«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қайратқа” қауқары жетпеді

Футболдан ел біріншілі­гі­нің 17-ші турында жергі­лікті “Қы­зыл­жар” клубы өз ала­ңын­да ал­ма­тылық “Қай­­­рат” командасын қа­былда­ды. Текетіреске то­лы матч­та қонақтар жер­лес­те­ріміз­дің қақпасына жал­ғыз гол са­лып, жеңіске жетті. Бұл кездесуге дейін “Қызыл­жар” 7-ші орында келе жатса, “Қайрат” турнирлік кестеде екін­ші сатыға жайғасқан болатын. Ойында қос клуб та жеңістен дә­мелі екендіктерін бірден бай­қатты. Матчтың тағ­дырын 39-шы минутта соғылған гол …

“Қайратқа” қауқары жетпеді Read More »

Ұстазға құрмет – тәрбиеден

Біз ұстазын төрге шығарып, құрметтейтін қоғам құруымыз керек. Себебі білім беру саласының қызметкерлеріне көптің бірі деп қарауға болмайды. Кейде бір-екі баласын тәрбиелей алмай отырғандар жиырма оқушымен жұмыс істейтін педагогтарға мін тағып отырады. Соған қарап, білім беру саласы қызметкерлеріне деген құрмет кенжелеп бара ма деген ойға қалатыным бар. Ұстаз – ұлтты тәрбиелейтін тұлға. Тұлғаның тұғырынан түсу-түспеуі …

Ұстазға құрмет – тәрбиеден Read More »

ЕКІ АЛЫПТЫҢ ӘДЕБИ MҰРACЫHДAҒЫ РУXAHИ ҮHДЕCTІK

Meмлeкeт бacшыcы Қacым-Жoмapт Toқaeв “Aбaй жәнe XXІ ғacыpдaғы Қaзaқcтaн” мaқa­лacындa eлiмiздi дaмытy үшiн ұлы aқынның пapacaтты oйлapынa тepeң үңiлyiмiз кepeк eкeндiгiн aйтaды. “Aбaй cөзi ұpпaқ­тың бaғыт aлaтын тeмipқaзығынa aй­нaлyы қaжeт”, – дeп aқын мұpacының бүгiнгi тaңдa, ipгeлi eл бoлaмыз дeп жaтқaн кeздe қaншaлықты мaңы­зы зop eкeнiн aтaп өткeн. Шынымeн дe, мемлекеттiң қaзipгi зaмaнғы бейнеciн түciнуде …

ЕКІ АЛЫПТЫҢ ӘДЕБИ MҰРACЫHДAҒЫ РУXAHИ ҮHДЕCTІK Read More »

Достықтың белгісі

Жамбыл ауданындағы И.Шухов мемориалдық мұражайдағы 3867 жәдігердің ішінен ерекше көзге түсетіні – “С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов И.Шуховтың үйінде” картинасы. Онда суретші Анатолий Бургаев үш қаламгердің әңгімелесіп отырған мамыражай сәтін бейнелеген. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, солтүстікқазақстандық қылқалам шебері 3 жыл салған туындыны 2013 жылы Индустрия және жаңа технологиялар министрі мұражайға сыйға тартқан. Үш қаламгер бала күндерінен бір-бірін жақсы …

Достықтың белгісі Read More »

Ұстазына “темір тұлпар” мінгізді

Айтыскер ақын Әлібек Серғалиев облыс орталығынан шалғай орналасқан Шал ақын ауданы, Ысқақ Ыбыраев ауылында тұратын ұстазы Қойшыбай Шәниевке “темір тұлпар” мінгізді. Мектеп партасында отырған бастауыш сынып оқушысы Әлібектің дәптерін тексеріп отырып, оралымды өлең жолдарын алғашқы ұстазы, марқұм Бақыт Кәкіжанқызы аңғарады. Жас баланың қабілетін жұбайы Қойшыбай Шәниевке айтады. Ол болашақ ақынның қабілетін танып, бір топ өлеңіне …

Ұстазына “темір тұлпар” мінгізді Read More »

КОМИКСТЕР ӘЛЕМІ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада балалар мен ересектерге арналған комикстер орталығы жұмыс істейді. Мұнда әлемге танымал авторлармен қатар қазақстандық суретшілердің де шығармалары бар. Комикстер – қазіргі уақытта әдебиеттегі заманауи бағыттардың бірі. Сондай-ақ ол тек балаларға ғана емес ересектер үшін де қызықты. Сондықтан кітапханада екі жыл бұрын комикстер орталығы ашылған. Мұнда оқырман үшін қазақ тіліндегі комикстер …

КОМИКСТЕР ӘЛЕМІ Read More »

Көкжөтел жұқтырған балалар

Өңірде көкжөтелмен ауырған балалар саны еселеп артқан. Дерт жұқтырған науқастардың ешқайсысы екпе алмағандығы анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жеті айда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде 51 бала ем алып шыққан. Былтыр осы аралықта 10 балаға “көкжөтел” диагнозы қойылған. “Нәрестелерде, әсіресе 6 айға дейінгі балада ауру кезінде көкжөтел энцефалопатиясы дамиды, бұл …

Көкжөтел жұқтырған балалар Read More »

“СИНТЕТИКА” САТАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН

Облыста жыл басынан бері есірткіге қатысты 149 қылмыс тіркелген. Оның 97-сі – “синтетика” сату фактісі. Полиция қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 476 килограмм 446 грамм әртүрлi есiрткi заттарын тәркілеген. Оның ішіндегі 5 килограмм 611 граммы – синтетикалық есірткі. Соңғы уақытта өңірде “синтетика” саудасына қызығатындар көбейген. Мәселен, қара нарықта барлығы 81 сауда тіркелсе, оның 73-інде …

“СИНТЕТИКА” САТАТЫНДАР КӨБЕЙГЕН Read More »

Салымшыларын алдады

Петропавл тұрғындарын алдаған құрылыс фирмасының екі басшысына қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, облыстық сотта құрылыс компаниясының құрылтайшысы мен басшысы жауап берді. Сотталғандар Петропавлда салынып жатқан көпқабатты үй салымшыларының ақшасын жымқырған. Яғни ақшаны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған. Мемлекеттік айыптау алаяқтар облыс орталығының 48 тұрғынын алдап, 400 млн. теңгеден астам шығын келтірілгенін дәлелдеді. …

Салымшыларын алдады Read More »

Балуандар бабында, атбегілер дайын

Қыркүйектің 8-13 күндері аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетіні белгілі. Биылғы спорт шарасына 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Бүгіндері ұлттық құрама сапында өнер көрсететін саңлақтардың есімдері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта қазақ күресінен ел намысын қорғайтын балуандар тізімі жасақталуда. Әзірге өңірімізден 60 килограмм салмақ дәрежесінде белдесетін бір спортшының есімі белгілі, ол – Мейіржан …

Балуандар бабында, атбегілер дайын Read More »

Топ жарғандар

Елімізде тамыздың әр үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтіледі. Биыл атал­мыш мереке қарсаңында Жастар сарайында салтанатты жиын ұйымдастырылып, бірқатар спорт саласының майталманы марапатталды. Шараға облыс әкімінің орын­басары Қанат Дүзелбаев қатысты. Өңір басшысының орынба­са­ры соңғы жылдары облыста спорттық нысандар салынып, са­­ламатты өмір салтына бет бұрған азаматтар қатары арт­қанын айтты. – Мемлекет басшысының тап­­­сырмасына сәйкес, елімізде 2029 …

Топ жарғандар Read More »

ТАЙЫНШАДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ЖОБАЛАР

Тайынша ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірқатар озық жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Соңғы жылдары шағын өндіріс орындары бой көтеріп, Шопан ата түлігі көптеп өсіріліп, тамшылатып суару әдісіне жете ден қойылған. Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұ­хам­бетов аудандағы жұмыс са­парын шаруашылықтарды аралаудан бастады. “Аманат” ша­руа қожалығы 0,5 млрд. тең­генің инвестициялық жобасын қолға алған. Бүгінге дейін 4,5 мыңға …

ТАЙЫНШАДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ЖОБАЛАР Read More »

Өңірдің үздік мектебі анықталды

Оқушылар сарайында “Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы бі­лім беру” атты педагогикалық қыз­меткерлердің тамыз кеңесі өтті. Конференцияға облыс әкімінің бі­рінші орынбасары Марат Тасма­ғанбетов пен педагогтар, еңбек ардагерлері мен жас мамандар қатысты. Алқалы жиында облыстық бі­лім басқармасының басшысы Ай­на­гүл Сұрағанова өткен оқу жы­лы­ның қорытындылары мен алда тұр­­ған ауқымды міндеттер туралы баяндама жасады. Ол атал­мыш са­­ланы дамыту мақсатында өңір­лік …

Өңірдің үздік мектебі анықталды Read More »

ОТАННЫҢ КҮЗЕТІП ІРГЕСІН

Шекарашылар – алдыңғы шеп­те тұрған жауынгерлер. Егер ел шетіне тұтқиылдан жау тисе, жердің тұтастығын сақтап қалу, басқа тиісті күштік құрылым жет­кенше оларды шекарадан өткіз­бей ұстап тұру осы жауынгерлердің міндетіне жатады. Оның үстіне шекарашылар күні-түні қызмет етеді. Себебі шекара еш­қашан күзетсіз қалмауы тиіс. Шекара шебінде тұрған сарбаздарға қарап бой түзеп, Отан қор­ғаушы мамандығын таңдағандар аз емес. …

ОТАННЫҢ КҮЗЕТІП ІРГЕСІН Read More »

