«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сұхбат

“Олимпиадалық салмаққа ауысқым келеді”

Күрес десе, ішер асын жерге қоятын халық екеніміз ешкімге жасырын емес. Жүрегінің түгі, білегінің күші бар талай тарландарымыз болғанын тарихтан білеміз. Қажымұқан, Балуан Шолақтардың ізін басқан жігіттер теріскейде де жетерлік. Ахметжан Қазымбетов, Уәлихан Нұркеев, Жамбыл Тасеменов, Бауыржан Құлжановтарды білмейтіндер кемде-кем. Олардың ізгі жолын жалғастырып, көк туымызды көкте желбіретіп, әнұранымызды шырқатып жүргендердің бірі – Аманғали Бекболатов. …

“Олимпиадалық салмаққа ауысқым келеді” Read More »

“ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ ӨЗГЕ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛАДЫ”

Жас мемлекет үшін өркениетті қоғам құру жолында “дағдарыстық” жағдайлар жиі кездесетіні белгілі. Өйткені біз – дамушы елміз. Ұлттық болмысымыздан ажырамас үшін төл құндылықтарымызды ұйыстырушы күшке айналдыру аса маңызды. Алайда отарсыздандыру саясатын жүргізіп, рухани жаңғыруды іске асырамыз деген мақсатымыз толық орындала қойған жоқ. Ескі идеологиядан арылу жағы неге баяу жүргізіліп жатқанын халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық …

“ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ ӨЗГЕ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛАДЫ” Read More »

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде жарық көретін “Известия” газетіне сұхбат берді. Екі мемлекет арасындағы достық байланысты одан әрі дамыту жайы сөз болған сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз. – Жақын күндері Сіз Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізесіз. Соңғы уақытта сіздер тұрақты кездесіп жүрсіздер. Атап айтар болсақ, 7 қазанда Мәскеуге сапармен келдіңіз, 13 қазанда Бішкекте …

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН Read More »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРНЫНДА АҚЫЛЫ БӨЛІМ БОЛМАУ КЕРЕК

Халқымыз бойына сан түрлі өнер тоғысқан адамды “сегіз қырлы, бір сырлы” деп айтады. Дәл осы сөз айшығын бүгінгі кейіпкерімізге қаратып айтуға болады. Ол – талай жанды ажалдан арашалап қалған “қолы жеңіл” хирург, отандық медицина ғылымында өз орны бар айтулы ғалым, асқақ дауысымен атағы жер жарған кәсіби өнерпаздардың өзімен иықтасып тұратын талантты әнші. Ең бастысы, елге …

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРНЫНДА АҚЫЛЫ БӨЛІМ БОЛМАУ КЕРЕК Read More »

“АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАРЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖЕКЕ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛУІ ТИІС”

Алаш ардақтысы Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай өңірімізде ұйымдастырылған Қазақстан драма театрларының республикалық фестиваліне алыс-жақын облыстардан есімдері елімізге белгілі актерлер келді. Солардың бірі – “Мағжан” қойылымында Гүлсімнің, “№37”-де Зейнептің рөлін сомдаған, “Міржақып. Оян қазақ” кинотуындысында Ғайнижамал болып елдің көзайымына айналған “Серпер” сыйлығының лауреаты, Қазақстан Театрлар қауымдастығы “Сахнагер” Ұлттық театр сыйлығының иегері, актриса Зарина Кармен. Өнер …

“АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ЖАРЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖЕКЕ ФИЛЬМДЕР ТҮСІРІЛУІ ТИІС” Read More »

БАЛАНЫҢ КІТАПҚА ДЕН ҚОЮЫ АЛДЫМЕН АТА-АНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ

“TikTok”-тың дәуірі жүріп тұрған уақытта балаларды кітап оқуға баулудың оңай болып отырмағаны анық. Ал кішкентай оқырмандардың “Балдырған” журналы мен “Ұланды” сағына күтіп қарсы алатын уақыт тіпті келмеске кеткендей. Осындайда көкейімізде “балаларға арналған басылымдар мәселені қалай шешіп отыр екен?” деген орынды сұрақ туындайды. Мән-жайды білу мақсатында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын, аудармашы, балаларға арналған …

БАЛАНЫҢ КІТАПҚА ДЕН ҚОЮЫ АЛДЫМЕН АТА-АНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ Read More »

“Рухани әрі саяси маңызы бөлек”

