«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУДАН ЖЫЛНАМАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жазушы Айтбай Сәулебектің “Ұлы Мағжан елінде” атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі Қайрат Омаров, ауданның құрметті азаматтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Қайрат Омаров кітап авторына ризашылығын білдіріп, бұл егеменді еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тамаша тарту болғанын атап өтті.

– Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарық көрген бұл басылым өте құнды. 30 жыл ұзақ уақыт емес, алайда бұл кезеңде көп­теген жер­лестеріміз, қарапайым жұмысшылар мен патриоттар аянбай еңбек етті. Соның нәтижесін осы кітпатан көруге болады. Біздің ұлы жерлесіміз Мағжан Жұмабаев бір кездері жастар мен жарқын болашаққа сеніп, еліміз­дің азаттық аларына үмітпен қараған еді. Ақынның сол арманы орындалып, жаңа ел құруға мүм­кіндік алдық, – деді аудан басшысы.

Кітаптың таныстырылымы кезінде ауданның құрметті азаматы Оралбай Сағындықов, “Egemen Qazaqstan” республикалық газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншік­ті тілшісі Жақсыбай Самрат пен “Газета “Вести” ЖШС-нің директоры, бас редакторы Неля Гончар сөз алып, тарихи-танымдық кітаптың аудан тұрғындары үшін, әсіресе жастар үшін маңызы зор екенін тілге тиек етті. “Ұлы Мағжан елінде” атты тарихи-танымдық кітап 1000 дана болып басылып шықты, енді ол ауданның кітапханаларына, мұражайлары мен мектептеріне таратылмақшы.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp