«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті тоғыз айда атқарған жұмысын қорытындылады. Есепті кезеңде департамент тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай күйіне 13 талдау жүргізді. Мониторинг аясында талдау денсаулық сақтау және мәдениет саласына қарасты 29 мемлекеттік кәсіпорынды қамтыды. Нәтижесінде денсаулық сақтау басқармасына бірқатар медициналық ұйымдардың жарғыларына түзетулер енгізу арқылы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы 4 нұсқама жіберілді. …

ЗАҢСЫЗДЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

Ұстаз болу — адамның асылдығы

Ұстаз – әрбір адамның өміріне әсер ететін ерекше тұлға.  Оның еңбегі білім мен тәрбиенің тұғырын қалап, ұлттың болашағын қалыптастырады. Қазіргі қоғамда мұғалім тек білім беруші емес, сонымен бірге оқушылардың рухани әлеміне, адамгершілік құндылықтарына әсер ететін маңызды тұлғаға айналып отыр. Мұғалім тек білім берумен шектелмейді, сонымен қатар бала бойына мәдениеттілік, жауапкершілік, әділдік секілді қасиеттерді дарытады. Осындай …

Ұстаз болу — адамның асылдығы Read More »

Аудан әкімдері де жазаланды

Облыстық прокуратурада коммуналдық қалдықтарға қа­тысты экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша алқа отырысы өтті. Жиында келтірілген мәлі­мет­терге және жүргізілген тал­дау нәтижелеріне қарағанда, қал­дықтарды жоюға, орналас­тыруға қатысты, сондай-ақ ком­муналдық төлем бойынша заң­нама талаптары өрескел бұр­маланған. Прокурорлардың ара­ласуынан кейін 11 ауданда тұр­ғындар үшін қалдықтарды жи­науға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған ар­найы тарифтер белгіленді. Өңір­дің 6 ауданында негізсіз көтерілген …

Аудан әкімдері де жазаланды Read More »

Қоғамның ортақ парызы

Қарияларды қолдау, олар­ға қамқорлық көрсету аға буын алдындағы өтелген пары­зымыздың аз ғана бөлігі іс­петтес. “Ардагерлер ұйы­мы” республикалық қоғам­дық бірлестігінің бастамасы­мен жылдар бойы елімізде қазан айы “Қарттарға қам­қорлық” акциясына ұласып келеді. Халқымыз ежелден үл­кенді сыйлап, ақылын тың­да­ған, алдынан кесе көлде­нең өт­пеген. Елімізде қарт адам­дарға деген қамқорлық жыл сайын артуда. Жасы­ның егде тартуына, денсау­лы­ғының сыр беруіне байла­нысты …

Қоғамның ортақ парызы Read More »

Талапқа сай

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қорғаныс министрлігіне қарасты жергілікті мекемелерде болды. Алдымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қорғаныс істері жөніндегі департаментке соқты. Жауапты іске “Петробилдинг” ЖШС есебінен 20-дан астам ма­ман жұмылдырылып, 15 қа­занға дейін толық аяқтау белгі­ленген. Ғауез Торсанұлы жағдайды зерделегеннен кейін әскерилер мен Отан алдындағы борышын атқаруға шақырушыларға та­лапқа сай жағдай жасалу қажет­тігін атап көрсетті. …

Талапқа сай Read More »

МӘСЛИХАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТШІЛ ДЕҢГЕЙІ МАҢЫЗДЫ

Елордада “Amanat” партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының II республикалық форумы өтті. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, депутаттар, Премьер-министр, Мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері – жалпы саны 2 500 адам қатысты. Жастардың үлесі артты Форумда баяндама жасаған Президент Қасым-Жомарт То­қаев мəслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап …

МӘСЛИХАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТШІЛ ДЕҢГЕЙІ МАҢЫЗДЫ Read More »

АҒАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ

Бір ғасырдан астам тарихы бар облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінде 1 қазан – Қарттар күні басылым бетінде қолтаңбалары қатталған аға буын өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырып, құрмет көрсету дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Биыл да бұл жолдан жаңылмаған редакция ұжымы еңбек майталмандарын төрге шығарып, мейман етті. Дастарқан басында бір-бірімен сағынысып қауышқан аға-апаларымыз өткен өмір өткелдеріне көз жүгіртіп, қызықты …

АҒАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ Read More »

КӨРКЕЙГЕН ҚАЛА

“Таза Қазақстан” республи­ка­­лық акциясы аясында Булае­во қа­ласында “Ұрпақпен байла­ныс” деп аталатын жаңа аллея пайда болды. Экологиялық ак­цияға ау­дандық ардагерлер ке­ңесі, де­путаттар, құқық қорғау саласы, төтенше жағдайлар бө­лі­мінің және түрлі мекеме қыз­меткер­лері, шекарашылар, ор­ман­шы­лар, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысып, жастар жағы ерекше белсенділік көр­сетті. “Мемлекет басшысының бас­та­масымен қолға алынған “Таза Қазақстан” республи­ка­лық акциясы ауданымызда қар­қын алған. …

КӨРКЕЙГЕН ҚАЛА Read More »

“Ақбереннің” үздіктері

“Қызылжар дарыны” орталығының мамандары республикалық “Ақберен” өнер байқауының облыстық кезеңін ұйымдастырды. Сайыста 60 оқушы сынға түсті. Байқау білгірлер сайысы, көр­кемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық ас­папта өнер көрсету, ақындар ай­тысы, жазба ақындар мүшәйрасы сынды алты аталым бойынша өтті. Талапкерлердің байқауға ерекше дайындықпен келгені олардың сөз саптауынан, шығар­маны мү­дірмей жатқа айтула­рынан көрініп тұрды. Білгірлер сайысында 1-орынға Карима …

“Ақбереннің” үздіктері Read More »

Көп асқанға – бір тосқан

Полиция қызметкерлерінің назарына Петропавл қаласы­ның бопсалаумен, алаяқтықпен және тонаумен айналысқан 22, 19 және 17 жастағы тұрғындары түскен. Наурыз айында олар жас жі­гітті қаңырап бос жатқан ғима­рат­қа апарып, пышақпен қорқы­тып, 120 мың теңгеден астам со­маға шағын несие ресімдет­кізген. Кейін шабуылдаушылар жәбірленушінің құны 140 мың теңге болатын ұялы телефонын тартып ал­ған. Ал сәуір айында қылмыскер­лердің кенжесі, 17 …

Көп асқанға – бір тосқан Read More »

Қарттарға қамқор болайық!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Біздің өңірде Халықаралық қарттар күніне орай қазан-қараша айларында қайырымдылық сенбіліктерін өткізу көп жылдардан бері игі дәстүрге айналған. Қайырымдылық акцияларына қатысқан еңбек ұжымдары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген азаматтар адамгершілік пен шынайы қамқорлықтың үлгісін көрсетіп, аға буын өкілдерінің ақ батасын алуда, алғысына бөленуде. Жомарт жандардың осындай игілікті істері қоғамның жақсы жағынан өзгеруіне септесуде. …

Қарттарға қамқор болайық! Read More »

Сатып алған аурудың емі жоқ

Ұлт денсаулығы – ел дамуы­ның басты кепілі. Дені сау ел ға­на басқалармен терезесі тең болып, өркениет көшінің алды­на шыға алады. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, медицина­ның даму деңгейі елдің әлеуетін айқындайтын бірден-бір көрсет­кіш. Алғашында не нәрсеге бол­сын шыдас беріп, құрыштай бе­рік болып көрінетін адам ағза­сынан ақау шығып, арты ауруға айналуы ғажап емес. Лұқпан­дай мың жасайтын тағдыр …

Сатып алған аурудың емі жоқ Read More »

ШАБЫНДЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің Шал ақын ауданына жұмыс сапары Жаңажол ауылынан басталды. Елді мекенде 400-ге жуық адам тұрады, оларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында бой көтерген медициналық мекемеде медициналық қызмет көрсетіледі. Мұнда бір мейірбике, бір кіші маман мен күзетші еңбек етеді. Аудандық аурухана дирек­торының міндетін атқарушы Нұрәлі Әбуов сырқаты бойын­ша есепте тұрған ауыл тұр­ғын­да­ры тегін дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз …

ШАБЫНДЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕ Read More »

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Петропавлда әлемдік додалардың чемпиондары және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері марапатталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеңімпаздарға пәтер кілттерін табыс етті. Жаттықтырушылар да ұмыт қалған жоқ. Спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде жоғары нәтижеге қол жеткізуі ел мерейін өсірді. “Облыс тарихында біздің спортшылар алғаш рет осындай жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі. Бапкерлерге де алғысым шексіз. …

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЧЕМПИОНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ Read More »

Шағынаудандағы шұғыла

Қарттар күніне орай Петропавлдағы аға буын өкілдері “Бірлік” шағынауданына барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. Жаңадан бой көтерген ша­ғын­аудан тұрғындары аға буын өкілдерін ерекше салтанатпен қарсы алды. Жергілікті өнер­паздар әннен шашу шашса, ақ­жаулықты аналар аста-төк дас­тарқан жайды. Меймандар ша­ғынауданды аралап шыққан­нан кейін игі іске ат салысып, жаңа балабақшаның маңайына ағаш …

Шағынаудандағы шұғыла Read More »

Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары

Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеуде “Қазақстан – мүмкіндіктер векторы” атты іскерлік диалог алаңы ұйымдастырылды. Оған екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының мамандары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Жиынға өңір делегациясын облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов бастап барды. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ресей Феде­рациясындағы елшісі Дәурен Абавтың, Қазақстан-Ресей іс­кер­лік кеңесінің тең төрағасы Тимур Жаркеновтің, …

Қызылжардың инвестициялық әлеуеті жоғары Read More »

Энергия тапшылығы: мәселені шешудің мүмкіндігі

Елге АЭС не үшін қажет? Ол қандай мәселені шешеді? Оның қауіпсіздігі үшін не істелмек? Осы және өзге сауал төңірегінде бірқатар ойды сараптап көрелік. Жарық жеткіліксіз Көмір мен көгілдір отын қоры елде мол бола тұрып неліктен АЭС құрылысы ту­ралы шұғыл идея көте­рілді? Бұл сұрақ көптің кө­кейінде. Электр энер­гия­сын тұтыну өскенін ескер­сек, энергиямен тұрақты қамтитын электр қуа­тын …

Энергия тапшылығы: мәселені шешудің мүмкіндігі Read More »

“БІРЛІКТЕГІ” тынымсыз тірлік

Биылғы жылы көктемде болған алапат су тасқынынан Петропавл қаласында 2400-ге жуық үйге зақым келді. Олардың басым бөлігі Ойқала, Былғары зауыты, Заречный ша­ғынаудандарында орналасқан баспаналар болатын. Біздің қо­лымыздағы деректерге қараған­да, құрылған арнайы комиссия 1600 үйді тұруға мүлдем жа­рам­сыз және 757-ін қалпына кел­тіруге болады деп таныған. Мемлекеттік органдар, кәсіп­орындар, еріктілер мен қайы­рымдылық ұйымдары, тіпті қара­пайым адамдар көктем …

“БІРЛІКТЕГІ” тынымсыз тірлік Read More »

Дипломатия дүлдүлі

Сәлім Құрманғожин қазақ дипломатиясының тарихына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және өз ісіне адал, дипломатиялық қызметке өзін толық арнаған жарқын тұлға ретінде енді. Еліміздің Венгриядағы тұңғыш төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған кезінде Сәлім Әлмағамбетұлы Венгриямен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосты. Тәжірибелі дипломат, адал одақтас, лайықты басшы бола отырып, өзінің бар білімі …

Дипломатия дүлдүлі Read More »

Ақшасын баласына емес, букмекерге берген

Өңір прокурорлары алиментті қасақана тө­лемей жүргендерді тек­се­ріп, олардың жасырын кірістерін анықтады. Ал­ты борышкер соңғы бір­неше жылда букмекерлік кеңселерде 56 млн. тең­ге­нің операциясын жасаған. Жергілікті қадағалаушы орган тексеріс жұмыстарын Бас прокуратураның тапсыр­масымен жүргізген. Балала­ры­на бірнеше миллион теңге қа­ры­зы бола тұра, мойнында алименті барлар букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға көп ақша жұмсап, өз міндет­темелерін орындамай келген. Мәселен 4,7 …

Ақшасын баласына емес, букмекерге берген Read More »