«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сұхбат

Кешегі ойыншы — бүгінгі бапкер

“Барселона” мен “Реал” ойыншыларының есімдерін жатқа білетіндер миллионнан асады. Кезінде “Қайраттың” ойыншылары да елге танымал болды. Құрбан Бердыев, Сергей Стукашев пен Фанас Салимовтың есімдері талайдың есінде. Міне, осылармен бірге доп тепкен жерлесіміз Қанат Мұхамеджановты біреу білсе, енді біреу білмес. Ол бүгінгі таңда “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өскелең буын өкілдеріне дүниежүзіне …

Кешегі ойыншы — бүгінгі бапкер Read More »

ЖАҢА ТЕАТРДА ЖАҢАША ҚОЙЫЛЫМДАР САХНАЛАНАДЫ

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ашылғаннан бергі жиырма жылдан астам уа­қыт ішінде Қызылжар өңіріндегі өнердің қарашаңырағына айналып үлгерді. Көрерменнің қоше­метіне ие қойылымдарымен ерекше. Өнер ордасы өткен жылдың соңында жаңадан салынған зәу­лім ғи­маратқа көшті. Жаңа сарайда жаңаша леппен жұмыс істеуді жоспарлап отырған театрдың көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаровпен сұхбаттасып, алдағы жоспарлары туралы сұрап білген едік. – Дәурен …

ЖАҢА ТЕАТРДА ЖАҢАША ҚОЙЫЛЫМДАР САХНАЛАНАДЫ Read More »

“Өлең – жүректің ісі”

Қазіргі қазақ поэзиясының көшін алға сүйреп келе жатқан ақын қыздардың бірі – Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың иегері Танакөз Толқынқызы. Ақынның жуырда облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің редакциясында қонақ болып, тілшілер қауымымен кездескенін басылымның өткен сандарында жариялаған болатынбыз. Қаламгермен болған әңгімені назарларыңызға қаз-қалпында ұсынып отырмыз. – Танакөз Толқынқызы, негізін Алаштың Смағұл Сәдуақасов, Мағ­жан Жұмабаев сынды ардақты­ла­ры …

“Өлең – жүректің ісі” Read More »

Спартак РАМАЗАНОВ: “ТЕАТР – ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ”

Биыл Петропавлдағы Н.Погодин атындағы орыс драма театры 136-шы маусымын өткізуде. Бұл ұжым өнер сүйер қауымға өзінің талантты актерлік құрамымен де белгілі. Өмірдің сан алуан қырларын қамтитын репертуарлары да бай. Өнер ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен, алдағы жоспарларымен танысу үшін ұжымның басшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Спартак Рамазановты әңгімеге тартқан едік. – Спартак Өмірзақұлы, театр жайына көшпес …

Спартак РАМАЗАНОВ: “ТЕАТР – ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ” Read More »

Білектің күші сыналар сәт

“Tartyl Fest” республикалық турнирінің гранд-финалына біздің өңірден 10 адам аттанды. Солардың бірі – Петропавл тұрғыны Рафаил Қадыров. Ол облыстық турнирде белтемірге тартылудан ең үздік көрсеткішке қол жеткізген болатын. Полиатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері маңызды жарысқа дайындығы туралы айтып берді. – Ауылда туып-өскен бала­лардың барлығы спортқа жақын болады деп ойлаймын. Өйткені кү­німіз негізінен далада, ойынмен, жү­гірумен …

Білектің күші сыналар сәт Read More »

Айсұлу ШАЙКЕНОВА: “ШЕТЕЛДЕ АЛҒАН ТӘЖІРИБЕМДІ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР САНАСЫНА СІҢІРГІМ КЕЛЕДІ”

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Айсұлу Шайкенова “Болашақ” Халықаралық бағдарламасыменен АҚШ-тың Нью-Йорк киноакадемиясында 8 айлық тағылымдамадан өтіп келді. Шетелде білімін жетілдіріп, мол тәжірибе алған ұстаз бүгін көрген-білгенін студенттеріне үйретуде. Үнемі ізденіс үстінде жүретін, мақсат пен еңбекті ұштастыра білген білікті маманды әңгімеге тартқан едік. – Айсұлу Жақсылыққызы, сіз журналистика саласына …

Айсұлу ШАЙКЕНОВА: “ШЕТЕЛДЕ АЛҒАН ТӘЖІРИБЕМДІ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР САНАСЫНА СІҢІРГІМ КЕЛЕДІ” Read More »

Биатлонда бағы жанған Бекентай

Қаңтар айында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өт­кен Универсиадада қазақ­стандық студенттер үш алтын, төрт кү­міс және төрт қола медаль еншілегені белгілі. Осы­лай­ша әлемнің 50 елінен келген студент­тер арасында жалпыкомандалық есепте 11-шы орынға тұрақтады. Қоржындағы үш ал­тынның екеуі – жас биатлоншыларымыздың еншісінде. Соның ішінде 10 шақырымдық спринтте солтүстікқазақстандық Бе­кен­тай Тұрлыбеков жеңіске жетіп, көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды әуелетті. Алдағы …

Биатлонда бағы жанған Бекентай Read More »

Қалдан да қауіп көп

Облыста былтыр тері меланомасынан 3 адам қайтыс болды. Терінің қатерлі ісігі – қауіпті дерттердің бірі. Мамандардың айтуынша, ол сирек кездескенімен, өлім-жітім деңгейі жоғары. Тері обыры жайында онкологиялық орталықтың емхана меңгерушісі Марат Тұрғынов айтып берді. – Марат Әнуарбекұлы, меланома қандай дерт? – Меланома – қауіпті онколо­гиялық ауру, тері обырының бір түрі. Ол терінің пигментті жасушалары­нан пайда …

Қалдан да қауіп көп Read More »

Жеңіс оңайлықпен келмейді

Осыдан бір апта бұрын Швецияның Эстерсунд қаласында шаңғыдан және биатлоннан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында әлем чемпионаты өткені белгілі. Байрақты бәсекеде ел намысын жеті спортшы қорғады, оның төртеуі – Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері. Халықаралық додада жерлесіміз Ербол Хамитов ерледі. Ол еліміздегі пара спорт тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Жуырда төрткүл дүниеге көк туымызды танытып, Әнұранымызды …

Жеңіс оңайлықпен келмейді Read More »

“АҚҚАЙЫҢДАР СИРЕП, ЕСІЛ ТАРТЫЛЫП БАРАДЫ”

Адамдар өркениеттің биігіне құлаш сермеген сайын өзі өмір сүріп жатқан ортасын ластап, бү­гін­гі таңда бұл әлем бойынша өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Атмосфералық ауа, әсіресе ірі кәсіпорындардың әсерінен бүлінеді. Бұған көміртек пен қорғасын тотығын шығаратын ескі автокөліктерді қосыңыз. Біздің елдің кей облыстарында ауаның ластану көрсеткіші қалып­ты нормадан 8-10 есеге дейін артып кеткен. Экологиялық түйткілді шешу …

“АҚҚАЙЫҢДАР СИРЕП, ЕСІЛ ТАРТЫЛЫП БАРАДЫ” Read More »

ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ – АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ САЙЛАУ

Әділетті Қазақстан құру жолындағы ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыруға басымдық берілуі саяси жаңа­рулар қоғам және уақыт талабынан туындап отырғанын тағы бір мәрте айғақтап берді. Соның бірі – кезектен тыс Мәжіліс және мәс­лихаттар сайлауы. Бұл науқанның бұрынғы сайлаулардан өзге­шелігі, партиялық тізім және бірмандаттық округ бойынша жа­сақтаудың ерекшелігі, аралас сайлау жүйесінің тиімділігі және басқа мәселелер жайлы облыстық …

ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ – АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ САЙЛАУ Read More »

Ерте анықталса, емделу оңай

Өңірде былтыр 66 адамға аталық без обыры диагнозы қойылды. Ем-дом жүргізілгенімен есепте тұрған 12 сырқат қайтыс болды. Аталық без обырына кімдер жиі шалдығады, оның белгілері қандай? Бұл сауалдардың жауабын облыстық көпсалалы аурухана жанындағы онкологиялық орталықтың онкохирург-дәрігері Сергей Краснов айтып берді. – Аталық без қатерлі ісігіне ерлер шалдығады ғой. Бұл обырдың пайда болуының нақты себебі бар …

Ерте анықталса, емделу оңай Read More »

“Арманым — Олимпиада шыңы”

Қазақ халқының жігіттері ғана емес, бұрымдылары да батыр келеді. Томиристен бері қарайғы тарихымызда жаумен жалғыз өзі айқасқан аруларымыз аз болмаған. Бүгінгі бейбіт заманда да білекті әрі жүректі қыздарымыз баршылық. Солардың бірі – “Qyzyljar arlandary” клубының белді мүшесі, дзюдо спортынан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа кубогының қола жүлдегері Назгүл Маратова. Жақында балуан қызбен сұхбаттасудың сәті түсті. …

“Арманым — Олимпиада шыңы” Read More »

ҒАЛАМТОР – БІР КҮНДІК, КІТАП – МӘҢГІЛІК

Өркениетті қоғамның басты тірегі – білім мен ғылым. Оған ешкімнің таласы бола қоймас. Ал білімнің кілті – кітапта екені әлімсақтан белгілі. Мұның сырын ерте ұғынған билеушілер, мемлекет басшылары, оқымыстылар мен ғалымдар сонау ықылым заманның өзінде-ақ билік құрған елінде ең әуелі кітап оқу мәдениеті мен кітапхана ісін гүлдендіруге баса назар аударғанын тарихи туындылардан оқуға, көруге болады. …

ҒАЛАМТОР – БІР КҮНДІК, КІТАП – МӘҢГІЛІК Read More »

Дәрігер еңбегі – ерлікпен пара-пар

Өңір тұрғыны Роза Қосаева жиырма жылдан аса Ақжар аудандық ауруханасында дәрігер болып еңбек етіп келеді. Емдеу мекемесіне жас маман болып келген ол осында тәжірибе жинады, біліктілігін арттырды, ең бастысы – көптеген адамның өміріне араша түсті. Медициналық құралдар қат кезеңде де күрделі оталарды жасап, міндетін адал атқарды. Жаңа жыл қарсаңында ауыл дәрігерін тілшіміз әңгімеге тартқан еді. …

Дәрігер еңбегі – ерлікпен пара-пар Read More »

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ қауіп тобына кімдер жатады?

Өңірде биыл 50 адамда ұйқы безі қатерлі ісігі анықталса, 27 сырқат осы дерттен қайтыс болды. Қазіргі уақытта 52 адам диспансерлік есепке алынған, ауырғандардың әр үшіншісі – ер адам. Ұйқы безі обырынан өлім-жітім неге жоғары, кімдер қатер тобына кіреді? Облыстық көпсалалы аурухананың онкология орталығының онколог-хирургі Сергей Краснов қатерлі дерт жайында қойған сауалдарымызға жауап берген еді. – …

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ қауіп тобына кімдер жатады? Read More »

АЗИЯ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН НҰРСҰЛТАН

Тайланд астанасы Бангкок қаласында кикбоксингтен Азия біріншілігі өткені мәлім. Сарықұр­лықтың үздік спортшылары бас қосқан додада жалпыкомандалық есепте ел құрамасы жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орын жарысты ұйымдастырушы мемлекеттің еншісіне жазылды. Ал өзбекстандық кикбоксшылар қола жүлдегер атанды. Дүбірлі аламанда солтүстікқазақстандық былғары қолғап шеберлері Отанымыздың көк байрағын көкке желбіретіп, медаль тағынды. Қы­зылжарлық Нұрсұлтан Жақыпов 86 килограмм салмақ дәрежесінде …

АЗИЯ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН НҰРСҰЛТАН Read More »

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ”

Театр – тәрбие мектебі, тәлім, рухани азық алар орда, еңбектің көркемі, көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ, идеологиялық құрал. Ондағы әрбір әртістің болмыс-бітімі мен қабілет-қарымы осы үлкен еңбекке арқау. Бүгінгі сұқбатымыздың кейіпкері – Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі, көрерменнің көзайымына айналған актер Асылхан Разиев. – Асылхан Талғатұлы, өңіріміз­дің өнер сүйер қауымы, …

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ” Read More »

Өкпе обыры ерлерге үйір

Өңірде өкпе обырымен ауыратын 400 адам диспансерлік есепте тұр. Сырқаттанғандардың шамамен төрттен үші – ер адамдар. Облыстық көпсалалы аурухана онкологиялық орталы­ғының онкология блогының жетекшісі, торакалды хирург Жігер Дүйсенов өкпенің қатерлі ісігі жайында айтып берді. – Жігер Ерғалиұлы, біздің өңір өкпе обы­ры таралуы бойынша елімізде бірінші орында келеді, оның себе­бі неде? – Обырдың пайда болу себептері …

Өкпе обыры ерлерге үйір Read More »

“Жалақының аздығы газет таратуға кедергі емес”

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда мерзімді басылым таралымының төмендеп кетуіне пошташы­лардың да кінәсі бар. Олардың жалақыларының аздығын алға тартып, газет-журналға жазылуды дұрыс ұйымдастыра алмай отырғандарына ауылдарды аралаған кезде көз жеткіздік. Бірақ қазіргідей қымбатшылық қос бүйірден қысқан заманда бес-он мың теңге еңбекақы алып, жұмыс істеп жүрген оларды кінәлауға да болмайтын сияқты. Дегенмен, мардымсыз жалақыға қарамастан ұлт үшін, …

“Жалақының аздығы газет таратуға кедергі емес” Read More »