БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ – БАПКЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ
Қазақ күресі – ешқандай да күрес түріне ұқсамайтын төл спортымыз. Зерттеулер қазіргі самбо, дзюдо, еркін күрестегі негізгі айла-тәсілдер қазақ күрес өнерінен алынғанын дәлелдеуде. Ұлттық күрес Балуан Шолақ белдескен, Қажымұқанның табаны тиген Қызылжарда да өркендеп келеді. Боз кілемде атой салған балуандарымыздың артында білікті бапкерлер тұрғанымен, олар көбіне жеңімпаздың көлеңкесінде қалып жатады. Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы …