«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шабындыққа шалғы түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаз айында тынымсыз еңбек етіп, қысқа қызу дайындық жүргізетін агроқұрылымдар шілденің ортасында шөп шабу науқанына кірісті.  Егін орағы басталғанға дейін тынымсыз еңбек етіп, мал азығын жинап алулары тиіс. Биыл облыс бойынша 940 мың тонна шөп қажет. Бүгінгі күнге дейін жоспарлы жұмыстың 20  пайызы орындалды.

Биыл мал азығының шығымдылығы жақсы. Өңір аумағында арагідік жауын жауып, бірнеше күн қатарынан ысыған ауа көктің көтерілуіне септігін тигізді. Шабындық алқабында білек сыбана тынымсыз еңбектеніп жатқан шаруалар шөпті ысырап қылмай жинап алулары керек.

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы агроқұрылымдар 120 мың тонна шөп шауып, 25 мың тонна пішен дайындап үлгерді. 

Есіл ауданындағы “Явленское МТС” серіктестігінің жұмысшылары жылда шіліңгір шілденің ортасында шабындыққа шалғы салады. Қажеттілік – 400 тонна. Оның барлығы агроқұрылым мамандарына, ауыл тұрғындарына арзан бағамен сатылады. Бүгінгі күнге дейін жалпы жоспардың 20 пайыздан астамы орындалыпты. Мал азығының шығымы көңіл қуантады.

Есіл ауданындағы Спасовка ауылдық округіне 3 ауыл қарайды. Тұрғын саны 400-ге жуықтайды. Халықтың дені мал ұстап, күн көріп отыр. Спасовка ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Данияр Қозыбаевтың айтуынша, “Явленское МТС” және “Жанғали” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылары жұмысшыларын, ауыл тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз етеді. 1 орама шөптің бағасы 3 пен 6 мың теңге аралығында. Жергілікті билік бағаны назарда ұстайды.  Зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер де бар екен.

– Шөптің шығымы жақсы. Жаңбыр сәл кештеу жауды. Сонда да шөпке, оның сапасына көңіл толады. Арнайы егілген жоңышқа мен бидайықтың буыны қатқан, бойындағы дәрумендері жойылмаған күйінде атжалға түсірілді, – дейді “Явленское МТС” ЖШС-ның механизаторы Айтқабыл Құсайынов .

Байболат ҚҰЛТАНОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp