«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әйелдің көңілі – көзінде

Петропавлда 19 қыр­күйек­те “Се­нім” жобасының жаңа маусымы басталады. Әйелд­ерге арналған жо­баның мақса­ты – күнделікті күй­бең тірлік соңында жүріп, өзін ұмы­тып, тіршілік тауқыметіне беріліп, өмірде өз орнын таба алмай ала­сұрған әйелдерге көмектесу. Екі айға созылатын бұл бағдар­ламаға қатысу үшін өтінім беру 20 тамыздан басталады. Ұйымдас­тырушылардың айтуынша, жобаға 15-тен астам серіктес демеушілік көмек көрсетеді. “Атына заты сай” …

Әйелдің көңілі – көзінде Read More »

ҚАМҚОР ӘКЕ

Петропавлда 4717 толық емес отбасы есепке алынған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, соның 49-ында балаларын әкелері жалғыз өзі тәрбиелеуде. Солардың бірі – Талғат Тутуев. Ол – алты баланың әкесі. Бүгінде бес баласы кәмелет жасқа толмаған, мектепте оқиды. Бүгінде жалғызілікті аналар туралы жиі айтамыз. Бірақ ба­лаларын жалғыз өзі тәрбиелеп жатқан әкелер де аз емес. Алты баламен жалғыз …

ҚАМҚОР ӘКЕ Read More »

Еркелетейік, бірақ еркінсітпейік

“Жүре берсең, көре бересің” де­мекші біздің қоғамда жаға ұстатарлық жайттар аз емес. Жуырда Павлодар облысында 12 жастағы қыздың дүниеге сәби әкелуі соның айғағы. Бұрын-соңды мұндай оқиғаларды естіп-көрмеген соң, абдырап қалғаны­мыз рас. Десе де, оқиғаның дәл себебін білмеген соң, артық ай­тып жазғырудың да реті жоқ. Бі­рақ өзі әлі бала болса да дүниеге сәби әкелген қыздың арын …

Еркелетейік, бірақ еркінсітпейік Read More »

“Қапқа салар”

“Жиған-тергенің тойға ша­шыл­сын!” деп тілек тілейтін қа­зақтың көптеген салт-дәстүрлері де осы тойға байланысты туындаған екен. Той – ха­лық­тың қазынасы, сондықтан той сый-сияпатсыз болмайды. Сый-сияпат көңілдерді жібітеді, мейі­рімді арттырады, сыйластықты сақтайды деген сөз қазақта ғана емес, діни тұрғыдан алып қара­ғанда да құпталатын жақсы амал­дардың бірі. Әр адамның көңіліне жол таба алатындай сыйлықтың түрлері болады. Сый­лықтың құндылығы …

“Қапқа салар” Read More »

СЕГІЗДІҢ ЖАРЫ ЫРЫСБИКЕ ЖАЙЫНДА

Қазақтың киелі жерлерін ара­лау, тәу ету, тағзым жа­сау мақса­тында тарих тарлан­боздары құн­дақталған киелі ме­кен Қызыл­жарға келдік. Сапар ба­рысында атақты Қожаберген жы­раудың жат­қан жеріне барып, Сегіз се­рінің ұрпақтарымен кездес­тік. Та­рихын зерделеп, тере­ңірек та­ныстық. Қанша деген­мен, кітап­тан оқыған бір бөлек те, өз көзің­мен көрген мүлдем бө­лек дүние ғой. Сезінесің, тере­ңірек ұғына тү­сесің. Сегіз сері біздің Ырысбике деген …

СЕГІЗДІҢ ЖАРЫ ЫРЫСБИКЕ ЖАЙЫНДА Read More »

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ

Булаев қаласындағы “Дос­тық” мәдениет және демалыс саябағының меңгерушісі Мей­рам Рыспаев ұлттық мұрамыз­ды сақтап, мәдени құндылықтардың дамуына үлес қосып жүр. Ол ауданның қоғамдық-сая­си өміріне белсенді қатысып, он жыл бойы “Мақсат” қазақ этномәдени бірлестігіне жетек­ші­лік етуде. Қоғамдық жұмыстармен өнерді де қатар ұстауда. Он саусағынан өнер тамған азамат – үздік қол­өнер шебері. “Жігітке жеті өнер де аз” де­ген …

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ Read More »

ҰЛТТЫҢ САУЛЫҒЫ — ЕЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізді дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асқанын, халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін кейбір шаралар әлі жалғасын тауып жатқанын айтқан болатын. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өскенін, дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейгенін, қазір аталмыш сала өкілдерінің табысы еліміздегі орташа …

ҰЛТТЫҢ САУЛЫҒЫ — ЕЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ Read More »

АУЫЛДАҒЫ СПОРТ АЛАМАНЫ

Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында тұрғындарға баспана кілттері берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Сондай-ақ өңір басшысы “Ақ бидай – 2024” ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалады. Есіл ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Явленка ауылындағы “Болашақ” саябағына барды. Бүгіндері саябақтағы орындықтар жаңартылып, балаларға арналған ойын алаңқайы орнатылды. Кейін облыс әкімі аудандық Мәдениет үйіне …

АУЫЛДАҒЫ СПОРТ АЛАМАНЫ Read More »

ДАЛА МӘДЕНИЕТІ БАСТАУ АЛҒАН МЕКЕН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы орақ науқанымен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Алдымен өңірі басшысы танап басына барып, диқандармен тілдесті. Мәселен, Айыртау ауданындағы “Ясмина – Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2004 жылы құрылған болатын. Сол уақыттан бері өрісі кеңейіп келе жатқан ауыл шаруашылығы құрылымында 50-ден астам адам еңбек етіп …

ДАЛА МӘДЕНИЕТІ БАСТАУ АЛҒАН МЕКЕН Read More »

“ХАЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙТЫНЫ ҚУАНТАДЫ”

Қайрат Жанғожинов – Шал ақын аудандық мәслихатының төрағасы, №1 учаскелік сайлау округі бойынша депутат, “AMANAT” партиясының мүшесі. Не үшін депутат болдым? Менің бүкіл өмірім білім беру саласымен байланысты. 1992 жылдан басталған жалпы еңбек өтілім 30 жылдан асады. Оның ішінде 10 жыл Кривощеково орта мектебінің директоры, 12 жыл Шал ақын ауданы білім бөлімінің басшысы, сонымен қатар …

“ХАЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙТЫНЫ ҚУАНТАДЫ” Read More »

Кемшіліктер анықталды

Қоғамдық бақылау аясында Аққайың ауданына қарасты Смирново ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еріктілері әлеуметтік нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. 2022 жылы Смирново ауылындағы стадионды жөндеуден өткізу бойынша екіжылдық жоба қолға алынған болатын. Сметалық құжаттама бойынша жоба құны 150 миллион теңгені құрады. Құрылысқа жауапты мердігер “Еңбек” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық …

Кемшіліктер анықталды Read More »

Дәстүрлі жәрмеңке

Облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында мемлекеттік қызметтердің дәстүрлі жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде полицейлер мен мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі департаментінің өкілдері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі және оларды электрондық форматта пайдалану туралы кеңес берді. Бұл күні жәрмеңкеге келуші­лер қатары көп болды. Оларды не­гізінен адамдардың жеке ба­сын куәландыратын құжаттарды ресімдеу тәртібі және шетел аза­маттарын тіркеу мәселелері қы­зықтырып, …

Дәстүрлі жәрмеңке Read More »

“Жасыл ел” жасағы іске кірісті

Облыста “Жасыл ел” бағдар­ла­масына қатысушылар биыл бір ай ғана жұмыс істемек. Ниет білдірген жастарға еңбекақы тө­ленеді және олар арнайы киім-кешекпен қамтылады. “Жасыл ел” жасағы “Таза Қазақстан” акция­сына да белсенді қатыспақ. “Жасыл ел” еңбек жасағы өңір­де 1 тамыздан бастап іске кі­рісті. Ұйымдастырушыларға бө­лінген квота – 860 орын. Жаз уа­қытында еңбек етіп, табыс тап­қысы келетін жастардың қатары …

“Жасыл ел” жасағы іске кірісті Read More »

Жүз аялдама

Биыл облыс орталығында жылы да жайлы 100 аялдама ор­натылады. Биылғы жылға арналған қала бюджетінде бұл мақсатқа қа­ражат та қарастырылған. – Биыл қала көшелерінде 100 жаңа аялдама орнатуды жос­парлап отырмыз. Осыған байла­нысты бірнеше рет байқау өткіз­дік. Конкурстық рәсімдерде бір­қа­тар қиындықтар бар. Жаңа аялдамалар шыныдан жасал­майды. Павильондар жылы әрі жабық болады. Оған қоса, аял­дамаларды кәсіпкерлерге бас­қа­руға беруді …

