Желшешек жұқтырғандар азайды
Өңірде желшешекпен ауыру бәсеңдеді. Өткен жарты жылда 725 адам ауырса, былтыр осы уақытта 2244 сырқат тіркелген. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, желшешек – инфекциялық ауру. Көбіне балалар сырқаттанады, инфекцияның қайталануы өте сирек кездеседі. Ал ересектер желшешекті жұқтырған жағдайда ол әлдеқайда ауыр өтеді, дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, жүйке жүйесі бұзылуы мүмкін. Асқынған …