“АҢЫЗДЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ”
Ұлт-азаттық қозғалыстың рухани күрескері Марал Құрманұлының есімін ұлықтау мақсатында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Марал ишан: өмірі мен қоғамдық-діни және саяси қызметі (1780-1853)” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткені белгілі. Сонымен қатар Ислам мәдениеті музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мұрындық болуымен “Сыр өңіріндегі ислам руханияты” атты көрме ашылған еді. Өңір үшін маңызды шараға арнайы келген “Марал-Баба” …
 
								