Шекара қалды көз ұшында бұлдырап
Шекарамыз шегенделгенімен шебі мықты ма? Қалқан болып тұрған қаншама ауылдың құрып бара жатқаны ойды сан-саққа жүгіртеді. Қызылжар өңірінің алты ауданы шекарада орналасқан. Ресеймен шектесіп жатқан Ақжар, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов аудандарындағы 93 ауыл шекарадағы елді мекендер санатына жатады. Болашағы бар елді мекендерді анықтау кезінде жалпы 8789 тұрғыны бар 23 ауыл іріктеліп алынған. Қалған …