ЕРЕКШЕ ТАУАРЛАРҒА АЙРЫҚША БАҚЫЛАУ
Ерекше тауарларға бақылау заңнамасын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Төленді Керімбеков баяндады. “Ерекше тауарларды бақылау туралы” Заңның 9-бабына сәйкес ерекше тауарлардың мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген. Спикердің айтуынша, ерекше тауарлардың бақылау тізіміне жабдықтардың кейбір түрлері, фрезерлік станоктар, ұшқышсыз ұшу …