«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Тату елдің туы биік

Рухани келісім күніне Оқушылар сарайында конференция өтті. Өңірде этносаралық және дінаралық келісімді арттыруға бағытталған  іс-шараға діни және этномәдени бірлестіктер басшылары, азаматтық қоғам институтының өкілдері қатысты. Олар атаулы күннің ерекше маңызға ие екеніне тоқталып, елдегі бірлік пен тыныштықты сақтаудағы рөлін атап өтті. – Ғасырлар бойы ислам тари­хында мұсылмандар мен басқа дін өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келді. …

Тату елдің туы биік Read More »

ШЕКАРАЛАС АЙМАҚТАР: ОРТАҚ МҮДДЕ

Өңірімізге Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко бастаған ресейлік делегация келді. Делегация құрамында әкімшілік қызметкерлері мен іскер топ өкілдері болды. Бұл сапар  екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды шара болып табылады. Кездесу барысында аймақаралық байланысты дамыту, экономика, мәдениет және білім саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мүмкіндіктері ұсынылды. Алдымен делегация мүше­лері өңірдегі өндіріс орындарын аралады. Атап айтқанда, …

ШЕКАРАЛАС АЙМАҚТАР: ОРТАҚ МҮДДЕ Read More »

Өзгелерге үлгі

Вице-премьер Серік Жұ­ман­ғариннің төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде өңір­лерде са­лынып жатқан тауар­лы-сүт фер­маларының құры­лыс барысы қа­ралды. Жиында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғызылған тауарлы-сүт фермаларының оң тәжірибесі үлгі етілді. Өңірде құ­рылысқа жеңілдікпен несие рә­сім­деу 2023 жылы басталып, 100 млрд. теңгенің бірінші траншы жылдық 2,5 пайыздық өсіммен берілді. Биыл 65 сүт кешенін салу  белгіленсе, 17 жоба іске асыры­лу­да. …

Өзгелерге үлгі Read More »

Қызылжар өнімі – Астана төрінде

Күз –  ауыл еңбеккерлерінің жаз бойы маңдай терімен өсірген өнімдерін жинап алатын, жасыл жайылымда төрт түлігін күйлендіретін, содан кейін оларды пұлдайтын кез болып саналады. Нарық заңының талабына  сәйкес өнімді тиімді саудалайтын орын табудың  маңызы зор. Ауыл еңбеккерлері мен қала тұрғындарының арасында делдалсыз сауда өткізуді мақсат тұтқан еліміздегі барлық өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жәрмеңкесін Астана …

Қызылжар өнімі – Астана төрінде Read More »

“Естігенді емес, көргенді жазған әсерлірек”

Қасиетті Қызылжар топырағында кіндік қаны тамып, білім-біліктерімен, дарын-қабілеттерімен ұлтқа, елге, жерге адал қызмет еткен жандар аз емес. Солардың бір шоғыры туған жерден шалғайда жүр. Бүгін адам өмірінің айтулы белесі – 75 жасқа толып отырған ақын, журналист, сазгер Шашубай Малдыбаев Алматы қаласы маңындағы Қаскелең қаласында тұрып жатыр. Оңтүстік астанаға барған сапарымызда ағамыздың үйіне арнайы ат басын …

“Естігенді емес, көргенді жазған әсерлірек” Read More »

Ұлттық мүддемен үндес

Ұлттық мүдде жолында өткенімізді тануға тарихшы ғалымдармен қатар ақын-жазушылар да өз үлесін қосуда. Өкінішке қарай тоталитарлық жүйе кеңестік қаламгерлердің бұл тақырыптарға терең бойлауына мүмкіндік берген жоқ. Соған қарамастан өз шығармаларында өткір тақырыптарды көтерген авторлар табылып жатты. Еліміз Тәуелсіздік алған уақыттан бастап қатал цензура әлсіреп, зиялыларымыз ұлт үшін өзекті тақырыптарды еркін жазуға мүмкіндік алды. Егемендік жылдары …

Ұлттық мүддемен үндес Read More »

АБЕ-нің Европаға сапары

2018 жылы күз айында Әбдіжәміл Нұрпейіс ағаның үйінде кездесіп, өмір өткелдерінен өткен әңгімесін тыңдап отырып, жуырда Мәскеу қаласы арқылы Лондонда магистратурада оқып жатқан немерем Алтынай Мұхитқызы Бекетке баратынымды айттым. Сол кезде: “Мені де ертіп ала кетші, өмірімнің жарқын кезеңдерінде жүріп өткен жерлерімді тағы бір көрсем деймін”, – деді. Асыл ағаның арманын орындайын деп келісім бердім. …

АБЕ-нің Европаға сапары Read More »

ӨНДІРІСТЕ ӨСІМ БАР

Облыстық статистика департаментінде өткен брифингте өңірдің жыл басынан бергі экономикалық дамуы сөз болды. Оң нәтиже барлық негізгі салаларда байқалады. Құрылыс жұмыстары – 26,6 пайызға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 19 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару – 15,4 пайызға, негізгі капиталға инвестиция тарту – 6,4 пайызға, бөлшек сауда 2,4 пайызға өскен. – Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 486,6 …

ӨНДІРІСТЕ ӨСІМ БАР Read More »

Ағайынды балуандар

Спорт әлемінде ағайынды спортшы­ларды жиі көреміз. Ағалы-інілі, апалы-сіңілілер арасында дүбірлі додаларда талайдың таң­дайын қақтырып жүрген сайыпқырандар да бар. Аралас жекпе-жек шеберлері Бейбіт пен Ардақ Назаров, бокстағы Данияр мен Дәурен Елеусінов және биылғы Олимпиадаға қатысқан Айбек пен Нұрбек Оралбайды мысалға келтіруге болады. Бұл қатарға облысымыздың тумалары, ағайынды Дәуренбековтерді де қосқан артық емес. Дәуренбековтер әулетінде бес ұл, …

Ағайынды балуандар Read More »

Елдің дәулеті, жердің сәулеті

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы өз қызметін орман шаруашылығын ұйымдас­ты­ру, табиғат қорғаудағы іс-шаралар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру, аңшылық және балық шаруашы­лығын реттеу және дамыту ба­ғыттары бойынша үйлестіріп оты­рады. Мекемеге қарасты 12 жә­не “Красный бор” жануарлар дү­ниесін қорғау мекемесіне өсім­діктер мен жануарлар дүниесін сақтау, ормандарды өрттен, заң­сыз кесуден, …

Елдің дәулеті, жердің сәулеті Read More »

БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс комитеттері депутаттардың қолдауымен “Мәдениет туралы” Заңға өзгерістер енгізу, денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау, инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобаларын қарап, жұмысқа қабылдады. Жалпы отырыста алдымен …

БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ Read More »

ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ БОЛҒАН МАРАЛ ИШАН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Марал ишан: өмірі мен қоғамдық-діни және саяси қызметі (1780-1853)” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ұлт-азаттық қозғалыстың рухани күрескері Марал Құрманұлының есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында Ислам мәдениеті музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ашылды. Марал бабамыздың 255 жыл­дығына орай ұйымдастырылған алқалы жиын “Сыр өңіріндегі ис­лам руханияты” атты көрмемен бас­талды. …

ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ БОЛҒАН МАРАЛ ИШАН Read More »

Жастар – елдің тірегі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан академиясында салтанатты іс-шара өтті. Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова, Оқушылар сарайының директоры Дина Әбілмәжінова, Петропавл әскери гарнизонының бастығы, подполковник Қайрат Жәнібеков, №6637 әскери бөлімнің командирі Досан Күркенов, “Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының” Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Шамиль Шакиров және академия бастығы, полковник Артур Тоқушев Солтүстік Қазақстан облысының әскерге дейінгі …

Жастар – елдің тірегі Read More »

Әдептен озбайық

Мемлекеттік қызметшінің этикасы дегеніміз – белгілі бір қоғамға тиесілі саналы, нақтыланған және жалпыадамзаттық мораль болып табылатын мінез-құлық нормаларының жүйесі, іс-әрекеттер мен ережелердің тәртібі, мемлекеттік қызметтік қатынастар мен ұстанымдар. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын белгілейді. Оның басты мақсаты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ …

Әдептен озбайық Read More »

БАРЛЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Облыс орталығында аула­ларды абаттандыру ісі кешенді түрде жүргізіліп, бүгінге дейін 30 аулада жөндеу жіргізілді. Жобалау кезінде бірінші кезекте бала­лар мен ересектердің мүдде­лері ескеріліп, көпбейінді ойын алаңдары мен демалыс орындарына басым­дық берілген. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Хименко көшесіндегі ауланы аралап, атқарылып жат­қан шаралармен танысты. Ау­лаға асфальт төселген, авто­тұрақ пен жарық шамдары ор­натылған, футбол, баскет­бол, балалардың ойын …

БАРЛЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ Read More »

Бағаны негізсіз өсірген

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің әлеуметтік маңызды міндеттерінің бірі – өңір азаматтарының өмір сүру сапа­сына кері әсер ететін проблема­ларды шешу. Бұл – сыбайлас жем­қорлық тәуекелдері карта­сына енгізілген әлеуметтік проб­лема­лар­ға мониторингтер және сыртқы талдаулар жүргізу арқы­лы жүзеге асырылады. Осы жайында өңірлік коммуника­ция­лар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Кешенді іс-шаралар бары­сын­да облыстық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы …

Бағаны негізсіз өсірген Read More »

Қазақстан астығына сұраныс жоғары

“Азық-түлік келісімшарт корпо­рациясы” ҰК” АҚ фермерлерді қол­дау мақсатын­да ауыл шаруашы­лығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарла­масы шеңберінде 2024 жылғы ас­тықты қабылдауға бел­сене кірісті. Осыған орай бидай мен ар­па­ның бағалары белгіленді. 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлы­лы­ғы 27 пайыз) – 100 мың теңге, 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлылы­ғы 25 па­йыз) – 90 мың теңге, 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлы­лығы 23 пайыз) …

Қазақстан астығына сұраныс жоғары Read More »

ҚҰТҚАРУШЫ БОЛУ – ЕРДІҢ ІСІ

Мен үшін құтқарушылар үміт сәулесі іспетті. Төтенше жағдайға тап болған жандар дәл осы құтқарушыларды асыға күтеді, олардың кәсібилігінің арқасында аман қалатынына үміттенеді. Атқарып жүрген қызметтеріне сәйкес жауапкершілік пен халықтың сенімін арқалап жүрген жандар өз өмірлерін қатерге тігетінін қаперімізден шығармайық. Сырт көзге “суға салса батпайтын, отқа түссе, жанбайтындай” болып көрінетін құтқарушылар да ет пен сүйектен жаратылған. …

ҚҰТҚАРУШЫ БОЛУ – ЕРДІҢ ІСІ Read More »

АҒАШ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Премьер-министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен ағашты тереңдете өңдейтін жаңа зауыт іске қо­сылды. Түрік инвесторы Оғузхан Че­ликтің озық жобасын жүзеге асы­ру мемлекеттік қолдаудың арқа­сында мүмкін болды. Кәсіп­орынға 8 млрд. теңге мөлше­рінде қаржы тар­тылып, 300 адам жұмыспен қамтылды. Зауыт жоғары технологиялық за­манауи қон­дыр­ғылармен жаб­дық­талған. То­лық қуатына көш­кенде жылына 50 …

АҒАШ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ Read More »

Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты еске алу кеші Алаштың ардақты перзенті, жазушы, ақын, драматург Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналды. Иісі қазаққа әнімен де, сәнімен де әйгілі болған аяулы ақын қамшының сабындай қысқа ғұмырын ұлтының азаттығына арнады. “Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік”, “Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу”, “Ұлт театры …

Қазақ әдебиетінің ақсұңқары Read More »