«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

АЛТЫ ЖҮЗ ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қашан да маңызды. Елімізде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың аясында жаңа үйлер салынып жатыр. Ал жылдап пәтер кезегінде тұрғандардың баспаналы болды – үлкен қуаныш. Облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолда­нысқа беріліп, 600 отбасы баспа­на­лы …

АЛТЫ ЖҮЗ ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ Read More »

Қызылшаға шалдыққандар азаяр емес

Өңірде қызылша жұқтырғандар саны күннен-күнге артып келеді. Ауырған 75 адамның шамамен әр үшіншісі – Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық ұланы академиясының курсанты. Дертке шалдыққандардың 68-і – Петропавл қаласының тұрғыны. Же­келеген жағдайлар Аққайың, Айыр­тау Мамлют, Қызылжар және Жамбыл аудандарында анықталып отыр. Қызылша – жұқпалы ауру. Ауа ар­қылы тарайды. Қызылша жұқтыр­ған адаммен қатар тұ­рып әңгімелес­кенде екінші адам­ның сырқаттануы әбден …

Қызылшаға шалдыққандар азаяр емес Read More »

“ҚУАНЫШ” — БІРІНШІ ТУР ЖЕҢІМПАЗЫ

Соңғы жылдары облысымызда волейбол спорты қанатын кеңге жайып келеді. Жергілікті “Қуаныштың” құрлықтық және республикалық додаларда сәтті өнер көрсетіп, ел чемпионатында жүлдегер атануы сөзімізге дәлел. Петропавл қаласында өткен 2023-2024 жылғы ел біріншілігінің алғашқы турында мықты екенін тағы бір рет байқатты. Жерлестеріміздің соңғы жетіс­тік­терінің бірі – ел кубогында же­ңімпаз атануы. Команда көшбасшы­ларының бірі Сәбира Бекішеваның айтуынша, жылда …

“ҚУАНЫШ” — БІРІНШІ ТУР ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

Тереңнен тартқан тамырын

Мамлют ауданына қарасты Бике ауылының тұрмыс-тіршілігімен, тарихымен танысу мақсатында таңалакеуімнен елді мекенге аттандық. 120 шақырымды қалай артқа тастағанымызды сезбей де қалыппыз. Темір тұлпарымыз кілт тоқтады. Алдымызда абыз ананың алтын түстес ескерткіші жарқырап тұр. “Бұл – біздің Бике анамыз!” – деді көлік тізгінінде отырған Қанат Бегенов. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тарих факультетінің студенті ауыл тарихының …

Тереңнен тартқан тамырын Read More »

Жер – халықтың несібесі

Астықты өңір диқандары көктем-жаз бойы бел жазбай еңбектеніп, шыққан өнімді қолайсыз ауа райына қарамастан қамбаға құйып алды. Қазір облыстағы шаруашылықтар тұрғындар алдындағы міндеттемелерін өтеп жатыр, кейбірі халыққа пайларын беріп үлгерген. Солардың бір шоғыры Аққайың ауданында орналасқан. Тоқшын ауыл­дық округінде 2 мыңнан астам адам тұрады. Тұр­ғындардың басым көп­ші­лігінің қора­­сында малы бар. Сондықтан олар үшін пайды уақытында …

Жер – халықтың несібесі Read More »

Кликфрод – алаяқтықтың жаңа түрі

Веб-коммуникацияның дамуы­мен көптеген кәсіпкерлер өз тауар­лары мен қызметтерін онлайн жар­нама арқылы өткізеді. Алаяқтар да уақытпен қатар жүріп, алаяқтықтың жаңа түрлерін ойлап табуда. Мысалы, кликфрод, оны кликтеу деп те атайды. Кликфрод (ағыл. “сlick fraud” – алаяқтық клик) – бұл жарнама беру­шінің шығындарын ұлғайту үшін арнайы адамдар немесе боттар қандай да бір жарнамалық сілтемені ба­сатын іс-шаралар кешені. …

Кликфрод – алаяқтықтың жаңа түрі Read More »

МЕНІҢ ШЕШЕМ — ЕҢ ІЗГІ АНА!

