«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.11.2023

ҮЗДІКТЕР КӨРМЕСІ

“Қазақстанның үздік тауары – 2023” көрме-байқауына 20 өңірден барған 180 кәсіпорын қатысты. Қатысушылардың қатарында облысымыздың бірнеше тауар өндіруші компаниясы бар. Астана қаласында “ЕХРО” халықаралық көрме павильонында “Қазақстанның үздік тауары – 2023” көрме-байқауы өтті. Бұл байқауға аймақтық сыннан сүрінбей өткен тауар өндіруші кәсіпорындар қатысты. Солардың ішінде солтүстікқазақстандық жеті компания бар. Олар – “Петропавл электротехникалық зауыты”, “АБД-Орман”, …

ҮЗДІКТЕР КӨРМЕСІ Read More »

Одақтың талабы ортақ

Өңірімізге Қазақстан стандарттау және метрология институтының өкілдері келді. Елордалық мамандардың мақсаты – өңірде өндірілетін ет пен сүтті Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің техникалық талаптарына сәйкестендіру. Тиісті ережені бәрі білуі тиіс. Сондықтан арнайы ұйымдастырылған семинарға жергілікті өндірушілер шақырылды. Мәселен  Қызылжар ауданындағы “Больше-Малышенское” ЖШС-ның басшысы Ерғали Ғабдулин бірнеше жылдан бері сүтті бағыттағы ірі қара өсіріп отыр. Қазір өрісіндегі …

Одақтың талабы ортақ Read More »

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ІЗДЕНІС ҮСТІНДЕ

Облыс орталығында “Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты” атты облыстық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен “дөңгелек үстел”  отырысы өтті. Жиында елордада өткен Қазақстанның XI Азаматтық форумы қорытындыланды. Сонымен қатар Президент жолдауы талқыланды. Маңызды шараға әр саланың 30-дан астам маманы қатысты. Бүгінгі әйел – отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның дамуына, елдің …

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ІЗДЕНІС ҮСТІНДЕ Read More »

ҚАУІПТЕН ҚОРҒАУ – ҚҰТҚАРУШЫҒА МІНДЕТ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов Петропавл қаласындағы бір­неше кәсіпорынды аралап, жағ­дайы­мен танысты. Құтқарушылар мен өрт сөндіру­шілерді арнайы жабдықтармен және қуатты техникамен жарақтандыру жақсарып, материалдық-техникалық база нығайып келеді.  Соңғы 3 жыл­да өрттерді сөндіру, төтенше жағ­дайларды жою, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жергілікті қа­зы­надан 860 млн. теңге бөлінді. Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкер­ле­ріне сегіз автокөліктің кілті табыс етілді. Сондай-ақ көлік және …

ҚАУІПТЕН ҚОРҒАУ – ҚҰТҚАРУШЫҒА МІНДЕТ Read More »

“ҚУАНЫШТЫҢ” ТАРИХИ ЖЕҢІСІ

Волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан ку­бо­гы сарапқа салынды. Финалда солтүстікқазақстандық “Қуа­­ныш” клубының бұрымдылары алматылық қарсыласта­ры­мен кездесіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Облыс волейбол тарихында тұң­ғыш рет ел кубогын иеленген “Қуа­ныштың” қыздарын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттық­тады. “Биыл “Қуаныш” клубы Қа­зақстан кубогында атой салды. Жер­лестеріміз “Алматы” команда­сының қыздарын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл …

“ҚУАНЫШТЫҢ” ТАРИХИ ЖЕҢІСІ Read More »

Сапалы медицина – саулық кепілі

Өңірге жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник келді. Іс-сапардың мақсаты – медицина саласында енгізіліп жатқан жаңашылдықтардан хабардар ету, жергілікті жерлердегі мәселелермен танысу. Ол азаматтарды қабылдап, бірқатар ме­дицина нысанда­ры­ның жұмысымен танысты. Сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді. Вице-министр барған алғашқы ны­сан – облыстық көпбейінді ауру­ха­на. Биыл емдеу мекемесіне жа­ңа­дан 20 маман жұмысқа орнала­сып, кадр …

Сапалы медицина – саулық кепілі Read More »

Көкпарды каска киіп тартса қайтеді?

Биыл жазда Қызылжар ау­данында ұлттық спорт түр­лерінен ұйымдастырыл­ған сайыс көпшіліктің есінде бо­лар. Көкпар бәсекесінде оқыс жағдайдың орын алғандығын ұмы­та қойға­ны­мыз жоқ. Тайынша мен Аққайың аудандарының көкпар құрамасы ойыншыла­рының арасындағы тартысты бәсе­кеде небәрі 22 жастағы Заманбек Ер­меков есімді жас көкпаршы қаза тапты. Осынау қайғылы оқиғаның ас­тары­нан көпшілікті алаңдатқан түйткілді мәселенің төркіні қылаң береді. Көкпар – көшпенділердің …

Көкпарды каска киіп тартса қайтеді? Read More »

Қызылша өршіп тұр

Биыл өңірде қызылша­ның зертханалық растал­ған 23 жағдайы тіркелді. Өт­кен айдың соңында 18 адам емделіп шықса, 4 адам әлі ем қабылдап жатыр. Өңірімізге БАӘ, РФ және Қыр­ғызстаннан келген үш азаматтан қызылша ауруы расталған. Сондай-ақ облыс орталығында 18 адам ауы­рып, ауданда екі науқастың қызылша жұқтырғаны анықталды. Нау­қас­тар – Мағжан Жұмабаев, Аққа­йың, Мамлют және Жамбыл аудан­дарының тұрғындары. Қызыл­шамен …

Қызылша өршіп тұр Read More »

ҰЛПАН — ЕЛДІҢ АНАСЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында заңғар жазушы Ғабит Мүсіреповтің романы негізінде сахналанған “Ұлпан” спектаклінің премьерасы өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақовтың режиссерлігімен сахналанған қойылым “Ерді кебенек ішінде таны” дейтін халық даналығынан туған дарқан мінез, нағыз ерді ардақтау арқылы елдіктің іргесін бекіткен, халқының ризық-берекесін қарақан басының бақытынан артық санаған ақылды, дана, дегдар әйел …

ҰЛПАН — ЕЛДІҢ АНАСЫ Read More »

Рухани азық

Жамбыл ауданының Са­фуан Шаймерденов атын­да­ғы орталықтандырылған кі­тапхана жүйесінде осы сала мамандарының кәсіби мере­ке­сі аталып өтті. Ауданның кітапхана ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі ба­ғаланып, “Қазақстанның құрметті кітапха­на­шысы” төсбелгісімен осы салада қы­рық жылдан астам қызмет етіп келе жатқан Надежда Безру­кова, облыс­тық мәдениет басқарма­сының Алғыс хатымен Айнагүл Мағ­жанова, аудан әкімінің Алғыс ха­тымен Светлана Бо­кушева, Қарлы­ғаш …

Рухани азық Read More »

Өнерлі өрендер

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық шығар­машылық фестиваль өтті. Қатысушы­лар төрт аталым – вокал, хореогра­фия, аспаптық орындау, ым-ишара­мен ән айту бойынша өнер көрсетті. Дәстүрлі шараға 100-ден аса ерекше қажеттілігі бар ұл-қыз жиналды. Олардың өнерін қазылар ал­қасы бел­гіленген талаптар бойынша баға­лады. – Карантиннен кейін фестивальді қайта жандандырып отырмыз. Басты мақсат – даму мүмкіндігі шектеулі ба­лалардың өнерін …

Өнерлі өрендер Read More »

Көктайғақтың кесірі

Өңірімізде қар аралас жаңбыр жауып, ауа райының күрт суы­туынан жолдарды мұз басты. Көк­тайғақтың зардабын алғаш­қылардың бірі болып, қала тұр­ғын­дары сезінді. Соңғы үш күнде Петропавлдағы травматологиялық орталыққа 180 адам жүгінді, оның 63-і көктайғақта омақаса құлап, түрлі дене жарақат­тарын алған. – Негізінен егде жастағы адамдар жарақат алады. Әдетте олар­дың аяқ-қолдары сынады, иық шы­ғып кетіп, көптеген жарақаттармен келеді. …

Көктайғақтың кесірі Read More »

Бас бостандығы шектелді

Мамыр айында жолда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, Петро­павл­дағы шағынаудандардың бірін­де тастап кеткен ер адам сотталды. Естеріңізге салсақ, сотталушы Мамлютка қала­сы­нан Петропавлға келе жатып, жол­да жаяу жүргіншіні соғып кеткен. Ке­йін қылмысын жа­сырмақ оймен зар­дап шегушіні көлі-гіне мінгізіп алып, Былғары зауыты шағынауданындағы Рыжок көшесі бо-йындағы бұталардың тасасына тастап кеткен. Жол-көлік апатынан зардап шеккен азаматты сегіз са-ғаттан кейін …

Бас бостандығы шектелді Read More »

Ізгі достық

Президент “Әділетті Қазақстан­ның экономикалық бағдары” Жол­дауында әрбір азаматымыз, әсіре­се, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіру қажеттігін алға тар­тып, әркім отаншыл, білімпаз, ең­бекқор, адал, әділ, үнемшіл әрі жа­на­шыр болса, алынбайтын асу жоқтығын ескертті. Қазақстан – жалғыз Отанымыз. Оның іргесінің берік, ке­регесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір азаматты осы қасиетті парыздарды …

Ізгі достық Read More »

ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өңіріміз­де жүргізілген кешенді ғылыми зерттеулердің алғашқы нәтижеле­ріне арналған “дөңгелек үстел” өтті. Экспедиция Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап этнографиялық бүгінге дейін” жобасы аясында жүргізілуде. Зерттеу жұ­мыстары өңірімізден бөлек көрші­лес Қостанай, Павлодар облыста­рын да қамтыған. Зерттеу топтары даламызда жүргізілген қазба жұ­мыс­тары нәтижесінде тас, темір …

ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ Read More »

Қазақша үйрететін тегін курс

“AMANAT” партиясының “Жас­тар рухы” жастар қанаты “Менің елім – менің тілім” республикалық жоба­сы аясында “Сөйле” тілдесу клу­бы­ның жұмысын қайта жандандырды. Оның аясында қазақ тілі тегін үй­ретілмек. Жобаның негізгі мақсаты – қаты­сушылардың қазақ тілін тез арада үйренуіне жағдай жасау. Облыс ор­талығында “Сөйле” тілдесу клубы­ның сабақтары сейсенбі және жұма күндері Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар жасөспірімдер кі­тапханасының …

Қазақша үйрететін тегін курс Read More »

Алаяқтық азаяр емес

Биылдың өзінде тұрғындар ин­тернет-алақтарға алданып, 13 млрд. теңгеден астам қаржысынан айы­рылған. Бұл туралы Ішкі істер ми­нистрлігінің криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орын­басары Рүстем Дүйсетаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. “Жыл басынан бері азаматтарды интернет арқылы алдауға байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелген. Бұ­л әрекеттердің салдарынан зар­дап шеккендерге 13 млрд. теңге шы­ғын келген. Алаяқтықтың ең көп …

Алаяқтық азаяр емес Read More »

АЭС: үміт пен күдік

Қазіргі кезде елімізде АЭС салу туралы тақырып қоғамдық талқыға салынып жатыр. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл­ғы Жолда­уында Қазақстанда АЭС салу мәсе­лесінің бүкілхалықтық референдум арқылы шешілетінін мә­лімдеген бо­латын. Энергетикалық тапшылық – әлем елдерін алаңдатып отырған басты проблеманың бірі. Қарапайым мысал ретінде алып қарасақ, көп­пәтерлі үйлерді көмірмен жылыту­дың өзі ел бюджетіне ауыр салмақ салуда. Ал көмір …

АЭС: үміт пен күдік Read More »

БІТПЕЙТІН СЕРГЕЛДЕҢ

Денсаулық сақтау министрлігінің “Енді азаматтарға ем­ха­наны да, дәрігерді де еркін таңдауына мүмкіндік беріледі”, – деп жаһанға жар салғандарына 4-5 жылдың жүзі болды. Соған орай жыл сайын күз айларының басында осындай ауыстыру науқаны жүргізіледі. Бірақ мұның іс жүзінде шалағай, жан-жақты ойластырылмаған шара екеніне өз басымнан өткен жағдайдан соң анық көз жеткіздім. Мен тұрғылықты жеріме байланысты №2 …

БІТПЕЙТІН СЕРГЕЛДЕҢ Read More »

ГАЗЕТ ТАРИХЫ

Өз дәуірінің айнасы Қазақ баспасөзі – ұлтымыздың ұлы тұлғаларының арманы еді, өзге озған жұрттармен қазақ баласының терезесін теңестіруге ұмтылысы еді. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» дегенге иманынан бетер табынған халық ауызекі тілден гөрі сауатты, тасқа басылған әріптермен әдіптелген кітап сөзіне зәру екенін ерте түсінген Алаш ғұламалары қараңғылықтың шеменіне шегенделген халықтың рухани бостандығын, …

ГАЗЕТ ТАРИХЫ Read More »