«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Жасанды интеллект арқылы ақша табу

Облыс орталығында “TECH­­NO WOMEN” үкіметтік емес ұйы­мы “Жасанды интел­лект арқы­лы қалай ақша та­буға болады?” деген тақы­рыпта тренинг өт­кізді. Іс-шараның мақсаты – тех­ноло­гиялық салаларда жұмыс іс­тейтін нәзік жандардың санын арттыру. “TECHNO WOMEN” қауымдас­ты­ғы осыдан 2 жыл бұрын ашыл­ған. Содан бері 14 жоба ұйым­дас­ты­рып, көптеген қыз-келіншек­тердің же­тістікке жетуіне көмегін ти­гізген. – Дүниежүзі елдері жасанды ин­теллектінің игілігін көруде. …

Жасанды интеллект арқылы ақша табу Read More »

Дайындықтың соңғы кезеңі

V Дүниежүзілік көшпенді­лер ойындарының басталуына екі аптадай уақыт қалды. Қазір осы ауқымды шарада жұмыс істейтін еріктілерді оқытудың соңғы кезеңі басталды. Бүгінде волонтерлер жа­рыс­тар өтетін нысандармен та­нысып, толық ақпаратпен қам­тылуда. Көшпенділер ойында­ры­на еріктілерді іріктеу жыл басында басталған. Қазір 1300 жас таңдалып алынған. Олар­ға қойылған басты талап – үш тілді білу. Бұрын ерікті болған жастарды таңдауға басымдық …

Дайындықтың соңғы кезеңі Read More »

Сегізінші сатыда

Футболдан ел біріншілі­гінің кезекті ойынын “Қызыл­жар” клубы Се­мей­де “Елі­май” командасына қар­сы өт­кізді. Бұл кездесуде ала­ң ие­лері бір гол басымды­ғымен жеңіске жетті. Ойын басталысымен жерлес­теріміз ширақ қимылдады. Ал­ғаш­қы гол матчтың бірінші таймы аяқталар тұста – 44-ші ми­нутта соғылды. Нәтижелі соққы­ның ав­торы – Лука Имнадзе. Кездесудің екінші бөлімінде алаң иелері таразы басын теңес­тірді, гол соққан Иван Свиридов. …

Сегізінші сатыда Read More »

Желаяқтар жарысы

Петропавлда Конституция күніне орай “Қызылжар – 2024” жартылай марафоны өтті. Биылғы спорттық шараға Көк­шетау, Щучинск қалаларынан және облысы­мыздан 300-ден астам азамат қатысты. Пестрое көлінің жағалауы­нан бастау алған жартылай ма­рафон қатысушыларына жас ерекшеліктеріне қарай 5, 10 және 21 шақырым қашықтықты бағындыру талабы қойылды. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы­лар 5 шақырымға жүгірді. Бұл санатта петропавлдық Яро­слав Костылев …

Желаяқтар жарысы Read More »

ТАРИФ САЯСАТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРУІ ТИІС

“Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары” Жолдауында тариф саясатын түбегейлі қарап, жаңа әдістемесіне көшу, инвесторлардың қызығушылығын арттыру, соған сәйкес табиғи монополия субьектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізу міндеті қойылды. Президент баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға болатынын, қаржы ұйымдары кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алатынын атап өтті. Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігі артатынын, …

ТАРИФ САЯСАТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРУІ ТИІС Read More »

Жастарға арналған жаңа мүмкіндік

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өңірлік кадр комиссиясының отырысы өтіп, кандидат­тарды өңірлік кадр резервіне қабылдау мәселесі қаралды. Ғауез Торсанұлы өз сөзінде Мем­лекет басшысы білімді жас­тар, сыни тұрғыдан ойлайтын ел патриоттары елімізді басқаруға белсене атсалысуы керектігін бір­неше рет атап өткенін жеткізді. Кадрлық резерв жастарға осын­дай зор мүмкіндіктер беріп отыр. Облыстық кадрлық резервке іріктеу 5 кезеңнен тұрды. …

Жастарға арналған жаңа мүмкіндік Read More »

Бөлім басшылары не бүлдірді?

