«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢ КӨП ЖОЛДАМА — БОКСШЫЛАРДА

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары – Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Әзірше Қазақстаннан 70 спортшыда 80 лицензия бар, жазғы ойындарға 45 спортшы бірінші рет қатысады. Жолдаманың ең көбін боксшыларымыз (10 лицензия) жеңіп алған. Парижге баратындардың ішінде ең тәжірибелісі – 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу), ол 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан …

ЕҢ КӨП ЖОЛДАМА — БОКСШЫЛАРДА Read More »

Жоғалған бала

Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында 5 жасар бала ойнап жүріп, үйден алыстап кеткен. Әке-шешесі өздігінен таба алмағандықтан, полицейлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл тұрғыны “102” телефонына қоңырау шалып, 5 жасар қызының жоғалғанын хабарлады. Ата-анасы, туғандары төңіректі қарап шыққан, бірақ баланы таппаған. Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу іздеуге кірісті. Ауыл …

Жоғалған бала Read More »

Қырық жасында жеке куәлік алды

Қырық жастағы тұрғын алғаш рет Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовтың қолынан жеке куәлік алды. Ол наурыз айында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында полицияға жүгінген. Анықталғандай, ол анасынан ерте айырылған, ал туу туралы куәлігі тоғыз жасында жанып кеткен екен. Әкесі құжаттандыру мәселесімен айналыспаған. Біздің облысқа көшіп келген ол құжаттарды қалпына келтіруді қолға алған, алайда …

Қырық жасында жеке куәлік алды Read More »

КӘСІБІ ӨРГЕ БАСЫП, ТАБЫСЫ АРТТЫ

“Қарызсыз қоғам” жобасы аясында білім алып, бизнес-жоспарын сәтті қорғаған Мамлютка қаласының тұрғыны Әлфия Бекчентаева қазіргі таңда бизнесін кеңейтіп, табысын екі есеге арттырған. 2021 жылдан бастап ет өнімдерін сатумен айналысып келе жатқан кәсіп иесінің бұған дейінгі орташа табысы шамамен 300 мың теңгені құраған. Кәсібін әрі қарай дөңгелету үшін шағын ғимаратты жалға алғанымен, ай сайынғы шығындары және …

КӘСІБІ ӨРГЕ БАСЫП, ТАБЫСЫ АРТТЫ Read More »

Әр мұғалім зерттеуші болуы керек

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде педагогтың зерттеушілік қабілеті маңызды рөл атқарады. Заман талабына сай жаңашылдықтар мен өзгерістерге бейімделу, білім беру саласында заманауи әдістемелерді енгізу және оқыту процесін үнемі жетілдіру қажет. Осы тұрғыда педагогтың зерттеушілік қабілеті – өзекті мәселелердің бірі. Зерттеушілік қабілеттің мәні – педагогтың жаңа білім мен ақпараттарды іздестіру, оларды талдау және қолдану ерекшелігімен сипатталады. …

Әр мұғалім зерттеуші болуы керек Read More »

Ойыннан өрт шықпасын

Өртке қатысты ста­тистикалық мәлімет­терге көз жүгіртсек, адам жанына қаяу түсіре­тін небір келеңсіз фактілерді кездестіруге бола­ды. Тілсіз жау салдарынан жыл сайын елімізде 370 адам көз жұмады екен. Былтыр Абай облысы­ның “Семей-орманы” ре­зерва­тын­да асау аттай бас бермеген өрт 14 ор­маншы мен бір трак­торшыны мерт қылғанын ұмыта қойған жоқпыз. Ор­ны толмас осы­нау зіл­бат­пан қасіретке байла­нысты ел тарихында ал­ғаш …

Ойыннан өрт шықпасын Read More »

Бала құқығы бұзылмасын

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – өте көкейкесті мәселелердің бірі. Қазақстан бұл саланың дамуына жүйелі түрде атсалысып, халықаралық ынтымақтастықта белсенділік танытып келеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың құрылуы ювеналды әділет жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жеткіншектердің құқықтарын қорғау бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Азаматтық процестік кодекстің 27-ші бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Онда былай …

Бала құқығы бұзылмасын Read More »

“Сөздерінде жалын бар”

Қызылжардағы екі күнге созылған “Мағжан оқулары” республикалық байқауы Алаш арысының туған күнінде өз мә­ре­сіне жетті. Жер-жерден келген жүйріктер бойдағы бар өнерін ортаға салып, ақын шығармашылығын қан­ша­лықты терең ұғынғанын көр­сетіп бақты. Мағжанның сені­мін арқалаған жастар оның өлеңдерін оқып, зерттеу жұмыс­тарын қорғап, өз өлеңдерін паш етті. Әсіресе ақынның жүздеген өлеңін жаттап, жан-жүрегімен беріле оқыған өрендерге қазы­лар алқасы …

“Сөздерінде жалын бар” Read More »

ҚОҒАМНЫҢ ТАМЫРШЫСЫ

Озық техноло­гия­лар­дың, оның ішінде интер­неттің қарыштап дамып, күнде­лікті тұрмысымыз бен тіршілі­гімізге, қолданысымызға ден­деп енгенімен, талай ға­сыр­­дан бері қойындасып, өмі­ріміздің бөлінбес бір бөлшегіне айналған газет-журнал, теле­ди­дар, радио сияқты бұқара­лық ақпарат құ­ралдарының рө­лі төмендемек емес. АҚШ, Жапония, Германия сияқты экономикасы өркенде­ген өр­кениетті мемлекеттер таң­дай қақ­тырып, көз жанарын тұн­ды­ра­­тын нешеме әлем-жәлем әлеу­меттік желілерге шырма­уық­ша шырматылса да, мерзім­ді басы­лымдардан …

ҚОҒАМНЫҢ ТАМЫРШЫСЫ Read More »

Жаңалық жаршыларына құрмет

Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының мамандары бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі алдындағы жылдағы дәстүрлі бас қосуды тимбилдинг түрінде ұйымдастыруды жөн көріпті. Ол “команда құру” деген мағынаны білдіреді. Ұйымшыл ұжым қалыптастыратын, жеке қарым-қабілетті барынша ашып көрсететін психологиялық әдістің еркін, бейресми қарым-қатынас құралы ретінде таңдап алынуы кездейсоқ емес. Өйткені жаңалықтың жаршысы, халықтың жанашыры ретінде ардақталатын мәртебелі …

Жаңалық жаршыларына құрмет Read More »

Қаламды қару еткен

Бүгіндері ғасырдан астам тарихы бар өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы саналатын “Soltústik Qazaqstan” газетіне өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бері Алаш арыстары Мағжан Жұмабаев, Әбілқайыр Досов, Мұқан Әйтпенов, Смағұл Сәдуақасов бастаған отыздан астам адам редакторлық жасады. Солардың арасында биыл туғанына 95 жыл болатын Уәп Рақымжановтың да өз орны бар. Аталған мерейтойға орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар …

Қаламды қару еткен Read More »

Тарихи жолдама

Жерлесіміз Амир Закиров брейкингтен Париж Олимпиадасына барады. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша жерлесіміз Амир Закиров Париж ойындарына жолдама алған. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланды өкілінен жеңілді. Осылайша екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир Закиров 71 …

Тарихи жолдама Read More »

Денесі табылды

Петропавлда Есіл өзеніне шомылуға барып, батып кеткен 10 жасар баланың денесі сегіз күннен кейін табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, суға кеткен баланың денесін іздеуге 22 маусым күні таңғы сағат 8:30-дан кете 12 құтқарушы, екі арнайы техника, ұшқышсыз ұшатын аппарат және еріктілер шыққан. Сол күні сағат 16:00 шамасында 2014 жылы туған Саймухиддиновтың денесі …

Денесі табылды Read More »

Жасырын цех

Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өзіне тиесілі қойманы арақ-шарап құятын цехқа айналдырған. Заңсыз әрі қауіпті өнім тәркіленді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне акцизсіз алкогольді заңсыз сақтау фактісі туралы ақпарат келіп түскен. Тәртіп сақшылары облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Петропавл тұрғынының үйін тексерді. Нәтижесінде оған тиесілі қоймадан құрамында …

Жасырын цех Read More »

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесіне үнемі алаңдаушылық білдіріп, принципті түрде баға беріп келеді. “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында Үкімет алдына бірқатар міндеттер қойды. Соның бірі – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалана отырып, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізін бала кезден қалыптастыру, осылайша жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету. …

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН КҮРЕСУ — ОРТАҚ МІНДЕТ Read More »

Жас қырандар – балапан

Қызылжарда түркі әле­мінің мақтанышы, Алаш арысы Мағжан Жұмабаев­қа арналған оқушылар арасын­дағы республика­лық “Мағжан оқулары” ғылыми-шығармашылық конкурсының ашылуы өтті. Байқауға 3 аталым бо­йынша еліміздің 19 өңірінен 52 қатысушы жиналған. Жас дарындарды дүбірлі дода­ның ашылуымен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Анафина құттық­тады. – Сіздерді Мағжан Жұмабаев­тың туған өлкесінде көргенімізге қуаныштымыз. Мағжан – әде­бие­тіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес …

Жас қырандар – балапан Read More »

ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Қызылжар өңірінің делегациясы Ресей Федерациясының Омбы облысында жұмыс сапарымен болып, шекаралық аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғылыми және мәдени орталықтарын аралады. Қазақтың ағартушы ғалы­мы Шоқан Уәлихановтың ес­керт­кішіне гүл шоқтары қойы­лып, ме­мориалдық кешенде екінші дү­ниежүзілік соғыста қаза тапқан­дарға тағзым етілді. Сондай-ақ осындағы қазақ ұлттық мәдени ұйымының өкілдерімен жылы жүзді кез­десу өтті. …

ӨЗАРА ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Read More »

Қызметтік көліктері жаңарды

Қазақстан полиция­сының кәсіби мерекесі­не арналған жиында об­лыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тас­мағанбетов тәртіп сақшыларын өңір бас­шысы Ғауез Нұрмұхам­бетовтің атынан құт­тықтады. Ғауез Торсанұлы су тасқы­ны­мен күресте зор көмек көр­сеткен жергілікті полицейлерге алғысын білдірді. “Тұрғындар­ды эвакуациялау барысында об­лыс полицейлері ауқымды жұ­мыстар атқарды. Ең қиын күн­дерде экипаждар су тасқынын­да кезекшілік атқарып, өмір­ле­ріне қауіп төнгеніне қарамастан құрлықта да, суда …

Қызметтік көліктері жаңарды Read More »

МАҒЖАНТАНУДЫҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ақын мұрасын ақтарып, төңкеріп отырған күнде Мағжан ақындығының қалай қалыптасқанына көз жүгіртіп, ой топшылауға болады. Ол – ақын болып туған еді, ақын болып өлді. Мағжанның бақыты ма, соры ма, әрбір өлеңі оқырман назарынан тыс қалмағаны байқалады. Оқырман дегенде мен оның өлеңдерінен сән іздеген, ән іздеген, рухани нәр алған, осындай отандасы бар екеніне қуанған ақ жүрек …

МАҒЖАНТАНУДЫҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ Read More »

Жарты миллион гектар жер қайтарылды

Қазақстан Республика­сы­ның Конституциясына сәй­кес жер және оның жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Ал меншік құқығын халық атынан мемлекет жү­зеге асырады. Жер сондай-ақ заңда белгіленген негіздер­де, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін. Жер учаскелерінің меншік иеле­рі мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердің жер­ле­ріндегі …

Жарты миллион гектар жер қайтарылды Read More »