«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРЕК СӨЗІН ЖАЗҒАН АҚЫН

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада қазақ поэзиясында өзіне тән қолтаңбасы бар қаламгер Тоқтар Зікіринді еске алу кеші өтті. Көзі қарақты оқырманға ақын әрі журналист ретінде таныс талант иесі топырақтан тысқары болса биыл 75 жасқа толар еді. “Поэзия әлемінің дарабозы” атты әдеби кешке ақынның от­ба­сы, зиялы қауым өкілдері мен жас ақындар қатысты. Шара ба­рысында ақынның …

ЖҮРЕК СӨЗІН ЖАЗҒАН АҚЫН Read More »

Толассыз жауған жаңбыр күзгі жиын-терімге кедергі келтірмесе игі

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстың биылғы жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Сонымен қатар өңір мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы мен күзгі орақ науқанына әзірлік мәселелері талқыланды. Биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 1, құрылыс жұмыстары 14,5, өнеркәсіптік өндіріс 3,7, инвестициялар 14,9, бөлшек сауда 2,3, тұрғын …

Толассыз жауған жаңбыр күзгі жиын-терімге кедергі келтірмесе игі Read More »

Баспанамен қамту – маңызды іс

Облыстық қоғамдық кеңесте тасқыннан зардап шеккендердің мәселесі қаралды. Қызылжар ауданында 14 елді мекен су астында қалған еді. Салдарынан 1546 үй зақымданды. Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта 1387 үй бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, соның ішінде 407 баспана апатты деп танылды. “980 үйді қалпына келтіру қажет, оның басым бөлігінде құрылыс жүріп жатыр. 861-ін …

Баспанамен қамту – маңызды іс Read More »

Саяжанның қадамы сәтті

Қазіргі таңда ерлер мен әйелдерге арналған мамандықтардың шекарасы жойылып, жігіттер нәзікжандардың кәсібін шебер меңгерсе, арулар да ауыр жұмыстың бел ортасында жүр. Солардың бірі – Саяжан Ералина. Өмірден ойып өз орнын тауып, кәсіби білікті маманға айналып, елімізді көркейтуге сүбелі үлес қосып жүрген жас маман құрылыс саласына кездейсоқ келмегенін айтады. Ол құрылыс саласына бала кезден қызық­қан. Айыртау …

Саяжанның қадамы сәтті Read More »

Іріктеудің соңғы кезеңі

Биыл 1 наурызда алғаш рет ел­дің барлық аймағында өңірлік кадр­лық резервке іріктеу басталған бо­ла­тын. Қазіргі таңда іріктеудің соңғы кезеңі өтіп жатыр. Мақсат – жас бас­қарушылардың аймақтық пулын қа­лыптастыру және дарынды жастар­ды өңірлерді дамытуға тар­ту. Өңір­лік іріктеуге 35 жас­тан аспаған, жо­ғары білімі және кемінде 3 жыл жұ­мыс өтілі бар аза­маттар қатысты. Өңірлік кадрлық резервке іріктеу бірнеше …

Іріктеудің соңғы кезеңі Read More »

Қоқыс беріп, тәтті алды

Петропавл тұрғындары қоқысты тәттіге, полиэтилен пакеттерді ма­та­­­дан тігілген сөмкелерге айыр­бас­тады. Бұл шара “Таза Қазақстан” жо­басы аясында ұйымдасты­рыл­ды. Басты мақсаты – қорша­ған ортаның тазалығын сақтау. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында мем­ле­кеттік органдар­дың өкілдері, бюд­жет­тік сала қыз­меткерлері, жас­тар, еріктілер мен қоғам белсенді­лері бар. Олар көше­де полиэтилен пакет ұстап келе жат­қан тұрғын­дарға ма­та­дан тігілген сөмкелер мен …

Қоқыс беріп, тәтті алды Read More »

ЗАҢСЫЗ ШЕКАРА АСҚАНДАР

Соңғы жылдары шетелге барып, қара жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны едәуір артты. Оған ол жақ­та­ғы жал­ақының көптігі басты се­беп болып тұр. Айына ең кемі 500 мың теңгеден бастап 3 млн. теңгеге дейін та­быс та­бу­ға болады екен. Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлім­де­ме­сі­не сүйенсек, қазір қазақстандықтар арасын­да сұра­ныс­қа ие мемлекеттердің көшін Оңтүстік Корея, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания бастап тұр. …

ЗАҢСЫЗ ШЕКАРА АСҚАНДАР Read More »

Адалдық анты

Біздің халық ежелден Отан үшін төккен тердің бағасын ба­ғамдай білген. Оның ішінде қас­терлі Отан-Ананы қорғау ең ас­қақ парыз, абыройлы міндет еке­нін жас сарбаздар жақсы біледі. Ант қабылдау – Отаныңа, хал­қыңа адал болу, ел басына күн туса, оны ақтық демің қалғанша қорғау, қажет болса, жан қию де­ген сөз. Осылайша ант қабыл­да­ған сарбаз – біздің ұлан-ғайыр жерімізді …

Адалдық анты Read More »

Біз жанбасақ лапылдап…

Жастар – қашанда қоғамның қозғаушысы. Қай заманда болмасын үлкен әлеуметтік күшке ие. Бүгінгі жастың елдің ертеңі екенін ескерсек, олардың қоғам үшін маңызы арта түсері анық. Өкінішке қарай, бізде ғана емес, әлемнің қай елінде бол­сын енжар жастар тобы кездеседі. Бұл топ бүгінде – NEET, яғни Not in Empoloyment. Education or Training деп атала­ды. Бұл ұғым XX …

Біз жанбасақ лапылдап… Read More »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Петропавл қаласындағы На­зар­баев зияткерлік мектебінің екі оқушысы Ташкентте өткен “Da­ryndy Zhuldyzdar” V халықара­лық өнер байқау-фестивалінде бас жүлде ие­ленді. Ясмин Жет­пісбаева “Бейнелеу өнері” ата­лымында ең жоғары марапатқа ие болса, Дарина Алшын “Сәндік – қолданбалы өнер” аталымын­да жүзден жүйрік атанды. Дарина Алшын байқауға Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнаған “Рухани бейбітшілік аймағы” атты киізден жасалған трипти­хін ұсынды. Дарина …

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ Read More »

Дойбышылар додасы

Петропавлда дойбыдан есту және көру кемістігі бар спорт­шылар арасында ел чемпиона­ты өтуде. Тоғыз күнге жал­ғаса­тын жарысқа 14 облыстан 85 адам қатысып жатыр. Биылғы жарыс рапид және клас­сикалық дойбыдан өтуде. Ал­ғашқы екі күнде спорт­шылар жылдам тү­рінен бақ сы­наса, қалған жеті күнде ұзақ циклды бағдарла­мада өзара мықтыны анықтамақ. Дойбыдан елі­міздің бас жаттықтырушысы Зинятқыз Нүсіпбаеваның айтуын­ша, Пет­ропавлдағы сынға …

Дойбышылар додасы Read More »

Телефон – өртке себеп

Петропавлда қуатталып тұрған те­лефон өрттің шығуына себеп бол­ды. Салдарынан 56 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Облыстық төтенше жағдайлар де­партаменті баспасөз қызметі­нің мәлі­метінше, Петропавлдағы үш қабат­­­ты тұрғын үйдің бірінші қаба­тындағы пәтер­лердің бірінде өрт шық­қан. “Өрт 5 шаршы метр аумақта бо­лып, жиһаз жанды. Өртсөндіруші­лер оны 8 минут ішінде толық сөндірді. Пәтерде болған 1968 жылғы ер адамға иіс …

Телефон – өртке себеп Read More »

Коронавирус жұқтырғандар азайды

Облыста өткен жеті айда 49 адам коронавирус инфекция­сын жұқтырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен са­лыстырғанда 6,5 есеге төмен. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау де­партаменті баспасөз қызме­ті­нің мәліметінше, былтыр қаң­тар-шілде айларында корона­вирус жұқтырудың 317 жағ­дайы тіркелген. Биыл сырқаттанғандардың 42-сі – ересектер, үшеуі – 15-17 жас аралығында болса, қал­ған төртеуі – 14 жасқа дейінгі бала. “Коронавирустық …

Коронавирус жұқтырғандар азайды Read More »

Ерекше кездесу

“Достық” демалыс орнында мүм­кін­діктері шектеулі жандар­ға арнал­ған екі күндік іс-шара ұйымдас­ты­рылды. Қатысушылар Қызылжар, Мам­лют және Есіл аудандарынан келді. – Біздің басты міндетіміз – мүм­кін­дігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу. Іс-шара барысында қаты­сушылар тағдырдың тәлкегіне ұшы­ра­са да, биік белестерді бағындырған жандармен танысады. Бұл ар­қылы еңбек етуге құш­тарлық оянады. Қала мен ауыл ара­сында алшақтық болмас үшін ауыл­дық тұрғындарға …

Ерекше кездесу Read More »

ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН ШАЯН

Өңірде “artemia salina” шаян­да­рын заңсыз аулағандар ұсталды. Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, іс-шараға ұйымдасқан қыл­мысқа қарсы күрес басқар­ма­сының мамандары, 6637 әс­кери бөлімі “Б” тобының әскери қыз­мет­шілері қатысқан. Нәтиже­сінде “artemia salina” шаян тәріз­ділердің цисталарын рекордтық мөлшер­де заңсыз аулаудың жолы кесілді. Жедел уәкілдер жүргізген ауқымды жұмыстың нәтиже­сінде 13 тамызда Қызылжар ау­данының аумағында “КамАЗ” жүк көлігінен 260 …

ЗАҢСЫЗ АУЛАНҒАН ШАЯН Read More »

ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Қазақ халқы әртүрлі тарихи оқиғаларды бастан кешірді. Бірде “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” алтын дәуірде өмір сүрсе, енді бірде жоңғар шапқыншылығы, ашаршылық немесе сталиндік қуғын-сүргін сынды ауыр заманды да көрген. Әсіресе  қазақ халқының діні мен діліне, мәдениеті мен әдебиетіне тигізген кесірі орасан болды.  1937-1938 жылдары  мұсылман дінбасылары  да репрессияға ұшырағанын  айта кеткен жөн. Солтүстік өңірде діни …

ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ Read More »

ӘУЕЖАЙДА МАМАН ТАПШЫ

Қызылжар халықаралық әуежайында 100-ден астам адам еңбек етеді. Соның ішінде ұзақ уақыт табан аудармай қызмет етіп келе жатқан аға буын өкілдері де баршылық. Мәселен, Евгений Аненков кеңес үкіметі тұсынан бері жұмыс істейді. Саналы ғұмырының 45 жылын әуежайда өткізген маманнан жастардың үйренері де аз емес. – Біз өткен ғасырдың 90-шы жылдары әуе кемесімен Қазақстанның барлық шаһарын …

ӘУЕЖАЙДА МАМАН ТАПШЫ Read More »

Күн тәртібінде — жылыту маусымы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс маймыл шешегі вирусы мәселесі қаралды. Сондай-ақ отырыста алдағы жылыту маусымына дайындық барысы да талқыланды. Отын тасымалдау ісі де назардан тыс қалмады. Аурудың алдын алу маңызды Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев қазір еліміз­де эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін, сирек жұқпалы ауруды жұқтыру дерегі тіркелмегенін айтты. Жалпы 2022 …

Күн тәртібінде — жылыту маусымы Read More »

Ауызсу тарифін негізсіз өсірген

Өңір прокурорлары жергілікті кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Мамлютка қаласы тұрғындары мен кәсіпкерлердің құқығын қорғап, судың тарифін төмендетті. Мамлют ауданының коммуналдық кәсіпорны тарифтерді белгілеу қағидаларының талаптарын бұзған. Осылайша кәсіпкерлерден бюджеттік ұйымдарға бекітілген тарифпен, яғни тұтынылған судың әр текше метрі  үшін 1318 теңге алып келген. Қадағалаушы орган өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отыра бұл мәселені зерделеп, заңсыздықты жою туралы …

Ауызсу тарифін негізсіз өсірген Read More »

Медициналық пойыздың көмегі

Облысқа келген “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызындағы мамандар бір апта ішінде 2651 тұрғынды қарап,  түрлі көмек көрсетті. Дәрігерлер қабылдау кезінде сирек кездесетін ауру түрлерін де анықтаған. Мәселен 18 жастағы қызға  “жатыр аплазиясы” диагнозы қойылды. “Жатыр аплазиясы” – жатыр мүшесінің болмауы. “Саламатты Қазақстан” медициналық пойызының құрамындағы гинеколог маманға жүгінген бойжеткен осы уақытқа дейін етеккір циклының мүлдем болмағанын …

Медициналық пойыздың көмегі Read More »