Қызылжар өңіріне келген іс-сапар барысында белгілі тарих­шы, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы, профес­сор, Мемлекеттік тарих институты директорының орынба­сары, жерлесіміз Бүркітбай Аяғанмен кездесіп, егемендік декла­рациясының мәні, өзге де саяси мәселелер жайында әңгіме өрбіттік. – Бүркітбай Ғелманұлы, биыл Мемлекеттік егемендік туралы дек­ларацияның қабылданғанына 33 жыл толып отыр. Осынау мәні айрықша құжаттың 2009 жылы мейрам санатынан алынып тас­талуы қазақстандықтарға …

“Рухани әрі саяси маңызы бөлек” Read More »

Сәби сау болсын десең…

Өңірімізде осыдан он жыл бұрын даун синдромы бар оннан астам бала дүниеге келсе, қазір осындай дертпен туатын нәрестелердің саны үш есе азайған. Бұл алдын ала диагности­калаудың нәтижесі. Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы перинаталдық орталықтың генетик-дәрігері Мәншүк Жетпісбаева қай уақытта генетиктің көмегіне жүгіну қажеттігін, хромосомалық ауытқудан туындайтын дерттер, оның алдын алу жөнінде айтып берді. – Мәншүк Ерікқызы, …

Сәби сау болсын десең… Read More »

Жақсыбай САМРАТ: “ЖУРНАЛИСТ СЫНШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК”

Қазақтың ардақты қаламгері Шерхан Мұртаза “журналистің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ” депті.  Иә, халық пен билік арасындағы алтын көпірге баланатын бұл мамандыққа екінің бірі, егіздің сыңары беттей алмайды. Саналы ғұмырын қазақ журналистикасының дамуына, әдебиетіміздің өрістеуіне арнаған жандардың бірі – жерлесіміз, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Есіл …

Жақсыбай САМРАТ: “ЖУРНАЛИСТ СЫНШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК” Read More »

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҰСТАЗ

Бүгінгінің батыры кім екенін білесіз бе? Әрине, ол – ұстаз. Себебі ол – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты – талай тентектің тәртібін түзеп, небір еркені ақылға шақырып, есейтіп, ержеткізді. Балаға білім беріп қана қоймай, бойындағы бар дарын, қабілетін ашатын, оқытатын, тәлім-тәрбие беретін тұлға ретінде қоғамды …

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНДЕГІ ҰСТАЗ Read More »

Балалардың бронх демікпесін қалай емдеуге болады?

Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының ең жиі кездесетін ауруы. Мамандардың айтуынша, елімізде сырқаттар саны жылдан жылға артып келеді. Болжамға сәйкес, 21 ғасырдың екінші жартысында әрбір екінші бала демікпеден зардап шегуі мүмкін. Қазіргі уақытта осындай сырқатқа шалдыққан өңірлердегі балалар Алматыдағы “Алатау” республикалық балалар клиникалық санаторийінде тегін оңалтудан өте алады. Осы мекеме директорының орынбасары Екатерина Слободенюк …

Балалардың бронх демікпесін қалай емдеуге болады? Read More »

“Арғы атам балуан болған”

Кеңес одағы тұсында да, тәуелсіз ел атанғаннан бері де Қазақстанның еркін күрес шеберлері әлем чемпионы атанып көрмепті. Осы олқылықтың орнын жерлесіміз Ризабек Айтмұқан тол­тырғаны белгілі. Уәлиханов ауданының тумасы Сербияның Белград қаласында өткен дү­ниежүзілік додада көк байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатты. Жақында туған жерге табан тіреген балуанмен сұхбаттасудың сәті түсті. – Ризабек, әлем чемпионы атандың, тарихи …

“Арғы атам балуан болған” Read More »

ҒЫЛЫМҒА АРҚА СҮЙЕМЕСЕК

ауыл шаруашылығы алға баспайды Қызылжар – түгін тартсаң майы шығатын қазыналы даласымен, қамба толы алтын астығымен танылған өңір. Әр көктем сайын жердің төсін емген шаруалар мыңдаған гектар алқапқа тұқым сеуіп, күзге дейін тыным таппайды. Егіннің бітік шығуына осындағы ағайын да алаңдап, диқандардың тілеуін тілеп отырады. Мұндағы әр егіс науқанының өз ерекшелігі бар. Табиғат тосын мінез …

ҒЫЛЫМҒА АРҚА СҮЙЕМЕСЕК Read More »

СУРЕТШІНІҢ СҰЛУ ӘЛЕМІ

      Әр шығармашыл жан өз үнін, өз ой-пікірін, өз ұстанымын, қарсылығы мен бұлқынысын өнері арқылы жеткізеді. Тың идеясын талантымен шебер ұштастырып жүрген  жандардың бірі – Серікбай Әлжан.  Жуырда өңірімізде ұйымдастырылған «Ботай – Ұ лы дала мәдениеті» ІІ Халықаралық симпозиумына қатысқан КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан  Суретшілер одағының басқарма мүшесі, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысымен болған …

СУРЕТШІНІҢ СҰЛУ ӘЛЕМІ Read More »

ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ

Ғасырлар тоғысынан, жылжыған жылдар ағысынан  күмбірлеген күйдің  қоңыр үні естіліп келеді. Түсінер түйсік, тыңдар құлақ барда күйдің  керуен көші тұрақсыз жалғаса беретіні анық.  Тарих толқынында қара домбыраның сырлы, шерлі  үнмен сөйлегені  бәрімізге белгілі. Біздің халық небір тар жол, тайғақ кешу, қиын-қыстау заманда да домбырасын қолынан тастамаған. Қуанғанда қуанышын, қайғырғанда жұбанышын домбыра үнімен жеткізіп келген. Қазақ …

ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ Read More »

МУАЙ-ТАЙ — ЖҮРЕКТІЛЕР СПОРТЫ

Соңғы жылдары облыста экзотикалық спорт түрлеріне жататын тай боксының дамып келе жатқанын айқын аңғаруға болады. Оған дәлел – өңір спортшыларының әлемдік деңгейдегі және құрлықтық жарыстарда топ жаруы. Мәселен биыл облыс тарихында тұңғыш рет жерлесіміз Шамиль Ермағамбетов муай-тайдан әлем чемпионы атанды. Аталмыш спорт түрі бойынша Петропавл қаласының аға жаттықтырушысы Руслан Молдыбаевты әңгімеге тартып, солтүстікқазақстандық спортшылардың бағындырған …

МУАЙ-ТАЙ — ЖҮРЕКТІЛЕР СПОРТЫ Read More »

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ

Айтыс – киелі өнер. Өңірімізде осынау сөз додасының өріс алуына өзіндік үлесін қосып жүргендерді көп деп айта алмаймыз. Солардың бірі жиырма жылға жуық уақыттан бері сахнада жүрген Жұмабек Рахимов. Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыскерлер одағының мүшесі жуырда “Құлагер шабыт – сері Ақан” атты республикалық айтыста топ жарып, бас бәйгені жеңіп алған болатын. Өнерпаздың қуанышына құтты болсын …

АҚЫНДАРЫН ХАН ҰЛЫНДАЙ КӨРЕДІ Read More »

ӨНЕР – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Үстіміздегі жылдың шілде айында Грузия мемлекетінің Озургетти қаласында Нодар Думбадзе атындағы IV халықаралық театр фестивалі өткен болатын. Халықаралық шараға Қазақстаннан екі, атап айтқанда, Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры мен Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы қатысқан болатын. Қос театр төрт аталым бойынша марапатталып, елге үлкен мереймен оралды. Бұл сапардың …

ӨНЕР – АДАМЗАТҚА ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ Read More »

Ұлттық құрамада ойнау — абырой

Футболдан ұлттық құрама тізгінін Магомед Адиев ұстағалы бері қазақстандық аяқдопшылар халықаралық аренада жақсы ойын өрнегімен көзге түсуде. Бұған Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі матчтар дәлел. Құрама сапына биыл жергілікті “Қызылжар” командасының қорғаушысы Еркін Тапалов шақырту алды. Жақында футболшымен кездесіп, команданың соңғы кездегі жетістіктері туралы әңгімелестік. – Биыл бас бапкер Магомед Адиев шақырып, ұлттық құрама­ға алындыңыз. Бұл …

Ұлттық құрамада ойнау — абырой Read More »

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ

Парламент Мәжілісі депутаттары арасында  белсенділігімен көзге түсіп жүрген халық қалаулыларының бірі – Еркебұлан Мәмбетов. Жерлесіміз туған жер төсіне келген жұмыс сапары кезінде өндіріс орындарын аралап, сайлаушылармен кездесуді қалыпты дәстүрге айналдырған.  Жақында халық қалаулысымен қысқаша сұхбаттасудың сәті түсті. – Еркебұлан Нұрмағанбетұлы, ауылдағы ағайынды көп нәрсе толғандырады.  Күнделікті тіршіліктің қамынан бөлек, су, жол, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту …

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ Read More »