«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және өңір басшысының өкімімен Жүсіп Рахатұлы Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жүсіп Рахатұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. “КИМЭП” университетін “Іскерлік әкімшілендіру”, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін “Заңтану” магистрі және Назарбаев университетін “Мемлекеттік басқару” магистрі мамандықтары бойынша тамамдаған. Ол әр жылдары елорданың қоғамдық даму істері …

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ Read More »

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Президенттің атынан бірқатар өңір құрылысшыларына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Құрылыс – ел экономикасының локомотиві. Осынау маңызға ие айтулы саланың дамуына атсалысып жүрген өңірдегі құрыш білекті құрылысшылардың еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағалануы қуантады. Отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, ел инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі үшін “Құрмет” орденімен “Мирас Group” және “ПМК-5” жауапкершілігі шектеулі …

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ Read More »

Есер баладан ерке бала жаман

Асылтай ЖАҒАНОВА, зейнеткер. Бар саналы ғұмырым еңбек етумен өтті. Жұмыс істеп, күн көру қажет. Бірақ отбасы – ошақ қасын ұмытуға да болмайды екен. Өткен өмір жолыма көз салсам, атақтан да, абыройдан да кенде емеспін. Өзімнің қажеттілігімді өтей алатындай ақшам да жеткілікті болды. Бірақ өмірдің қызығы ақша, атақ, абыройда емес екен. Қазір жасым 65-те, денсаулығым да …

Есер баладан ерке бала жаман Read More »

Замана сырласы

“Soltüstık Qazaqstan” газетінде “Сенбілік бет”, “Мағ­жан”, “Өлең – өмір өзегі” атты айдарлармен жерлес ақын­дарымыздың өлеңдері жарық көріп тұрады. Сол автор­лардың бірегейі – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтар Зікірин өз қоршаған ортасын айна-қатесіз қағаз бетіне түсіре білетін қабілетімен оқырмандар қауы­мының жүрегіне жол табатын. Қазақ тілі мен әдебиеті пән­дерінің мұғалімі болған соң көп­теген қаламгерлердің шығарма­ларымен танысып …

Замана сырласы Read More »

ҚАРЛЫҒАШ-ҒҰМЫР

Қаншалықты дұрыс екенін біл­меймін, ертеректе жақын-туысыңды, дос-жолдасыңды мақ­тап, баспа бетіне шығаруға бол­майды деген журналистер үшін жазылмаған “заң” бар еді. Содан да болуы мүмкін, көзі ті­рісінде Тоқ­тар туралы толымды бір дү­ние жазбаппын. Мына қым-қуыт өмірде көп нәрсе кейінге ысыры­лып жатады ғой, оның да сәті туар, бала күннен жүрегімнің тө­рі­нен орын алған до­сым туралы төгілтіп бір жа­зармын …

ҚАРЛЫҒАШ-ҒҰМЫР Read More »

Қымбат МЕРҒАЛИМОВА: “АУА РАЙЫН ДӘЛ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС”

– Қымбат Гумарбайқызы, осыдан екі жыл бұрын іргелі ғылыми-өндірістік ұйым –“Қазгидромет” республика­лық мемлекеттік кәсіпорны­ның 100 жылдық мерейтойы атап өтілгені белгілі. Ал оған қа­расты облыстық филиалдың тарихы әріден тамыр жаяты­нын біреу білер, біреу білмес. Тарқатып айтып беріңізші. – Иә, 1890 жылы қаланың биіктеу, ашық алаңқай жерінде орналасқан А.Аргутинский-Дол­горуков дегеннің пәтерінде ал­ғашқы метеостанция өз жұмысын бастаған. 1900 …

Қымбат МЕРҒАЛИМОВА: “АУА РАЙЫН ДӘЛ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС” Read More »

СУДЫ ҮНЕМДЕУДІ ҮЙРЕНУІМІЗ КЕРЕК

Жыл өткен сайын әлем бойынша ауызсу тапшылығының артып, жағайдың күрделене түскенін байқау қиын емес. Адамзат үшін өте маңызды саналатын осынау жаhандық стратегиялық міндетті шешу күрмеуі қиын толғақты проблемаға айналғаны соншалық, былтыр Астанада өткен су технологиялары және ресурстары жөніндегі “Global Water” атты бірінші халықаралық форумның күн тәртібіне шығарылып, Австрия, Израиль, Финляндия, Франция сияқты іргелі елдердің, сондай-ақ осы …

СУДЫ ҮНЕМДЕУДІ ҮЙРЕНУІМІЗ КЕРЕК Read More »

Қоғамдық қабылдау

“AMANAT” партиясы облыстық филиалында “Құқықтық көмек” жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келген азаматтардың бірі – құжаттарында тегі мен әкесінің аты жазылмағанын айтты. Жас жігіт ел қатарлы тегі мен әкесінің аты көрсетілген жеке куәлік алуға көмектесуін сұрады. Арам Біріккен Араб Әмірліктерінде дүниеге келген, ұлты – неміс. Оның Қазақстанда алған жеке куәлігінде тек аты ғана көрсетілген. …

Қоғамдық қабылдау Read More »

САПА — БАСТЫ ТАЛАП

Бүгінде “Бірлік” шағынауданы кең қанат жайған құрылыс алаңына айналған. Мұнда салынуы тиіс 700 үйдің 370-не тасқыннан зардап шеккен отбасылар қоныстанып үлгерді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов шағынауданда болып, баспаналардың сапасын тексерді. Тұрғындармен әңгімелесіп, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, жағдайдың қатаң бақылауда тұрғанын атап өтті. Пайдалануға берілу кезінде ақау орын алған үйге арнайы соқты. Кемшіліктер …

САПА — БАСТЫ ТАЛАП Read More »

“Зауыт — екінші үйім”

Әскер Резаев – өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Ол Петропавл ауыр машина жасау зауытында 35 жылға жуық табан аудармастан еңбек етуде. Құрмет пен беделге ие азаматтың адал еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі. 1968 жылы Түркіменстанда дүниеге келген Әскер Резаев – аталмыш зауыттың дамуына бір адамдай атсалысқан білікті маман. Темір ұстасы кәсіпорындағы әртүрлі цехтарда …

“Зауыт — екінші үйім” Read More »

ТУРИЗМ — ТАБЫСТЫ САЛА

Айыртау ауданының шырайын келтіріп, інжу-маржаны аталып кеткен Шалқар-Имантау курорттық аймағының танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Оның республиканың туризмді дамыту бойынша әлеуеті жоғары ондыққа енуі шетелдік туристердің де ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Бүгінде инвесторлардың қолдауымен 19 жоба жүзеге асырылуда. Қайың-қарағайы аралас орманы, балығы шоршыған, айдын көлдері мол өңірде шағын және орта бизнесті пайдалы кәсіпке айналдырудың мүмкіндіктері …

ТУРИЗМ — ТАБЫСТЫ САЛА Read More »

АЖАЛЫНА АСЫҚҚАНДАР

Соңғы кездері өңірімізде мо­токөлік құралдарының қатысуы­мен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Облыстық полиция депар­та­ментінің мәліметінше, биылғы жылдың 6 айында облыс аума­ғында мопедтердің қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, сал­дарынан 11 адам жарақат алды. Өкініштісі, екі доңғалақты көлік құ­ралын жүргізіп, апатқа ұшырай­тындардың дені – кәмелет жасы­на толмаған жасөспірімдер. Со­нымен қатар тергеу жұмыстары­ның барлығы да жол апатына мо­токөлік жүргізушілерінің …

АЖАЛЫНА АСЫҚҚАНДАР Read More »

Бір шаңырақ астында

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде “Әрбір азамат өз болашағын Қазақстанмен тығыз байланыстыруы тиіс. Тек осылай ғана біз мемлекеттің бірлігін сақтай аламыз. Ешкімді этникалық, тілдік немесе діни көзқарасы үшін кемсітуге болмайды. Қоғамда мұндай ереже бойынша бөлуге жол берілмейді. Біз үшін Қазақстан – ортақ үй”, – деп атап көрсетті. Сондай-ақ …

Бір шаңырақ астында Read More »

ЕРЕКШЕ ТАУАРЛАРҒА АЙРЫҚША БАҚЫЛАУ

Ерекше тауарларға бақылау заңнамасын сақтамағандар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Төленді Керімбеков баяндады. “Ерекше тауарларды бақылау туралы” Заңның 9-бабына сәйкес ерекше тауарлардың мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген. Спикердің айтуынша, ерекше тауарлардың бақылау тізіміне жабдықтардың кейбір түрлері, фрезерлік станоктар, ұшқышсыз ұшу …

ЕРЕКШЕ ТАУАРЛАРҒА АЙРЫҚША БАҚЫЛАУ Read More »

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

Облыс прокурорлары білім беру мекемелерінде еңбек ететін кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Қадағалаушы орган білім беру саласының жұмысына талдау жүргізіп, нәтижесінде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылық жіберілгенін анықтады. Облыстық білім басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет және салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, бюджеттік өтінімдерді дайындау кезінде мектепте бірреттік тамақтандыру құнын есептерде қосылған құн салығы – 12 пайызды …

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды Read More »

ЕҢБЕК МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ

Жамбыл ауданы – тек ақын-жазушылардың ғана емес, есімі елге танылған еңбек адамдарының да туып-өскен жері. Солардың бірі – Социа­листік Еңбек Ері Төлебай Мұстафин. 21 тамыз күні ағамыз топырақтан тысқары болғанда 95 жасқа келер еді. Төкең 1929 жылдың 21 та­мы­зында Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Кен­же ауылында дүние есігін аш­қан. Шежіре бойынша Иманәлі­ден тарайды. Одан бері …

ЕҢБЕК МАЙДАНЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ Read More »

Нысаналы мектептің мақсаты

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы” АҚ филиалы Сол­түстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму инс­титутында облыстық әдіс­темелік орталық және облыстың білім бөлімде­рінің әдістемелік кабинет­терінің әдіскерлері үшін бі­ліктілікті арттыру курс­тары өткізілуде. “Әдістемелік қызметті транс­формациялау” атты курстың маз­мұны алғаш рет іске асырылып жатқан “943 нысаналы мек­теп­” жобасына енген білім ордаларынан педагогикалық ұжымдарын тиімді сүйемелдейтін әдіскер­лер­ді оқытуға бағытталған. Ны­саналы …

Нысаналы мектептің мақсаты Read More »

КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ

Жуырда Көкшетау қаласында Ақмола облысының 85 жыл­дығына орай “Көркіңнен айналайын, Көкшетауым” атты аймақтық өнер фестивалі өтті. Бұл шараға Аста­на қаласы мен Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Сол­түс­тік Қазақстан және Ақмола облыстарынан өнерпаздар қатысты. Тұмса табиғатымен таны­мал Көкше жерінің сұлулығы мен ұлы тұлғаларын насихат­тау, шы­ғармашылық ұжымдар, орын­дау­шылар арасында тәжі­рибе алмасу, мәдени байла­нысты да­мыту мақсатында ұйымдасты­рылған фести­валь­дің іріктеу ке­зеңінен …

КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ Read More »

Жақсы дәстүрдің жалғасы

Қаламызда рес­публикалық “Мектепке жол” акциясы жалға­суда. Бұл жолы қайырымдылық шарасы М.Қо­зы­баев атындағы Сол­түстік Қа­зақстан университетінің қабыр­ғасында өтті. Атал­­ған жоғары оқу орны екі от­ба­сына мате­риал­дық көмек көр­сетіп, ал 9 от­басынан шыққан 21 балаға кең­се тауарлары са­лын­ған рюкзак­тар мен спорт дү­кеніне серти­фикаттар табыстаған. “Акция аясында біз қызмет­керлеріміздің отбасыларына кө­мектесуге және қолдау көрсе­туге шешім қабылдадық. Жұмы­сыңыз үшін рақмет. …

Жақсы дәстүрдің жалғасы Read More »

ЖАРНАМАЛАРЫ САУАТТЫ

“Сауатты жарнама – тіл абыройы” республикалық бай­қауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Облыстық мәдениет, тілдер­ді дамыту және архив ісі басқар­масының ұйымдастыруымен өт­кен байқаудың басты мақсаты – елімізде тіл саясатын дамыту­дың 2023-2029 жылдарға ар­нал­­ған тұжырымдамасының шең­бе­рін­де мемлекеттік тілдің қолдану ая­сын кеңейту, қажет­тілікті арттыру және тіл мәде­ниетін жетіл­діру. “Сауатты жарнама – тіл абы­ройы” атты республикалық бай­қауына қатысушылардан жалпы …

ЖАРНАМАЛАРЫ САУАТТЫ Read More »