ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ
Қажыбай АЙТИБАЕВ, Мамлют мәдени орталығының директоры. Мәдениеттердің үйлесімін біз алыстан іздемейміз. Оған өз өмір-болмысымызда дәйектер жетерлік. Егер Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл елімізде 408 ұлттық-мәдени орталықты біріктіріп отырса, біздің өз ауданымызда республиканың негізгі ұлты – қазақ халқынан басқа, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және басқалар тұрады. Демек, осы ұлттардың әрқайсысының ежелден қалыптасқан төл мәдениеті бірге жасай береді. …