«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Ел дәулетін еселеген

Облыстық маслихатта ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтіп, онда ел дәулетін еселеген бірқатар мамандар марапатталды. Төскейінде төрт түлігі тең өрген, қара жердің қасиетін танып, дала төсін алтын дәнге толтырған халқымыз үшін ауыл шаруашылығы тіршіліктің күре-тамыры саналады. Бұл сала жыл сайын қарқынды дамып, халқымыздың әл-ауқаты артуда. – Тұрғындардың өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының …

Ел дәулетін еселеген Read More »

Жеткіншектер үйі жөнделді

Петропавлдағы жеткіншектер үйі 20 жылдан астам уақыт бойы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 700-ден астам балаға пана болып келеді. Қазіргі уақытта мұнда 24 адам тұрып жатыр. Балалар үйлері мен отбасылық үлгідегі балалар ауылының түлектері үлкен өмірге аяқ баспас бұрын жеткіншектер үйіне орналасады. Бұл мекеме 2001 жылы ашылған болатын. Мекеме директоры Жұқаш Қосыбаевтың айтуынша, жеткіншектер үйі …

Жеткіншектер үйі жөнделді Read More »

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Ауыл шаруашылығын өркендету – ел дамуындағы маңызды салалардың бірі. Әсіресе, көкжиекке дейін созылған астықты даласы, малға жайлы жайылымы бар қойнауы құтты Қызылжар өңірінде аталған саланың  мүмкіндігі мол. Жыл сайын тың жобалардың қолға алынып келе жатқаны осының дәлелі. Ауыл шаруашылығын қолдау – тек азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың кепілі емес, ауылдағы ағайынның әл-ауқатын арттырудың бір жолы. Халқына жанашыр …

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК Read More »

Ең ірі салық төлеуші

Қыркүйек айында Петропавлда алкогольді сусындар шығаратын зауыт  қайта іске қосылғаны белгілі. Жобаны жүзеге асыруға 13 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кәсіпорында болып, өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі саналатын зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорынға заманауи еуропалық қондырғылар орнатылған, процесті автоматтандырудың арқасында өнімділік бірнеше есеге дейін ұлғайыпты. Компания өнімнің 70 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап …

Ең ірі салық төлеуші Read More »

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ӘРІПТЕСТІК

Өңір делегациясы ресми сапармен Қытайдың Шэньси провинциясында болды. Шетелдіктермен кездесу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған Солтүстік Қазақстан облысы мен Шэньси провинциясы арасында бауырлас қатынастарды орнату туралы келісімнің аясында өтті. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Идэмен ресми кездесу өткізді. Жиында өзара серіктестікті дамыту мәселелері талқыланып, ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар …

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ӘРІПТЕСТІК Read More »

“Жан шуақ” сыйлығының иегері

Астана қаласында “AMANAT” партиясының қолдауымен XVIІ “Жан шуақ” қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қо­ғамдық қызметте ерекше нәти­желерге қол жеткізген мүгедек­тігі бар адамдарға беріледі. Аталмыш іс-шарада петропавл­дық “Sensitive” есту қабілеті бұ­зылған бишілер театрының шы­ғармашылық ұжымы “Мәдениет саласындағы үздік жетістіктері үшін” сыйлығының иегері атан­ды. Ұжым 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие …

“Жан шуақ” сыйлығының иегері Read More »

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері жастар арасындағы байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көрініп жүр. “Bilim-orkenieti” ұлттық инно­ва­циялық ғылыми-зерттеу орта­лығының ұйымдастыруымен “Түркі халықтарының үздік сту­денті” халықаралық форумына қатысқан жастарымыз жүлделі орындармен оралды. Екі кезең­нен құралған байқау дарынды сту­денттерді біріктірді. Бірінші кезеңде қатысушылар оқудағы, ғылымдағы, шығармашылықтағы жетістіктерімен таныстырды. Одан кейін іріктеу қорытын­дысы бойынша үздіктер Астана­да өтетін халықаралық …

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ Read More »

Алименттен жалтарғаны үшін сотталды

Өңірдің 41 жастағы тұрғыны алимент бойынша 2,7 млн. теңгеден астам берешегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ашық сот отырысына алимент төлеуден жалтарып жүргендер шақырылды. Облыстық соттың мәліметін­ше, қылмыстық іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық со­тында қаралған. Сотталушы П.-ға Қылмыстық кодекстің 139-шы бабы “ата-ананың кәмелетке тол­маған баласын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жө­ніндегі міндеттерін үш …

Алименттен жалтарғаны үшін сотталды Read More »

Аян БЕЙСЕМБАЕВ: “НҰРҚОЖА АЛТЫН АЛАТЫНЫНА СЕНІМДІ БОЛДЫ”

Жуырда Албания астанасы Тиранада өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Нұрқожа Қайпанов алтын жүлде еншілеп, ел мәртебесін асырған болатын. Чемпионды бала кезінен баптап, күрестің қыр-сырына үйреткен – Аян Бейсембаев. Қазақстан Республикасының құрметті жаттықтырушысымен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. – Аян Серікұлы, білікті бап­кер болу үшін мықты спорт­шы болу міндетті ме? Өзіңіз спортпен қай жастан айна­лыс­тыңыз? – Мен …

Аян БЕЙСЕМБАЕВ: “НҰРҚОЖА АЛТЫН АЛАТЫНЫНА СЕНІМДІ БОЛДЫ” Read More »

Мемлекет балық шаруашылығын қолдайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда Мәжіліс комитеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға қатысты, Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы ратификациялық жаңа заң жобаларын қабылдады. Сондай-ақ акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық …

Мемлекет балық шаруашылығын қолдайды Read More »

