«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды

Жұқпалы кеселмен күрес

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдар үшін аса қауіпті жұқпалы ке­сел. Өңірде эпиде­миологиялық ахуал тұрақты болғанымен, сақтан­дыру жұ­мыс­тарын күшейтпей бол­май­ды. Өйткені оның тарауының ық­тималдығы жоғары ошақ­тары аз емес. Бұл туралы об­лыс әкімінің бі­рінші орынбасары Марат Тасмағам­бетов қатыс­қан жиында айтылды. Шарада облыстық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл департа­ментінің мамандары сібір жарасы бойынша тізілімді цифрландыруды ұсынды. Департамент басшысы …

Жұқпалы кеселмен күрес Read More »

СҮТ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Мамлют ауданына қарасты Краснознаменное ауылы тұрғында­рының негізгі табыс көзі – төрт түлік, оның сүті. Алайда бірнеше аптадан бері кіріс жоқ. Шикізат қа­былдау­шы­лар сапаның нашарлаға­нын алға тартып, сатып алуды қойған. Бұған қараша халық қа­палы. “Маслодел” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі өкілдерінің ай­туынша, тұрғындардан алынатын сүттің басым бөлігі талапқа сай емес. Жаңа сауылған сүтті пласт­масса шелекке құймау керек. Оның …

СҮТ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Read More »

Теріскейліктер тәжірибесі

Петропавлда сүт өндірісі­мен айналысатын кәсіпкер­лерге арналған республиклық форум өтті. Жиында облыс кәсіпкерлері өз тәжірибеле­рімен бөлісіп, екінші күні елі­міздің түкпір-түкпірінен келген фермерлер өңірдің озық сүт шаруашылықтарын аралады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биыл­ғы Жолдауында тауарлы-сүт фермаларын салу ісінде біздің өңір республика бойынша көш басында еке­нін айтып, өңір кәсіпкерлерінің ең­бегіне жоғары баға берген болатын. Президент елімізде …

Теріскейліктер тәжірибесі Read More »

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ – АЛҒЫС

Ұлт­тық банктің Солтүстік Қа­зақстан фи­лиалында төл теңгеміздің 30 жыл­дық мерейтойына ар­налған салта­натты іс-шара өтті. Жиынға банк, қаржы саласының ма­мандары қа­тысып, айтулы күнінің ұлтымыз­дың тарихындағы маңызына тоқталды. Мерекелік іс-шарада теңгенің 30 жылдығына орай арнайы фильм көрсе­тілді. Облыс әкімінің орынба­сары Қанат Дүзелбаев теңгенің айтулы жетістіктері туралы арнайы баяндама жасап, қаржы саласы мамандарының қажырлы еңбегіне алғысын білдірді. Ол …

ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ – АЛҒЫС Read More »

Алименттен қашқан әйелдер

Қазіргі кезде алимент төлеуден жалтарып жүрген ерлерден бөлек, әйелдердің де саны артып барады. Бас прокуратураның Құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми дерегі бо­йынша Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр. Оның 142-сі – әйел. Еститін құлаққа түрпідей тисе де, елімізде отбасынан безіп, бала-шағасын қараусыз тастап кетіп жатқан әйелдер саны күн …

Алименттен қашқан әйелдер Read More »

ҚАРАҒАШТАҒЫ ҚУАНЫШ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында болып, “Астық STEM” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жақында іске қосылған сүт фермасының жұмысын көрді. Өңір экономикасы үшін маңызды жобаны жүзеге асыруға 1,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жаңа ферма жылына 3,2 мың тонна сүт өндірмек. Кәсіпорынның ашылғанына ауыл тұрғындары дән риза. 30 тұрақты жұмыс орны пайда болған. Жұмысын егіншіліктен …

ҚАРАҒАШТАҒЫ ҚУАНЫШ Read More »

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде жарық көретін “Известия” газетіне сұхбат берді. Екі мемлекет арасындағы достық байланысты одан әрі дамыту жайы сөз болған сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз. – Жақын күндері Сіз Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізесіз. Соңғы уақытта сіздер тұрақты кездесіп жүрсіздер. Атап айтар болсақ, 7 қазанда Мәскеуге сапармен келдіңіз, 13 қазанда Бішкекте …

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН Read More »

Маңызды жобалар

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданында болып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылады. Бүгінгі таңда Прибрежное және Якорь ауылдарының тұрғындары үшін дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Жаңа нысандарда дәрігер және стоматология кабинеттері, зертхана, күндізгі стационар және емдеу бөлмесі болады. Сондай-ақ өңір басшысы Соколов топтық су құбырының екінші кезеңін іске қосу жұмыстарымен танысты. Жоба пайдалауға берілсе, 14 ауылдың, …

Маңызды жобалар Read More »

ҚАУІПСІЗДІККЕ АЙРЫҚША НАЗАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық полиция департаментінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Облыс әкімі жедел басқару орталығында болып, қызметтік автокөліктерді қарап шықты, содан кейін ведомстволық музейге барды.  Қызметкерлердің кәсібилігі облыс тұрғындары мен қонақтары үшін жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Жақында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының қолданысына “Кибер-шериф” деп аталатын заманауи екі мобильдік …

ҚАУІПСІЗДІККЕ АЙРЫҚША НАЗАР Read More »

ҚЫСҚА САҚАДАЙ САЙ

Қысы қытымыр теріскейде қар ерте жауатыны белгілі. Сондықтан  коммуналдық кәсіпорындар мен құтқару қызметтерінің техникасы кез келген жағдайда тұрғындарға көмекке келуге әзір болуы тиіс. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталмыш іске жұмылдырылатын көліктерді тексерді. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс орталығы көшелерін ақ ұлпадан тазалауға коммуналдық қызметтердің техникасы сақадай сай. Белгіленген аумақтарда кәсіпорындар қарды шығарып, құм-тұз …

ҚЫСҚА САҚАДАЙ САЙ Read More »

“ҚУАНЫШТЫҢ” ТАРИХИ ЖЕҢІСІ

Волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан ку­бо­гы сарапқа салынды. Финалда солтүстікқазақстандық “Қуа­­ныш” клубының бұрымдылары алматылық қарсыласта­ры­мен кездесіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Облыс волейбол тарихында тұң­ғыш рет ел кубогын иеленген “Қуа­ныштың” қыздарын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттық­тады. “Биыл “Қуаныш” клубы Қа­зақстан кубогында атой салды. Жер­лестеріміз “Алматы” команда­сының қыздарын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл …

“ҚУАНЫШТЫҢ” ТАРИХИ ЖЕҢІСІ Read More »

Сапалы медицина – саулық кепілі

Өңірге жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник келді. Іс-сапардың мақсаты – медицина саласында енгізіліп жатқан жаңашылдықтардан хабардар ету, жергілікті жерлердегі мәселелермен танысу. Ол азаматтарды қабылдап, бірқатар ме­дицина нысанда­ры­ның жұмысымен танысты. Сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді. Вице-министр барған алғашқы ны­сан – облыстық көпбейінді ауру­ха­на. Биыл емдеу мекемесіне жа­ңа­дан 20 маман жұмысқа орнала­сып, кадр …

Сапалы медицина – саулық кепілі Read More »

Көкпарды каска киіп тартса қайтеді?

Биыл жазда Қызылжар ау­данында ұлттық спорт түр­лерінен ұйымдастырыл­ған сайыс көпшіліктің есінде бо­лар. Көкпар бәсекесінде оқыс жағдайдың орын алғандығын ұмы­та қойға­ны­мыз жоқ. Тайынша мен Аққайың аудандарының көкпар құрамасы ойыншыла­рының арасындағы тартысты бәсе­кеде небәрі 22 жастағы Заманбек Ер­меков есімді жас көкпаршы қаза тапты. Осынау қайғылы оқиғаның ас­тары­нан көпшілікті алаңдатқан түйткілді мәселенің төркіні қылаң береді. Көкпар – көшпенділердің …

Көкпарды каска киіп тартса қайтеді? Read More »

АЭС: үміт пен күдік

Қазіргі кезде елімізде АЭС салу туралы тақырып қоғамдық талқыға салынып жатыр. Себебі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл­ғы Жолда­уында Қазақстанда АЭС салу мәсе­лесінің бүкілхалықтық референдум арқылы шешілетінін мә­лімдеген бо­латын. Энергетикалық тапшылық – әлем елдерін алаңдатып отырған басты проблеманың бірі. Қарапайым мысал ретінде алып қарасақ, көп­пәтерлі үйлерді көмірмен жылыту­дың өзі ел бюджетіне ауыр салмақ салуда. Ал көмір …

