ОЙЛЫ ОҚЫРМАНҒА ОЛЖА
С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана сөресі жаңа туындылармен толықты. Көзі қарақты оқырман ХІХ ғасырдың екінші жартысында отаршылдық билік құрылымында қызмет атқара жүріп, қазақ халқының мүддесін қорғаған Ахмет Кенесариннің қазақтың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы мен оның ұлы Сыдық сұлтанның өміріне арналған “Насаб наме сұлтан Сыдық” атты туындысын қызыға оқыры анық. Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик …