«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРИХЫМЫЗДАН СЫР ШЕРТКЕН Талай туындының иесі еді

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Сергей Устинов өңіріміздің белгілі қылқалам иесі еді. Ол 1953 жылы Ақмола облысының Ақкөл ауылында дүниеге келіп, 2011 жылы өмірден озды. Өмір сүрген 58 жылдың ішінде еліміздің тарихы жайында сыр шертетін талай туындыны дүниеге әкелді.

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ортақ іс-қимылды қажет етеді

Үстіміздегі жылдың мамыр айында облыс прокуроры Степан Зайтлердің төрағалық етуімен құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда адам саудасына байланысты қылмысты анықтау, тергеу және кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту мәселелері қаралды.    Ерлан ӘЛДІКЕНОВ, Облыстық Прокуратура басқармасының аға прокуроры.   Статистикалық талдау көрсеткеніндей, аталмыш санаттағы қылмыс біздің облыста да тамыр жаюда. Мысалы, 2010 жылы …

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ортақ іс-қимылды қажет етеді Read More »

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР КҮШ СЫНАСТЫ

“Динамо” спорт-дене шынықтыру қоғамында облыстың құқық қорғау органдарының дене шынықтыру ұжымдарының арасында жазғы спартакиада өтуде.   Өткен сәрсенбі күні Петропавл қаласының “Динамо” стадионында гір көтеру бойынша жазғы спартакиаданың екінші кезеңі өтті. Оған облыстың құқық қорғау құрылымдарының 70-тен астам өкілінен құрылған 17 дене шынықтыру ұжымы қатысты. “Динамо” спорт-дене шынықтыру қоғамының жетекші маманы Галина Сокрыхтың айтуынша, жарыстың …

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР КҮШ СЫНАСТЫ Read More »

АЛТЫННАН БАСҚАСЫ БҰЙЫРДЫ

Алматы қаласында университет студенттері арасында кикбокстан универсиада өтіп, оған 200-ден астам спортшы қатысты.   Аталмыш сайыста өңір намысын абыроймен қорғаған спортшылардың нәтижелері жаман емес. 67 кило салмақ дәрежесінде шаршы алаңда айқасқан кикбоксингтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Рауан Смағұлов – күміс, ал 81 және 75 кило салмақта жұдырықтасқан Қазақстанның спорт шеберлері Нұрсұлтан Жақыпов пен Абзал Байзақов …

АЛТЫННАН БАСҚАСЫ БҰЙЫРДЫ Read More »

“БАРЫС” ДЕС БЕРМЕДІ

Облыс орталығындағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1999-2000 жылдары туған жастар арасында баскетболдан облыс біріншілігі өтті. Оған өңіріміздің барлық аудандарынан және Петропавл қаласынан қатысқан 150 спортшы бақ сынады.

БИ ТУРНИРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Петропавлда 8-ші дәстүрлі “Экзерсис СҚО – 2013” спорттық би жарысы маусымының қорытындысы шығарылды. Қызылжарлықтарды билерімен тәнті етіп жүрген өңіріміздің кәсіпқой және әуесқой бишілерінің өнерін Қазақстан, Ресей және Грекия елдерінен арнайы шақырылған төрешілер бағалады.  

КИКБОКСШЫЛАР ҚОЛҒАП ТҮЙІСТІРДІ

Алматыда 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында кикбокстан ҚР біріншілігі аяқталды. Бұл жарысқа 270 спортшы қатысып, бақ пен бап таластырды. Өңірімізден қатысқан 18 спортшымыз 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальдар алды. Сайыс қорытындысы бойынша 1999-2000 жылы туғандар арасында Евгений Павлов (30 кг.) пен Тимур Биннатов (36 кг.) – бірінші, Данияр Жарасов (33 кг.) – …

КИКБОКСШЫЛАР ҚОЛҒАП ТҮЙІСТІРДІ Read More »

ЖЕРЛЕС ГИМНАСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Астана қаласында көркем гимнастика бойынша ашық біріншілік өтті. Оған Астана, Петропавл, Қостанай және Қарағанды қалаларының спортшылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, облыстың намысын қорғаған жерлес гимнасшылар жақсы нәтижеге қол жеткізе білді. Қыздар арасында өнер көрсеткен спорт шеберіне үміткер Екатерина Ерехинская, Әлфия Мамашаріпова бас жүлдені жеңіп алса, екінші орында – Кристина Тюканько. Үздік үштікті Сәния Мұқашева түйіндеді. …

ЖЕРЛЕС ГИМНАСШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Read More »

“ЖАС ҚАНАТТА” ЖҮЛДЕГЕР БОЛҒАН АЛҒАШҚЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ

22 мәрте жастардың бақ сынауына мүмкіндік берген шара – “Жас қанат” республикалық әншілер байқауында облыс намысын қорғаған облыстық филармонияның әншісі Мұхит Ахметов үздік үштіктің қатарынан көрініп, қола жүлде иегері атанды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. “Жас қанат” байқауы – жас әншілердің тұтас бір толқынын тәрбиелеген жоба. Мұхит Ахметов бұл жобаға тыңғылықты дайындалып барғандығын айтады. Ол …

“ЖАС ҚАНАТТА” ЖҮЛДЕГЕР БОЛҒАН АЛҒАШҚЫ СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ Read More »

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ КҮНІН БЕЛГІЛЕУ пікірлесе шешуді қажет етеді

Соңғы кездері Интернет желісінде: “Жаңада ғана тағайындалған облыс орталығының әкімі қаржы тапшылығына байланысты Петропавл қаласының күнін тойлауды күзге қалдырып отыр. Жылда 6 шілдеде аталып жүрген қалалық мереке жаңа басшыға неге жақпай қалды?”, “Төлеген Закариянов Петропавл қаласы күнін тойлауға мүлдем қарсы” деген сыңайлы алып-қашпа сөздер жарияланып, қоғамдық пікір туғыза бастады. Соған орай кеше Петропавл қаласының әкімі …

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ КҮНІН БЕЛГІЛЕУ пікірлесе шешуді қажет етеді Read More »

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ облысымыздың велошабандоздарына бұйырды

Кеше Петропавлда велоспорттан 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, жерлесіміз Александр Винокуровтың жүлдесі жолындағы көпкүндік жарыс аяқталды. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бес кезеңде өткен тас жолдағы тартысқа Қостанай, Павлодар облыстарынан және Ресейдің Омбы қаласынан, сондай-ақ өз өңірімізден бес құрама қатысып, барлығы сегіз команда жарысқа түсті. Жеңімпаздарды марапаттау салтанатын өңір басшысы Самат Ескендіров ашып, жарысқа қатысушыларды және …

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ облысымыздың велошабандоздарына бұйырды Read More »

КӘСІБИ ВЕЛОКЛУБ ҚҰРЫЛАДЫ

  Облыс әкімі Самат Ескендіров жерлесіміз, атақты велошабандоз, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуровпен кездесті. Әңгіме барысында облыста велоспорттың даму перспективалары сөз болды. Сондай-ақ кездесуде облыста кәсіби велоклуб құру және Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайын салу жөнінде шешім қабылданды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі. Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

Облыс әкімі Самат Ескендіров өз кірісін жария етті

“Нұр Отан” ХДП бастамашы болған “Өзіңнен баста!” акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров 2012 жылғы өзінің табысын жария етті, ол 10 миллион 697 мың 889 теңгені құрады. Жеке меншігінде тұрғын үй мен 0,05 гектар жер телімі бар.

Мейірбан медбике

Майя Түренова облыс орталығындағы №1 қалалық емханада медбике болып қызмет етіп келеді. – Бала кезімде соқырішекпен науқастанып, ауруханаға ауыр халде түстім. Өмір мен өлім арпалысқан сәтте менің өмірім осы ақ халаттылардың қолында екенін түсіндім. Онда мен небәрі 15-16 жаста едім. Бойжетіп, өмірлік мамандығымды таңдайтын сәтте аяқастынан науқастанып қалғаныма қуандым. Себебі, менің өмірім үшін күрескен медицина …

Мейірбан медбике Read More »

ПРЕЗИДЕНТ ШӘКІРТАҚЫСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Қазіргі таңда ел ертеңінің тұтқасын ұстаған жастарымыздың білімге деген ынтасы жоғары. Сөзімізге айғақ ретінде өңірімізде іргелі оқу орны саналатын, 75 жылдық тарихы бар М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де білімін шыңдап жүрген жастарды айтуға болады. Осы орайда СҚМУ-дің “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығының 4-курс студенті Дана Сүлейменованы ерекше атап өтуге болады.    Дана Сүлейменова – Петропавл қаласының …

ПРЕЗИДЕНТ ШӘКІРТАҚЫСЫНЫҢ ИЕГЕРІ Read More »

БӘРІ ДЕ ӨЗ БАЛАЛАРЫНДАЙ БОЛЫП КЕТТІ

 Роза Исина (суретте) – мамандығы бойынша химия және биология пәндерінің мұғалімі. Бірақ ол саналы өмірін тәрбиешілік қызметке арнаған. 18 жыл бойы Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатта тәрбиеші болып қызмет етіп келеді.    Облыс орталығынан алыстағы аудандардың дарынды балалары интернатта жатып оқитын оқушыларға ананың орнына – ана, әкенің орнына әке болып жүрген Роза …

БӘРІ ДЕ ӨЗ БАЛАЛАРЫНДАЙ БОЛЫП КЕТТІ Read More »

“ТУҒАН АУЫЛЫМДЫ ТҮЛЕТСЕМ ДЕЙМІН”

Алтын бесік – ауылды көркейтуге бүгінде мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатқа жету үшін білікті де жаңашыл жас мамандардың ауылға бет бұруына бар жағдай жасалуда. Алайда, жастардың барлығы бірдей ауылға барып, еңбек етуге құлшыныс білдірмейді. Десек те, “Ауылды мен көтермесем, кім көтереді?!” деген ұстанымы бар, ел алдындағы азаматтық борышын сезіне білетін қыз-жігіттер де жоқ …

“ТУҒАН АУЫЛЫМДЫ ТҮЛЕТСЕМ ДЕЙМІН” Read More »

ЕГIЗДЕР ВЕРОНИКА мен ВИКТОРИЯ – полицияның маңдайалды қызметкерлері

Вероника мен Виктория Миронычевалар – Жамбыл ауданының Мирное ауылының тумалары. Олардың тату-тәтті отбасыларында әкенің сөзі заң. Қыздардың әкесі Павел Миронычев – аудандық аңшылар мен балықшылар қоғамының төрағасы. Әрине, оның қызметтік ортасы отбасының, әсіресе, қыздардың өмірінің қалыптасуына тікелей әсерін тигізді. Отбасымен бірге олар жиі табиғат аясына шығып, балық, аң аулады. Тұңғыш қызы үй тұрмысына жақын болып …

ЕГIЗДЕР ВЕРОНИКА мен ВИКТОРИЯ – полицияның маңдайалды қызметкерлері Read More »

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ САЛЫП БЕРГЕН ата-ананың көңілі тоқ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Ерлі-зайыпты Евгений мен Татьяна Жилиндер – өткен ғасырдың 80-ші жылдары Ресейдің Свердловск қаласындағы орман техникалық институтын бітіріп, ұзақ уақыт Тайынша қаласындағы жиһаз фабрикасында еңбек еткен жандар. 1999 жылға дейін бұл кәсіпорын көптеген жергілікті тұрғындардың жұмыс көзіне айналды. Сондықтан болар, бұл елді мекенде ағаштан бұйым жасайтын шеберлер көптеп саналады. Солардың бірі – …

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ САЛЫП БЕРГЕН ата-ананың көңілі тоқ Read More »

ӨМІРДІ СҮЙСЕҢ, МАРЛАНША СҮЙ!..

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Марланның массаж жасауды кәсіп еткенін бұрыннан білуші едім. Мені қызықтырғаны зағип адамның өз кәсібін тауып, жұрт қатарлы еңбектеніп қана қоймай, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп жүрген беделі еді. “Жігерлі жігіт шығар” деймін өзіме әлі бейтаныс адаммен сұхбаттасуға бара жатып. Ал Марлан Сарымсақовпен жүздескеннен кейін менің санамда өмір туралы, денсаулықтың қадірі мен еңбектің нәсібі …

ӨМІРДІ СҮЙСЕҢ, МАРЛАНША СҮЙ!.. Read More »