«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

СӨРЕ ТОЛЫ АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІК

Жылдағы дәстүрге сай Қызылжардағы жиын-терім науқанының соңы ауқымды жәрмеңкеге ұласты. Облыс орталығында барлық аудандар мен ірі тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар жәрмеңке арқылы шаруалар өз өнімін делдалсыз саудаласа, арзан азық-түлік тұтынушылардың қалтасына артық салмақ түсірмейтінін айтады. Мағжан Жұ­мабаев көшесінің бойында азық-түлік са­тылса, Жұмысшы кентінде мал азығы ұсы­нылды. Қаладағы сауда барысымен облыс әкімі …

СӨРЕ ТОЛЫ АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІК Read More »

АЗАТТЫҚТЫҢ АЙҒАҒЫ

Республика күні – бұл ел тарихындағы жарқын белес, мемлекетіміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы әрі батыл қадамдарын еске түсіріп, әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш пен үміт ұялататын ерекше күн. Бұл күннің мәні тек тарихи жетістіктерімізді атап өтуде ғана емес, сонымен қатар ел бірлігін нығайтып, халықтың ортақ құндылықтарын дәріптеуде жатыр. Республика күні – болашаққа деген сенімнің символы, халықтың рухын …

АЗАТТЫҚТЫҢ АЙҒАҒЫ Read More »

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ КЕШІ

Республика күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қала орталығындағы “Достық-Молл” сауда үйінде флешмоб өткізіп, күй тартты. Мереке қарсаңында мұндай шара ұйымдастыру білім ордасы үшін дәстүрге айналған. Мектебімізде балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, оларды өнер мен шы­ғармашылыққа баулуға ерекше көңіл бөлінген. Соның арқасын­да ұлттық аспабымыз – домбы­ра сабақ кестесіне енгізілген. Осылайша оқушылар терең бі­лім алумен қатар …

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ КЕШІ Read More »

Үздік кітапханашы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада үздік кітапханашылар марапатталды. Кітапхана саласы қызмет­кер­лерінің тынымсыз еңбегіне тоқтал­ған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма­сы­ның басшысы Санат Әубәкіров заман көшіне ілесе отырып, адам­заттың ғасырлар бойғы білімін сақ­тауға және арттыруға, кітапхана ісін дамытуға үлес қосып жүрген аталмыш сала мамандарына шы­найы ризашылығын жеткізді. Биыл “Үздік ауыл кітапханашы­сы – 2024” байқауына …

Үздік кітапханашы Read More »

Әлемнің үш дүркін чемпионы

Албанияның Тирана қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Ризабек Айтмұқан жеңіске жетті. Әлем біріншілігінде Уәлиханов ауданының тумасы 97 келіге де­йін­гі салмақта өнер көрсетті. Теріс­кейлік балуан ақтық сында иран­дық Махди Морафамен бел­десіп, 11:6 есебімен қарсыласы­нан ба­сым түсті. Солтүстікқазақ­стандық балуанды әлеуметтік же­ліде облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов құттықтап, жылы лебізін …

Әлемнің үш дүркін чемпионы Read More »

Алаяқтармен күреске дін қызметкерлері көмектеспек

Облыстық полиция департа­мен­тінің бастығы Айдын Қабдұл­диновтың тапсырмасы бойынша ау­мақтық полиция бөліністерінің бас­шылығы дін өкілдеріне интер­нет-алаяқтықтың алдын алуда кө­мек көрсету туралы өтінішпен жү­гінді. Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, “Қаз­пошта”, “СевКазЭнерго” және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон арқылы SMS-хабарламалардағы код­тарды немесе банк картасының деректерін айтуды талап етеді. Сон­дай-ақ желілік алаяқтар “Any­Desk”, “TeamViewer”, “HopToDesk”, “AirDroidControl” және …

Алаяқтармен күреске дін қызметкерлері көмектеспек Read More »

ӨМІРДЕН НЕГЕ ТҮҢІЛДІҢ ЕКЕН, ЖАС ӨРЕН!

Кез келген ата-ана сәбиінің дені сау болғанын, қоғамда өз орны бар тұлғаға айналғанын қалайды. Қолындағы барлық мүмкіндіктерін осы жолға сарқа жұмсайтындары да анық. Алайда әке мен шешенің аманатына айналған гүл-тағдырлардың абайсызда үзіліп кетіп жатқаны жанды ауыртады. Елімізде соңғы жылдары балалар арасында суицид жасау жиілеп кетті. Он екіде бір гүлі ашылмаған жеткіншектердің мұндай қадамға баруына не …

ӨМІРДЕН НЕГЕ ТҮҢІЛДІҢ ЕКЕН, ЖАС ӨРЕН! Read More »

“ТҮЙІНІ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ ТЫМ КӨП”

Серік Әбілдин – №3 сайлау округі бойынша Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты, “Amanat” партиясы­ның мүшесі, өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі. Не үшін депутат болдым? Менің саналы ғұмырым ауыл­да өтті. Алған мамандығым да ауыл шаруашылығымен бай­ла­нысты. 1986-1989 жылдар ара­лығында Шағалалыдағы ауыл шаруашылығы технику­мын агрономия мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін туған ауылыма оралдым. Меха­низатор, жүргізуші, бригадир бол­дым, егін шаруашылығы са­ласында …

“ТҮЙІНІ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ ТЫМ КӨП” Read More »

Қазақ тілінде қаралатын істер аз

Ата Заңымыздың 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Бұдан бөлек, басқа да заңнамалық актілер қазақ тілін мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісі және білім беру салаларында негізгі тіл ретінде қолдануды қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай, іс жүзінде заң та­лаптары толыққанды орындала бермейді. Өйткені заң әуелі орыс тілінде жазы­лып, сосын қазақ ті­ліне аударыл­ады. Мемлекеттік …

Қазақ тілінде қаралатын істер аз Read More »

ҰЛТЫ НЕМІС БОЛСА ДА, ЖАНЫ ҚАЗАҚ

Саналы ғұмырында “Қазақтың қуанышы – менің қуанышым” деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы, жерлесіміз Герольд Бельгер тірі болғанда биыл 90 жастың төріне көтеріліп, өңірімізде мерейтойлық шаралар өтіп жатар еді. Ақтық демі қалғанша қазаққа, жазу өнеріне деген адалдығынан танбаған жазушы ғұмырының сәулелі сәттерін әдебиет әлеміне бағыштады. Г.Бельгер 1934 жылы 28 қа­занда Саратов облысындағы Эн­гельс қаласында дүниеге …

ҰЛТЫ НЕМІС БОЛСА ДА, ЖАНЫ ҚАЗАҚ Read More »

Тұғырлы тұлға

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстанның халық жазушысы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері Герольд Бельгердің туғанына 90 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті. Шараға колледж оқытушылары, студенттер мен өзге де қонақтар қатысты. Жиынға қатысушылар Ге­рольд Бельгердің 1941 жылы ата-анасымен бірге неміс ұлты­ның өкілі ретінде Қазақстанға жер аударылғаны, балалық, жас­тық шағы Ысқақ Ыбыраев ауы­лында өтіп, қазақ …

Тұғырлы тұлға Read More »

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛУДЕН АСТАМ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен елуден астам солтүстікқазақстандық марапатталды. ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Тасмағамбетов Марат Иманбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары «Парасат» орденімен Сағындықов Болат Мағазұлы Солтүстік Қазақстан облыстық …

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЕЛУДЕН АСТАМ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАРАПАТТАЛДЫ Read More »

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ҚАЗЫНАЛЫ МЕКЕНІ

Кітапхана – ақыл-ой мен мә­дениеттің мекені болса, кітап – рухани ұстаз. Онсыз мәдени, ұлт­тық құндылықтарымызды толық меңгеру мүмкін емес. Адамзат мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын кітапхана ісін дамытудың маңызы зор. Үкімет қаулысымен 2022 жылы 24 қазан кітапханашылардың кәсіби ме­ре­кесі болып бекітілді. Бүгінде кітапхана – рухани бай­лықты сақтайтын қойма ғана емес, дәрістер, шеберлік сабақ­тары мен мәдени …

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ҚАЗЫНАЛЫ МЕКЕНІ Read More »

АЯЛЫ АЛАҚАН

Өмірде сан түрлі тағдыр иесі бар. Өкінішке қарай, бейнетінің зейнетін көріп, немере-шөбере бағып отыратын жаста қарттар үйін паналаған қам-көңіл жандардың тағ­дыры ауыр. Өмірде теперіш көрген жандардың жайын ұғып, жағдайын жасау оңай іс емес.  Түрлі себептерге байланысты қиын жағдайға тап болған жандарды қорғаншылыққа алған Тайынша қаласындағы “Надежда”  әлеуметтік қызмет көрсету орталығының атқарып отырған жұмысы ауқымды. Тағдыр …

АЯЛЫ АЛАҚАН Read More »

Өнердің өріне талпынған

Қасиетті Қызылжар топырағында дүниеге келіп, еліміздің әр қиырында мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – кешегі Сегіз сері, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды көмейіне бұлбұл құс ұя салған дүлдүлдердің сарқытындай болған “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театрының әншісі, түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Қасым. Республика күні қарсаңында жерлес …

Өнердің өріне талпынған Read More »

Ауылдың ажары – азаматынан

Егемендіктің елге берген игілігі көп. Бүгінгі біздің бейбіт күнде емін-еркін, өз жерімізде алшаң басып, өзі меншігімізге ие болып отырғанымыз да – тәуелсіздіктің арқасы. Жаңа заман ел азаматтарының алдынан жаңа мүмкіндіктер ашып берді. Егемендіктің сол мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланғандардың тасы өрге домалап, бүгінде табысқа жетіп отыр. Мамлют ауданындағы Афонькино ауылының жыл өткен сайын ажары кіріп, көркейіп келеді. …

Ауылдың ажары – азаматынан Read More »

АЗАТТЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ

Егемендіктің елімізге берген игілігін санап тауыса алмаспыз. Егер Қазақстан еркіндік алмағанда бүгінгі күніміздің қандай болатынын елестетудің өзі қиын. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, азаттыққа қол жеткіздік. Аға буын өкілдері болмаса, бүгінгі жастар заман қашан да осындай бейбіт, еркін болған деп ойлайтын шығар. Оларға егемендіктің қадірін ұқтыру үшін осындай мерекелердің маңызы жоғары. Тәуелсіздік жылдарында ойы азат, …

АЗАТТЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШТАРЫ Read More »

Әнұранға айналған ән

Қай мемлекеттің болсын әр азаматының жүрегіне ұялаған асқақ әні болады. Ол ән ұлттың өткенін, бүгінін, ертеңге деген арман-мұратын айқындап тұратын, халықтың бар айбынын танытатын ұмытылмастай туынды болуы шарт. Тәубе дейміз, қазақ топырағы дарынды перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шоқтығы биік. Қос тұлғаның жүрек тербелісі мен ішкі үндестігінен туған “Менің Қазақстаным” …

Әнұранға айналған ән Read More »

Әдебиет алыбы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына арналған “Адамзат тағдырының жыршысы” атты әдеби кеш өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер, студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты. Әдеби кеш барысында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы қа­зақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гүлнәз Зейнолова “Әб­діжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы” тақырыбын­да …

Әдебиет алыбы Read More »

САҒЫНЫШ

Белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің “Сағыныш” атты жаңа бағдарламасы “QYZYLJAR” облыстық телеарнасы арқылы көрерменге жол тартты. Аты айтып тұрғандай бағдар­лама қонақтары өткен өмірге көз жү­гіртіп, сәулелі сәттерді сағы­ныш­пен еске алады, адам бойын­да­ғы ең асыл сезім жай­лы толға­нады. Бағдарлама қо­нақ­та­рының са­ғынышқа айнал­ған жар­­қын ке­зеңдері сыр болып ақ­та­ры­лып, кө­ңілді жылы шуаққа бө­лей­тін есте­ліктерден көпшілік та­ғы­лым алса …

САҒЫНЫШ Read More »