Мақсатты пайдаланылмаған жер ауыл тұрғындарына берілмек

Өңір прокурорлары ауыл шаруашылығы жерлерінің мақсатты қолданылуын тексеріп, пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстың нәтижесі бар. Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн. теңге болатын жалпы ауданы 49 мың гектардан асатын жерді мемлекетке қайтарған. Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушыларынан 42 …

Мақсатты пайдаланылмаған жер ауыл тұрғындарына берілмек Read More »

Мал азығы жеткілікті

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасов баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Соңғы 10 айда аудандағы ауыл шаруашылығы саласында 55,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Мұндағы 250 агроқұрылымда экономикалық белсенді халықтың 45 пайызы жұмыс істейді. Биыл барлық алқаптардың 70 пайызына дәнді және бұршақты дақылдар себілген. Орташа өнімділік гектарынан 19,7 центнерден айналыпты. Ауданда …

Мал азығы жеткілікті Read More »

Әділ сайлау — демократия белгісі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өңірге жұмыс сапарымен келді. Бұл сапардың мақсаты – 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын қадағалау. Онымен бірге ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов, комиссия мүшелері Михаил Бортник, Ләззат Сүйіндік және комиссия аппаратының қызметкерлері де келді. Сапар барысында Нұрлан Әбдіров облыстың аумақтық сайлау комиссияларының …

Әділ сайлау — демократия белгісі Read More »

Жеке тұлғаға кірісі мен мүлкін декларациялау міндет емес

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмалары аясында жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста еліміздің 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылығы да күн тәртібіне шықты. Орынды ұсыныс орайын тапты Отырыста Қаржы министрі Мəди Тəкиев бүгінде алғашқы үш кезеңде жалпыға бірдей дек­ларациялау …

Жеке тұлғаға кірісі мен мүлкін декларациялау міндет емес Read More »

Техника тілін үйренуге құштар

Родион Фридрих– болашағын С.М.Киров атындағы зауытпен байланыстырған жас мамандар­дың бірі. Ол Б.Әшімов атындағы Пет­ро­­павл машина жасау және көлік кол­леджін электр жабдықтары са­ласы бойынша бітіргеннен кейін кә­сіпорында өндірістік тәжіри­бе­ден өткен. Озық технология­лар­ға негізделген өндірістік жұ­мыс ерекшеліктерімен тереңірек та­ны­сып, кәсіби шеберлігін арт­тыр­ған соң осында қалуға шешім қа­был­дады. Оның ұсынысын зауыт бас­шылығы қуана қабыл­дады. Бүгінде ол азаматтық өнімдер …

Техника тілін үйренуге құштар Read More »

Жел генераторы салынады

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде Есіл ауданының әкімі Ме­реке Мұхамедияровтың қаты­суы­мен баспасөз мәслихаты өтті. Ау­дан әкімі жыл басынан бері атқа­рылған жұмыстар тура­лы баян­дап, негізгі көрсеткіш­терге тоқталды. Шаруалар жалпы көлемі 300 мың гектарға жуық ал­қапқа дән сепкен. Аталған са­лада жалпы 85 серіктестік пен 163 қожалық жұмыс істейді. 10 ай­дың ішінде ауыл шаруашылы­ғы­ның жалпы өнім көлемі 56 млрд. теңгеге …

Жел генераторы салынады Read More »

Нәтижелі жобалар

Үстіміздегі жылы “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға 11 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру стратегиясы аясында мемлекеттік корпорация цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізу арқылы құжаттарды алу және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдетуде. Мемлекеттік корпорация мем­ле­кет­тік қызметтерді оңтайлан­дыруға және жақсартуға арналған цифрлық жобалар кешенін жүзеге асыруда. Өткен жылы құжаттан­дыру …

Нәтижелі жобалар Read More »

Онлайн қызмет

Енді қазақстандықтардың “eGov Mobile” қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді алуға және жіберуге мүмкіндігі бар. Бұл “Цифрлық мәліметтер” сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды. Қосымшаның жаңартылған нұс­қа­сында екі жаңа цифрлық мәлі­мет қолжетімді: 1. Әскери қызметке шақыру ту­ралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мер­зімі туралы толық деректер; 2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың …

Онлайн қызмет Read More »

“Жырыма барша жұртым құлақ салсын!”

Биыл “Дауылпаз баба – Қожаберген” атты об­лыстық шы­ғармашылық бай­қауы он­лайн форматта өтті. Бұл шара қазақ халқының даңқты жы­рауы әрі батыр Қожаберген Толыбай­ұлының өмі­рі мен мұ­расын өскелең ұр­пақ­қа таны­туға, олар­дың әде­биетке, поэ­зияға деген қызығу­шылығын оятуға, соны­мен қа­тар мемле­кеттік тілдің аясын кеңейтіп, көркем сөз өне­рін насихаттауға бағытталған. Байқауға аудандар мен об­лыс орталығындағы жалпы бі­лім беретін мектептердің 6-11 …

“Жырыма барша жұртым құлақ салсын!” Read More »

Ұлттық құндылық – ұрпаққа мұра

Облыс орталығындағы №5 орта мектепте ұлттық құндылық­тарды на­сихаттауға бағытталған “Біртұтас тәр­бие” бағдарламасы негізінде “Сынып мәдениеті” жоба­сы бойынша облыс­тық семинар өтті. Бұл іс-шараның бас­ты мақса­ты – жас ұрпақ бойына ұлт­тық құндылықтарды сіңіру және мек­тептегі тәрбие үдерісін заманауи та­лап­­тарға сай жаңа деңгейге көтеру. Іс-шараға еңбек өтілі 3-5 жылды құ­райт­ын директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қа­тысты. Семинардың мазмұнды …

Ұлттық құндылық – ұрпаққа мұра Read More »