Жүз аялдама Read More »

Қамқор жандар

Петропавлда “Қызыл Жарты Ай” қоғамының семинары өтті. Іс-шараға қатысушылар су тас­қыны кезінде атқарылған жұ­мыстарды қорытындылады. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспар құрып, ұйым­ның жұмысын тағы қалай жақ­сартуға болатыныны жайлы ақылдасты. – Солтүстік Қазақстан облы­сында 2 мыңға жуық адамға кө­мек көрсеттік. 1700-ден астам тұрғын жәр­демақыға ие болды. Әр адамға 40 мың теңгеден берілді. Жал­пы көмекпен көпбалалы отба­сылар, жалғызбасты …

Қамқор жандар Read More »

Күміс қолда, алтын жолда

На­риман Құрбанов отандық спорттық гимнастика та­рихында ұлттық құрама қоржыны­на алғашқы жүлдені салды. Атлет ат снарядын­дағы жаттығуда күміс медальді еншіледі. Нариман Құрбанов фина­лда 15.443 ұпай жинап, 6 атлеттің алдын орап, тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл сында алтын ир­ландиялық Риз Макленагенге бұйырса, қола жүлде амери­калық Штефан Недорочектің ен­шісінде кетті. Бокстан Нұр­бек Оралбайдың бағы жанды. Отандық былғары қолғап …

Күміс қолда, алтын жолда Read More »

“Жетісуды” жеңді

Футболдан ел біріншілігінің 16-шы турында “Қызылжар” клубы өз алаңында талдықор­ғандық “Жетісу” командасын қа­былдады. Кездесу жергілікті аяқдопшылардың жеңісімен аяқталды. Алаң иелері биылғы бірін­ші­лікті сәтті бастаған еді. Деген­мен кейінгі турларда жиі қателік­ке бой алдырып, турнир кестесінде соңғы орынның біріне тү­сіп қалды. Сондай-ақ “Жетісу­дың” да жағдайы мәз емес. Аталған команда да қарсыласта­рына жиі есе жіберіп қойып жүр. Сенбі …

“Жетісуды” жеңді Read More »

“ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ”

Ағаш жапырақтары сарғайып, күн нұрын сирек шашып, күңіреніп күз жеткенде құстардың жылы жаққа қайтатыны – табиғи заңдылық. Сол бір құбылысты сазды әуенге айналдырып, қазақ халқына өлмейтін ән сыйлаған Нұрғиса Тілендиевтің “Құстар қайтып барады” әнін еңбектенген баладан еңкейген қарияға дейін айтып жүр десем, қателеспеймін. 1965 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиев “Қазақфильм” киностудиясында музыкалық …

“ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ” Read More »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА КӨҢІЛ АЛАҢ

Аққайыңдар өлкесінде тұратынымызды мақтан ететініміз өтірік емес. Бірақ осы сұлулықты құнттай алып жүрміз бе? Қоршаған ортаны таза ұстап, табиғатты аялауымыз керек деген қызыл сөз күнде айтылғанымен, көштің түзелер түрі жоқ. Бұл жалған айып емес, дәлелі бар деректер. Құзырлы органдар түгілі табиғатқа жанашыр­лықпен қарайтын әр қоғам мүшесінің көзі күнде көріп жүрген шындық. Өткен айдың соңында об­лыстық …

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА КӨҢІЛ АЛАҢ Read More »

“ШӘКІРТІМ СЕНІМДІ АҚТАУЫ ТИІС”

Париждегі Олимпиада ойындарында велоспорттан ел намысын жерлесіміз Алексей Луценко қорғайды. 32 жастағы спортшы жекелей сында және топтық жарыста өнер көрсетеді. Байрақты бәсеке алдында Луценконың алғашқы жаттықтырушысы, облыстық әйелдер велоспортының аға бапкері Виктор Потаповпен сұхбаттасқан едік. – Виктор Иванович, шәкіртіңіз Алексей Луценкомен алғашқы кездесуіңіз есіңізде ме? – Балаларды тобыма алмас бұрын олар шағын сынақтар тапсырады. Ұзындыққа …

“ШӘКІРТІМ СЕНІМДІ АҚТАУЫ ТИІС” Read More »