Кез келген жанның бұл өмірде ерекше жақсы көретін, қадірлеп, құрметтейтін ең жақын адамы – анасы екені ақиқат. Ана – аяулы есім. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің астарында қаншама мейір-махаббат жасырынып жатыр десеңізші! Асылдардың асылы, бәрімізге өмір сыйлаған ғазиз аналарымыздың сырлы да, нәрлі өмір жолдары әрқашан жан-жүрегімізді толқытып, олардың жеңімпаз рухын асқақтата түседі. Анамыз Әйбөпе …

МЕНІҢ ШЕШЕМ — ЕҢ ІЗГІ АНА! Read More »

Аузы дуалы ақсақал азайды

Өмірде көргені мен түйгені көп қария – бір мектеп еді. Немере, шө­берелерін жинап алып, арнайы сыр­мақ төсетіп, сырлы шарадағы құнан қымызды сапыртып отырып, әңгіме­нің желісін ағытушы еді ғой. Ауылға ақсақал жақындаса алдынан шығып, қолтықтап түсіріп, атын байлап үйге кір­гіз­генше “Е, шырағым әкеңмен әңгімелеспегелі жарты айдың жүзі болды. Ішіме біраз әңгімелер жиналып қалды, Солтан атаң менен …

Аузы дуалы ақсақал азайды Read More »

Студенттердің үздік жобалары

Оқу-ағарту министрлігіне қарас­ты “Талап” акционерлік қоғамы ұйымдастырған “WorldSkills Kazak­hstan 2023” VIII республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күн бойы өңірлік чемпионаттардың жеңімпаздары 30 құзырет және 7 бағыт бойынша үздік атану үшін бақ сынасты. Салтанатты марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Министр өз сөзінде барлық қа­тысушыларды техникалық және кә­сіптік білім беру саласындағы айту­лы шарамен құттықтап, …

Студенттердің үздік жобалары Read More »

Білікті маман – өндіріс тірегі

Өндірістің негізгі тірегі – білікті маман. Тәжірибесі мол, маманды­ғының қыр-сырына қаныққан жан­дар бар жерде жұмыс әрқашанда бе­рекелі. Петро­павл ауыр машина жасау зауы­тында да тәжірибелі мамандар мек­тебі қалыптасқан десек болады. Сол мектепте маман ретінде біліктілігін арттырып, тәжірибе жинаған Бағдат Жәнімбетов қазір өзінен кейінгілерге бар білгенін үйретіп жүр. Бағдат Мұхамеджанұлы – Алма­ты қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық …

Білікті маман – өндіріс тірегі Read More »

Аудандағы іскер әйелдер

Мамлют ауданында “Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы” мен іскер әйелдер қауымдастығының филиалы ашыл­­ды. Аудандық деңгейдегі ұйымға мүшелік ететін нә­зік жан­дар­дың саны әзірге көп емес. Дегенмен алдағы уақытта қатары қалыңдай түсетіні айдан анық. Осы ретте аудандағы іскер әйелдерге белсенді қыз-келіншектер барынша қолдау танытпақ. – Осы ауданда ашылып жатқан “Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы” мен іскер әйелдер қауым­дастығының өкілдерін …

Аудандағы іскер әйелдер Read More »

Еңбегі елдің есінде

Петропавлда қоғам қай­рат­кері, саясаткер, агроном Сай­лау Өтеевтің құрметіне орай мемо­риалдық тақта ашыл­ды. Ескерт­кіш тақта бұ­рын Сайлау Ғаббасұлы тұрған үйдің қабырға­сына орнатылды. Салтанатты іс-шараға еңбек ардагерінің туған-туысқандары, өңірдің зиялы қауым өкілдері, замандас­тары мен облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Сайлау Өтеев 1939 жылы Есіл ауданындағы Өрнек ауылында дүниеге келген. 1964 жылдың қыркүйегінде Алматы ауыл шаруашылығы институтының агрономия …

Еңбегі елдің есінде Read More »

Алпыс сегізінде асық ойнайды

Жақында Астана қаласында еліміз бойынша асық ойынының шеберлерін марапаттауға арналған “Жыл үздігі – 2023” шарасы өтіп, “Үздік ардагер асықшы” номинациясында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Әсет Рамазанов жеңгенін естігенде төбем көкке бір елі жетпей қалды. Теңге ілу, бәйге, жамбы ату, аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалақ, құсбегілік және асық ату сияқты 9 ұлттық спорт түрінен федерацияларды біріктірген Ұлттық …

Алпыс сегізінде асық ойнайды Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ

Қазақ баспасөзінің тарихында ойып алар орны бар, іргесін Мағ­жан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қош­ке Кемеңгеров, Ғаб­бас Тоғжа­нов, Бек­мұхамет Серкебаев сынды Алаш­тың ардақ­тылары қалаған, сар­ғайған беттерінде небір айтулы тұл­ға­лардың қолтаңбасы қалған, халық “қарашаңырақ” деп қас­тер­лейтін, Есіл өңірінің болмысындай өріліп, өмір құбы­лыс­тарын боямасыз өр­нек­теп келе жатқан, ғұмыры ғасыр­мен өл­шенетін басылым – “Soltüstık Qazaqstan” газетінің та­рихы бай әрі терең, …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ Read More »

Дара туған дарын

Еліміз тәуелсіз мемлекет атанғалы бері көгалдағы хоккейден талай құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысқаны белгілі. Дегенмен әлі күнге дейін көк шөпте өнер көрсететін спортшылардың биік шыңдарды бағындырғандарын байқаған емеспіз. Кеңес өкіметі тұсында бұл спорт түрі біздің елде ерекше дамыған еді. Оған дәлел – саңлақтарымыздың одақ құрамасына ілігіп, дүниежүзілік додаларда өнер көрсетуі. Жасындай жарқылдаған жерлесіміз Саян …

Дара туған дарын Read More »

ӘЛІ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАНДАР БАР

Өткен аптада өңірде қарлы дауыл салдарынан электр же­лі­лері үзіліп, бағандардың сынуына бай­ланысты об­лыстың 183 ауылы жарық­сыз қалған. “Солтүстік Қазақстан электр та­рату компаниясы” акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жөндеу жұмыста­рына барлығы 46 апаттық бригада мен 180-нен астам техника жұмыл­дырылған. Алайда жарық толық бе­рілген жоқ. 16 ауылдың тұрғындары, яғни, 1175 абонент әлі күнге дейін жарықсыз отыр. …

ӘЛІ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАНДАР БАР Read More »

Қызылша жұқтырғандар көбейді

Өңірде қызылша жұқтырғандардың 60 пайызы – 17 жастан асқан ересектер. Ауырғандардың басым бөлігі Петропавлда тір­келіп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев айтты. Жыл басынан бері облыста қы­зылшаға шалдығудың 77 жағдайы тіркелді, оның 49-ы зертханалық тек­серу барысында расталған. Сырқат­танғандардың 86 пайызы дертке қарсы екпе алмаған. Петропавлда­ғы әскери …

Қызылша жұқтырғандар көбейді Read More »

Тыйым сөз – тәрбие құралы

Жас балаларды адал, шыншыл, батыл болуға тәрбиелеу – ата-анаға да, ұстазға да ортақ міндет. Халқы­мыздың бала тәрбиесіндегі басты құралының бірі – ауыз әдебиетіндегі тәрбиелі сөздер. Мысалы, балалар тақпағы, бесік жыры, баланы әлди­леу, жұбату термелері, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мысал, ертегі, сөз- жұмбақ, қария өсиеттері – халқымыз ғасырлар бойы кеңінен пайдалана беретін асыл қазыналар. Ұлағатты, тәрбиелі сөздердің маңызы …

Тыйым сөз – тәрбие құралы Read More »

Алғашқы олимпиада

Елімізде ауыл мектептері оқу­шы­лары арасындағы республика­лық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңі басталды. Пәндік олимпиа­дада 85 мыңнан астам жоғары сы­нып оқушысы бақ сынамақ. Ал об­лыста білім сайысына 3 мыңға жуық бала қатысады. Дода 13 пән бойынша өтеді. Оқушылар тек қа­лам және қағазбен кіруі қажет. Олардың іс-әрекеті камералар ар­қылы қадағаланады. Мұндай іс-шара елімізде бірінші рет ұйымдас­тырылып отыр. Мәселен, …

Алғашқы олимпиада Read More »

Мерейлі мезет

Петропавлдағы Мағжан Жұма­баев атындағы жоғары колледжі 103 жылдығын атап өтті. Кол­ледж қабырғасында мерейтойға орай салтанатты шара ұйымдасты­рыл­ды. Жиын­да облыстың білім беру жүйесін да­мытуға зор үлес қосқан оқытушыларға білім басқар­ма­сының Құр­мет грамоталары мен Алғыс хат­тары табысталды. Салтанатты шарада колледжі­ші­лік “Үздік оқытушы – 2023” кәсіби ше­берлік байқауының қорытын­ды­сы жарияланды. “Шығармашылық және шабыт”, “Білімпаз оқытушы”, “Жас­тық шақ және …

Мерейлі мезет Read More »