«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастар жеңілге неге үйір?

Биыл облыс полицейлері есірткіге қатысты 104 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жангелді Әпеновтің айтуынша, тіркелген фактілердің 54-і– есірткіні сату, 4-уі – аса ірі көлемде сақтау деректері. Заңсыз айналымнан 18 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 4 келіден астамы – синтетикалық есірткі және 14 келісі – марихуана. …

Жастар жеңілге неге үйір? Read More »

Ұрпақ қауіпсіздігі — өз қолымызда

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе барша жұртшылықты толғандыратын көкейкесті проблема десе де болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау ерекше басымдыққа ие екенін атап көрсетіп, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін …

Ұрпақ қауіпсіздігі — өз қолымызда Read More »

Жан жадыратар жазғы демалыс

Бүгінгі балалар – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан да олардың баянды болашағына барынша жағдай жасап, қолдау көрсету маңызды. Дамыған елдер инвестицияның басым бөлігін ұрпағының ертеңіне салып отырғаны да бекер емес. Өйткені бұл – қайтымы мол ең тиімді жол. Бала тәрбиесіне, оның біліміне жұмсалған күш бүгін болмаса да бірнеше он жылдардан кейін өз жемісін беріп, халқына пайда …

Жан жадыратар жазғы демалыс Read More »

“СОЛТҮСТІК КОЭФФИЦИЕНТІН” ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ

1999 жылы жүргізілген Ұлт­тық санақ деректеріне сүйен­сек, Солтүстік Қазақстан облы­сы тұрғындарының саны 725980 болса, арада өткен ши­рек ғасыр бедерінде (1.01.2024 ж.) басқа жақтарға үдере көшу салдарынан 530039-ға дейін азайып кеткен. Жасыратыны жоқ, алаңда­тарлық демографиялық ахуал­ды жақсартуға қатысты ұсыныс-пікірлер мен тұшымды ойлар жұртшылық, қоғамдық ұйым­дар, халық қалаулылары, БАҚ өкілдері тарапынан қаншама рет айтылып, тиісті органдар на­зарына …

“СОЛТҮСТІК КОЭФФИЦИЕНТІН” ҚАЙТАРУ ҚАЖЕТ Read More »

КӨШЕЛЕР ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНБЕК

Петропавлда көше жолда­рын жөндеу бойынша былтыр қол­ға алынған ауқымды жұмыс биыл жалғасын таппақ. Жоспар бойынша 53 көшенің 45 шақы­рымы жөнге келтіріледі. Петропавл қаласы бойынша партиялық сайлауалды бағдар­ламаның іске асырылуы, алда­ғы жылыту маусымына даяр­лық, облыс орталығын сумен, газбен және электрмен қамта­ма­сыз ету. Осы және өзге де мә­селелер қалалық мәслихаттағы “AMANAT” депутаттық фрак­циясының отырысында қарал­ды. Жол са­пасы …

КӨШЕЛЕР ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНБЕК Read More »

АЙЫРТАУДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болып, кәсіп­орындардың жұмысымен танысып, егіс науқанының барысын бақылады. “Sau­malkol Sut” серіктестігі ірімшік өндірісіне арналған цехті жаңғыртып жатыр. Нәтижесінде жылына 450 тонна ірімшік өнімдері шығарылмақ. Өңір басшы “Таза Қазақ­стан” акциясы аясында ауыл­дарды абаттандыру жұмыста­рын көріп, өртке қарсы күреске арналған шараларды тексерді. Сонымен қатар аудан тұрғын­дарымен кездесу өткізіп, өзекті …

АЙЫРТАУДЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ АЙҚЫН Read More »

Алаш жолы — азаттық жолы

Өткен ғасырдың басындағы күштеп ұжымдастыру, асы­ра­сілтеушілік, саяси қуғын сүргін қазақ тарихының қасіретке толы қанды беттеріне жазылды. Осы жылдары қаншама арыстар жазықсыз құрбан бо­лып, ұлтымыз өзінің бас көте­рер азаматтарынан айырылып қалды. Кеңестік жүйенің қызыл оғы ұлт зиялыларын нысанаға алып, қазақ даласында бұрын соңды болмаған қасіретті ке­зең басталды. Тәуелсіздік ал­ға­лы бері тарихтағы ақтаңдақ­тарды ашып, есімі ұзақ жыл­дар …

Алаш жолы — азаттық жолы Read More »

ЖЕТІ ЖҮЗ ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов Ойқала, Былғары за­уыты, Заречное шағынаудан­да­рын­дағы, Тепличное, Прибреж­ное ауылдарындағы мехбрига­да­лардың жұмысы мен үйлерді жөндеу барысын бақылап, зар­дап шеккен тұрғындармен кезде­сіп, аудан әкім­дері орынбасар­ларының есебін тыңдады. Өңір басшысы бар­лық жұмыстарды сапалы әрі уа­қытында атқаруды тапсырды. Бүгінгі таңда облыстағы үй­лерді бағалау және техникалық зерттеуден өткізу бойынша бар­лық жұмыстар аяқталып, тұрғындарға құжат беріліп жатыр. За­қымданған …

ЖЕТІ ЖҮЗ ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ Read More »

Ұмытылмас қасірет

Петропавлда саяси қуғын-сүргін және ашаршы­лық құрбандарына арналған мемориалдың ашылға­нына биыл 20 жыл толып отыр. Жазықсыз жапа шеккен 8 мыңға жуық адамның есімі жазылған ес­керт­кіш кешені кезінде “халық жауы” атанған Мағаз Сағындықовтың ұлы – өңірдің құрметті азаматы, бүгінде жасы 90-ға жақындаған Болат Мағаз­ұлының қажырлы еңбегінің арқасында бой көтерді. Болат Сағындықов әкесі Ма­ғаз­дан бір жасында айырылған. Колхозды …

Ұмытылмас қасірет Read More »

Тайынша спорты табысты

“Тәні саудың – жаны сау”, – дей­ді халқымыз. Бірақ тән саулығы өзінен-өзі келмейді. Адам бала­сы саламатты өмір салтын ұста­нып, спортпен айналысып, сер­гек қалпын сақтауы үшін мемле­кет тарапынан қолдау, үгіт-насихат керек. Біздің ауданы­мызда бұл бағытта қыруар жұ­мыс атқарылып жатыр. Тайынша ауданында 198 спорттық нысан бар. Оларда 93 ұжым жаттығады, оның ішінде 70-і ауылдық жерде орналасқан. 51 …

Тайынша спорты табысты Read More »

СҰРҚИЯ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Халқымызға қарсы жасалған қасіреттің таңбаланып, күнтізбеге енгізілгеніне биыл 26 жыл толады. Бірақ қуғын-сүргіннің қасіреті, аштық жылдардың ақиқаты, қазақты ұлт ретінде жою саясатының сұрқия жоспары толық ашылды деп айтуға әлі ерте. Түбіне тереңдей берсең, талай тағдыр мен тың деректердің шығары анық. Бас көтергенін баудай түсірген сол кездегі биліктің айқын бет-бейнесін бүгінгі ұрпақ танып-білуі тиіс. “Ұлттың қасіретін …

СҰРҚИЯ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ Read More »

Озық жобаларға — 1 млн. теңге

Бүгінде өңірде 10 мыңнан астам NEET санатындағы жас бар. Оқуға бармайтын, әрі жұмыс істемейтін бұл топтағы тұрғындардың мәселесін шешу – жастар саясатымен айналысатын ұйымдар жұмысының басым бағыттарының бірі. Мемлекет тарапынан да жыл сайын түрлі жобаларға қолдау көрсетіліп, гранттар бөлініп келеді. “Zhas project” жобасы да – екі қолға бір күрек таппаған жастарды қолдауға арналған игілікті бағдарламалардың бірі. …

Озық жобаларға — 1 млн. теңге Read More »

Тіл – ұлттың мінезі

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада “Тіл – ұлттың мінезі” атты кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, қазақ тіл білімінің болашағын бағамдау, тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ әдебиеті шығармашылығын насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақтың рухани дамуына, патриоттық тәрбиесіне ықпал ету. Шарада облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Сағындық Салмұрзин, тілдерді оқыту орталығының маманы Жанат Оралов, филология …

Тіл – ұлттың мінезі Read More »

Шектеу шаралары

Мамыр айында облыста 52 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Соңғы дерек осыдан үш күн бұрын Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында тіркелді. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері жоспарлы ветеринарлық шаралар аясында өңірдің алты ауданында бруцеллездің 244 дерегі белгілі болған. – Биыл Айыртау ауданында – 77, Ақжарда – 20, Аққайыңда – 15, Қызылжар ауданында – …

Шектеу шаралары Read More »

Ақмолалық есірткі таратушылар

Ақмола облысының 20 және 17 жастағы екі тұрғыны синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде үш айдай жұмыс істеген. Полицейлердің ақпараты бойынша жігіттер Петропавл қаласына аса ірі көлемдегі есірткі партиясын буып-түю үшін келіп отырған. Осылай кезекті рет келгенде жедел уәкілдер оларды Рига көшесінде қолға түсірді. Жеке тексеру және жалға алған пәтерлерін тінту кезінде 664 грамнан астам мефедрон …

Ақмолалық есірткі таратушылар Read More »

ШЕРЛІ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ

Өткен ғасырдың басындағы “кіші қазан” саясаты, күштеп ұжымдастыру, асырасілтеушілік, әсіреқызыл науқаншылдық қазақты қынадай қырып, зардабы зор ашаршылыққа алып келді. Ашаршылық жылдары талай қазақ үйін тастап, иен далаға босып кетті. Байтал түгіл бас қайғы болып, өлім құшты. Мұның бәрі қалам ұстаған қауымды ойландырмай қоймады. Аталған тақырыпқа алғаш қалам тартқан қайсар қаламгерлердің бірі – қызылжарлық Жақан Сыздықов еді. …

ШЕРЛІ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ Read More »

Арманда өткен асыл тұлға

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңестік империя “халық жауы” деген жаламен қазақ халқының мыңдаған асыл азаматын жазықсыз жазалады. Басқасын айтпағанда, бір ғана Қызылжар өңірі бойынша он мыңнан астам адам түрмеге қамалып, ату жазасына кесілген, жер аударылған. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірі – Хамза Ыбырайұлы. Ол 1899 жылы Шал ақын ауданындағы Балуан ауылының Қаратоқа қыстауында өмірге келген. Алғашқыда ауыл …

Арманда өткен асыл тұлға Read More »

Ауаны ластау азаймай тұр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында ауаға тарала­тын ластаушы заттардың үлесі 33,7 пайызға ұлғайғаны айтылды. Оның 70 пайыздан астамы “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ға тиесілі. “Аққайыңдар өлкесі” атала­тын Қызылжар өңірінің ауасы таза дегенді жиі естуші едік. Себебі бізде ауаға түрлі зиянды қалдықтар тарататындай ірі өнер­кәсіп орындары жоқ. Деген­мен соңғы жылдары саф ауа­ның сынын кетіретін зиянды зат­тар­дың үлесі …

Ауаны ластау азаймай тұр Read More »

ТЕМІР БАҒАНДАР ОРНАТЫЛУДА

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов №2 Петропавл жылу электр орталығында (ЖЭО) болып, жылыту маусымына дайындық мәселесіне арналған жиын өткізді. Басқосуда осы салаға жауапты мекеме басшыларының есебі тыңдалды. Биыл электр желілерін қай­­та жаңарту және жабдық­тар­ды ауыстыру үшін 2,8 млрд. теңге қарастырылған. Көктемгі су тасқыны кезінде жарты мыңға жуық электр ба­ғаналары қирап, 54,1 шақы­рым электр желісі істен шық­қан. …

ТЕМІР БАҒАНДАР ОРНАТЫЛУДА Read More »

Әртараптандырудың берері мол

Облыс әкімінің бірінші орын­басары Марат Тасма­ған­бетов Уәлиханов, Ақжар аудандарына жұмыс сапа­ры­мен барып, егіс науқаны ба­рысымен танысты. Сонымен қатар агроқұрылым басшы­ларымен кездесіп, Ақжарқын және Восход ауылдық округ­те­ріндегі бірқатар ауыл ша­руа­шылығы нысандарын ара­лады. Алдымен Ақжарқын ауыл­дық округіндегі “Керейт” ша­руа қожалығының егіс алқа­бы­на барды. Шаруашылық бас­шысы Медет Көкешев ма­ңызды науқанның барысы ту­ралы баяндады. Шаруа қо­жалығы егістікті әртарап­тан­дыруды жоспарлы …

Әртараптандырудың берері мол Read More »