«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мексикалық туристің алғысы

“Оңтүстік” бақылау-өткізу беке­тіндегі ауысым құрамында кезек­шілікте тұрған патрульдік полиция­ның аға инспекторы Асқар Серда­линов 21 мамыр күні таңертең жол үстінен сәл алшақтау жердегі ор­ман ішінен туристік палатканы бай­қап қалған. Оның ішінде жаңбырдан соң үсті-басы малмандай су болған велосаяхатшы түнеп жатқан екен. Ол Мексика елінің Энрике Рамирес есімді 57 жастағы азаматы болып шықты. Тәртіп сақшылары оны бекетке …

Мексикалық туристің алғысы Read More »

Жүлдегер жүзгіштер

Талдықорған қаласында жүзуден ел біріншілігі өтті. Чемпионатта Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар ойнатылды. Жарысқа Қазақстаннан бө­лек, Өзбекстан мен Тәжікстан ел­дерінен 300-ден астам спортшы қатысты. Өңіріміздің атынан 15 жүзгіш бағын сынады. 200 метр қашықтыққа жүзуден еркін стильде жерлесіміз Егор Василенко және 100 метр қашықтықта Ми­рослава Пригоженко үшінші орыннан көрінді. Еркін стильдегі эстафетада төрт спортшы 100 метр …

Жүлдегер жүзгіштер Read More »

Отқа оранған үй

Қызылжар ауданына қарасты Пресновка ауылында жеке тұр­ғын үй өртенді. Салдарынан 48 жастағы ер азаматты күйік шалды. Төтенше жағдай мамырдың 22-сі күні сағат екілер шамасын­да орын алған. Қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыды. 4-ші Строительный, 7 мекен­жайында орналасқан баспанаға дереу өртсөндірушілер жіберілді. Құтқарушыларға қызыл жалын­ды ауыздықтауға жергілікті “Гладких” жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігінің қызметкерлері көмектесті. Өрт сағат …

Отқа оранған үй Read More »

Рәсімдік талаптар сақталуы шарт

Қазіргі бизнес әлемінде болып жатқан жылдам өзгерістер компаниялар өмірінің, оның ішінде атауларының ажырамас бөлігіне айналды. Олар алдарына жүзеге асуы тиіс стратегиялық мақсаттар белгілеп отыратындықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті қайта құру мәселесінде ықпалы зор. Сондықтан әртүрлі себептермен ұйымдардың атауларын өзгерту туралы шешім қабылдау барысында заңды тұлғаның атауын өзектендіру (түзету) процесі заңнамамен реттеледі және белгілі бір рәсімдерді …

Рәсімдік талаптар сақталуы шарт Read More »

Құқықтары қорғалды

Өңір прокурорлары балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғандығын анықтады. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 1632 оқушының құқығы қорғалды. Қадағалаушы органның мәліметінше, прокурорлар облыстың білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізді. Айыртау және Уәлиханов аудандарында мектеп автобустарының жүргізушілері жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 107, 108 тармақтарын бұза отырып, жолға шығу алдында медициналық тексеруден өтпей, 372 баланы тасымалдаған. Мағжан Жұмабаев және …

Құқықтары қорғалды Read More »

Ақан суретінің сыры

Арқаның кең сахарасы – өркениеттердің бастауы, мәдениеттердің тал бесігіне айналған құтты мекен. Адамзат тарихында алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, қымыз ішіп, сал-серіліктің бастауына айналғанына ешкімнің дауы болмас. Ақан сері сынды өнердің шыңына шыққан тұлғаны тербеткен бесігі еді. Өмірі сұлулық пен жұмбаққа толы серінің ғұмырнамасына байланысты кім қалам тербемеді дерсіз. Көзін көріп, құнды дерек қалдырғандардың қатарында …

Ақан суретінің сыры Read More »

Тегінде бар өнер тасада қалмайды

Өнер – жер бетінде адамзат баласы пайда болғаннан бері бірге жасап келе жатқан құбылыс. Біздің заманымызға дейінгі кезеңнің өзінде театр, сәулет, әдебиет сынды өнер салалары қарыштап дамыған ежелгі грекиялықтар “өнерсіз өмір жоқ” деген ұстаныммен ғұмыр кешкен. Әлемдік мәдениеттің іргетасын қалаған жұрттың бұл ұстанымы адамзаттың мәңгілік қағидасына айналуы шарт. Әсіресе қазіргідей адам жаны темірге айналып бара …

Тегінде бар өнер тасада қалмайды Read More »

Жақсылық көрсең – өзіңнен

Алыста жүрсем де, туған жерім – Қызылжар өңірімен жүрегім де, тілегім де бір. Жақсы істерге қуанамын, ора­лымды ой-пікірлерге сүйінемін, олқылықтарға күйінемін.  Қайғы-қуаныштарға ортақпын. Шыны керек, өзімді біршама білімділер қатарына қосып жү­ру­ші едім. Бірде рухани ұста­зым­ның “кітап артқан есек сияқты­сың” деген сөзіне шам­данып, бі­рақ артынан ойланып қалдым. Көп ұзамай оған көзім жетті. Оқу – оңай, тоқу …

Жақсылық көрсең – өзіңнен Read More »

Қауіпсіздік қаперде болсын

Биылғы оқу жылының аяқ­та­луы­на 5 күн қалды. 25 мамыр күні мектеп түлектері бұл күнді өз бетінше мерекелеу кезінде түрлі төтенше жағдайға тап болып жатады. Оқыс оқиғалар­дың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі әр мектепке жауап­ты полиция қызметкері бекі­тілгенін хабарлады. Министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Әлеке­шевтің айтуынша, былтыр “соңғы қо­ңыраудың” ресми бөлігінен кейін мек­теп түлектері іс-шараларды өз …

Қауіпсіздік қаперде болсын Read More »

Болмысы бөлек Бауыржан

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Алматыда КазГУ-де оқыған кезімде қазақтың небір жақсы менен жайсаңдарының көзін көрдік, сөзін тыңдадық, ақыл-парасаттарына тәнті болдық, тағылымын алдық. Арада жарты ғасырдан аса уақыт өтсе де тұлғалық келбеті күні бүгінге дейін есімізден, жадымыздан өшпеген, күйкі өмір ығына жығылмайтын, ағыстың бойымен жүрмейтін, керісінше, кез келген мәселеде өзінің ойымен жүріп, өзіндік сүрлеу тауып, ағысқа …

Болмысы бөлек Бауыржан Read More »

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатында қоғам қайрат­кері, журналист, жазушы, облыстың құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовпен кездесу өтті. “Өнегелі өмір” деп аталған іс-шара жазушының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Жас ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын осындай жиындарды ұйымдастыру дәстүрге айналған. Біз еселі еңбегімен ел құрметіне бөленген жандарды мектебімізге қадірлі қонақ ретінде жиі шақырып, тәрбиелік …

ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ Read More »

Пара алу – арыңды сату

Заманауи қазақстандық қоғамның бірден-бір өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індет халықаралық аренада елдің теріс имиджін қалыптастырып, әлеуметтік тұрақтылыққа қауіп төндіреді, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға кедергісін тигізіп, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Құқықтық құжаттарда сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік органдар қызметкерлерінің өзінің қызметтік жағдайын материалдық немесе мүліктік мақсатта, заңсыз жеке пайда табу үшін …

Пара алу – арыңды сату Read More »

Заңға қайшы әрекет

Заңға сәйкес прокурорлық қадағалау актілері бойынша шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілік көзделген. Жыл басынан бері қадағалау органы прокурорлардың актілері бойынша шаралардан бас тартқаны үшін 3 мемлекеттік органның басшысын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664-бабы бойынша айыппұл салды. Мысалы, Жамбыл ауданының әкімдігі “Прокуратура туралы” Конституциялық заңның талаптарына қайшы, прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша …

Заңға қайшы әрекет Read More »

ТЕГІН КЕҢЕС

Петропавлда сауда және ойын-сауық орталықтарында мобильді топ мүшелері азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетті. Кеңес берушілер – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар. Шараға он шақты маман қатысты. Тұрғындар түрлі мәселе бойынша ақыл-кеңес алғанымен, ең жиі талқыланған сұрақ – тасқын судан келген шығынды өтеу жөнінде болды. Тұрғындардың бұл сұрағына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру …

ТЕГІН КЕҢЕС Read More »

Аналардың аялы алақаны

Осыдан жарты жыл бұрын облыста “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ашылған болатын. Арада аз уақыт өтсе де республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері тасқын судан зардап шеккен өңірімізге 55 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді. “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестіктің төрайымы Айнұр Жүгінісованың айтуынша, бұл қаржының 45 миллион теңгесіне 20 тонна …

Аналардың аялы алақаны Read More »

Махаббат – мәңгілік тақырып

Н.Погодин атындағы об­лыстық орыс драма теат­рында белорус драматур­гы Дмитрий Богословс­кий­дің “Бөгде жағалаулар” қойыл­ымының тұсаукесері өтті. Айбол Қасымның ре­жиссерлігімен қойылған туынды кездейсоқ кездес­кен екі жастың махаббат хикаясынан хабар береді. Тек екі-ақ актер қатысатын спектакль ғашықтардың кездес­кеннен кейінгі үш күндік өмірін сипаттайды. Алайда осы 72 са­ғат олардың бар ғұмырына та­титындай әсер қалдырады. Әл­дебір жігіт сақтандыру компа­ния­сына келіп, …

Махаббат – мәңгілік тақырып Read More »

Тең тарқасты

Футболдан ел біріншілігінің ке-зекті ойындары өтті. Тоғызыншы турда жергілікті “Қызылжар” клубы сырт алаңда талдықорғандық “Же-тісу” командасына қарсы матч өт-кізді. Бұл ойынға дейін “Жетісу” ко-мандасы тур­нирлік кестеде 4-ші орында тұрса, жерлестеріміз 8-ші сатыға жайғасқан болатын. Қос клуб үшін де жеңіс ауадай қа­жет еді. Өкінішке қарай, бірде-бір аяқдопшы көзге түсе алмай, екі ко­манда тең тарқасты. Бірінші тайм …

Тең тарқасты Read More »

Жеңімпаз желаяқ

Өзбекстан астанасы – Таш-кент­те жеңіл атлетикадан Орта-лық Азияның ашық чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде өңір спорт­шы­лары да өнер көрсетті. Құрлықтық додаға өңір намы­сын олимпиадалық резервтегі ба­лалар мен жасөспірімдерге ма­мандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Жа­рыс 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтті. Жерлесіміз Анто­нина Чернышова екі бірдей алтын медальға қол жеткізді. – Антонина Чернышова кедер­гілермен 100 метр қашықтыққа …

Жеңімпаз желаяқ Read More »

Бір тонна заңсыз ішімдік

Облыс полицейлері мемле­кеттік кірістер департаментімен бірге бір тоннадан астам контра­фактілік алкогольді тәркіледі. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына конт­ра­фактілік спирттік ішімдіктің көп мөлшердегі заңсыз айналымы ту­ралы ақпарат келіп түскен. По­ли­цейлер департамент маманда­рымен бірге Қызылжар ауданы­ның аумағында, “Астана – Петро­павл” автожолында жүк көлігін тоқтатты. “ГАЗель” автомаши­на­сында Петропавлдың 49 жаста­ғы тұрғыны болған. Көліктен 70 бес литрлік және көлемі …

Бір тонна заңсыз ішімдік Read More »

Жарамсыз үйге несие төлеуге мәжбүр

“Амаnat” партиясы жергілікті ұйымының өкілдері бұған дейін Есіл ауданы бойынша тасқын судан зардап шеккен 41 адамға әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеуге көмектескен болатын. Бұл жолы қоғамдық қабылдауға Покровка ауылының 15 тұрғыны жүгінді. Олардың қатарында Инга Тодоровская да бар. Осыдан шамамен бір ай бұрын оның да үйі суға кеткен. Баспанасы тұруға жарамсыз болса да, несие төлеуге мәжбүр. Оның …

Жарамсыз үйге несие төлеуге мәжбүр Read More »