«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Көгершін БЕРДАҒҰЛОВА: “ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРГЕНДЕРДІ БОЛАШАҚТА КІТАП ОҚЫҒАНДАР БАСҚАРАДЫ”

– Көгершін Қанатқызы, өр­ке­ниетті қоғамның басты тірегі – білім мен ғылым. Оған ешкім­нің таласы бола қоймас. Ал бі­лімнің кілті – кітапта екені әлім­сақтан белгілі. Сіздің әйгілі Ға­беңнің есімін иеленген бала­лар кітапханасына жетекшілік етіп келе жатқаныңызға көп уа­қыт өте қойған жоқ. Жалпы өңір­де кітапқа құмар балалар көп пе? – Кітап – адамзат баласына қа­жет білімнің өзегі. …

Көгершін БЕРДАҒҰЛОВА: “ТЕЛЕФОНҒА ТЕЛМІРГЕНДЕРДІ БОЛАШАҚТА КІТАП ОҚЫҒАНДАР БАСҚАРАДЫ” Read More »

Пошта қызметінің мүмкіндігі мол

Ұзақ жылғы өзгерістер мен жаңашыл шешімдердің арқасында “Қазпошта” халықаралық деңгейде мойын­далған пошта-жинақтық жүйеге айналды. Бүгінде отан­дық пошта қызметінің 3200 бөлімшесінде 21 мыңнан ас­там адам еңбек етуде. Елдегі пошта қызметінің осы күнгі жетістіктері мен даму бағыт­тары туралы сөз етпес бұрын оның өткеніне тоқталып өткен жөн. Қазақ даласындағы ең ал­ғаш­қы пошта қызметі осыдан бір жа­рым ғасырдан астам …

Пошта қызметінің мүмкіндігі мол Read More »

Жауапкершілікпен атқарылған іс баянды

Еліміздің бірнеше өңірінде жылу беру маусымы басталды, жақын күндері оңтүстік облыстарда да жылу беріледі. Қыстың қамын жазда ойлаған жауапты мекемелер маңызды кезеңге дайындық тыңғылықты жүргенін айтады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының басталуы мен мемлекеттік орман қорын ұлғайту шараларына байланысты мәселелер қаралды. Энергетика министрлігінің мəліме­тінше, бүгінгі таңда авто­номды қазандықтардың дайын­дығы 100 пайыз …

Жауапкершілікпен атқарылған іс баянды Read More »

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ ҚЫМБАТ

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің ғимаратында орналасқан №623 референдум учаскесі де таңғы жетіден жұмысын бастады. Өз таңдауын жасау үшін білім ошағына ағылғандар аз болмады. Олардың дені түскі 14:00-ге дейін дауыс беріп үлгерді. Бұл учаскеге тіркелгендердің қатарында үйден дауыс беремін деп шешім қабылдаған, сондай-ақ өз еріктерімен жүріп-тұра алмайтын аға буын өкілдері бар. Комиссия мүшелері Теңдік Сәрсекеева, …

ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ ҚЫМБАТ Read More »

Алғашқы қадам

Өз Отанының ілгері дамып, өркендегенін қалайтын әрбір адам референдум, сайлау сынды саяси науқандардан қалыс қалмайды деп ойлаймын. Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі соңғы жылдары жиі көтерілуде. Президентіміз бұл мәселенің нүктесін халық қана қоятынын айтып, 6 қазанды жалпыхалықтық референдум күні ретінде белгіледі. №3 қалалық емханада орналасқан №665 референдум учаскесінде дауыс беру үшін тіркелген 2087 адамның …

Алғашқы қадам Read More »

Бір сағатта дауыс беріп бітті

Референдум күні өңірде бірнеше жабық учаске жұмыс істеді. Соның бірі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясындағы №655 учаске. Жабық референдум учаскесі таңғы сағат 6:00-де ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Бұл жерде 596 адам өз таңдауын жасауы тиіс. Олар – әскери академияда жұмыс істейтін оқытушылар, әскерилер және олардың туған-туыстары, сондай-ақ курсанттар. “Біз №655 референдум учаскесіне таңғы …

Бір сағатта дауыс беріп бітті Read More »

АУЫЛДА СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫН АШҚАН

“Оңтүстіктен – Солтүстікке!” мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін жандандырып, берісі бала-шаға нәпақасын айырып, әрісі елге қызмет етудің оңтайлы көзін тапқан жандар аз емес. Солардың бірі – Гүлнұра Арыстанова. Бұрын Алматы облысын мекен еткен ол анасымен ақылдасып, осыдан екі жыл бұрын Преснов ауылына қоныс аударған. Теріскейге келе салысымен өзінің жеке ісін ашуды жөн көрген Гүлнұра Шодиярқызы алдымен …

АУЫЛДА СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫН АШҚАН Read More »

ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттің, халықтың болашағына қатысты ең өзекті деген мәселелер бойынша референдум өткізу дәстүрі қалыптасқан. Демек атом-электр стансасын салуға қатысты қазақстандықтардың да ой-пікірлерінің таразы басына тартылуы, олардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік берілуі қуанарлық құбылыс. Сайып келгенде, бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының іске асып жатқанының, еліміздің демократиялық дамуының …

ДЕМОКРАТИЯНЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ Read More »

Халық таңдауы адастырмайды

Сонымен Қазақстанда атом электр стансасы құрылысына қатысты жалпыұлттық референдум өз мәресіне жетті. Орталық референдум комиссиясы дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 63,66 пайызы өз таңдауларын жасағанын мәлімдеді. Осылайша республика тұрғындары күн тәртібіне ұсынылған мәселеге бейжай қарамай, жауапкершілік пен белсенділік танытты. Облыстардың, републикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, өңірлер бөлінісінде Абай облысының – 69,57, …

Халық таңдауы адастырмайды Read More »

МҰҒАЛІМНІҢ ОРНЫ — ТӨР

Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы “Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек” депті. Ұлт ұстазының бұл қанатты тәмсілі бүгінгі уақытта та өз маңызын жойған емес. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Бұл ретте ұстаздар қауымына артылып отырған жауапкершілік орасан. …

МҰҒАЛІМНІҢ ОРНЫ — ТӨР Read More »

Ел тарихындағы маңызды шешім

Өткен жексенбі күні қызу пікірталастар мен талқылаулар бір сәтке тынып, ел халқы атом электр стансасын салуға қатысты өз таңдауын жасады. Дауыс берушілер өздерінің таңдауы ескеріліп, ортақ шешімге әсер ететінінен үмітті. Өздері тіркелген учаскелерге отбасы мүшелерін, балаларын, құрбы-құрдас, көрші-көлемін ертіп келіп жатқандар көп. Олардың арасында таяғына сүйенген қариялар да, мұндай таңдауды алғаш рет жасайын деп тұрған …

Ел тарихындағы маңызды шешім Read More »

Астық жинау аяқталуға жақын

Өңірде орақ науқанының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Бүгінге дейін алқаптардың 93 пайызы орылған. Диқандар 3 млн. гектардан астам жердегі дәнді және бұршақты дақылдарды жинап үлгерді. 5,5 млн. тонна дақыл бастырылып, өнімділік гектарынан 18 центнерден айналуда. Өңірде дала жұмыстарын аяқтап үлгерген шаруашылықтар да бар. Мәселен, Тимирязев ауданындағы “Baiterek SK” серіктестігі әр гектардан 30,1 центнер, Аққайындағы …

Астық жинау аяқталуға жақын Read More »

ӨНЕГЕЛІ ҚАРИЯЛАР

Қарттарды қолдау айлығы аясында И.Шухов атындағы қалалық кітапханада “Көңілдің жарық нұры” атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға “Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының мүшелері қатысты. Кеш барысында ұйым төр­айы­мы Алма Махамбетова сөз сөй­леп, қазыналы қариялар­дың өнегесін жастарға үлгі етті. Ша­ра­ға қатысқан жастар мен аға ұрпақ өкілдері арасында ин­тел­лек­туалдық, танымдық са­йыс өтті. Сайыс барысында …

ӨНЕГЕЛІ ҚАРИЯЛАР Read More »

Дәрігер тапшы

Биыл өңірімізге 11 дәрігер жұмысқа келгенімен, маман тапшылығы әлі де өзекті. Қазіргі таңда өңірге 144 дәрігер қажет. Әсіресе бейінді мамандарға, оның ішінде хирургтар, реаниматологтар, ЛОР, балалар гинекологіне, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен кардиологтарға сұраныс жоғары. – Қазіргі таңда облыс орталы­ғын­да 71 жұмыс орны бос, ал ау­дан­­дарға 73 маман қажет. Жас ма­мандарды тарту мақсатында 2024 жылы облыстық …

Дәрігер тапшы Read More »

Кедейлік шегі белгіленді

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемле­кеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін есептеу үшін 2024 жылдың 4-ші тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедейлік шегі 37 710 (отыз жеті мың жеті жүз он) теңгені құрай­тынын хабарлайды.

АЗУЛЫ ҚАРСЫЛАС

Жерлестеріміз шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті турының ойынын Өскеменде “Торпедо” командасына қарсы өткізді. Бұл матчта мұз айдынының иелері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ойын басталысымен жерлес­теріміз шабуылдауға кірісіп, кез­де­судің алғашқы шайбасын қар­сы­­лас қақпасына дөп кіргізді. Оның авторы – Денис Недилько. Араға он минут салып, “Торпедо” хок­кей­­шілері таразы басын теңес­ті­рді, нәтижелі соққы Владимир Гре­бен­щиковтың атына жазыл­ды. Екінші …

АЗУЛЫ ҚАРСЫЛАС Read More »

Темір жолда жайылған мал

Алматы-Петропавл жолаушы­лар пойызының машинисі Жаңа­жол-Смирново арасындағы учас­кеде шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Алайда зулап келе жатқан пойыз тоқтап үлгергенше 22 бас ірі қараны соғып кеткен. Облыстық полиция департа­мен­­ті баспасөз қызметінің мәлі­ме­тіне сәйкес, Петропавл стан­сасын­­дағы желілік полиция бө­лімі мал­дың иесін анықтап, оны әкім­ші­лік жауапкершілікке тарт­қан. Ақ­қа­йың ауданының 45 жас­тағы тұр­ғы­нына темір жол бойында мал ба­ғу ережелерін бұз­ғаны …

Темір жолда жайылған мал Read More »

“ОТАНШЫЛ, ЕЛШІЛ БОЛУ – ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ”

Ләззат Жалмұқанова – Петропавл қалалық мәслихаты­ның №18 сайлау округі бойынша депутаты, әлеуметтік қор­ғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет жә­не жастар істері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, “Ақ жол” партиясының мүшесі, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры. Не үшін депутат болдым? Менің депутат болуыма се­бепкер болған жағдай – 2000 жы­лы өткен сайлау. Сол жылы мен №8 …

“ОТАНШЫЛ, ЕЛШІЛ БОЛУ – ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ” Read More »

Құмар ойынның құрығына түспе

“Сынықтан басқаның бәрі жұғады” демекші, соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілер арасында да құмар ойындарға тәуелділік жағдайларының артуы байқалады. Жұртшылық тарапынан үлкен алаңдаушылық тудырып отырған бұл кеселдің алдын алу шаралары қолға алынбаса, мемлекеттік органдардың жұмысына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Біз заң мен тәртіп, білім мен па­расат үстемдік ететін қоғам құра­мыз десек, өркениетті елдер қата­рына қосылуға кесірі …

Құмар ойынның құрығына түспе Read More »

Жастардың сәтті бастамалары

Петропавлдағы Достық үйінде дарынды жастарды анықтау, олардың бастамаларын қолдау және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуге жұртшылықты тарту мақсатында қала жастары арасында стартап-жобалар байқауы өтті. Іс-шараны – “Қоғамдық келісім” мекемесі мен  облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды. Стартап-жобалар конкурсына қатысуға 8 қатысушы өтінім берді. Белсенді жастар қатарында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машинажасау …

Жастардың сәтті бастамалары Read More »