«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

САХНАДА – ЖАС ӨНЕРПАЗДАР

“Баяғыда бір түп алма ағашы бо­лыпты. Ол әбден жемістері кө­бейіп, үлкен болып өскен тұста: “Енді қо­жайыныма бұдан да көп алма бер­сем” деп армандаған екен. Бірақ бұ­тақтары…”. Міне, осы аңызды арқау еткен пьесаның қа­зақ театрларында көптеген жылдар бойы сахналанып келе жатқанды­ғы белгілі. Жуырда өмір құбылыстары мен қиындық­та­рына толы драманы облыс орта­лығындағы Оқушылар сарайының “То­лағай” балалар театры …

САХНАДА – ЖАС ӨНЕРПАЗДАР Read More »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ

Қазақтың дара да дана ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің “Наурыз” атты мақаласында: “…Қазақ жаңа жылын “Наурыз” дейді. “Наурыз әулиенің, әмбиенің аты болмаса керек. “Наурыз” күн райын, шаруа ыңғайын дұрыстап зерттеген бір шоңғал, “оқымаған аграном” болуға керек. Сондықтан қазақтың наурызы – дін мейрамы емес, тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы… Бұл мейрамда тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып, қоғамға пайдалы игі іс …

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ Read More »

Ауқымы кең, мағынасы терең

Наурыз – әлемдегі ең көне мей­рамдардың бірі. Ұлыстың ұлы күнін атап өтетін халықтың да қарасы қа­лың. “Жер мен көктің жаңаруын”, “тір­­­шіліктің бастауын”, “күн мен түн­нің теңелген уақытын” Орта Азия ха­лық­тары түгел тойлайды. Бұл мей­рамды әр халық түрліше атағаны­мен, бар­лығының тілегі бір – ізгілік, молшы­лық, бейбітшілік, рухани тазалық. Қытайда күн мен түннің теңелуі 21 наурызға тура …

Ауқымы кең, мағынасы терең Read More »

“Қырдағы ел ойдағы елмен араласып…”

Дүниежүзінде әр халықтың өзіне тән көптеген мерекесі бар. Қандай да болсын ұлттың болмысы сол елдің мейрамы тойланған кезде таныла­ды. Ал сол ұлттардың басым көпшілі­гіне ортақ мейрам болса, ол – Наурыз мерекесі. Оны шығыс халықтарының ерекше қарсы алатыны бұрыннан бел­гілі. Наурыз жарты әлемді алып жатқан батыс мәдениетіне де бөтен емес. Ежелді гректер, римдіктер мен славян халықтарының …

“Қырдағы ел ойдағы елмен араласып…” Read More »

Қызылжардағы шеберлер көрмесі

“Dostyq Mall” ойын-сауық орталығында “QYZYLJAR шеберлер мекені” атты қолөнершілер фестивалі басталды. Шара 22-ші наурызға дейін жалғаспақ. Сондай-ақ шеберлердің жұмыстары­мен қаланың бас алаңында да танысуға болады. Фестиваль ұйымдастырушыла­ры – облыстық мәдениет, тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасы, өңі­ріміздегі музей бірлестігінің маман­дары дәстүрлі қолөнерді сақтауды, халықтық сәндік-қолданбалы өнерді насихаттауды және дамытуды көз­деп отыр. Фестивальға еліміздің жеті өңірінен …

Қызылжардағы шеберлер көрмесі Read More »

ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ

Атақты жырау, даңқты қолбасшы Қожаберген Толыбай­ұлының 360 жылдық мерейтойына орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Қожаберген жырау – аты әйгілі ірі тұлға” атты ғылыми тәжірибелік конферен­ция өтті. Шараға университет ғалымдары, өлкетанушы­лар, оқушылар мен студенттер қатысты. Мұнда жиналғандар дауылпаз жы­рау, қаһарман қолбасшы, көр­нек­ті қай­раткер, шешен Қожабергеннің өмірі мен шығармашылығы тақыры­бында сөз қозғап, ақын мұраларын насихат­тау, оның …

ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ “Елім-ай” дастанына — 300 жыл

Үкімет қаулысының негізінде Мә­дениет және спорт министрінің “2023-2025 жылдарға арналған ме­рейтойлар мен атаулы күндердің тіз­бесін бекіту туралы” бұйрығына сәй­кес, Қожаберген жырау Толыбайұлы­ның “Елім-ай” дастан жырының 300 жылдығы аталып өтеді. Аталған бұйрықта Ғылым және­жоғарғы білім министрлігі, Оқу-­ағар­ту министрлігі, Астана қала­сы, Солтүстік Қазақстан, Түр­кіс­тан об­лыс­тарының әкім­діктері жауапты орындаушы және­ жүзеге асырушы­лар ретінде бел­гі­леніп, “Елім-ай” дастан жыр­дың тарихи …