Оқу жылына дайындық ойдағыдай

Өңірде биыл жалпы оқыту қо­рына 1480 млн. теңге бөлінген. Қа­зір тұрмысы төмен, көпбала­лы от­басынан шыққан оқушылар мек­тепке қажетті заттармен қам­тылып жатыр. Биылдан бастап жалпы оқы­ту қорынан көрсетілетін мате­риал­дық көмек мемлекеттік қыз­мет ре­тінде бекітілген. Біржолғы төлем – 43 мың теңге шамасын­да. Өңір­де бұл көмек 11 мыңға жуық бала­ға беріледі. Олар – тұр­мысы на­шар, жетім және ата-ана …

Оқу жылына дайындық ойдағыдай Read More »

ТЕРІСКЕЙ ТӘЖІРИБЕСІ: ҰЛЫТАУДЫҢ ҮЙРЕНЕРІ КӨП

Қызылжарға Ұлытау облы­сының әкімі Берік Әбдіғалиұлы баста­ған де­легация келді. Об­­­лыс әкі­мі Ғауез Нұрмұхам­бе­­­тов пен Ұлы­тау об­лы­сы­ның әкімі Бе­рік Әбдіғали­ұлы­ның қатысуы­мен өт­кен кез­де­­суде екі өңір ара­сында ауыл ша­руашылығы, өнер­кә­сіп және әлеуметтік сала­да­ғы ынтымақтастықты дамы­­­ту мәселе­лері талқыланды. Қазір ел бойынша Солтүстік Қазақстан облысының сүт фер­ма­ларын салу қанатқақты жоба­сы таратылуда. Теріскей шаруа­ларының тәжіри­бе­сі басқа өңір­лерге де пайдалы болмақ. …

ТЕРІСКЕЙ ТӘЖІРИБЕСІ: ҰЛЫТАУДЫҢ ҮЙРЕНЕРІ КӨП Read More »

Батырлар рухы өшпейді

Тәуелсіздігімізді алып, халқы­мыз­дың рухани жан дүниесі жаңар­ған кезде әркім өзінің тарихи шежіре­сін кейінгі ұрпаққа мұра ету қамына кірісті. Бұл жас ұрпақтың туған жер­ге деген шынайы сүйіспеншілігін арт­тыруға, өлке тарихымен танысуға, жұрт біле бермейтін кейбір көмескі та­рихты, таңдаулы тұлғаларды тануға мүмкіндік берді. Қазақ батырлары және олардың ел тағдырындағы тарихи орны жайлы айтқанда біз, біріншіден, олардың тереңнен …

Батырлар рухы өшпейді Read More »

КЕЙБІР АУЫЛДА ӘЛІ КҮНГЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ (“Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын”)

Бүгінде ауылдан қалаға көшу белең алуда. Оның түрлі се­бебі бар. Жастардың дені ауылда тұрақтап қалғысы кел­мей­ді. Жайлы өмір, жақсы тұр­мысты кім қаламайды дейсің. Егер ауылдарда сол жастардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жа­салса, елден береке кетпес еді деп ойлаймын. Ауылдық жер­лерде тиісті жағдай жасалмаға­нына көңіл құлазиды. Жас күні­мізде тапшылық, жоқшылық көр­сек те, қайтып келмес қайран күн­деріміз …

КЕЙБІР АУЫЛДА ӘЛІ КҮНГЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖОҚ (“Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын”) Read More »

Қауіпті вирусқа екпе дауа

Вирусты гепатит – қауіпті жұқпалы ауру. Бірінші кезекте адамның бауырына зақым кел­тіреді. Әлемдегі ең көп кең таралған аурулар қатарына жа­тады. Вирусты гепатит әртүрлі ви­рустар тудырады. Олар латын ал­фавитінің А, В, С, D, Е, G әріптері­мен белгіленеді. А вирусты гепатиті көбіне күзде басталады және көк­темге дейін жоғары деңгейде бо­лады. Жылдың бұл кезеңіндегі ау­ру­шаңдықтың артуы қорға­ныш қабілетінің …

Қауіпті вирусқа екпе дауа Read More »

МЕККЕДЕ ҚОНАҚҮЙ САЛДЫРҒАН АҢДАМАС ҚАЖЫ

Қазақтардың Меккеге кажы­лық­қа барғанда түсетін үй жайы – тәкия туралы белгілі жазушы Дүкенбай Досжан “Абай ай­насы” кі­табында мынадай та­ри­хи де­рек­терді келтіреді: “1874 жылы хажыға барға­нында ха­жы­лары түсетұғын Мек­кеде бір тәкия яғни үй сатып алып құ­дайы қылып еді. Осы күнде кіші тәкия деп атайды. Кіші жүзден бір Сұлтан деген бек ға­лым жігіт ие болып тұр. Басында …

МЕККЕДЕ ҚОНАҚҮЙ САЛДЫРҒАН АҢДАМАС ҚАЖЫ Read More »