«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Декларациялаудың үшінші кезеңі

Халықты кредиттеу проблемаларын шешу үшін банкроттық рәсімді қолдана отырып, тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру қажет. Соттан тыс және сот банкроттығы рәсімдері бойынша осы күнге дейін 397 солтүстікқазақстандық өтініш берген болса, соның 107-нің қарызы кешірілген. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Гүлнара Тагированың айтуынша, 2023 жылдың 3-ші наурызынан бастап департамент азаматтардан банкроттық рәсімді қолдану бойынша өтініштерді …

Декларациялаудың үшінші кезеңі Read More »

Сом білекті сарбаздар

Петропавлдағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған спорт мектебінде қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған турнир өтті. Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Үш күнге ұласқан турнирге “Оңтүстік”, “Орталық”, “Батыс” және “Шығыс” өңірлік қолбасшылықтары, Ұлттық ұлан академиясы, 6654 және 5573 әскери бөлімдерінің сарбаздары қатысты. Осы жолғы сайыста спортшылар 7 салмақ …

Сом білекті сарбаздар Read More »

Дайын құжатты үйге жеткізеді

Қала тұрғындары үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан дайын құжаттарды үйге дейін жеткізу жобасы іске асырылды. Клиенттерге құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, оларды курьер ыңғайлы уақытта және қажетті мекенжай бойынша әкеліп береді. Айта кетейік, сервис танымал мемлекеттік қызметтердің 144 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде мұрағаттық анықтамалар, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын, әскери билеттер …

Дайын құжатты үйге жеткізеді Read More »

ЛАС АУА АҒЗАҒА ҚАУІПТІ

Өңірде тұрғын үйлер мен автомагистральдардың маңындағы ауа сапасына мониторинг жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының айтуынша, ауа құрамындағы 24 химиялық қоспаның мөлшері тексеріледі екен. Оның ішінде қауіптіліктің 1-2 деңгейіне жататын қоспалар да бар. – Атмосфера ластануының басты себебі – автокөліктен шығатын зиянды қалдықтардың көбеюінде. Ауаны ең көп ластайтын зат – көміртек оксиді. Өткен жартыжылдықта мамандар 10755 …

ЛАС АУА АҒЗАҒА ҚАУІПТІ Read More »

Ережені елемейтіндерге сабақ

Петропавлда темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында жол қауіпсіздігін сақтау акциясы өтті. Облыс орталығында өткен акция барысында көпшілік назарына жол-көлік апатына ұшыраған машиналар ұсынылды. Бұл көліктерден жан түршігеді. Жол қозғалысы мен қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан көлік қана емес, адам шығыны да болуы ықтимал. Өйткені жол қателікті кешірмейді. Сондықтан осы акция барысында жүргізушілерге жолда абай болып, …

Ережені елемейтіндерге сабақ Read More »

“САТИРА ТІЛ ДАМЫҒАН ЖЕРДЕ ҒАНА ӨРКЕНДЕЙДІ”

Тасқын кезінде құрылған “Көкбөрі” қоғамдық ұйымы­ның ұйытқы болуымен Қызылжар аудандық Мәдениет үйіне “Шаншар” әзіл-сықақ театры келіп, табиғи апат­тан зар­дап шеккен елдің еңсесін көтеру мақсатында концерт бер­гені белгілі. Жабырқаулы көңілді әдемі әзілмен кө­теруге тырысқан театрдың басшысы Уәлибек Әбді­райымовпен әңгімелесудің сәті түсті. – Уәлибек Әкімханұлы, ма­мандығыңыз бойынша фило­лог екенсіз. Өнер жо­лы­на қалай келдіңіз? – Иә, филология ғылымы …

“САТИРА ТІЛ ДАМЫҒАН ЖЕРДЕ ҒАНА ӨРКЕНДЕЙДІ” Read More »

Тасқыннан кейінгі тірлік

Көктемде Қызылжар ауда­нындағы Большая Малышка ауылында 321 баспананы су басты. Соның жартысынан көбі мехбригалардың күшімен қалпына келтіріліп жатыр. Өз баспанасын өздері жөндеп жатқан тұрғындар да бар. Мәселен, Скуйбида отбасы бригаданың көмегінен бас тартқан. Қалыпқа кел­тіру жұмыстарын олар өздері жүргізуде. Отбасы мүшелеріне туысқандары мен жолдастары көмектесіп жатыр. Юсиф Алиевтің отбасы да тас­қыннан зақым келген үйлерін өзде­рі …

Тасқыннан кейінгі тірлік Read More »

ДАЛА ТӨСІН ДҮБІРЛЕТЕР ТҰЛПАРЛАР

Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында 3-7 қыркүйек аралығында алғаш рет “Ұлы дала жорығы” халықаралық марафон-бәйгесі өтеді. Бұл жарыс біздің өңірден бастау алмақ. Марафон-бәйге 5 мың жыл­дан астам бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Ботай қонысында 3 қыркүйекте басталады. Ұлттық спорт қауымдасты­ғы баспасөз қызметінің мәліме­тінше, спорттық іс-шараға 10-нан астам елден командалар қа­тысады …

ДАЛА ТӨСІН ДҮБІРЛЕТЕР ТҰЛПАРЛАР Read More »

ЖҰМЫСТЫ ЖЕДЕЛДЕТУ ҚАЖЕТ

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетовтің төрағалығымен шекара бөлімшелерінің құ­рылысына қатысты жиын өтті. Селекторлық кеңеске Қазақ­стан Республикасы көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қатысты. Қазір облыстағы 6 ауданда 12 шекара бөлім­ше­сі­нің құры­лысы жүруде. Жо­балар “Қауіпсіз ел” ұлттық жо­басы аясында жүзеге асуда. Құ­рылысқа тап­сы­рыс беруші – Ав­томобиль жолдары комитеті. Жұмысты екі мердігер жүргізу­де. Шекара нысандарының құ­рылысы 2022 жылдың …

ЖҰМЫСТЫ ЖЕДЕЛДЕТУ ҚАЖЕТ Read More »

Ел үмітін ақтаған Елдос

Францияның Париж қала­сында өтіп жатқан жаз­ғы Олимпиадада отанд­ас­тарымыз жақсы нәтиже­лерге қол жеткізуде. Жарыс­тың бірінші күнін­де жұптық сында пневмати­ка­лық мылтық­тан нысана көздеген Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қор­жынға алғашқы қола жүлдені салса, әйгілі дзюдошымыз Елдос Сметов жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді. Өткен демалыс күндері отандық спортшылар спорт­сүйер қауымға қуаныш сый­лады. Париж Олимпиада­сында ел қоржынына алғашқы жүлдені …

Ел үмітін ақтаған Елдос Read More »

ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫМЫЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлттың жаңа сапасын қалыптас­тыру мәселесіне айрықша көңіл бөліп, әрбір азамат, әсі­ресе жастар ең жақсы қасиеттерді бойға сіңіру қажет екенін айтып өткен болатын. Ұлттың жаңа сапасын қа­зақ тілін еркін меңгерген, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтейтін, озық ойлы, білімді жастар қалыптас­тыра алады. Бұл орайда әрбір елдің …

ҚАСИЕТТІ БОРЫШЫМЫЗ Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА СҮРІНЕДІ

Облыстық ішкі мемлекеттік ау­дит департаментінің білікті ма­мандары жыл басынан бері 21 аудиторлық іс-шара өткізіп, 16,7 млрд. теңгенің заң бұзушылығын анық­таған. Олардың көбі мемле­кеттік сатып алу заңнамасын бұ­зуға қатысты болып отыр. Аталмыш департаменттің бі­рінші жартыжылдықты қорытын­дылау есебіне жергілікті атқару­шы орган өкілдері мен қалалық және аудандардан келген түрлі ұйым басшылары қатысты. Басқосуда облыстық ішкі мем­лекеттік аудит департаментінің …

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА СҮРІНЕДІ Read More »

Қазірден қамдану керек

Петропавлда көпқабатты үйлерді жылыту маусымы­на дайындау жұмыстары әзірге баяу жүргізіліп жатыр. Көппәтерлі 161 тұрғын үйде ғана құбырлар жуып-шайылып, техникалық тұрғыда дайын екенін дәлелдеген. Бұл – облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің тек 13,7 па­йызы ғана. Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бө­лімі баспасөз қызметінің мәлі­ме­тінше, қалада 1170 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жы­лыту жүйесіне …

Қазірден қамдану керек Read More »

ТӘНГЕ ҚУАТ БЕРЕР ТАБИҒИ ӨНІМ

Күн сайын азық-түлік дүкеніне кіріп, керек-жарағымызды түгендеуге дағдыланып алғанымыз сонша, кейде алып жатқан затымыздың сапасына да мән бере бермейміз. Қарапайым адамға күнделікті тұтынып жүрген тәтті тағамдар мен сусындар еш зияны жоқ болып көрінгенмен, арнайы мамандар мұндай астан аурудың неше түрі тарайтынын айтуда. Қазақтың “Ауру – астан” дегені осындайда айтылса керек. Алайда мөлшерін біліп, пайдасын екшеп …

ТӘНГЕ ҚУАТ БЕРЕР ТАБИҒИ ӨНІМ Read More »

Түлектер үшін тиімді

М.Қозыбаев атындағы университеті мен облыстық прокуратура өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл серіктестік университеттің заң бағыты түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және атқарушы жүйе органдарын білікті қызметкерлермен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда аталған жоғары оқу орнында кадрларды даярлаудағы басымдықтардың бірі – тәжірибеге бағдарлану. Сондықтан облыстық прокуратурамен тығыз қарым-қатынас жоғары деңгейде мамандар даярлауға мүмкіндік …

Түлектер үшін тиімді Read More »

ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛДІ МЕ?

“Кедергісіз келешек” жобасы аясында “AMANAT” партиясы облыстық филиалының өкілдері Тайынша ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралап, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдаймен танысты. “AMANAT” партиясы облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Халықова мониторингтік топ мүшелері 11 әлеуметтік нысанда болып, екі жыл бұрын сынға ұшыраған аудандық әкімдік ғимаратына да бас сұққандарын айтты. – Біз барған аудан әкімдігінің ғимараты …

ЕКІ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛДІ МЕ? Read More »

Өңірге медициналық пойыз келді

“Саламатты Қазақстан” медициналық пойызы облыс аумағына келді. Айдың соңына дейін ол жол бойындағы стансаларға тоқтап, білікті мамандар өңір жұртшылығын қабылдап, тегін тексерістен өткізбек. Облыс аумағында медициналық пойыз аялдаған алғашқы аялдама – Тимирязев ауданындағы Ақсуат стансасы. Одан кейін дәрігерлер Жамбыл ауданындағы Қайранкөл стансасында жұмыс істеді. Қайырымдылық жобасы аясында тұрғындар медициналық тексерістен өтіп, тәжірибелі мамандардың кеңесін алды. …

Өңірге медициналық пойыз келді Read More »

Тұрғындарды қабылдады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір тұрғындары қоғамдық көлік қатынасы, су тасқынынан зақымданған үйлерге қатысты мәселелерді көтерді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі Зиягүл Жапарова – Бескөл ауылының тұрғыны. Ол №101-ші автобустың жүру кестесін қайта қарауды сұрады. Бұл маршруттың қозғалысы Қызылжар ауданының орталығынан басталып, Петропавл қаласындағы бірнеше шағынауданды басып өтеді. Тұрғынның айтуынша, автобустың …

Тұрғындарды қабылдады Read More »

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

Аққайыңдар өлкесіне жұмыс сапарымен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келді. Ведомство басшысы “Бірлік” шағынауданында болды. Оған тасқыннан зардап шеккен жандар үшін салынып жатқан үйлер көрсетілді. Министр елордалық компания өндіретін құрастырмалы баспаналарды көрді. Қанат Шарлапаев шағынауданды дамыту жоспарымен танысты. Құрылысқа ауа райы кедергі келтіріп тұр. Дегенмен сала өкілдері еңсені түсірмек емес. Облыс әкімінің бірінші орынбасары …

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ Read More »

АУЫЛДАҒЫ СӘТТІ ЖОБА

Тайынша ауданының Аймақ ауылындағы “Memolux” серіктестігі бидайды қабылдау, кептіру және жөнелтумен айналысады. Аталған серіктестік 2016 жылы Қытай Халық Республикасымен әріптестік байланыс орнатқан. Осының нәтижесінде қытайлық “Айдзю” ұйымы осы жерде заманауи паркті іске қосып, қазір агроқұрылымның өндіріс көлемі жылдан-жылға артып келеді. Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжановтың айтуынша, биыл “Memolux” компаниясы Аймақ ауылында құрамажем және ұн шығару …

АУЫЛДАҒЫ СӘТТІ ЖОБА Read More »