«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

Ұлттық болмысымызды танытқан би

Түркияның Ялово қаласында түркітілдес халықтардың XXVI Халықаралық фольклор фестивалі өтті. Тоғыз елден 12 ұжым жиналды.  Олар қазақ, иран, дағыстан, осетин, серб, босния және түрік мәдениетін көрсетті. Біздің елден Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Мәңгілік” би ансамблі қатысты.  Фестиваль барысында өнер ұжым­дары Гемлик қаласында өткен шеруде ұлттық киіммен жүрді. Ал концертте қалың көрерменге би ті­лімен ұлттық …

Ұлттық болмысымызды танытқан би Read More »

Шағын ауылдың шамырқау оқиғасы

Біздің Тауағаш ауылы – Солтүстіктегі іргесі сөгілмеген таза қазақ мекендерінің бірі. Көшіп кеткендер болғанымен негізгі түбірі сақталып, жетпіс шақты үй түтін түтетіп отыр. Бір-бірінен қалмай, үйлерін әрлеп, қоршаған шарбақтары түгіл, төбелеріне дейін бояп, сәндеп алыпты. Қазір Тауағашқа барған адам “көк төбелі ауыл көрдік” деп риза болып қайтатындай хал туыпты. “Жақсыдан шарапат” деген емес пе, “әттең, …

Шағын ауылдың шамырқау оқиғасы Read More »

АБАЙҒА ІНІ, АЛАШҚА АҒА

Ұлтымыздың рухани көшбасшы­сына айналып, халқымыздың фило­со­фиясы мен әдебиетіне ауқымды өзгеріс әкелген бірден бір тұлға – Абай Құнанбайұлы. Абай жайлы сөз болғанда Көкбай Жанат­айұлы, Ақыл­бай Абайұлы, Мағауия Абай­ұлы, Әріп Тәңірбергенов сынды ақындардың есімі бірге аталады. Оның осындай бір топ шәкірттерінің ішінде Шәкәрім Құдайбердіұлының алар орны зор. Шәкәрім ақын бала кезінен немере ағасы Абайдың тәр­биесінде болып, тағылымын …

АБАЙҒА ІНІ, АЛАШҚА АҒА Read More »

“Жас өркендегі” Жамбылдың суреті

Қазақ жазба әдебиетіміздің атасы Абай болса, өзіне дейінгі ақын, жыршы­лар­дың мұрасын бойына жиып, елі­не бере білген ауыз әдебиетіміздің ерен тұлғасы Жамбыл. Бірі – жаңа әдебиеттің басы, екіншісі бұрынғы дәс­түрдің соңы болған қос тұлғаны Қы­зылжар жұрты да алаламай ардақ­тап келеді. Осыдан бірнеше жыл бұ­рын қала төріндегі биік үйдің қабыр­ғасына Абай бейнесі бейнеленсе, енді міне жыр жампозы …

“Жас өркендегі” Жамбылдың суреті Read More »

Зілдің тісінен жасалған кетпен

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде теріскей өңірдің көне дәуірінен сыр шертетін зілдің тісінен жасалған кетпен бар. Бұл жәді­герді 1940 жылдардың басын­да Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылының тұрғында­ры құдық қазған кезде 18 метрлік тереңдіктен тауып алған. Кейін му­зей қызметкерлеріне табыс­таған. Археологтардың айтуынша, атал­мыш жәдігерді ежелгі адамдар жер қазатын құрал ретінде пай­даланған. Бұл жануарлардың суреттері үш қаланың елтаңбаларында кез­деседі. …

Зілдің тісінен жасалған кетпен Read More »

Тілден келетін кесапат

Тілден келер күнәнің бірі – ғай­бат. Құран аяттары мен Пай­ғамба­рымыздың (Алланың салауа­ты мен сәлемі болсын) хадистерін­де ғай­бат­тың қаншалықты жиір­кенішті еке­ні жайында дәлелдер жет­кілікті. Ал­ла Тағала ғайбат айтушы адамды Құранда өлексенің етін же­ген адам­ның бейнесінде сипат­тайды: “Бір-біріңді аңдымаңдар және бір-біріңді ғайбаттамаңдар! Қайсы­бірің болмасын, өлген бауырының етін жегенін ұната ма? Әнеки бірден жиіркендіңдер. Ендеше Алладан қорқыңдар! Шүбәсіз, …

Тілден келетін кесапат Read More »

Таң жұлдызы

Өткенге көз жүгіртіп, кейбір ірі тұл­ғалардың тағды­ры­на қарап, ұлт­қа қызмет ету жасқа қа­рамайды екен деген қорытындыға келдім. Өз елін шексіз сүйген жан қандай жаста бол­са да еңбегімен, адал қызметімен тарихта қалады екен. Белгілі Алаш қайраткері Сма­ғұл Сәдуақасов, әр сөзі ұлт ұранына айналған Сұлтан­мах­мұт Торайғы­ров сынды тұлға­лар­дың ғибратты ғұ­мыры – осыған дәлел. Жерлесіміз батыр Әбу Дос­мұхамбетов …

Таң жұлдызы Read More »

“МЕРЕЙ” МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Бүгінгідей ғаламтор мен әлеуметтік желілердің дәурені жүріп тұрған заманда ұрпақ тәрбиесін ақсатып алмау – баршамызды алаңдатып отырған мәселе. Ұрпақ тәрбиесі тек отбасында ғана емес, қоғамның әр саласында күнделікті жүзеге асып жатады. Тәрбиенің де ұлттық, отбасылық, еңбек арқылы, рухани деген түрлері бар. Осылардың ішінде өнер арқылы тәрбиелеудің алар орны бөлек. Жасынан өнерге ынтық болып, шығармашықпен шұғылданған …

“МЕРЕЙ” МЕКТЕБІНІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ Read More »

САБАНТОЙ — БЕРЕКЕНІҢ НЫШАНЫ

Петропавл қаласының орталығында жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын Сабантой мерекесі өтті. Татар мен башқұрт халқының ұлттық мерекесіне қала тұрғындары көп жиналды. Ұлттық киімдер көрмесі, концерттік бағдарлама, мерекелік дастарқан, ұлттық ойындар шараның мазмұнын аша түсті. “Сабантуй” татар тілінен аудар­ғанда “жер өңдеу мерекесі”, – деген ұғымды білдіреді. Дәстүр бойынша бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. …

САБАНТОЙ — БЕРЕКЕНІҢ НЫШАНЫ Read More »

Грузиядағы жеңіс

5-15 шілде аралығында Гру­зия елінің Озургетти қа­ласында Н.Думбадзе атын­дағы IV Халықаралық театр­лар фестивалі өтті. Фестиваль барысында 7 мем­лекеттен 16 спектакль көрсетілді. Фестиваль қорытындысы бойын­ша Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма театры сахна­лаған Н.Думбадзенің “Кукара­ча” қойылымы “Ең үздік интер­пре­тация” аталымы бойынша үздік деп таныл­ды. Ал онда Инга рөлін сом­даған Жанар Насырова “Үздік шетел актри­сасы” аталымын жеңіп …

Грузиядағы жеңіс Read More »

НАУАН ХАЗІРЕТ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Биыл солтүстік аймаққа аты мәшһүр, дін ғұламасы Науан Хазіреттің туғанына 180 жыл толады. Шын есімі Наурызбай Таласұлы. 1843 жылы Көкшетау уезі, Мезгіл болысы (қазіргі Айыртау ауданы мен Зеренді аудандарының жері), Баратай ауылының маңындағы Жылкелді деген жерде дүниеге келген. Наурызбайдың ұлы атасы Ақан батыр – жоңғарға қарсы шауып, жеңі­ліп көрмеген атақты баһадүрлердің бірі. Әкесі Талас ауқатты, …

НАУАН ХАЗІРЕТ ЖӘНЕ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ Read More »

КЕНЕПТЕГІ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІ

Түбі бір түркі халықтарының арасындағы мәдени байланысты нығайтып, шекарасыз өнер кеңісті­гіне жол ашуға осы елдердегі шығар­машылық орта зор үлес қосып ке­леді. Өңірімізге келген татар сурет­шісі Арыслан Ибрагимов қызылжар­лықтарға арнап көрме өткізді. Екі аптаға жуық қаладағы арт-орта­лықтың көркін келтірген көрмені та­машалауға жиналғандар көп болды. Суретші қылқаламынан туған 15 туындысының басын қосып, оған “Көшпелі көрме” деген атау …

КЕНЕПТЕГІ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІ Read More »

“Сырымбет” әні кімге арналған?

Қай туындының болсын шығу та­рихын білу тыңдарманның таны­мын кеңейтіп, шығарманы терең түсінуіне мүмкіндік береді. Әсіресе ән өне­рінде бұл тәжірибе күні кешеге дейін сақталып келді. Композиторлар үшін өнердегі жаңа материкті ашып, “қа­зақ ән өнерінің Колумбы” (Ж.Нәжіме­денов) атанған Ақан сері шығарма­шылығы да өз астарына айтылмаған талай тарихты бүгіп жатыр. Жалпы Ақан өміріне қатысты қай деректі алып қарасақ …

“Сырымбет” әні кімге арналған? Read More »

Өрнектен шыққан көрнекті тұлға

Мектепте оқып жүргенде сынып жетекшіміз Ақтоты Сақтағанқызы өңірде алғашқылардың қатарында Ленин орденімен марапатталған ұлағатты ұстаз Ғабдолла Шоқаев туралы жиі әңгімелейтін, өзгелерге үнемі үлгі ететін. Кейін білгеніміздей, апайымыз Есіл ауданы Өрнек ауылында кіндік қаны тамған көрнекті тұлғаның жерлесі екен. Өзім еңбек ететін облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ғабдолла атамыз туралы көптеген мағлұматтарға қанықтым. 1883 жылы дүниеге келген Ғаб­долла …

Өрнектен шыққан көрнекті тұлға Read More »

ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛҒАН

Қызылжарлықтар тағатсыздана күт­кен “Qyzyljar music fest – 2023” фес­тивалінің шымылдығы этно­музы­камен ашылды. Ұлттық өнер – өміршең қазына. Оның та­мыры тереңде жатыр. Бүгінде осы бай мәдени мұраны сақтап, қазақ хал­қының төл дәстүрін терең меңге­ріп қана қоймай, халық музыкасы ар­қылы ұлттық құндылықтарды жаң­ғыртуға болады. Сондықтан өңір тұр­ғындарының көзайымына айналған “Qyzyljar music fest – 2023” фестива­лі­нің мәні де, …

ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛҒАН Read More »

АЙЫМЖАН — АҢЫЗ МЕКЕН

Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылы өзі аттас көлдің жағасында орналасқан. Бәрінен бұрын көздің жауын алатын, көлденең көзді сұқтандырмай қоймайтын сұлу табиғатын айтсаңшы! Ата-бабамыздың тұрмыс-салты мен тарихын індете зерттеп жүрген жергілікті өлкетанушылар жинастырған деректерге үңілсек, осынау елді мекен жайлы небір тылсым сырларды көкейге түюге болады. Соның аңызға бергісіз мысқалдай мысалы мынандай. Ай десе аузы, күн десе көзі …

АЙЫМЖАН — АҢЫЗ МЕКЕН Read More »

БОЗОҚТАН БҮГІНГЕ ДЕЙІН

Астананың ширек ғасырда әлем таныған әсем қалаға айналуының өзі тамаша құбылыс. Сарыарқаның сайын даласында орын тепкен елді мекеннің тарихынан талай оқиға­ларды суырпақтай отырып, қазақ елі­нің қалыптасуы мен дамуын көз ал­дымызға елестете аламыз. Астана қаласының тарихы VIII ғасырдан басталатындығын бүгінде ғалымдар дәлелдеп отыр. Бұл ме­кеннің қалаға лайық орын болғанын 1816 жылы Есіл-Нұра өңіріне келген офицер И.Шангин …

БОЗОҚТАН БҮГІНГЕ ДЕЙІН Read More »

Сарыарқа төріне саяхат

Ел кезіп, жер көріп, саяхат жасағанды жаны сүйетін адамдардың бірі – менмін. Жаңа достар, сыры ашылмаған жұмбақ жерлер, естен кетпес қызықты оқиғаларды бастан кешуді жаным ерекше қалап тұрады. Табаным тиген алғашқы күн­нен-ақ құт мекен бауырына басып, іскерлердің, қызу да қарбалас тір­шіліктің, арман мен мақсаттың қаласы екендігін танытты. Еркелей сылдыр қаққан Есілдің толқындары жанға сая болып, …

Сарыарқа төріне саяхат Read More »

Тәкаппарлық – жағымсыз мінез

Кейде адам баласы “мен” деген сөзді қаншалықты көп айтатынын өзі де байқамай қалады. Бір кісінің жүрегіне үнемі өзін көрсету, мойындату, өзгеден жоғары екендігін білдіру сезімі ұяласа, онда ол жүректі білдірмей келіп шағатын улы жылан маңайлап жүр деп болжасақ қателесе қоймаспыз. Ол сезімді Ислам шариғатында “тәкаппарлық” деп атайды. Тәкаппарлық – араб тіліндегі “кибр” және “тәкәббур” сөздерінен …

Тәкаппарлық – жағымсыз мінез Read More »

САҒЫНДЫРҒАН ЖЫР

Биыл Алаштың ардақтысы, қамшының сабындай қысқа ғұмырын халқының азаттығы жолына арнаған ақын, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Ұлтымыздың асыл перзентінің ғұмыр жолы, тағдыр-талайы тақтайдай тегіс болды деп айта алмаймыз. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен өлеңі туралы жарты ғасырдан астам уақыт бойы айтылмады, насихатталмады. Ақынның кітаптары тыйым салу кесірінен сарғайып, тозып, жоғалып жатты. Бірақ айды …

САҒЫНДЫРҒАН ЖЫР Read More »