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында басшылық лауазымдағы қызметкерлерге қатысты екі тәртіптік іс қаралды. Алдымен Қызылжар ау­дан­дық экономика және қар­жы бөлімінің жетекшісі Елдар Закириннің мемлекеттік қыз­метке жат іс-әрекеті қаралды. Ол жеке кәсіпкер тен­дерді ұтып алғанына қарамас­тан, келісімшартқа уақытылы қол қоймай, еш себепсіз уақытты созған. Осылайша шенеунік тарапынан Қылмыстық Ко­декстің 50-ші бабының 1-ші тармағы бойынша шағын биз­нес …

Бөлім басшылары не бүлдірді? Read More »

ҮЛКЕН ЖЕҢІС ШАҒЫН АЛАҢНАН БАСТАЛАДЫ

Петропавлдағы “Динамо” стадионында жасанды футбол алаңы пай­далануға берілді. Ол “ALAÑ” жобасы аясында толығымен жаңғыртылды. Жаңа алаңның сапасын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен танымал ойыншы Самат Смақов тексеріп көрді. Қазақстан футбол федера­циясы Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орын­дау мақсатында 2023 жылы …

ҮЛКЕН ЖЕҢІС ШАҒЫН АЛАҢНАН БАСТАЛАДЫ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ СПОРТТА АЛДА

Қызылжар ауданынан түлеп ұшқан атақты спортшылардың қатары қалың. Ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген саңлақтардың бір шоғыры осы аудан өкілдері. Грек-рим күресінен әскерилер арасында әлем чемпионы Аманғали Бекболатов, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен Азияның үздігі Алексей Луценко – ел мақтаныштары. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортқа көп көңіл бөліп, ауылдық елді ме­кендерде арнайы спорттық ке­шендер салуды …

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ СПОРТТА АЛДА Read More »

“Аққудай аспандағы жүз құбылып”

Есімі алты Алашқа жайыл­ған сазгер, әнші, ақын Бір­жан сал Қожағұлұлының кей деректерде 1831 жылы өмірге келгендігі айтылады. 1897 жылы дүние­ден озған. Ақселеу Сейдімбек, Мырзатай Жолдасбек­ұлы, Қой­шығара Салғараұлы шығарған “Елтұтқа” атты кітапта: “Қожағұл­ұлы Біржан (1825-1897) – қазақ халқының әйгілі әнші-компози­торы, ақын. Туған жері – Сол­түс­тік Қазақстан облысының Жам­был ауданына қарасты Жаңа­жол ауылы. Ал Ақмола облысы­ның Еңбекшілдер …

“Аққудай аспандағы жүз құбылып” Read More »

КӨКЖӨТЕЛГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП

Өңірде жыл басынан бері көкжөтелдің 62 жағдайы тіркел­ді. Ауырғандардың 94 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Об­лыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департа­мен­ті инфекциялық және пара­зит­тік ауруларды эпидемиоло­гия­лық қадағалау бөлімінің бас ма­ма­ны Гүлида Жакеева бак­те­рия­лық инфекцияны жұқты­ру­дың адам өміріне қалай қауіп төнді­ретіні жайында айтып берді. Биыл өңірде көкжөтелді жұқ­тыру еселеп артқан. Маманның айтуынша, облыста 2021 жылы ауру тіркелмесе, …

КӨКЖӨТЕЛГЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП Read More »

БЕКЗАТ БОЛМЫС

“Жаным Отан, сырың – сан. Өлшемің – мың Сен – бір ғарыш, мен – сенің жер серігің. Сен деп соққан жүрегі, жаны – сенде, Перзентіңмін – бір түйір бөлшегіңмін!”, – деп жырлаған жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист, рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің қазақ мәдениетінде, қазақ сөз өнерінде, қазақ журналистикасында есімі ерекше аталады. Сәулелі ғұмырында саналы, …

БЕКЗАТ БОЛМЫС Read More »

Адалдық пен әділдікті ту еткен

Айыртау – мен үшін баға жетпес, асыл мекен. Әлбетте әр адамға туған жері қымбат. Атажұртқа, туған жерге әр пенденің адал да алаң көңілі осылай болуы заңды ғой. Арайлы Айыртау өзінің көз тоймас көркем табиғатымен ғана ерекшеленбеген. Бұл жерде табиғат сұлулығына үндесе туған тума таланттар шоғыры аз емес. Осынау ән мен жырдың, сал-серілердің құтты мекені болған …

Адалдық пен әділдікті ту еткен Read More »

ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

М. Қозыбаев атындағы Сқу бакалавриат, магистратура және докторантура бағыттары бойынша білікті мамандарды даярлайды. Университетте 5600-ден астам студент білім алуда. Білім беру бағдарламасында бакалавриаттың – 85, магистратураның – 71 және PhD докторантураның 7 бағдарламасы қамтылған. Оған қоса университетте қос дипломдық бағдарлама бар. М.Қозыбаев атындағы сқу Аризона университетімен серіктестік орнатқан. Бүгінде қос дипломды бағдарлама бойынша 2-курста – …

ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Read More »

Салық түсімі артқан

Өңірде биыл жарты жылда салық және басқа міндетті түсімдер есебінен мемлекеттік бюджетке 91,8 миллиард теңге түскен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен бір миллиард теңгеге артық. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша қаражаттың 30 миллиард теңгеге жуығы республикалық қазынаға, қалғаны жергілікті бюджетке түскен. Нәтижесінде жергілікті бюджет түсімі 10,9 пайызға артқан. Өңірде республикалық мониторингтегі екі ірі салық төлеуші …

Салық түсімі артқан Read More »

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Өңірде жылыту маусымы әдетте қыркүйек айында басталады. Суықтың түсуіне бірер апта ғана қалғанымен, өңір тұрғындарының тек 41 пайызы ғана қажетті көмірді түсіріп алған. Облыстың жылыту маусымына дайындығы барысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте пысықталды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаевтың айтуынша, биыл жылыту маусымына дайындалу үшін 31 млрд. теңге, соның …

Жылыту маусымына дайынбыз ба? Read More »

Жауапты науқан

Биыл өңірде ауа райының жауынды-шашынды болуына байланысты жайқала өскен астыққа орақ кештеу түскелі отыр. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары агро-құрылымдар егін жинауға тамыз айының үшінші онкүндігін-де жаппай кіріседі, қазір ішін-ара дестелеу жүріп жатыр, ауыл шаруашылығы техникасы мен элеваторлар жауапты науқанға толық әзір деген ақпарат берді. Иә, әр жылдың өзіндік ерекшелігі болса да, диқан …

Жауапты науқан Read More »

АЭС: ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМДІ ХАЛЫҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Бүгінгі күні қоғамды жер сілкінгендей тербетіп тұрған елімізге АЭС керек пе деген толғақты мәселе күн тәртібіне өткір қойылып, өркениетті елдерге тән демократиялық дәстүрмен қызу талқылануда. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 7-8 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құраған сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, …

АЭС: ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІМДІ ХАЛЫҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ Read More »

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН — АЙРЫҚША ҚОЛДАУ

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен “Ауыл аманаты” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, тұрғындарды еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл халқының табысын өсіруге арналған. Өткен жылы ауыл тұрғындарына жеке бизнесін дамыту үшін 236 жеңілдетілген несие берілді. 250 жаңа жұмыс орны құрылды. …

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН — АЙРЫҚША ҚОЛДАУ Read More »

Азаматтық қоғам – белсенді

Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы түйінді мәселе­лер­ді көтеріп, оны шешуге атса­лысады. Осы орайда үкі­мет­тік емес ұйым мен мем­ле­кет­тік органдардың өкіл­де­рі кез­десіп, бірқатар мәсе­лелерді тал­қылады. Жиында алдымен тұрғын үй мәселесі сөз болды. Облыстағы ахуал жайлы айтылып, оны шешу жолдары қарастырылды. Айта ке­тейік, биыл дәл осындай алты кездесу өтті. – Қазіргі таңда коммуналдық қызметтердің бағасы өсіп, жарық, газ, …

Азаматтық қоғам – белсенді Read More »