«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Мұндай “құрметтің” қажеті жоқ

Халқымызда “өлі риза болмай, тірі байымайды” деген керемет сөз бар. Кей адамдар оның мағынасын марқұмдарға арнап қымбат, зәулім кесене тұрғызу, әшекейлі құл­пытас орнату деп түсінетіндей. Бақилық болған адамдарға мұндай “құрметтің” бірі де қажет емес. Құран бағыштап, дұға оқыса, есімдерін ұмытпай, жақсы істерін еске алып отырса, жеткілікті. Өкінішке қарай, ысырапшылдық­ты, арзан даңғойлықты, мақтаншыл­дықты, ешқандай абырой әпермей­тін …

Мұндай “құрметтің” қажеті жоқ Read More »

Мақтау айту әдебі

Мақтау айту жайында асыл дінімізде де, бұрынғы өткен қаламгерлер мен ғұламалардың еңбектерінде де көп айтыл­ған. Олардың бәрінің мақтау айтуға осынша мән беруі бекер емес. Өйткені адамның маңдай терін, еңбегін мүлде елемей, жігерін құм қылу, ол керісінше асыра мақтау оны ашуланшақ, рен­жігіш, өркөкірек, көп жағдайда тәкаппар етуі мүмкін. Сондық­тан да не нәрсенің болсын жолын біліп, дініміз …

Мақтау айту әдебі Read More »

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Алматыдан Петропавлға қаты­найтын Тальго пойызына отырғызу басталды. Көлемі шағын болғаны­мен салмағы әжептәуір қызыл че­моданымды сүйреп келемін. Доңға­лақтары асфальтқа үйкеліп, қозғала жөнелгенде чемоданның ауырлығы сезілмей қалды. Вагонға тез жетуге асықтым. Жол жүру құжатымда көрсетіл­ген 4-ші вагон перронға кіретін есіктен алыс емес екен. Көк түсті форма киген қыз жымия қарсы алды. – Сіздің орныңыз 4-ші вагонда ма? …

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ Read More »

Тоғызы да – жүлдегер

Шымкент қаласында кикбок­синг­тен ел біріншілігі өтті. Жарыс­қа 18 командадан 211 спортшы қатысты. Өңір намысын 9 кик­бокс­шы қорғады. Олардың барлы­ғы да жүлдегерлер қатарынан кө­рін­ді. Жерлестеріміз үш алтын, екі кү­­­міс және төрт қола медаль еншіледі. Жарыстың фулл-контакт бөлі­мін­де 54 килограмм салмақ дәре­жесінде сынға түскен Данияр Жара­сов, 54 килограмдағы Аслан Асылбеков пен 86 килограмдағы Нұрсұлтан Жақыповтар алтыннан алқа …

Тоғызы да – жүлдегер Read More »

Сырт алаңдағы жеңіс

Өткен демалыс күндері фут­болдан жоғары лига командалары арасында 20-шы турдың ойын­дары өтті. Солтүстікқазақстандық “Қызылжар” клубы сырт алаңда ақтаулық “Каспиймен” кездесті. Ел біріншілігінің кезекті туры басталмас бұрын жерлестеріміз турнир кестесінде 5-ші орында тұр­ған болатын. Еурокубок аймағына жақындау үшін қызылжарлықтарға жеңіс ауадай қажет еді. Сондықтан болар, бірінші минуттардан бастап солтүстікқазақстандық аяқдоп­шы­лар аянып қалған жоқ. Алаң иелері де …

Сырт алаңдағы жеңіс Read More »

Өжет өртсөндірушілер

Облыстық төтенше жағдайлар де­партаментiнiң өрт сөндiру және апат­тық-құтқару жұмыстары қызметi ме­­кемесінің мамандары өңіріміздегі өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт­­­тен құтқару спорты бойынша жа­рыс ұйымдастырды. Оған облыстың өрт­ке қарсы қызмет гарнизонының ау­дан­­дық және қалалық бөлімшеле­рі­нен 18 команда (72 өртсөндіруші) қатысты. Жарыс бағдарламасына 100 метр­лік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жаю және оқу-жаттығу мұнарасының 4-қаба­тына шабуылдау сатысымен …

Өжет өртсөндірушілер Read More »

АШЫЛМАҒАН АҚИҚАТТАР КӨП ӘЛІ…

Ес білгелі жүрегімді сыздатып келе жатқан сауалдың нүктесін қойғым келеді.  Сонда ғана әкеме деген құрметім еселеніп, ата-бабаларымның алдындағы міндетімді орындайтындаймын. Биыл сол тілегімді жүзеге асырудың сәті түсіп, Мәскеуден Петропавл қаласына жол тарттым. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қала атам мен әжемнің және әкемнің кіндік қаны тамған жер. Арғы аталарымыз Донецк облысына қарасты Таганрог ауданының Федоровка елді мекенінде …

АШЫЛМАҒАН АҚИҚАТТАР КӨП ӘЛІ… Read More »

ШЕКАРАДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП

Президент Қасым-Жомарт То­қаев киелі Түркістанның төрінде өт­кен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтырудың жолын нақты айқындап бер­ді. Солардың ішінде қоғамда жиі кө­те­рілетін өзекті проблемалардың бірі – Қазақстан үшін стратегиялық ма­ңызы зор шекаралық аймақтарды дамыту жайына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы: “Шекара маңын­дағы елді мекендердің ахуалы жері­міздің тұтастығына және еліміздің …

ШЕКАРАДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ КӨП Read More »

САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚ САН СОҚТЫРМАСЫН!

Баланы қуанту – бір бақыт. Сәбилерімізге қалағанын әперіп, ті­лектерін орындап, түрлі сыйлықтар жасаймыз. Осы тұста олар­ды қуанту үшін алып беріп жатқан ойыншықтарымыздың сапасына мән беріп жүрміз бе? Сұрақтың жауабын білу үшін қаламыздағы ойыншық сата­тын бірқатар сауда орындарын ара­лап шықтық. Бала тұрмақ ересек­терді қызықтырып, өзіне еріксіз елі­тетін ойыншықтар дүкен сөрелерін­де тізіліп тұр. Самсап тұрған түрлі ойыншықтардың …

САПАСЫЗ ОЙЫНШЫҚ САН СОҚТЫРМАСЫН! Read More »

ТАҒЫЛЫМ НӘРІ

Есіл аудандық ардагерлер кеңесі “Шын жүректен” қанатқақты жобасы аясында үш буын өкілдеріне құрмет көрсетті. Заградовтықтар мәртебелі қонақтарды Мәдениет үйінде жылы шыраймен қарсы алып, облыстық ардагерлер кеңесінің ұрпақтар арасындағы сабақтастықты өзара ұштастыру, тағылымды өнегелерді жас буынға үлгі ету бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдады. Мерекелік іс-шара басталар ал­дында Заградовка елді мекенінің күнделікті тіршілігі жайлы бей­не-баян көрсетілді. Одан …

ТАҒЫЛЫМ НӘРІ Read More »

Ауаның ластануы – сан ауруға себеп

Өңірімізде биыл 3 мыңға жуық тұрғын қайтыс болса, соның шама­мен әрбір үшіншісі қан айналымы және тыныс алу жүйесі ауруларынан көз жұмған. Бұл – ресми статистикалық мәлімет. Мамандардың айтуынша, ауаның зиянды заттармен ласта­нуы денсаулыққа кері әсер етіп, өк­пенің қабынуы, демікпе, туберку­лез, жүректің ишемиялық ауруы, қан қысымының жоғарылауы сияқ­ты дерттерді тудырады. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық ба­қылау департаментінің коммунал­дық нысандарды …

Ауаның ластануы – сан ауруға себеп Read More »

Талпынған жетер мұратқа

Ел спортының еңсесін көтеру үшін алдымен ауылдық жерлердегі жағдайды түзеу керек екенін біздің облыс басшылығы ісімен дәлелдеп келеді. Айталық, өңіріміздің орталығынан шалғай жатқан Ақжар ауданында ауыл спортына айрықша көңіл бөлініп отыр. Су жаңа спорт ғимараттары салынып, аймақтың намысын республикалық және халықаралық деңгейде қорғайтын спортшыларға жағдай жасалуда. Талшық ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі сонау …

Талпынған жетер мұратқа Read More »

Құқықтық көмек

“Amanat” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында бір топ тұрғынды қабылдады. Бастауыш ұйым өкілдері сараптама жүргізген кезде халық құқық саласына қатысты түйткілдерге жиі тап болатынын анықтаған. Биыл наурыз айында “Құқықтық көмек” партиялық жобасы іске қосылғалы жүгінушілердің қатары көбейіп, бірқатар проблеманың түйіні тарқатылған. Келіп түскен 15 өтінім негізінен құқықтық қорғау, …

Құқықтық көмек Read More »

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТҮЛЕКТЕР

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 59 түлегі (барлық оқушылардың 95 пайызы) грант иегері атанды. Олар алдағы уақытта отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білімдерін шыңдамақ. Оның ішінде 12 түлек Жапония, Гонконг, Италия, Малайзия, Венгрия және Чехияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Камила Бекқожина мектеп тари­хында алғаш рет Токио халықара­лық университетінің (TIU) грантын иеленді. Олжас …

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТҮЛЕКТЕР Read More »

Табиғат жанашырлары

Өңірде өткен аптада басталып, төрт күнге созылған “Climate week” фестивалі өз мәресіне жетті. Гер­ма­­ния, Өзбекстан, Ресей мен өз елі­міз­дің 14 университетінен жиналған өрен­дер жаһан жұртын алаңдатып отырған экология мәселесін шешу жолдарын талқылап, Қызыл­жардың тамаша табиғатынан ерек­ше әсер алып қайтты. Ашылу салтанаты М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан универ­си­тетінде ұйымдастырылып, қалған үш күнді жастар Айыртау ауданында өткізді. Олар …

Табиғат жанашырлары Read More »

Алимент төлеу – парыз

Өңірде алимент төлеуден қашқан 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың бесеуі сотталды. Қалған үшеуі 4 млн. теңгеден астам қарыздарын өтегендіктен жауапкершіліктен босатылды. Облыс прокурорының көмекшісі Рустам Саденовтің айтуынша, али­мент төлеуден жалтарып, сол үшін сотталған бес адамның қарызы 9 млн. теңгеден асып кеткен. “Өңірде алимент төлейтін 7519 адам бар. 175 борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр. Бүгінде …

Алимент төлеу – парыз Read More »

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЖАСТАР КҮНІ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі биылдан бастап 12-ші тамызды жастар күні етіп бекітті. Бұл күні елімізден бөлек әлем жұртшылығы халықаралық жастар күнін атап өтеді. Көп жылдан бері атаусыз қалған мереке биыл қайта жанданып, еліміздің әр өңірінде фестивальдер, концерттер, жәрмеңкелер, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Осылайша жастар күнін атап өту бір аптаға жалғасты. Өңір жастары республикалық ап­талыққа қатысып, …

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ЖАСТАР КҮНІ Read More »

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге әуес

Халқымыздың үштен бірін жастар құрайды екен. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді. Жастарымыздың саны артқан сайын оларға қатысты бірқатар мәселелер де ушыға түсері анық. Бұл проблемаларды екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – баспана жетіспеушілігі, жұмыссыздық, кәсіпкерлікті дамыту сияқты әлеуметтік мәселелер болса, екіншісі – жастардың рухани, мәдени дамуына, саламатты өмір салтын ұстануына қатысты құндылықтар. Мұның біріншісін …

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге әуес Read More »

Емханаға тіркеу ережелері

15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Биыл еңбек мигранттары – шетелдіктерді емханаға тіркеу ережелері өзгерді. Енді олар емханаға келісімшартпен немесе ерікті медициналық сақтандырумен, сондай-ақ жүктелген медициналық сақтандыру шартымен барулары керек. Жаңа ережелер үстіміздегі жылдың 14 тамызында күшіне енді. Еңбек заңнамасы және “Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау …

Емханаға тіркеу ережелері Read More »

Еліміздегі ең жедел қызмет

Өңірдің медицина қызметкерлері республикалық спарта­киададан олжалы оралды. “Жедел жәрдем” бригадасы Семей қа­ласында өткен бәсекеде жарыстың ең биік тұғырына көте­ріліп, 20 команданың арасынан топ жарды. Облыстық жедел медициналық көмек орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, жыл сайын ұйымдастырылатын сайыс­тың мақсаты – жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру. Тап­сырмалардың ешқайсысы таңсық емес, …

Еліміздегі ең жедел қызмет Read More »