АЭС: үміт пен күдік Read More »

Шекарадағы кептеліс

Ресей Федерациясы тарапынан енгізілген жаңа шарттарға байла­нысты отандық кәсіпкерлер шығынға ұшырап жатыр. Бұл туралы “Ата­мекен” кәсіпкерлер палатасының Петропавлда өткен алқалы жиы­нында айтылды. Петропавлдан Омбы қаласына бірнеше сағатта жетуге болады. Алай­да қазір көрші елге өту үшін ке­мінде екі тәулік уақыт қажет. Себебі Ресей тарапы шекара бекеттерінде электронды өткізу жүйесін енгізіпті. Осының кесірінен өңірлік кәсіпкер­лер соңғы 2-3 …

Шекарадағы кептеліс Read More »

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА – АЙРЫҚША НАЗАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов облыс орталығында орналас­қан Спорт сарайы мен Оқушылар сарайының қызметімен танысты. Спорт сарайында 1,5 мың бала мен 400-ден астам ересек спорттың 12 түрі бойынша жаттығады. Спорт секцияларын аралау барысында Ғауез Торсанұлы жаттықтырушылармен және жас атлеттермен әңгімелесті. Оқушылар сарайына қазір 3 мыңнан астам бала барады, олар 9 бағыт бойынша 103 үйірмеге қатысады. Облыс …

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА – АЙРЫҚША НАЗАР Read More »

Ел намысын қорғағандар

Биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама са­пында жеті жерлесіміз өнер көрсетіп, қоржынға төрт жүлде салды. Ел мерейін үстем еткен сол­түстікқазақстандықтарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетов құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Облыстық әкімдіктегі салтанат­ты жиынға спорт саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер, ар­дагер­лер, Азия ойындарының жүл­дегер­лері мен олардың жеке бап­керлері қатысты. Шарада бірінші бо­лып сөз …

Ел намысын қорғағандар Read More »

Мәселе көп, маман тапшы

Облыстық әкімдіктің кезекті оты­рысында өңірдің 9 айдағы әлеумет­тік-экономикалық дамуы, бюджеттің кірісі мен шығысы және облыс аума­ғын электр энергиясымен қамтама­сыз ету мәселелері сөз болды. Жиналыста күн тәртібіндегі ал­ғашқы тақырып бойынша баяндама­ны облыстық экономика демарта­ментінің басшысы Қуанышбек Қали­жанов жасады. Өз сөзінде ол 9 айдың қорытындысы бойынша қысқа мер­зім­ді экономикалық индикатор 96,3 пайызды құрағанын жеткізді. Ауыл ша­руашылығы саласындағы …

Мәселе көп, маман тапшы Read More »

Көк Туым, көкке өрле!

Араға ұзақ жылдар салып, жұртшылықты қуантып, қай­та оралған мереке – Республика күні осымен екінші жыл ұлт­тық мейрам ретінде аталып өті­луде. Қазанның соңын ала қазақтың рухын көтеріп, елді егемендіктің тарихымен та­ныстырып, ертеңін ойлауға үн­дейтін шаралар легі бастау алды. Ал ұлттық мереке күні қа­ланың орталық алаңына жи­налған жұртшылық салтанатты шара мен спорттық ойын­дарға, концерттік бағдарламаға куә болды. …

Көк Туым, көкке өрле! Read More »

“Жас өркенде” – жаңа емхана

Петропавлдағы “Жас өркен” шағынауданында көптен күт­кен жаңа емхана пайдалануға берілді. Республика күніне орай­ластырылып ашылған медициналық мекеме 34 мың адамға қызмет көрсетпек. Емхананың құрылысы 2021 жыл­дың қазан айында басталған болатын. Екі қабатты нысанды тұр­ғызуға және оны толық жа­рақтан­дыруға 2 млрд. теңгеден астам қа­ражат жұмсалды. Ғи­мараттың жал­пы аумағы 8 мың шаршы метрге жуық. – “Жас өркен” – …

“Жас өркенде” – жаңа емхана Read More »