Қараусыз мал – апатқа себеп
21 қазаннан 22 қазанға қараған түні Айыртау ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар Саумалкөл-Новоишим автожолында 29 жастағы “Kia Rio” жүргізушісі тас жолға шауып шыққан жылқыны қағып кетті. Ал Бірлестік ауылының маңындағы жергілікті маңызы бар автожолда “Toyota Hilux” автокөлігінің жүргізушісі екі жылқыны соқты. Екі жағдайда да көліктерге зақым келгенімен, адамдар аман. Бір апта бұрын Мағжан Жұмабаев ауданының …