«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

Мәслихат депутаттарының тұңғыш форумы

Оқушылар сарайында “Amanat” партиясы депутаттарының алғашқы форумы өтті. Шараға жиылғандар партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасын жүзеге асыру мәселелерін, депутаттық фракциялардың жұмысын талқылады. Жиынға барлық деңгейдегі депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының, жергілікті атқарушы орган­дардың өкілдері жиналды. Сонымен қатар шараға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев, Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода қатысып, сөз сөйледі. …

Мәслихат депутаттарының тұңғыш форумы Read More »

Бірыңғай уақыт белдеуіне қашан көшеміз?

Бескөл ауылының тұрғыны Әлібек Қозымбетовті қоғамдық талқылауға түскен бірыңғай уа­қыт белдеуіне көшу жайы қы­зықтырады. Ол редакцияға жолдаған сауалында жақсыға жат­тық жоқ екенін айта келіп, адам денсаулығына зиян келтірмей ме деген қаупін жасырмапты. Жұртшылықты қызықтырып, бір­жағынан түрлі күмән тудырып отыр­ған мәселеге қатысты құзырлы органдардың ұстанымдарын топтастырып, газет оқырмандары­на ұсынуды жөн көрдік. Сарапшылар мен ғалымдар­дың айтуларынша, бұған …

Бірыңғай уақыт белдеуіне қашан көшеміз? Read More »

Сенімді ақтаған серіктестіктер

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарын табыстау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында солтүстік­қазақ­стандық кәсіпорындар да бар. Бизнестің әлеуметтік жауапкер­шілігін анық­тай­тын “Парыз” байқауында Мам­лют ауданына қарасты “Новоми­хай­ловское – 2003” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі лауреат атан­ды. Бұл байқауға қаты­суға 492 ұйымнан өтінім түссе, со­ның 161-і – ірі кәсіп­керлік субъектісі, 331-і – шағын және орта бизнес …

Сенімді ақтаған серіктестіктер Read More »

“Ұлы дала” жеңімпаздары

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада “Amanat” партиясы­ның дәс­түрлі “Ұлы дала” рес­публикалық шығармашылық байқауы­ның қо­рытындысы салтанатты түрде жария­лан­ды. Биыл әдеби дода Алаш ақыны, ұлт қайраткері Мағжан Жұ­мабаевтың 130 жыл­дығына арналды. Сөз басында Мәжіліс спикері, “Amanat” партиясының төрағасы Ер­лан Қошанов ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шы­ғару мәселесі әрдайым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың назарында екенін және мем­лекет, …

“Ұлы дала” жеңімпаздары Read More »

ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, атқарылып жатқан жұмыс жайымен танысты. Кәсіпорынның қысқы маусымға дайындығын тексеріп, мамандардан жылыту маусымына дайындықта­рын сұрастырды. Әңгіме барысында белгілі болғандай, жылу желілерінің тозуын азайту бойынша жүргізіліп жат­қан кешенді шаралар әлі де аздық етеді. Өйткені қолдағы мәліметтерге қарағанда, қаладағы 270 ша­қырым құбырдың 70 пайыздан аста­мы тозған. …

ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢАРТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ Read More »

ЖҰМЫСЫ БАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ ТҮЗУ

Жергілікті кәсіпкерлердің іскерлігінің арқасында соңғы жылдары ауылдар көркейіп келеді. Биыл Щучье елді мекенінде қараусыз қалған мектеп ғимаратының орнына 100 млн. теңгеден астам қаржыға мәдени-демалыс орталығы салынды. Спорт, банкет залы, асхана, демалыс орны, монша ашылды. Орталықта тұрғындарға қажеттінің барлығы бар. Тіпті, дүкен, шашта­разға дейін ойластырылған. Кәсіпкердің сөзінше, ғимараттың екінші бөлігінде фельдшерлік-акушерлік пункт және балалардың демалыс орны …

ЖҰМЫСЫ БАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ ТҮЗУ Read More »

ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Австриялық компания өңірде ин­вестициялық жобаны жүзеге асы­руға ниетті. Облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов “Kronospan Holding East” компаниясының өкілі, инвести­­циялық жобаның Орталық Азияда­ғы басшысы Томаш Янчакпен кездесті. Шетелдіктер өңірде жоңқалы тақталар шығару жобасын жүзеге асырмақ. Себебі австриялық ком­пания осы салаға бағдарланған. Әрі әлемге белгілі сапалы ағаш өнімдерін шығарумен танымал. – Экономиканы дамытудың ма­ңызды бағыты – ағаш өңдеу …

ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР Read More »

Ауылдағы жаңа спорт кешені

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды. Өңір басшысы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, Явленка ауылындағы жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтары кешенінің жұмысымен танысты. Спорттық нысанды салуға үш жыл жұмсалған. Заманауи та­лаптар бойынша салынған ғимаратта кез келген спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Үйірмелерге балалар сағат таңғы 9:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін бара алады. Бүгіндері мұнда 8 …

Ауылдағы жаңа спорт кешені Read More »

Ана тіліміз төрге озсын десек…

Құқық қорғау органдарының тергеу бөлімдері жетекшілерінің, прокурорлар мен адвокат­тардың қатысуымен өткен алқалы басқосуда қылмыстық істерді мемлекеттік тілде қарау сияқ­ты өзекті тақырып талқыланды. Облыстық соттың төрағасы Ербол Жанғазин жинал­ғандарға арнаған кіріспе сөзінде қылмыстық процестің ең маңызды қағидаттарының бірі про­цеске қатысушылардың сот ісін жүргізу тілін таңдау құқығын сақтау болып табылатынын, соттар Қылмыстық процестік кодекстің талаптарын мүлтіксіз орындауға …

Ана тіліміз төрге озсын десек… Read More »

БЮДЖЕТ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕГЕН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отыры­сында экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов пен қаржы басқармасының басшы­сы Наталья Дышкант өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Қалижан Серікұлы осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқтала келіп, қысқа мерзімді экономи­калық индикатор 96,7 пайызды құрағанын, экономикаға 336,8 млрд. теңге инвестиция …

БЮДЖЕТ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕГЕН Read More »

АЛТЫ ЖҮЗ ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қашан да маңызды. Елімізде осы бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың аясында жаңа үйлер салынып жатыр. Ал жылдап пәтер кезегінде тұрғандардың баспаналы болды – үлкен қуаныш. Облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында жалдамалы-коммуналдық 6 көпқабатты үй қолда­нысқа беріліп, 600 отбасы баспа­на­лы …

АЛТЫ ЖҮЗ ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ Read More »

ЖОЛ САПАСЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

Облыста биыл республикалық маңызы бар 24 жолда 420 сынама жасалды, соның 121-і нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сай болмай шықты. “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы жанындағы сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Арман Тұрасимов жолдың сапасыз салынуының себептерін айтып берді. Өңірде салынған жолдардың сапасы көңіл көншітпейді. Мамандар биыл республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы …

ЖОЛ САПАСЫ ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС Read More »

ҚЫСТЫҢ КӨЗІ ҚЫРАУДА ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛҒАН ОҢАЙ МА?

Қыстың алғашқы айы басталмай жатып, тұрғындардың арыз-шағымы көбейді. Облыс орталығындағы кей­бір тұрғын үйлер әлі күнге дейін жы­лусыз, ыстық сусыз отыр. Ғабит Мү­сірепов көшесі, 11 “В” мекенжайын­дағы көпқабатты үй үстіміздегі жылы ғана қолданысқа берілген. Алайда жөндеу жұмыстары толық бітпеген көрінеді. Тұрғындар мәселені мер­дігерге жеткізгенімен, жауапты тұл­ғалар оны шешуге құлшыныс таныт­паған. Енді тұрғындар суық пен сыздың салдарынан …

ҚЫСТЫҢ КӨЗІ ҚЫРАУДА ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛҒАН ОҢАЙ МА? Read More »

ӘЛІ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАНДАР БАР

Өткен аптада өңірде қарлы дауыл салдарынан электр же­лі­лері үзіліп, бағандардың сынуына бай­ланысты об­лыстың 183 ауылы жарық­сыз қалған. “Солтүстік Қазақстан электр та­рату компаниясы” акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жөндеу жұмыста­рына барлығы 46 апаттық бригада мен 180-нен астам техника жұмыл­дырылған. Алайда жарық толық бе­рілген жоқ. 16 ауылдың тұрғындары, яғни, 1175 абонент әлі күнге дейін жарықсыз отыр. …

ӘЛІ ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАНДАР БАР Read More »

Қазақ әнінің падишасы

Биыл қазақтың классикалық музыкасының негізін салушылардың бірі, алтын ғасырдағы ән діңгегі, ұлы композитор, аруақты ақын һәм асқақ әнші Ақан сері Қорамса­ұлының туғанына 180 жыл толды. Серінің серт үстіндегі семсердей ғажайып әндері – асыл мұрамыз. Біз бұған Алаш ардақтысының есімін иеленген облыстық филармонияда өткен Ақан сері Қорамсаұлы атындағы II республикалық дәстүрлі әншілер байқауында көз жеткіздік. Байқаудың …

Қазақ әнінің падишасы Read More »

ШЕКАРАДАҒЫ ШЫРҒАЛАҢ

“Бидайық” кеден беке­тін­де 1 қарашадан бастап “электронды кезек” атты жаңа жүйе енгі­зілгені бұған дейін жазылған. Осы жаңа жүйеге байланысты кеше теріскейлік тауар тасушылар наразылығын білдіріп, арнайы жиын өткізіп, облыстық кәсіпкерлер палатасына шағым жолдады. Биылғы маусым айынан бері Ре­сей тарапы электронды кезек жүйе­сін енгізген болатын. Қазақстаннан келетін әрбір тауар тасымалдау кө­лігін, жүргізушісін, көліктегі тауарын бастан-аяқ тексеріп …

ШЕКАРАДАҒЫ ШЫРҒАЛАҢ Read More »

ТЕМІР ЖОЛМЕН БӨЛШЕК ЖЕТКІЗУДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Өңірімізге жұмыс сапарымен кел­ген өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков “ПАМЖЗ” акционерлік қоғамының жұмысы­мен танысты. Министрлік өкі­лі мен зауыт басшылығы кәсіпорын­ды дамытудың 2024 жылға арналған стратегиялық бағытын және жаңа тапсырыстарды орындауды талқы­лады. Вице-министр жұмыс­шы­лар­мен сөйлесіп, оларды қандай проблемалар қызықтыратынын және кәсіп­орынның табысты дамуы үшін не қажет екенін сұрап, өзара пікір ал­масты. Сондай-ақ Азамат Бейісбе­ковке зауытта …

ТЕМІР ЖОЛМЕН БӨЛШЕК ЖЕТКІЗУДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР Read More »

“ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ ӨЗГЕ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛАДЫ”

Жас мемлекет үшін өркениетті қоғам құру жолында “дағдарыстық” жағдайлар жиі кездесетіні белгілі. Өйткені біз – дамушы елміз. Ұлттық болмысымыздан ажырамас үшін төл құндылықтарымызды ұйыстырушы күшке айналдыру аса маңызды. Алайда отарсыздандыру саясатын жүргізіп, рухани жаңғыруды іске асырамыз деген мақсатымыз толық орындала қойған жоқ. Ескі идеологиядан арылу жағы неге баяу жүргізіліп жатқанын халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық …

“ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАРТЫСЫНА ЖУЫҒЫ ӨЗГЕ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛАДЫ” Read More »

Жемқорлық деңгейі төмен

Өңірімізге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов келді. Ол қоғам, бизнес, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Алқалы жиынға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Бұл күні сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер талқыға түсті. Биыл мемлекет тарапынан ша­ғын және орта бизнесті қолдауға 81,2 млрд. теңге бөлінген. Бұдан бас­қа …

Жемқорлық деңгейі төмен Read More »

ЖАСТАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗ?

Кез келген дамыған елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы халқының жұмыспен қамтылу деңгейімен өлшенеді. Осы орайда жоғары білім алуды – жұмысқа орналасудың кепілі ретінде қарайтын болсақ, төрт жылдың қорытындысы ретінде берілген бір парақ қағаздың сандық түбінде шаң басып жататыны – жиі кездесетін жағдай. “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметтеріне сүйен­сек, былтыр жоғары оқу орны түлек­терінің 79,5 пайызы жұ­мысқа орна­лас­қан. …

ЖАСТАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗ? Read More »