 айлық нәрестеге дәрігерлер құны 35 млн. теңге тұра­тын дәріні екті. Баланың өмірін сақ­тап қалу үшін аса қажет қым­бат пре­парат республикалық бюджеттен бө­лінген қаражат­қа алынды. Облыстық көпсалалы балалар ау­руханасы мамандарының мәліметін­­ше, осындай ем-дом өңірде алғаш рет жасалып отыр. Бұлшық ет атрофия­сы – …

Сауығып кетші, балақай! Read More »

Парацетамол тапшы

Соңғы кездері облыста жұқпалы вирустық инфециялық аурулар мен тұ­мауға шалдыққандар көбейді. Соның әсерінен дене қызуын төмен­дететін дәрілерге сұраныс артқан. Петропавлдағы дәріханаларда парацетамол дәрісінің тапшылығы байқалады. Қала тұр­ғыны Гүлжиһан Қайыржан­қызы парацатамол іздеп, 1 күннің ішінде 10 шақты дәріханаға бас сұққан. – Дәріханаларда дене қызуын тө­мендететін дәрілер жеткілікті. Солар­­дың ішінде тұрғындар жиі тұтынатын парацетамол тапшы. Тіпті жоқ …

Парацетамол тапшы Read More »

Көмекке асыққан тәртіп сақшылары

Айыртау ауданында қарлы боран салдарынан екі ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жолда қалып қойды. Олардың бірі кейінірек полиция департаментіне телефон соғып, тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. Марат Жамбылов он бес жылға жақын уақыт бойы көлік тізгіндеп ке­леді. Ол “SHANTUI” бульдозері тиел­­ген “МАЗ” көлігімен жергілікті маңыз­дағы Елецкое мен Айыртау ауылда­ры арасындағы автожолда омбы қар­да батып қалған. Жүр­гізуші “102” …

Көмекке асыққан тәртіп сақшылары Read More »

Ұрлық азайды

Облыс полицейлері 2022 жыл­дың қорытындысы бойынша мүлікке қатысты қылмыстар санының азай­ға­нын тіркеді. Қылмыстың ең көп та­ралған түрі – бөтеннің мүлкін ұрлау. Өткен жылы облыста 1444 ұрлық жа­салды, бұл 2021 жылмен салыстыр­ғанда 18,8 пайызға аз. Мал ұрлығы 31 пайызға төмендеді. 2021 жылы – 29, былтыр 20 мал ұрлау фактісі тіркел­ген. Бұл ретте полицейлердің алдын алу жұмысының …

Ұрлық азайды Read More »

Ерекше көрме

Қылмыстық-атқару жүйесі облыстық департаментінің мамандары алғаш рет түрмелерге кіргізілмек болған тыйым салынған заттардың көрмесін ұйымдастырды. Бір жылдың ішінде мамандар ұялы телефонның 89-ын анықтап, оның ішке енуіне тосқауыл қойған. Колония аумағына кіргізілмек бол­ған заттардың бірі – шағын ғана ұялы телефон. Оны №48 мекеменің қызметкерлері рентгентелевизиялық аппаратты қолдана отырып, аяқ киім щеткасының ішінен тауып алды. Кү­дік тудырған …

Ерекше көрме Read More »

АНТҚА АДАЛДЫҚ

1992 жылдың 10 қаңтары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскерлерінің құрылған күні. Дәстүрге енген кәсіби мерекемізді осымен 31-ші рет салтанатты түрде атап өткелі отырмыз. Тәуелсіздік алған сәттен бастап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық, өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына жүктелген. Содан бері қоғамдық қауіпсіздік …

АНТҚА АДАЛДЫҚ Read More »

Қатарының алды

“Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 сту­денті” республикалық байқауы өз мәресіне жетіп, бұл бай­қауда солтүстікқазақстандық өрендер де жеңімпаз атанды. Ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін жоба жеңімпаздарын Оқу-ағарту министрлігінің басшылығы құттықтап, болашақ қызметтеріне табыс тіледі. Диплом­дар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті. Республикалық кезеңде еліміз­дің барлық өңірлерінен қатысқан колледж студенттерінің бәрі “WorldSkills” өңірлік, ұлттық және халықаралық чемпионаттарының, …

Қатарының алды Read More »