«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айтыстың ақтаңгері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жер­ле­сіміз, атақты ақын, әнші, ұстаз Игі­бай Әлібаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған “Айтыстың ақтаң­гері” атты әдеби-сазды кеш өтті. Ша­раға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, сту­дент­тер, “Қаламгер” клубының мү­шелері, кітапхана оқырмандары қа­тысты.

Алғашқы болып сөз сөйлеген ар­дагер ұстаз Қарақат Шалабаев Игі­бай Әлібаевтың өмір жолына, ән­шілік өнеріне жан-жақты тоқтала келе, оның айтыскер ақын, актер болға­нын және өмірінің қырық жылға жуық уақытын шәкірт тәрбиесіне арнап, ұстаздық еткенін тілге тиек етті.

Облысымыздың құрметті азама­ты, белгілі күйші Серік­бай Құсайынов Игібай Әлібаевтың алдымен айтыс ақыны ретінде таныл­ғанын, 1936 жылы Алматыдағы қа­зақтың академиялық драма теат­рында жұмыс істегенін, Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы ауыр жараланып елге оралғаннан, кейін Петропавл қаласындағы Ақан сері атындағы облыстық филармонияда көркемдік жетекші қызметін атқарға­нын айта келе, естелі­гімен бөлісті.

Шара барысында қалалық ардагерлер кеңесінің төра­ғасы Жангелді Тәжин, Игібай Әлі­баевтың шәкірті, облысымыздың құр­метті азаматы Тілек Әбдірах­манов, Қазақстан журналистер ода­ғының мү­шесі Қайрат Дүйсенбі де сөз алды. Игібай Әлібаевтың есімін мәң­гі есте қалдыру жөнінде көптеген ұсы­ныстар айтылды.

Самрат Құскенов белгілі жур­налист Тоқтар Зікіриннің И.Әлі­баевқа арнаған өлеңін оқып берді. Кітапхана оқырманы Мөлдір Қыстау­баева Игібай Әлібаевтың “Біржан сал ауылында”, М.Қозыбаев атын­дағы СҚУ-дың студенті Қызғалдақ Бер­дімұрат “Достарым бар” атты туындысын жатқа оқып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

Дәстүрлі әнші Біржан Есжан орындаған Үкілі Ыбырайдың “Шал­қы­ма”, “Қызыл асық”, Ақан серінің “Ақтоқты” әндері тыңдармандардың жү­ре­гіне жол тартты.

Жиын соңында қатысушылар И.Әлібаевтың шығармашылығына арналған “Ақиық ақын” атты кітап көр­месін тамашалады.

Майра ӘШІМОВА,

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp