Сөздерінде жалын бар
Облыс орталығында “Qyzyljar jastary” форумы өтті. Оған өңіріміздің аудандарынан келген 40-тан астам белсенді жас пен ерікті қатысты. Форум жыл сайын өткізіледі. Биылғы шараның ерекшелігі – жастар үшін ұйымдастырылған түрлі тренингтер мен тимбилдинг. Әсіресе жастардың жан-жақты дамуына, өз ойын емін-еркін жеткізуіне мүмкіндік беретін пікірсайыс ретінде ұйымдастырылғаны көңілден шықты. Осылайша әр қатысушы бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. …