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ “Елім-ай” дастанына — 300 жыл Read More »

Мағжанның маржан жырлары

Тар заманда ақындықтың ауыр жүгін адал көтеріп, адамзаттың ақыл-ойына айналған асыл жырлар қалдырған Мағжан Жұмабаевтың асқақ тұлғасының алдында бас имей­тін адам жоқ шығар. Ақынның өзі сеніп өткен жастарға да оның есімі жақсы таныс. Алайда оның тұл­ғасын жіті танып, сырына терең бойлау үшін тек тағзым етіп қою аздық етеді. Жас ұрпақ өмір жолын үлгі етіп, оның …

Мағжанның маржан жырлары Read More »

Жан тербеген ән мен күй

Ақан сері атындағы облыс­тық филармонияда Көрісу күніне орай іс-шара өтті. “Мәңгілік” би ансамблі және Ольга мен Михаил Лахтиндердің хореографиялық мектеп-студиясының оқушыла­ры жиналғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Концертке филармонияның со­листері мен Сегіз сері атындағы ха­лық аспаптар оркестрі, “Қызыл жар” халық музыкалық ансамблі, Динара және Асхат Таушевтар, Айғаным Махамбетова, “MELOMIX” тобы қатысып, ән мен күйден шашу шашты. …

Жан тербеген ән мен күй Read More »

ІЗГІЛІК МҰНАРАСЫ (Эссе)

Есімі елімізге белгілі қаламгер, сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек 1952 жылы 26 желтоқсанда Түркістан облысының Отырар ауда­нын­дағы Ақынтоғай елді мекенінде, Көксарай деген жерде дүниеге келген. Сыншының нәтижелі еңбегін ерте аңғарған, жазғандарын зер­де­сінен өткізіп, шынайы бағасын ақ ниетпен айта алған, қазақ қара­сөзінің хас шебері, ақыл-ой алыбы, болмысы бүтін, келбеті келісті ке­мел жазушы Әбіш Кекілбайұлы: “Ергөбековті Ергөбековтей бақай­шағына …

ІЗГІЛІК МҰНАРАСЫ (Эссе) Read More »

Армысың, Амал мерекесі!

“Көрісу” немесе “Амал” деп аталатын атаулы күн ежелден бар. Бұл – мал-жанын қыстан аман-есен шығарған халықтың көктем шуағын шаша бастағанда туған-туыстарын, көрші-қолаңдарын аралап, қол алысып, төс қағыстыратын сәті. Бұл күнді Наурыз мерекесінің басы десек те болады. Амалдың тағы бір терең мағынасы – елдегі бірлік пен татулықты ту етуі. Дәстүр бойынша осыған дейін сөзге келіп, араздасып …

Армысың, Амал мерекесі! Read More »

“ӘДЕБИЕТ ЖЕРГЕ, РУҒА БӨЛІНБЕУІ КЕРЕК”

Белгілі ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай Қызылжар өңіріне келіп, шығармашылық кеш өткізгенін газетіміздің өткен сандарының бірінде жазған болатынбыз. Ардакүрең ақын осы сапары барысында өңір руханиятының қарашаңырағы – “Soltüstık Qazaqstan” басылымына ат басын бұрып, тілшілермен поэзия төңірегінде әдемі әңгіме өрбіткен еді. “Bızde qonaqta” айдарының қонағымен болған сол сыр-сұхбатты оқырман …

“ӘДЕБИЕТ ЖЕРГЕ, РУҒА БӨЛІНБЕУІ КЕРЕК” Read More »

Ұлтын сүйген ұлы жүрек

Алаштың ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде “Ұлтын сүйген ұлы жүрек – Мағжан” көрмесі салтанатты түрде ашылды. Мағжан ақынның шығармашы­лығы сан алуан және көпқырлы. Ол орыс, араб, парсы, сонымен қатар ежелгі түркі тілдерін еркін меңгер­ген. Ақын Уфадағы “Ғалия” медре­сесін тамамдап, Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен, Мәскеудегі Жоғарғы …

Ұлтын сүйген ұлы жүрек Read More »

КӨЗ ТАРТҚАН КӨРКЕМ БОЯУЛАР

Облыстық бейнелеу өнері музейінде “Әртүрлі акварель” атты көрме ұйымдастырылды. Онда акварельді пайдалана отырып сурет салумен кәсіби түрде айналысатын өнерпаз­дардың туын­дылары қойылған. Келушілерге аталмыш өнер­дің дәстүрлі және инновациялық тен­ден­цияларын, суретшілердің әр-түрлі стильдік бағыттарын, әдістері мен авторлық тәсілдерін көрсететін 59 жұмыс ұсынылған. Көрмені ұйым­дастырушылар өңір тұрғындарын заманауи шы­ғармалармен танысты­руды, музейдегі акварель­дер топта­ма­сын толықтыруды көздеді. – Акварель – …

КӨЗ ТАРТҚАН КӨРКЕМ БОЯУЛАР Read More »

Көңілдің ажары

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Әлқисса” фоль­к­лорлық ансамблінің “Сырлы сазы көктемнің” атты кон­церті өтті. Кеште танымал сазгерлердің туындылары орындалды. Жергілікті өнерпаздар көрер­мен­дерге ұмытылмас әсер сыйла­ды. Өңір тұрғындары “құлақтан кіріп, бойды алған” әсем әндерден, тәтті күйлерден сусындап қайтты. Ансамбль концерт шымылдығын “Қайран есім” күйімен ашты. Кейін Мұрат Өскенбаевтың “Жеңіс”, Ахме­дия Есмұхановтың “Айта алмадым”, Әлқуат Қазақбаевтың “Жаппас …

Көңілдің ажары Read More »

Сегіз сері туралы менің де айтарым бар

Сегіз серінің атасы Шақшақ 1830 жылы немересін Омбы қаласындағы әскери училищеге оқуға береді. Оқуды аяқтайтын жылы, яғни 1836 жылы училище басқа атауға ие болады. Училищені бітіріп, офицерлік шен алып шыққан Сегізді патша әкімшіліктері жазалаушы отрядқа жібермек болады. Бірақ патшаның отаршылдық саясатына қарсы болған Сегіз жазалаушы отрядқа қосылудан бас тартып, бой тасалайды. Белгілі ақын Нұржан Наушабаев …

Сегіз сері туралы менің де айтарым бар Read More »

Әлемнің жарығы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапха­нада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған “Шын көңілден” атты мерекелік іс-шара өтті. Оны облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Шарада аға буын өкілдері нәзік жандарды мерекелерімен құттық­тап, Отанның ұйытқысына, отбасы­ның берекесіне айналған ақ жау­лық­ты аналарға мықты денсаулық, ба­қыт пен шаттық тіледі. Кеште ардагер ұстаздар – Қым­бат Исманова, Айгүл Сарбасова, Ва­лентина Русина, …

Әлемнің жарығы Read More »

Алаштың арда туған бір ақыны

Қазақтың арқалы ақыны, осы күнге дейін оқырман қауымға 40-қа жуық жыр жинағын ұсынған, “Ақ сиса”, “Киiк қашқан”, “Бiрегейдiң қызылы”, “Қара орамал” атты ойлы да отты поэмалардың авторы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың, “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай “Soltüstık Qazaqstan” газетінің радакциясында қонақ болып, поэзия төңірегінде әдемі әңгіме өрбітті. “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі …

Алаштың арда туған бір ақыны Read More »

АРДАКҮРЕҢ АҚЫН

Поэзия – адам жанының тарам-тарам жолдарына бойлататын, нәзік сезімнің күйін шертіп, адамзатқа ғаламның беймәлім сырларын танытатын, екінің бірі батылы жетіп бара бермейтін өнер. Осынау соры мен бағы қалың, қуанышы мен қайғысы мол өнердің тізгінінен ұстап, алты Алашқа сөз тыңдатып, жұртты жырына ұйытып жүрген аяулы ақындарымыз аз емес. Солардың қатарында қазақ поэзиясының ардакүрең ақыны, Абай атындағы …

АРДАКҮРЕҢ АҚЫН Read More »

ЖАҢА ТЕАТРДА ЖАҢАША ҚОЙЫЛЫМДАР САХНАЛАНАДЫ

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ашылғаннан бергі жиырма жылдан астам уа­қыт ішінде Қызылжар өңіріндегі өнердің қарашаңырағына айналып үлгерді. Көрерменнің қоше­метіне ие қойылымдарымен ерекше. Өнер ордасы өткен жылдың соңында жаңадан салынған зәу­лім ғи­маратқа көшті. Жаңа сарайда жаңаша леппен жұмыс істеуді жоспарлап отырған театрдың көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаровпен сұхбаттасып, алдағы жоспарлары туралы сұрап білген едік. – Дәурен …

ЖАҢА ТЕАТРДА ЖАҢАША ҚОЙЫЛЫМДАР САХНАЛАНАДЫ Read More »