«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

Соңғы семестрді Америкада оқиды

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниэл Розенблюм М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде болып, білім ордасының басшылығымен және студенттермен кездесті. Университеттің басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Шұланов Аризона университетімен ынтымақтастықтың мақсаттарына тоқталды. – Біз өткен жылы қыркүйек айынан бастап 150 студентті гранттық негізде оқытуды бастадық. Олардың 50-ге жуығы оқу орнын бітірген …

Соңғы семестрді Америкада оқиды Read More »

Жаңа құрамға жүктелген міндет жоғары

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың қатысуымен өткен сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясын аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев ашты. Мажоритарлық-пропорциналдық жүйемен өткен сайлау нәтижелері бойынша “Amanat”, “Ауыл”, “Ақ жол” және “Respublika” партияларынан 15 және бірмандаттық сайлау жүйесі арқылы 15 адам облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Мандатқа ие болған халық қалаулылары таныстырылып, оларға арнайы куәлік пен …

Жаңа құрамға жүктелген міндет жоғары Read More »

ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ЕМЕС

Қыс бойы жауған қардың күрт еруі салдарынан сай-саланы қуалай аққан су қауіпті аймақтарда орналасқан елді мекендер мен үйлерге жетті. Оны тұрғындардың тынымсыз дабыл қағып, шағым айтуларынан-ақ аңғаруға болады. “Қазгидромет” РМК жергілікті филиалының болжамы да көңіл көншітпейді. Сәуір айының алғашқы күндері жауын-шашынды болады деп күтілуде. Мұның өзі тасқынды еңсеру жұмыстарын кешенді түрде жүргізіп, барлық сақтық шараларын …

ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ЕМЕС Read More »

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАЙТЫН МАМАН ТАПШЫ

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің қатысуымен өткен алқа отырысында орман және балық шаруашылығы саласын дамыту, жануарлар дүниесі мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жайы талқыланды. Бүгінгі таңда облысымызда 12 орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі “Красный бор” қорығы бар. Өңірімізге тиесілі …

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАЙТЫН МАМАН ТАПШЫ Read More »

ҚҰТҚАРУ ТОБЫ АУДАНҒА АТТАНДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы құрылған тобы су тасқынының ал­дын алу үшін Ғабит Мүсірепов атын­дағы ауданға аттанды. Ве­домство бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтың айтуынша, су тасқынымен күрес тобына жеке құрамнан 23 адам кірген, сондай-ақ қауіпті аймаққа жол талғамайтын көліктер мен жүзу құралдары жі­беріліпті. “Мұндай іс-шара жылда көктем­де қолға алынады. Біз облыстың су тасқыны болуы мүмкін қауіпті …

ҚҰТҚАРУ ТОБЫ АУДАНҒА АТТАНДЫ Read More »

Ел біріншілігіндегі екінші орын — облыс волейболшылары үшін тарихи жетістік

Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ақтық сында ел біріншілігінің алты дүркін жеңімпазы “Алтай” командасы солтүстікқазақстандық “Қуаныш” клубымен кездесті. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіс бұл жолы да өскемендіктерге бұйырды. Жерлестеріміз күміс жүлде иегері атанды. Бұл – өңір спорты үшін үлкен жетістік. Спортшы қыздарды облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады. Өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында чемпионат …

Ел біріншілігіндегі екінші орын — облыс волейболшылары үшін тарихи жетістік Read More »

Сулышоқтағы Мәдениет үйі

Биыл Мағжан Жұмабаев Сулышоқ ауылында Ұлыстың ұлы күні өзгеше нақышта тойланды. Әсіресе, ауылдың ажарына сән қосқан жаңа Мәдениет үйінің пайдалануға берілуі мерекелік көңіл күйді одан сайын асқақтатты. Ауылдағы ағайынның қуанышына аудан әкімінің орынбасары Азамат Шәріпов, “Агрокомплекс Сулышоқ” ЖШС-ның басшысы Қайрат Жәнібеков, көрші елді мекен тұрғындары ортақтасты. Орталық алаңға жиналған қауым бір-бірін ізгілікке толы әз-Наурыз мейрамымен …

Сулышоқтағы Мәдениет үйі Read More »

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы бюллетень алғанын хабарлады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сайлаушылардың Абай облысы бойынша – 57,2 пайызы, Ақмола облысы бойынша – …

МӘЖІЛІСКЕ АЛТЫ ПАРТИЯ ӨТПЕК Read More »

Өңір экономикасының негізгі бағыты – сүт өндіру тәжірибесі – өзге аймақтарға үлгі

Мал шаруашылығы өңір экономикасының негізгі бағыттарының бірі саналады, соңғы кездері брендке айналды деуге болады. Республикадағы әр үшінші тауарлы-сүт фермасы теріскейде орын тепкен. Елімізде өндірілетін ақтың 10 пайызы өңірімізге тиесілі. Былтыр 647,8 мың тонна өнім алынды. Бүгінгі таңда бұл саламен 100-ден астам агроқұрылым айналысады, оның ішінде 36 заманауи сүт кешені жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда 30 …

Өңір экономикасының негізгі бағыты – сүт өндіру тәжірибесі – өзге аймақтарға үлгі Read More »

Бақылауды күшейту қажет

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Бірінші мәселе бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанар Мұсақұлованың есебі тыңдалды. Ол веб-портал деректеріне сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге 151,8 млрд. теңге бағытталғанын жеткізді. Оның ішінде 71,3 млрд. теңгесі ауыспалы жобаға жататындықтан, мемлекеттік сатып алуды өткізу талап етілмейді. Бүгінгі күні 93,7 млрд. теңгеге …

Бақылауды күшейту қажет Read More »

Армысың, Амал мерекесі!

“Көрісу” немесе “Амал” деп аталатын атаулы күн ежелден бар. Бұл – мал-жанын қыстан аман-есен шығарған халықтың көктем шуағын шаша бастағанда туған-туыстарын, көрші-қолаңдарын аралап, қол алысып, төс қағыстыратын сәті. Бұл күнді Наурыз мерекесінің басы десек те болады. Амалдың тағы бір терең мағынасы – елдегі бірлік пен татулықты ту етуі. Дәстүр бойынша осыған дейін сөзге келіп, араздасып …

Армысың, Амал мерекесі! Read More »

ӨҢІР ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ

Республикалық бюджет комиссиясы Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жеңілдікпен қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін таратуға 100 млрд. теңге бөлуді мақұлдады. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте аталған қаражатты тауарлы-сүт фермаларын салу жобаларын қаржыландыруға жұмсау ұсынылды. Облыс тәжірибесі негізінде елімізде озық жобаларды іске асыру жоспарланған, ондағы басты мақсат – ішкі нарықты …

ӨҢІР ТӘЖІРИБЕСІ – ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ Read More »

Жиырма сегіз спорт нысаны салынды

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Дәурен Жандарбектің төрағалығымен дене шынықтыру және спорт саласында өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылауға арналған алқа отырысы өттi. Оған спорт ардагерлерi, сондай-ақ облыстық ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатысты. Облыста балалар спорты мен бұқаралық спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі уақытта өңірде 215 мыңнан астам адам, яғни тұрғындардың 40 пайызы дене …

Жиырма сегіз спорт нысаны салынды Read More »

Мол өнім кепілі

Жуырда өткен облыстық әкімдіктің отырысында өңір басшысы Айдарбек Сапаров мол өнімге негіз қалаудың басты көрсеткіші саналатын минералды тыңайтқышты ғылыми тұрғыда енгізудің, тиімді пайдаланудың маңызын атап көрсетіп, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берген болатын. Осыған орай аграршылар үйінде өңірдің шаруашылық жетекшілері минералдық тыңайтқыш жеткізумен айналысатын компаниялармен кездесіп, бірқатар келісімшартқа қол қойды. Олардың қатарында “Қазазот”, “Қазфосфат”, “Дархан дала”, …

Мол өнім кепілі Read More »

СОЛТҮСТІКТЕГІ СОНЫ БАСТАМАЛАР

Халықтың әл-ауқатының артуы ел экономикасының дамуына тіке­лей байланысты. Кәсіпорындар ке­дергісіз жұмыс істеп, өндіріс өркен­десе, өңірлер де қуатты болмақ. Бұл орайда отандық бизнестің арқалай­тын жүгі ауыр. Бүгінгідей қымбат­шы­лыққа тоқ­тау салудың да бір жолы жергілікті тауарөндірушілерді қолдау болмақ. Бұдан бөлек шетелдік ин­весторлардың қызығушылығын оя­тып, елімізге қаржы тарту да – Тә­уел­сіздік алғалы бері алға қойып отырған мақсаттарымыздың бірі. …

СОЛТҮСТІКТЕГІ СОНЫ БАСТАМАЛАР Read More »

АРДАКҮРЕҢ АҚЫН

Поэзия – адам жанының тарам-тарам жолдарына бойлататын, нәзік сезімнің күйін шертіп, адамзатқа ғаламның беймәлім сырларын танытатын, екінің бірі батылы жетіп бара бермейтін өнер. Осынау соры мен бағы қалың, қуанышы мен қайғысы мол өнердің тізгінінен ұстап, алты Алашқа сөз тыңдатып, жұртты жырына ұйытып жүрген аяулы ақындарымыз аз емес. Солардың қатарында қазақ поэзиясының ардакүрең ақыны, Абай атындағы …

АРДАКҮРЕҢ АҚЫН Read More »

КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ

Алғыс айту күнінің мерекелер қатарына қосылуы – ұлттық тарихымызбен байланысты. Бұл – жанашырлықтың символы, толеранттылығымыз бен төзімділігіміздің белгісі. “Ұлттық намыс дегеніміз – ол пенденің қара басының мақсатын ұлттық мүддеге бағындыруы, ұлтының мәртебесі басқа халықтардан озсын деп, жеңісіне сүйсініп, сүрінгеніне күйініп, қуануы мен қамығуы”, – деп белгілі тарихшы, академик Манаш Қозыбаев айтқан еді. Осы ұлттық намыс …

КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ Read More »

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ӘМІР

Солтүстікқазақстандық брейк-данс шебері Әмір Закиров Жапонияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. “Breaking for Gold” деген атаумен ұйымдастырылған жарыста топ жарған жерлесімізге облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтау тілегін жолдады. Өңір басшысы әлеуметтік желіде ел абыройын асқақтатқан оның өнеріне тәнті болғанын жеткізіп, жылы лебізін білдірді. – Әмір Закиров Жапонияда өткен брейк-данс турнирінің жеңімпазы атанды. Оны беделді жарыстағы …

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ӘМІР Read More »

БИЗНЕСТЕГІ ӘРІПТЕСТІК

Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы Францияның Қазақстан мен Қырғызстан бойынша экономикалық өкілдігінің басшысы Фредерик Фатумен кездесті. Өңірге жұмыс сапарымен келген шетелдік мейман теріскей бизнесмендерімен экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Кездесу барысында жергілікті бизнесмендердің Франция мемлекетімен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтің айтуынша, екі ел арасында сауда-экономикалық байланыс жақсы жолға …

БИЗНЕСТЕГІ ӘРІПТЕСТІК Read More »

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге арналған көшпелі семинар өтті. Оның жұмысына Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, комиссия мүшесі Сабила Мұстафина, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудандық және қалалық әкімдік аппараттарының басшылары, электораттық оқытудың тренерлері, саяси партиялардың …

Саяси науқанның талаптары түсіндірілді Read More »