«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтың айла-шарғысы көп

Алаяқтар әлеуметтік инженерия әдістерін ұзақ уақыттан бері және сәтті қолданып келеді. Оның мақсаты – қажетті ақпаратты алу және шоттардан ақша ұрлау немесе кредиттер ресімдеу үшін адамдарды дегеніне көндіру. Әлеуметтік инженерлердің арсеналында негізінен психологиялық айла-шарғыны, әлеуметтану элементтерін, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдануға негізделген көптеген әдіс-тәсілдер бар. Соның бірі – қорқыту. Өздеріңіз білетіндей, дүрбелең жағдайында адам ұтымды ойлау …

Алаяқтың айла-шарғысы көп Read More »

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ЖАЯУЛАР ЖИІ БҰЗАДЫ

Облыс полицейлері жаяу жүргіншілерді қағып кетуге қатысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. “Алтын арман” және “Тайга” базарларының маңы, Петропавлдағы басқа да адамдар көп шоғырланған жерлер ерекше бақылауға алынған. Тәжірибе көрсеткендей, дәл сол жерде адамдар белгіленбеген жерден көшені кесіп өтеді және осы маңда олардың өміріне үлкен қауіп төнеді. 7 ай ішінде облыс орталығында жаяу …

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ЖАЯУЛАР ЖИІ БҰЗАДЫ Read More »

Такси жүргізу қызықты, бірақ қауіпті

Такси – тұрғындарға ауадай қажет қызмет. Тұрақты жалақы алмаған соң такси жүргізушісінің еңбегі елене бермейтіні бесенеден белгілі. Мінезі ауыр адамдар, жөн-жосықсыз сөйлейтіндер, мастар, аурушаңдар, жұмысына асыққандар такси шақырады. Әрқайсысының қас-қабағын бағуға тура келеді. Такси жүргізушілерінің қызықты әрі қауіпті өмірін зерделеу үшін қаланы бір күн бойы таксимен араладым. ИНТЕРНЕТКЕ ИЕК АРТЫП АЛҒАН Такси жүргізушісі қаланың түкпір-түкпірін …

Такси жүргізу қызықты, бірақ қауіпті Read More »

Экономикадағы патриотизм қағидаты

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесі көтерілді. Осы ретте мемлекеттік сатып алу саласын реттеу, фармацевтика саласын дамыту бағытында бірқатар міндет белгіленді. Отандық тауарларға басымдық беріледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер қойнауын пайда­ланушылардың, квазимемле­кеттік жəне мемлекеттік сектор­дың сатып алу саласындағы жергілікті өнімдер мен қызмет­тердің үлесін 60 пайызға жеткізу туралы тапсырмасы бойынша …

Экономикадағы патриотизм қағидаты Read More »

Халықаралық стандарттарға сай

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрылғанына биыл – 41 жыл. 12 бөлімшеден тұратын емдеу мекемесі 370 орынға шақталған. Соңғы үш жылдың ішінде ұжым 31 жас маманмен толықты. Жалпы бүгінгі таңда мұнда барлығы 600-ден астам медициналық қызметкер еңбек етеді. Облыстық балалар ауруха­насының қабылдау бөліміне кү­ніне 250-ге жуық адам жүгінеді. Ал ауруханаға 1 күнде 50-70 ба­ла түседі. Қазіргі …

Халықаралық стандарттарға сай Read More »

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ

Облыс прокурорлары мемлекеттік кірістер органда­рының заңсыз салынған айыппұлын сот тәртібімен бұзды. Талдау барысында “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодекстің талапта­рын өрескел бұзу фактілері анықталды. Мәселен, Уәлиханов ауданы­ның кәсіпкерлік субъектісіне аудан­дық мемлекеттік кірістер басқармасының қаулысымен арнайы есепке қоймай айналымдарды жү­зеге асырғаны үшін “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Ко­декстің 275-бабы 5-бөлігі бойын­ша 36,4 млн. теңге сомасына әкім­шілік айыппұл салынған. …

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН АЙЫППҰЛ Read More »

Жарты бөлке (Новелла)

– Бір үзім болса да, нан табылса ғой, – деді күбірлеп, көктемгі жабағының жүніндей ұйысқан қара қоңыр сақал-мұртының арасынан бірдеңе жыбырлағандай болды, дауысын өзі де естіген жоқ. Аузын ашып сөйлемегеніне де екі күнге жуықтап қалыпты, көмекейі қаңсып, әл-дәрмені құрып барады екен. Алда бұлдырап бір шоғыр ауыл көрінеді. Соған дейін жетсе, талғажау қыларға бірдеңе табылып қалар. …

Жарты бөлке (Новелла) Read More »

Алыстай береді екен арман ұзап

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Серғазы Қайырболды 1995 жылы 4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Жаңаауыл елді мекенінде туған. Алғашқы өлеңдері студенттік шағында “Әдебиет порталы”, “Мәдениет порталы”, “Ұлт.kz”, “Қаламгер.kz” сайттарында, “Адырна” республикалық әдеби-танымдық журналында, көкшетаулық жас ақындар антологиясында жарияланған. 2018 жылы “Post Scriptum” атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрген. Оқырман назарына ақынның топтама өлеңдерін …

Алыстай береді екен арман ұзап Read More »

ЖАҢА ЗАМАН ҰСТАЗДАРЫ

Қазіргі білім беру стандарттары мен талаптарына сәйкес білім мен дағдыларды жаңартудың маңыздылығы күннен күнге артуда. Педагогтар қауымы үшін оқытудың тиімділігін арттыру әдістері, оның ішінде инновациялық тәсілдер мен технологияларды оқыту тәжірибелеріне енгізу мәселелері – өзекті тақырыптың бірі. Қазіргі әлемде қалыптан тыс ойлап, шығармашылық шешім қабылдай алатын креативті тұлғалар қажет. Білім беру жүйесі осындай тұлғаларды шығаруға зор …

ЖАҢА ЗАМАН ҰСТАЗДАРЫ Read More »

Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ: “ҚАЖЕТСІЗ МАМАНДЫҚ БОЛМАЙДЫ, БІЛІКСІЗ МАМАНДАР БАР”

– Ескендір Есмақұлы, сұх­ба­тымызды аға буын ұрпақ өкі­лі ретінде Сізді не мәселе тол­ғандыратынынан баста­сақ. – Кеңестік кезеңде туып, тәуел­сіз елдің дамуына бір адам­дай атсалыстық. Әлі де аттан түс­кен жоқпыз. Мемлекетіміздің қа­лай қалыптасқанына куәміз. Егемендік алған жылдары барлығын жаңадан бастауға тура келді. Әл­бетте, аяққа тұрып кету оңай бол­мады. Жұмыссыздық, жоқшы­лық, азық-түлік тапшылы­ғы сын­ды бірқатар қиындықтар­ды басы­мыздан …

Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ: “ҚАЖЕТСІЗ МАМАНДЫҚ БОЛМАЙДЫ, БІЛІКСІЗ МАМАНДАР БАР” Read More »

АҒА ТӘЛІМІ

Есімде, 2001 жылдың шілдесі болатын. Сол жазда қала жанында орналасқан орыс-қазағы аралас Прибрежное ауылына көшіп келдік. Оған балаларымыздың қалада тұруы, осы жерде білім алуы себеп болды. Көшіп келгеннен кейін жұмыс іздеп, аталған елді мекендегі орта мектепке бардым. Мектеп директоры елу бестер шамасындағы қазақтың азаматы екен. Өзін Айтбай Сіргебайұлы Бисары деп таныстырды. Бұрын естуім бар және …

АҒА ТӘЛІМІ Read More »

АЛТЫН ЖІППЕН ӘДІПТЕЛГЕН АЙЫРТАУ

Табиғаттың бар сұлулығы, ғажайып сымбаты, қайталанбас көркем көрінісі “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аймағына самал желдің желпуімен көшіп келіп, бауырлай қонып, біріге тұтасып жатқандай көрініс береді. Шалқар, Имантау, Айыртау атырабының тұңғыш көрген жан таңғаларлық сұлулығы таулы-орманды ландшафтары мен Шалқар, Имантау, Саумалкөл көлдерінің акваториясы әдемі де ажарлы ансамбль құрап жатыр. Көзі көріп, көңілі сүйсінген жалпақ жұрт …

АЛТЫН ЖІППЕН ӘДІПТЕЛГЕН АЙЫРТАУ Read More »

АБАЙ – ОЛ ҮЛКЕН ӘЛЕМ

Өткен сенбі күні облыс орталығында Абай Құнан­бай­­ұлы­ның 179 жылдығына орай бірқатар мәдени ша­ралар өтті. Алдымен қоғам белсенділе­рі мен жастар Петропавл қаласы­ның орталық алаңында орналас­қан Абай және Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Абай күні аясында өңірде ақын­ның өлеңдерін жатқа айтудан челлендж ұйымдастырды. Іс-шаралар легі С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кі­тап­ха­нада өткен “Жүре­гімнің тү­біне терең бойла” атты …

АБАЙ – ОЛ ҮЛКЕН ӘЛЕМ Read More »

Ашық әрі қолжетімді

Қазіргі уақытта мемлекет­тік қызметтер қоғамда маңызды рөл атқарады. Олар ха­лықтың қажеттілікте­рін қанағаттандыруды және аза­маттардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен оның азамат­тарының өзара іс-қимылының негізгі эле­менті болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді са­палы көрсетуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен азаматтардың тұрақты және бел­сенді өзара іс-қимылы, қызмет көрсету кезінде бизнес-үдеріс­терді үздіксіз …

Ашық әрі қолжетімді Read More »

ЖӨНДЕУ ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Тимирязев ауданының жолдары қалыпқа келтіріліп жатыр. Бүгіндері Есіл ауылында ұзындығы 19 шақы­рымды құрайтын жолға қиыршық тас төселіп, Дружба және Целинное елді мекендерінде жұмыс қызған. Тимирязев ауданына қа­расты Есіл ауылының кіреберіс жолы жылдар бойы жөндеу көрмеген. Әбден тозығы жеткен жолды ретке келтіруге биыл 258 млн. теңге бөлініп, қиыршық тас төселді. Тимирязев ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің …

ЖӨНДЕУ ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ Read More »

Қаржылық сауатын арттырды

“Қарызсыз қоғам” жобасы ая­сындағы оқу курстары Петро­павл қаласынан бөлек, аудан­дарда да өтіп жатыр. Оқуды 4 биз­нес-сарапшы өткізуде. Жоба борышкерлердің са­нын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге бағыттал­ған. Қазіргі таңға дейін өңірде 3200 адам қаржылық сауатын арттырып үлгерген. Қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы Дмитрий Шледевицтің айтуына қарағанда, курстан өтіп жатқан­дар арасында түрлі жағдайға тап болған жандар жетерлік. Халық­тың …

Қаржылық сауатын арттырды Read More »

Қысқа әзірлік қарқынды

“Қыстың қамын жаз ойла”, – демекші қазір ауыл тұрғындары қысқа әзірлік қамында. Тұрғын­дар ғана емес, шаруалар да қыр басында қызу еңбек етуде. Қысқа әзірлік барысында жемшөп сау­дасы да қыза түсетіні ақиқат. Бұл орайда Уәлиханов аудандық мәслихат депу­таттары Ақтүйесай ауылдық ок­ру­гіндегі жұмыспен та­нысты. Округ әкімі Мырзабек Нұрға­зин және учаскелік полиция ин­спекторы Талғат Байменовпен бірге бірқатар шабындық …

Қысқа әзірлік қарқынды Read More »

Адалдық – әділ қоғамның айнасы

Сыбайлас жемқорлық – аза­маттардың билікке деген сенімі­не селкеу түсіретін қауіпті құбы­лыс, демократия негіздеріне қауіп төндіретін зұлымдық және эко­номикалық өсуге тікелей әсер ететін әлемдік мәселе. Әділ қо­ғам құру үшін берік іргетас қажет. Ел Президенті Қасым-Жомарт То­қаев сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі бо­лып табылатынын бірнеше рет атап өтті. Мемлекеттік қызмет жүйесі сы­байлас жемқорлыққа …

Адалдық – әділ қоғамның айнасы Read More »

Алғашқы көмекке асық

Петропавл қаласында Жедел медициналық жәрдем бригада­ла­ры­ның республикалық спарта­киа­дасы өтті. Айтулы шараға об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бе­тов пен елі­міздің Денсаулық сақ­тау минист­рі Ақмарал Әлназа­рова қа­тысты. – Денсаулық сақтауда же­дел медициналық жәрдем қыз­меті ерек­ше орын алады. Қиын сәтте “Жедел жәрдем” қызмет­керлері бірінші болып жетеді. Сондықтан науқастардың өмірі мен денсау­лығы мамандардың кәсібилігіне байланысты. Ал мұн­дай шара­лар­ды өткізудің ма­ңызы зор. …

Алғашқы көмекке асық Read More »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

Облысқа жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келді. Сапар барысында министр өңірде медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, өңір тұрғындарымен кездесті. Тұрғындармен кезде­суде еліміздің бас дәрігері Қазақ­стандағы медици­на саласының дамуы туралы баяндама жаса­ды. Мемлекет бас­­шысының тап­сырмасымен елімізде ауылдық медицина­ның әлеуетін артты­руға баса кө­ңіл бөлінген. Екі жылда 650 алғашқы-медициналық кө­мек көрсету пункті са­лын­бақ. Оның 99-ы …

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚАЖЕТ Read More »