“Қалыңдық үйі” қайта жаңғырады
Ел аузында “Қалыңдық үйі” атанып кеткен көпес Халит Янгуразов салдыртқан екі қабатты нысан республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші саналады. Оны кезінде Мәскеуден келген қалыңдықтың тапсырысы бойынша италиялық сәулетшілер модерн стилінде салған. Бірінші қабат кірпіштен, екінші қабат бөренеден тұрғызылған. Ғимараттың қасбеті мен интерьері сәндік сылақпен безендірілген. Мұнда 2013 жылдан 2016 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігінің …